Білген Шайыр айтады

Ұман атты періштенің көрге келгені

ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ФАСЫЛ

Бір асхаб Сәлем ұғылы Әбділда атты,

Расулдан нақыл қылып бұл сөзді айтты.

Қадиспен осы түрлі баян етер,

Қабірде әуел болған аламатты.

 

Періште Мөңкір-Нәңкір келмей тұрып,

Бір мәлек Ұман атты келгей кіріп.

Жүздері күн мысалы сұлу болар,

Өлікке бұл сөзді айтар ауаз қылып.

 

Деп айтар: «Хақ әмірі бұл, ая, пенде!

Қолыңа қалам алып үшбу демде

Баршасын әуел-ақыр қағазға жаз,

Дүниеде жақсы-жаман қылдың һәрне?!»

 

Пенде айтар: «Менде жоқ-дүр қағаз-қалам,

Таппаққа бәрін бірдей келмес шамам».

Періште пендеге айтар: «Хаһ әмірімен

Өзіңнен табылады бәрі тамам».

 

Жазбаққа қолың болғай қаламдарың,

Һәм және дәуіт ерур аузың сенің.

Көкірегің ішіңдегі сыясы-дүр,

Кебіннен қағаз қылып жазғын бәрін.

 

Ол пенде періштеден мұны естіп,

Жазғайлар Алланың әмірін етіп.

Дүниеде һәр не қылған істеріңді

Тұрғайлар баршасын һәм Хақ көрсетіп.

 

Әуеллі жақсылығын жазғай тамам,

Ұялып күнәсына ұрмас қадам.

«Не үшін күнәһіңді жазбайсың» деп,

Періште ауаз қылып айтқан кәләм:

 

«Ұялмай әуелінде бір Алладан,

Дүниеге айналыстың күнә бірлән.

Бұл күнді тірлігіңде есіңе алмай,

Жазбаққа енді неге ұяласың сен?»

 

Қолына бұл сөзді айтып, гүрзіні алған,

Алдына ұрмақ үшін жақын барған.

Ол пенде лажы жоқ қорыққанынан

Қалдырмай күнәсінде хатқа салған.

 

Пендеге періште айтар үшбу демде,

Мөріңді растығына басқын аңа!»

Пенде айтар: «Ол қағазға бататұғын

Жоқ еді осы қазір мөрім менде».

 

Періште пендеге айтар: «Құлақ салың,

Тырнағың қолыңдағы мөрің сенің.

Періште ол қағазға қолын салып,

Пенденің кәрданына[1] асқай барып.

 

Мақшарға халықтың бәрі жиылғанда,

Қағазды өзіменен барғай алып.

Бұл сөздің растығына аят енді,

Бір Құда кәләмінда хабар берді.

Дахайық кітабының акшасында,

Аяттың сөздері һәм жазулы еді.

 

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ФАСЫЛ

Мөңкір-Нәңкірдің келгені

 

Онан соң Мөңкір-Нәңкір көрге кірер,

Қара рең, сары көзді болғай бұлар.

Көзінен барх[2] мысал оттар шығып,

Күркіреп әдді мысал ауаз қылар.

 

Тістері қара жерді тесіп тұрғай,

Басының тарапынан көрге кіргей.

Сол заман пенде басы тілге келіп,

Мәлекке бұл сөзді айтып ауаз қылғай.

 

Деп айтар: «Мен тараптан келме һәркез,

Намазды күні-түні оқыдым тез.

Бұл күннің қорқынышынан тағат қылдым,

Сол үшін келмейсіз» деп айта-дүр сөз.

 

Онан соң аяғынан келе-дүр баз,

Аяқ һәм жол бермем деп қылар ауаз.

«Бұл күннің қорқынышын біле тұрып,

Оқыдым жамағатпен жұма намаз.

 

Оң қолдың тарапынан келгей және,

Мен дағы жол бермем деп айтқай аңа.

Бұл күннің қорқынышынан қайыр бердім,

Ғаріптің көп шат қылдым бәрін һәмма.

 

Сол қолдың тарапынан келгей жетіп,

Менен һәм келмейсіз деп ауаз етіп.

Ілгергі оң қолдың һәм айтқанындай

Қайырынан халыққа берген жол көрсетіп.

