Білген Шайыр айтады

Ахуалы хиямет. Екінші фасыл

Расул алейһи уәссалам нұр шарифының жаралғаны

Ғаламнан он сегіз мың әуел бұрын,

Жаратты пайғамбардың әуел нұрын.

«Әуелде махала қала нұрым» деген,

Хақында дәлел болды хадис мұның.

 

«Доһайых акбар» атты бір кітап бар,

Арабы тіліменен айтып-дүрлар.

Расулдың нұр шарифы жаралғанын

Осылайша тәпсілімен қылды изһар.

 

Халық етті[1] әуел Алла бір дарақты[2],

Түбі бір, жоғарғысы төрт бұтақты.

Өзінің құдіретімен Жаппар Құда,

«Яқин» деп ол дараққа қойды атты.

 

Онан соң расул нұрын қылды бина[3],

Халық етті нұр суреттен перде мұңа[4].

Үстіне ол дарақтың іліп қойды,

Тауыстың ұқсас қылып суретіне.

 

Үстінде ол дарақтың тауыс тұрды,

Тұрғанда жетпіс мың жыл зікір қылды.

Тауыстың қарсысына онан кейін

Бір айна пайда болып жаратылды.

 

Айнаға назар етті тауыс келіп,

Таң қылды өз суретін онан көріп.

Иіліп бес мәртебе сәжде қылды,

Көңіліне бір Алладан қорқу еніп.

 

Біздерге бұл сәждені қылып ағаз,

Уақытында парыз болды бес уақ намаз.

Ол нұрға назар етті Жаппар Құда,

Денесі ұялғаннан терледі баз.

 

Басынан шыққан терден һайиу дана[5],

Халық етті періштенің бәрін һәмма.

Бетінен шыққан терден бина болып,

Күрсі мен лауқыл ғалам, аршы әлә.

 

Ай менен күн, жұлдызбенен неше пәруа,

Аспанның қүкіміндегі болған һәрне.

Бетінің терлерінен пайда болды,

Бір тері көкірегінен тамды және.

 

Пайғамбар нәбилер мен расулдерді,

Ғұлама, әулие мен салиқтарды.

Расулдың бұл терінен паайда болды,

Қасынан тағы бір тер тамды әні.

 

Жаралған мөміндер мен мұсылмандар,

Әр мақұлық есебі жоқ қанша жандар.

Мүбәрак қастарынан шыққан терден

Әуелден пайда болып ер-ді олар.

 

Құлақтан бір тер тамып туад және

Жойт[6] пен мәжусилар[7] һәм насыра[8].

Аруағы барлығының пайда болды,

Бұлардың ұқсасының бәрі һәмма.

 

Бір тамшы аяғынан тамды терлер,

Күн батыс, күн шығысқа жеті қат жер.

Дүниені отан еткен барша мақұлық,

Түпәйілінен жаралды дер.

 

Нұрға айтты онан кейін һайиу халық:

«Қарағын, алды-артыңа назар салып».

Алды-арты бірдей еді болмағына,

Қараса нұр тұрады шұғылаланып.

 

Бұл тұрған шаһарярдың еді нұры,

Көрсетті атырапында Алла мұны.

Аллаға расул Құда тәсбих айтты,

Бір мыңнан әрқайсысы жетпіс жылы.

 

Онан соң құдіретімен һайиу дана,

Халық етті пайғамбарлар нұрын һәмма.

Мұхаммед Мұстапаның нұрларынан

Жаратты баршасының рухын және.

 

Жаралып расулдардың барша жаны,

Айттылар «Лә илаһа иллалланы».

«Мұхаммед бір Құданың расулы» деп,

Тауһиттің[9] калимасын айтты бәрі.

 

Халық етті онан кейін және хандел[10],

Мәнісі ол ханделдің пансдер/18/ біл.

Сыртынан іш сарайы көрінетін

Укайкінің қызылынан ерділар бұл.

 

Онан соң Мұхамметтің суреттерін,

Халық етті құдіретімен Алла бәрін.

Үстіне ол ханделінің отырғызды,

Дүниеге келгендегі порымдарын.

