Білген Шайыр айтады

Пенденің көр ішіндегі ахуалы

ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ФАСЫЛ

Өліктің лақат ішірә қойылғанын,

Зікір етіп айтып бұрын бәрін.

Ағзаға көр ішінде жаны келіп,

Айтайын бастан кешкен һәрне халін.

 

Бұл жерде ыматлардан ықтылап бар,

Базысын білдірейін қылып изһар.

Ол күні көр ішінде жан денеге,

Дүниеге кірген мысал кіре-дүрлар.

 

Отырған көр ішінде бас көтеріп,

Періште сауал етер онан келіп.

Базылар жан денеге кірер деді,

Айтпады басқа түрлі хабар беріп.

 

Баз дер: «Сауал етіп жаннан сұрар,

Қойылған қалыбында дене тұрар.

Қабірде көкірегі ше кіре-дүр деп,

Имамның базылары нақыл қылар.

 

Базылар денесіне кірмейді жан,

Тұрғайлар арасында кебін бірлән.

Имамның баршасы һәм пайғамбардың

Зікір етіп қадисінен нақыл қылған.

 

Әһле имам ынтықпайды бұл сөзге бар,

Қабірдің азабына бол ықырар.

Қай түрлі болмағанға көз жіберіп,

Деп айтты: «Пікір, қиял қылма зинһар».

 

Қабірдің азабынан әрбір кісі,

Құтылып кетейін деп болса күші.

Түниеден төрт нәрседен өзін сақтап,

Төрт жұмыс болса керек қылған ісі.

 

Кітаптың істе деген төрт ісі бұл,

Ықылыспен намаз оқып, садақа қыл.

Һәм және кәләмуллаһ Құран оқып,

Тәсбихты әдет етіп көп айтпақ бұл.

 

Әр кісі бұл істерді әдет етіп,

Опасыз бұл дүниеден кетсе өтіп.

Әлбетте оның қабірі жарық болар,

Һәм және кең болады, тарлық кетіп.

 

Сақтан деп айатылғанын әйлайын жат,

Әуелі жалған айтпаң және ғайбат.

Сідіктен ықтият қып, өзін сақтап,

Қылмасын сөз тасушылық әр адамзат.

 

ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ФАСЫЛ

Сідіктің хақындағы хикая

 

Қадиспен хабар берді шаһы расул,

Артықша сақтаныңыз сідіктен бұл.

Қабірде болатұғын азаптардың

Көбірегі пенделерге сідіктен біл.

 

Сідіктің тұрасында көп қауыл бар,

Пәтуәлі кітаптарда қылған изһар.

«Мәсләкил Муттақидың» нұсқасынан

Бұл жерде бір хикая атылған-лар.

 

Саад ибні Мәәз атты бір сақаба,

Дүниеден ажал жетіп болды пана.

Намазын оқымаққа хабар жетіп,

Пайғамбар асхабымен барды аңа.

 

Пайғамбар аяғының басып ұшын,

Табанның тигізбеді ешбірісін.

Асһалар «бұл қалай?» деп сауал етті,

Расулдың таһейін/217/ көріп, қылған ісін.

 

Асхабқа расул айтты: «Бол хабардар,

Есепсіз көктен түскен малейік бар.

Алланың пәрменімен жерге түсіп,

Саадының үшін келіп дүрлар.

 

Қойылса қадамымның жерге бәрі,

Қорқамын басамын деп періштені.

Аспанда күннің көзін жауып тұрар

Періште көптігінен әм құбары.

 

Әлқииса, намаз етті сап түзеліп,

Пайғамбар имам болды ілгері өтіп.

Осындай тіптен жақсы кереметпен,

Саадыны лақат ішірә қойды елтіп.

 

Қабірдің топырақ салды, үстін жапты,

Пайғамбар реңі өзгеріп, қапа тартты.

Жаратқан Құдайыңды пәктік илан

«Жар қыл» деп асхабтарға расул айтты.

 

Асхабтар расулға айтты: «Хайрул әнәм,

Айтылды не себептен үшбу кәләм?»