 

Аузының тарапынан мәлек келгей,

Ауыз һәм «келмеңіз» деп ауаз бергей.

Бұл жайдың қорқынышынан бейнет тартып,

Аш жүрдім деп айтады рақат көрмей.

 

Ақыры Мөңкір-Нәңкір көрге еніп,

Әдеппен оятады хабар беріп.

Төменде айтылатын сауалдарды

Сұрарлар қарсысына жақын келіп.

 

Деп айтар: «Бір Құдайың кім дүр сенің,

Һәм және қайсы болар пайғамбарың?

Дүниеде тұтып тұрған дінің не дүр,

Бұлардың мәлім ет-дүр маған бәрін.

 

Тәпсірде жазылыпты үшбу кәләм,

Көр ішіне қойылғанда ибні Адам.

Әр түрлі періштенің сауалына

Қалдырмай жауап берер бәрін тәмам.

 

Әгарда жақсы бақытты болса пенде,

Құдайым – бір Алла деп айтқай әнда.

Һәм және пайғамбарым – Мұхаммед-дүр,

Әуелде менің дінім дер исламда.

 

Сол жерге пайғамбарды әзір қылар,

«Бұл адам кім-дүр?» деп онан сұрар.

Мұхаммед пайғамбарым «дәл осы» деп,

Әр түрлі тәусиптерін айтып тұрар.

 

Ғайыптан сол мезгілде әлһәм еніп,

«Бұл пенде рас айтар» деп хабар беріп.

«Үстіне киіндіріп, төсек еткін,

Жәннаттың аспабынан алып келіп».

 

Алладан Мөңкір-Нәңкір мұны естіп,

Әзірлер айтқандарын даяр етіп.

Мысалы, жаңа үйленген жігіт сынап,

Көңіліне жата-дүрләр шаттық жетіп.

 

Қабірдің бас тарапынан тесік қылар,

Әр түрлі жақсы иісті ис шығарар.

Тесіктен жәннаттағы орындарын

Ол пенде назар етіп көріп тұрар.

 

Бір адам жақсы түрлі келгей және,

Бұл сөзді елжіретіп айтқай аңа.

«Ей, пенде, құрсант болып, шүкір еткін,

Бұл күні рақмет етті Алла саңа».

 

Пенде айтар ол адамға: «Кім едің сен?

Дүниеде сенен сұлу көрмедім мен».

Ол айтар: «Дүниедегі қайырың-дүрмін,

Тағатың мен едім сенің қылған».

 

Періште пенде жанын алып кетер,

Ханділге отырғызып жоғары елтер.

Сол күннен та қиямет[3] болғанынша,

Үстінде аршы-аламның мекен етер.

 

Құдая, мен күнәһар асы-жапы,

Сүйтсе һәм момындықта жазылды аты.

Айтылған бұл дәулетке лайық еткін,

Өз атың Кәлимәти Тауһит ақы.

 

Бір адам сауал етсе мұны көріп,

Көр ішірә екі мәлек бірден келіп.

Пендеден не себептен сұрар десе,

Осылайша айтылады жауап беріп.

 

Күнәнің шариғатта әдет саны,

Екеуден кем болмаққа жоқ імкәні.

Төменде айтылатын бір сөз үшін,

Екеу ғып жібереді Алла әні.

 

Адамды жаратпақтан бұрын Құда,

Мәләкут періштеге қылды нида.

Топырақтан Әбіл-Башар пайда қылып,

Халифа қыламын деп мақлұғыма.

 

Мәлектер Алла айтты: «Я, бір уә бар,

Топырақтан халық жаратпақ емес дәркар.

Қан төгіп, шарап ішіп, зина қылып,

Әр түрлі күнәларды істей-дүрлар».

 

Алла айтты: «Іліми ғайыпты мен біле-дүрмін,

Ғайыпты ешбіреуің білмей-дүрсің.

Әлқисса, жер жүзінен топырақ алып,

Адамды сурет етті құдірет бірлән.

 

Иманды, жақсы құлдар өлсе нәгәһ,

Сұрағайлар Мөңкір-Нәңкір келіп аңа.

Құдай бір, дінім – ислам, расул – хақ деп,

Берсе-ләр жауабының бәрін һәмма.