 

Онан соң тәуап етті аруақтар кеп,

Жүз мың жыл тасбих айтты бәрі бірдей.

Бір Құда аруақтарға пәрмен етті:

«Назар қып, бұл суретті көріңдер» деп.

 

Әр кісі басын көрсе бұл жалғанда,

Патша, сұлтандықты берді аңа.

Патшалық әділдікті инам етті,

Мүбәрәк жүзін көрсе қайсы пенде.

 

Әр кісі пайғамбардың көрсе жүзін,

Оқиды абыз болып Алла сөзін.

Мүбәрак қасын көрген пенделерді

Пазылымен сәуант мәнт[11] қылды өзін.

 

Расулдың құлақтарын көрген адам –

Болды-лар есітуші түрлі кәлам.

Мүбәрак жүзін көрген адамдардың

Баршасы жақсы, ақылды болды тамам.

 

Болды-ләр мұрнын көрген һәм кукама[12],

Һәм тәуіп болады-лар һәттар және.

Расулдың екі ернін көрген адам –

Күн жүзді уәзір болды бәрі һәмма.

 

Расулдың аузын көрсе әрбір кісі –

Оразаны тұтпақ болды – дайымғы ісі.

Көп көрікті әр қатыннан болса керек

Көрінсе қайсы құлға расул тісі.

 

Расулдың қайсы пенде тілін көрер,

Патшадан елші болып шаһқа келер.

Мүбәрак һолкін көрсе пазылаты

Азаншы, тасбихтықты Алла берер.

 

Сақалын көрген болса әр адамзат,

Жаһат[13] қып хақ жолында қылар ғазат[14].

Кеңірдегін көрген адам сауда қылып,

Әркімге сата-дүрлар әр нешік зат.

 

Көрсе-ләр Пайғамбардың екі қарын,

Бұл ұрар найза менен қылыштарын.

Қан алад оң қолдарын көрген адам –

Сол қолын көрген болар – жәллад[15] оның.

 

Оң қолдың алақанын көрсе әр кәс[16],

Өнерлі бұл дүниеде болды нуккаш[17].

Сол қолдың алақанын көрген адам –

Таразы өлшейтұғын болды-ләр бәс[18].

 

Расулдың әр кісі көрсе екі қолын –

Сақылық[19], жомарттықтың тапты жолын.

Әгарда сол қолының сыртын көрсе,

Бақылдық[20] болса керек пейілі оның.

 

Оң қолдың сыртын көрсе қайсы пенде,

Бояушы болса керек әр дүкенде.

Дүниеде отын сатып кәсіп етер –

Сол қолдың сыртын көрсе әркім онда.

 

Көрсе-ләр екі қолдың саусақтарын,

Жазушы болса керек баршасы оның.

Әр кісі оң саусақтың сыртын көрсе,

Дүниеде тігіншілік тұтар намын.

 

Сыртына сол саусақтың әркім көрер –

Темірші балға ұрылып, кәсібін алар.

Көкірегін көргендерді ғалым қылып,

Іліммен махаббаттық жолға салар.

 

Арқасын пайғамбардың көрген адам –

Хақ жолға ғибадат қып, қойған қадам.

Мүбәрік маңдайларын көргендерді –

Қазылыұ кәсібін етер бәрін тамам.

 

Мүбәрік қарнын көрсе, әрбір кісі –

Рахаттық, қанағаьпен болғай ісі.

Тізесін көрген адам намаз оқып,

Болады сәжде ұрғақ ол қылушы.

 

Аяғын көрген адам – шүкір қылар,

Қадамын көрген адам жаяу жүрер.

Суретін көрген адам шайыр болып,

Нағыма[21] қып неше түрлі тәмбір[22] ұрар.

 

Суретке қарамаса, қайсы бір жан,

Парауын, жойыттардың уә ғайыры ән.

Насыра, мәжуси һәм кәпірлер-дүр –

Назар қып ол тарапқа қарамаған.

 

Қойылды пайғамбарға «Ахмет» аты.