Асхабқа расул айтты: «Қорқыңыздар,

Саад дер дүниесі көп, малдар адам.

 

Сідіктен қылмас ер-ді әсілі һәркез,

Жер қысып оңнан солға шығарды тез.

Сол һәм оң тарапқа шықты-лар деп,

Мүбәрәк өз лебізіменен айтты-лар сөз.

 

Асхабтар мұны естіп болды мәлул,

Білсеңіз ибырат еді біздерге бұл.

Аспаннан намазына мәлек түсіп,

Қабіріне әзір болып еді Расул.

 

Һәм өзі саһабаий кибар ерді,

Асхабын кәл …[1] деп қадис келді.

Кандактың қазасында жараат жеп,

Шаһиттық дәрежесін тауып еді.

 

Сабакун[2] ақ сарыдан ерді-ләр ниіз,

Бәдарда болып еді құрайышқа кез.

Бәдар әгар қалағанын істесін деп,

Кештім деп болмап еді аятта сөз.

 

Ілгері аты аталған бұл мәртебе,

Артықша пазылаты-дүр бәрі һәмма.

Асхабының ақырына жетпеклікке

Уәлидің кәттасына жоқ-дүр шама.

 

Сідіктен жеркенбесте жүрген үшін,

Саадыға көрдіңіздер қылған ісін.

Бір Құда себеп қылып құтқармады

Айтылған шарапаттың ешбірісін.

 

Саадыға зиян етпек мал сідігі,

Кітапта жеңіл арам дейді мұны.

Сідігі адамзаттың арамдықта

Арақпен бауыздаудың місілі қаны.

 

Бауыздау қан, сідік, арақ – бұл арамдар,

Алладан назыл болған аятта бар.

Киімге бір теңгедей бұлар тисе,

Намазын ол пенденің дым жоқ қылар.

 

Осындай арамдығын біле тұрып,

Кесекті ұстамаймыз қажет қылып.

Киімнен денемізге тие-дүрлар,

Арытпай асығыспен кетсек жүріп.

 

Киімге, я денеге тисе нагаһ,

Намаздың жоқ қылады бәрін һәммаһ.

Жақсылар, шариғатқа амал қылып,

Сідікті тазартыңыз келсе шама.

 

Тазарту турасында ықтылап бар,

Мәсләкта барлығында қылған изһар.

Пәтуәсі таза болып арылғанға

Өзінің көңілін гуә әйләсін-ләр.

 

Бұл сөздің расына қарағанда,

Сауаппен құтылмайды ешкім әнда.

Көңілінде көр азабын пікір етіп,

Сідігін тоқтатсын-лар барша пенде.

 

Құдая, біле тұрып мұның бәрін,

Орнына келтірмеймін хүкімін әнің.

Пазылыңмен кәрәмайлап сақтамасаң,

Не болар көр ішінде халім менің.

 

Өлікті жақындары көрге салып,

Бата қып жайларына қайтса янып.

Шаһадат кәлимасын талқын етсін,

Бір адам әлім салеһ кейін қалып.

 

Талқынның осылайша деп айтар түрін,

Тік тұрып құбыласынан өлушінің.

Көрдегі жатқан адам естігендей,

Шығарсын ауазының бәленттігін.

 

Қабірдің жақынына тұрсын-лар кеп,

Ойласын Мөңкір-Нәңкір келіп тұр деп.

Талқыны асықпастан жай оқысын,

Һәм тұрсын мәнілерін пікір етіп көп.

 

Өліктің үш мәртебе атын айтып,

Шақырсын анасына һәм қосып әңа.

Анасын білмесе егер дұрыс болғай,

Деп айтса, я, пәленше ибні Хауа.

 

Онан соң төмендегі бұл дұғаны,

Қалдырмай тәртібімен айтсын әні.

Ауазын айтушының есітеді

Өлгеннің қайтып тәнге жаны келіп.

 

Әуелгі нидасында ақылына еніп,

Тұрады екіншіде бас көтеріп.