 

Рұқсатпен көр ішінен шығып кетер,

Алладан екеуіне әлһам жетер:

«Пенденің айтқандарын мәлекләрінің

Бәріне білдіргін» деп пәрмен етер.

 

Періште әмірін тұтып бір Алланың

Мәлектің хабардар ғып сол дем бәрін.

Екеуі куә болып білдірер-ләр,

Пенденің көр ішінде айтқандарын.

 

Алла айтар періштеге: «Көргін мұны,

Қараңғы көр ішінде үшбу күні.

Ата-ана, аһле әйел, жары достың

Бұл уақта қасында жоқ бірде-бірі.

 

Малдарын тақсыт қылып, жақыны алған,

Артында ұғыл-қызы жетім қалған.

Жан әшші сауал-жауап көр астында,

Және де қорқыныш бар неше алуан.

 

Осынша қайғы, бейнет, қамда жатып,

Зікір айтар бірлігімді тілмен айтып.

Әуелде жаратпа деп айтыңыздар,

Әміріме қарсылық қып, тіл ұзартып.

 

Дүниеге адам ұлы келмей тұрып,

Осындай жақсы құлдар бәрін біліп.

Бірлігім, барлығымды айтпақ үшін,

Бұл халықты жараттым дер пайда қылып.

 

Есітіп періштелер бұл ниданы,

Жауаптан еш не айтпай тұрар бәрі.

Куәлік айтқанына құлсыңдар деп,

Себеп бұл екі мәлек жібергені.

 

Пендеге бұл дәулетті Алла берсе,

Денеден рұқсат сұрап періште енсе.

Жоғары айтылғандай мәлектерге

Алланың тарапынан нида келсе.

 

Өлгенмен ол пенденің жоқ-дүр қамы,

Өлді деп айтпаса да болар әні.

Рахаты бұл жүргеннен артық болар,

Шыққанмен денесінен пенде жаны.

 

Сол үшін хазіреті имам сопы Аллажар,

Сөзді кітабында қылған тәкірар.

Саламат иманымен өлсе пенде

Көмілсе ары болып болмайды ар.

 

«Ары» деп екі айтқанның мағынасы бұл,

Жалаңаш әуелгісі көмілген біл.

Екінші, ар мен намыс жоқ деген сөз,

Саламат иманымен өлсе әр құл.

 

Жәнеде ол әзизден бар-дүр бұл сөз,

Оныда білдірейін бұл жерде ниіз.

Қайғы жоқ иманды құл өлгенінде,

Тәні де тәніуәсі болмаса үш кез.

 

Айтқаны әуелгісі бұл ағзаны,

Себеп бұл екік айтпаққа тәні-дені.

«Болмаса» деп айтылған екіншіге,

Кебіндік бөз аты деп берді мәні.

 

Сопының бұл сөзіне қарағанда,

Кебінсіз иманымен өлсе пенде,

Ол құлдың қайғысы жоқ дегені-дүр,

Айшы ышырат көрер болса барып әнда.

 

Кебінсіз өлсе дағы болмаса қам,

Тірлікте дүниедегі қай жері кем.

Мүтәбар нұсқаларда әнің үшін,

Айтады өлмейді деп шаһидті һәм.

 

Бұл сөзге шәк келтірме, жоқ күмәні,

Шықты деп ойламаңыз шаһид жаны.

Әмуәтан біл әһиәун шаһид-ләр деп,

Құранда мәлім еткен Алла әні.

 

Қадиспен хабар берді Шаһы Абрар,

Бес түрлі шаһидтарда дәреже бар.

Пайғамбар мұрсалдарының бәрінде һәм

Айтылған бұл мәртебе болмағай-лар.

 

Әуелі пайғамбардың әруақтарын,

Қабыз етіп мәлукул-мәуіт алар бәрін.

Өзінің құдіретімен Жаппар Құда,

Қабыз етіп ала-дүрлар шаһид жанын.

 

Екінші, пайғамбарға ажал жетер,

Баршасын таза жуып, ғұсыл етер.

Шаһитты шариғаттың бұйрығымен

Ғұсыл елтіп, намаз оқып, лақатқа елтер.