Намаздың бұл есімде бар сипаты.

Тік тұрған қиямына[23] әліп ұқсап,

Уркегінің кәтта[24] «һа»-дүр ғаламаты.

 

Намаздың сәждесі-дүр «муимға» ұқсас,

Ұқсайды дәл әрпіне хақидасы бәс.

Бұл сөзді тездеп ұғып, білсе керек,

Ілімнен хабары бар болса әркез.

 

 

Һәм және Мұхаммед-дүр расул намы,

Пенденің денесіне ұқсатты оны.

Бастары адамзаттың дәл ұқсайды,

Айтылған әуеліндей «муимға» мысалы.

 

Пенденің «һа» мысалы қолдары бар,

Екінші «мим» мысалы қарны-дүрлар.

Ғибраттың көзіменен қорғағанда,

Пормына екі аяқтың ұқсайды дәл.

 

Мақшарда дінге енбеген кәпірлерін,

Күнәһар асы-жапы[25] пенделерін,

Тозақтың порымындай ғып азап қылар,

Бұл көрген суреттерін алып оның.

 

Себебін білмегендер сұраса мұның,

Қылмайды атын үрмет[26] хабибінің.

Құдая, маһшар күні өзгертпегін,

Мұхаммед үмбетінің осы түрін,

 

Хусусан[27] тәснип[28] еткен мен күнәһар,

Әділ етсең, кешілмейтін күнәһім бар.

Құрметі үшін достыңның аттарының

Өзгерт пе, суретімді рузи мақшар.

 

[1] Халық етті (халиқ) /а/ – жаратты.

[2] Дарақ /п/ – ағаш, терек.

[3] Бина /а/ – құрылыс, ғимарат. Мәтін бойынша «жарату» деген мағынада қолданылады.

[4] Мұңа /т/ – бұған.

[5] Һайиу дана – Ол дана. һай/араб/– Құранның 30-сүресі Рум. 19-аяты. «Ол, өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендерде қабірден шығасыңдар».

[6] Жөйіт – жөһүд, яхуди, еврей; мұса пайғамбардың үмбеті.

[7] Мәжуси /а/ – отқа табынушы.

[8] Насыра – христиан.

[9] Тауһит, Таухид /а/ – бірлік; “лә иләһа илла Алла” деп кәлима шаһадат сөздерін айту. Демек Алла тағаланы бір және жалғыз деп білу, барлығын жаратушы бір Алла екенін растау, бар құлшылықты жалғыз оған бағыштау, құран кәрімде хадистерде баяндалған Алла тағаланың қасиетті есімдері мен сипаттарына иман келтіру және ол есім-сипаттарды басқа атаумен шатастырмау. Сондай-ақ Алла тағаланы еш затқа ұқсатпау.

[10] Хандел /а/ – шам, шырақ.

[11] Сәуант мәнт – пайдалы.

[12] Хүкәма, Үкама /а/ – басқарушы, әкім, әмірші, ұлық.

 

[13] Жаһат /а/ – ниет, ықылас, талап.

[14] Ғазат /а/ – дін соғысы, қасиетті соғыс.

[15] Жәллад /а/ – жендет, жазалаушы; баскесер.

[16] Кәс /п/ – адам.

[17] Нуккаш – нақышшы, шебер.

[18] Бәс /қ/ – баға, құн.

[19] Сақы, Сақи /а/ – жомарт, ақ көңіл, ақ пейіл; қайырымды.

[20] Бақылдық – қызғаншақ, іштар.

[21] Нағыма-науа /ұ/ – күй-әуен.

[22] Тәмбір, Тәнбүрә – музыкалық аспап.

[23] Қиям /а/ – көтерілу. Мәтін бойынша формасына деген мағынада.

[24] Кәтта /п/ – үлкен.

 

[25] Асы-жапы /а/ – күнәһар, шариғатқа қайшы істер жасаған кісі.

[26] Үрмет – құрмет

[27] Хусусан /а/ – әсіресе.

[28] Тәснип, Тәсниф /а/ – шығарма, әдеби шығарма, туынды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button