Үшінші нидасында тілге келгей,

«Тұрғыл, – дер, – жауабыма жәрдем беріп».

 

Сәңа һәм әйласын деп Алла рақмет,

Жауапты бере бастар үшбу пұрсат.

Талқынның калимасын өз лаһзіммен,

Төменде изһар етіп, әйладым жат.

 

Бисмилләһир Рахманир Рахиим,

«Уз курил әһәдәлләзи ақыра жаһа иллаллаһу уәһдәһу ләшарина ләһу уә әнна Мұхаммедан расул лиллаһе уә әннал жәнната һаққун уәннара һаққун уә әннал бә осә һаққун уә әннас саата әтнатон ләрәйба фиһа уә әнналлаһа  таала я бәәса мән піл қубуре уә иннака разыята бллаһе рәббана біл ысламе динан обі Мұхаммедан алайһессалату уәссаламу нәбийан о біл қу-ране имаман о біл кәәбате қыблатән о біл мо-мника иқуанан раббілләһу ләйлаһа иллаһу уоһуа раббіл аршыл әзнит».

 

Және өліктің өз атын үш мәртебе,

Қайтып айтсын: қул раббу аллаһу

Одду дінл ісләму о нәббиә

Мұхаммедан әлейһессалату.

Уәссаламу және айтсын: ләтәзіруһу

Һәрдан уә әнта қайрул уәрысыйын,

Бәрахматика я әрһәмәр раһмыйым».

 

Бір кітап ат қойылған шәрһы нияз,

Зікір еткен осы сөзді әйлап ағаз.

Талқыны айтпақтыққа дәлел қылып,

«Әбділхақты» атты кітап айтады баз.

 

Ибыраһим пайғамбардың ер-ді ұғылы,

Дүниеден жастығында жүз үйірді.

Балаға айтпақтыққа жайыз үшін,

Деп айтар Ибыраһимға талқын қылды.

 

Бұл сөзді бәз адамдар мақұл көрмес,

Ақылға ойлағанда тура келмес.

Ауазды өлген адам есітер деп,

Көзі һәм көрушінің куә бермес.

 

Шәмшидин Қыпырана жәми рәмуіз

Мұқтабар кәттә кітап көрмекке көз.

Талқынның ақиқатына дәлел болып,

Зікір етіп әр кітаптан білдірді сөз.

 

Бірі сол дәлелінің имам Синғар,

Талқыда осы сөзді қылды изһар.

Өлікке сырттан тұрып талқын айтпақ,

Шариғат бұйрығында мәшруқ-дүрләр.

 

Мәшруқ деп оның үшін айтты мұны,

Аруағы қайтып келер о шол күні.

Ақыл һәм ілгерідей кәміл болып,

Пайым етер сырттан тұрып айтушыны.

 

Және айтты осы сөзді Саһел Ғияс,

Қазыхан ұстазымнан естідім бәс.

Заһурддин Қазыханның ұстазы еді,

Хақ жолда уәли болған артықша қас.

 

Деп айтты: «Өз ұстазым айтты маңа»,

«Тәуһиетті талқын еттім әр имамға.

Сен дағы я Қазыхан мен өлген соң,

Талқын айт қабіріме кеп о шол демде».

 

Жәмсиддин Жауһариден нақыл қылды,

Сәрмәні Мұқамәддинден біреу сұр-ды:

«Өлікке сырттан тұрып талқын айтпақ,

Болар, – деп, – шаиғатта қайсы түрлі?»

 

Мұқамәддин бұл сөзді айтты жауап беріп:

«Іс қылса мұсылмандар жақсы көріп,

Бұл бір Құданың дәргаһында,

Әлбетте сауап болар қабыл келіп».

 

Зікір етіп жоғарыда кітап атын,

Білдірдім дәлел үшін ақиқатын.

Бұл сөзден тәлім алып өлушіге

Жайыз-дүр жақындары қылса талқын.

 

[1] Қолжазбада түсініксіз жазылған.

[2] Сабакун – ажырату, бөлу.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button