 

Үшінші, пайғамбарлар өлсе нәга,

Ләзім-дүр қылмақ үшін кебін аңа.

Кебінсіз денедегі кимі бірлән

Шаһитты көрге қояр бәрін һәмма.

 

Төртінші, пайғамбарлар өлген заман,

«Өлді» деп лақап болар бұл дүниядан.

«Шәһиттер өлген емес, тірі-дүр» деп,

Құранда аят енді бір Алладан.

 

Бесінші, маһшар күні пайғамбарлар,

Өз қаумын шапағат қып, тілеп алар.

Шаһиттер пайғамбардың үмбетінің

Қаласа қайсыбірін жамағат қылар.

 

Осындай шаһиттердің пазылаты,

Барлығы расул айтқан қадис хаты.

«Мүтәбар» кітабында зікір етіп,

Айтты-лар неше түрлі дәрежені.

 

Шаһиттың бәрі бірдей болмай-дүрлар,

Артықша базысында пазылат бар.

Кәпірге ғазат қылған мезгілінде,

Дүниені ойламаса әсілі зинһар.

 

Ықыласпен ниет қылса Алла жолын,

Кәпірге ғазат үшін ұрса қолын.

Ілгергі дәреженің бәрі болып,

Жәннаттан өлген заман алғай орын.

 

Сол үшін «Өлмейді» дер сол пендені,

Жат еткен кәләмында Алла әні.

Бұл құлға рақметтен назыл болған,

Рақмет пен жақсылықтың жоқ-дүр саны.

 

Ғазатқа дүние ойлап пенде барса,

Хақ жолдан басқаны ойлап қылым салса.

Болмаса, жарақатты мезгілінде

Сөйленіп дүние сөзін аузына алса.

 

Бұл пенде кәпірлерден өлгенімен,

Шәһиттың ол ісіне болмайды тең.

Сөйтсе де Хақ жолында дәрежесі

Артық-дүр дәрежесі басқалардан.

 

Құдая, Хақ жолында өлген шаһиттердің,

Бұл түрлі мәртебелі қылдың бәрін.

Маһшар күн арасаттың майданында,

Нәсіп қыл шапағатын біздерге әнің.

 

ОТЫЗЫНШЫ ФАСЫЛ

Мөңкір-Нәңкірдің кәпірлер мен пасықтарға келгені

 

Пасық пен кәпірлерді көрге салып,

Адамдар жайларына кетсе янып.

Қолында отты гүрзі, аузы жалын,

Көр ішіне Мөңкір-Нәңкір кірер барып.

 

Тістері қара жерді жыртып тұрар,

Көзі һәм барх мысал жилуә[4] қылар.

Даусы аспан-жерді қалтыратып,

Пендеден «Мән Рәббик[5]» деп сауал сұрар.

 

Пенденің мұны көріп реңі кетер,

Көңілінде қорыққандығы һәдден өтер.

Демекке «Рабым – Алла» тілі келмей,

«Һай һә мен білмеймін» деп ауаз етер.

 

Мәлекке пәрмен етіп Жаппар Құда,

«Ұрғын, – деп, – бұл лағынды» қылғай нида.

Алланың пәрменімен Мөңкір-Нәңкір,

Темірден отты гүрзі ұрғай мұңа.

 

Осылайша гүрзісінің тәусип-ләрі,

Инсы жын дүниедегі жанның бәрі,

Баршасы бір мәртебе қайла қылып,

Орнынан қозғай алмас әркез аны.

 

Періште сол гүрзімен пендені ұрар,

Денесін топырақдек майда қылар.

Гүрзісін көтергенде Хақ әмірімен

Ілгергі қалыбында қайтап тұрар.

 

Гүрзімен періштелер ұрғай және,

Артықша қатты азап қылғай аңа.

Зарпына тағат қылмай парияд етер,

Есіткен инсі жыннан басқа һәмма.

 

Қаншама ұрса дағы өлмес әркез,

Ілгергі қалыбында тұра-дүр ниіз.

Базы бір тағат қылған асы пенде,

Мәлекке арыз етіп, айта-дүр сөз.

 

Деп айтар: «Мұнша неге ұра-дүрсің,

Дүниеде қылып едім тағатты мен.

Малдан зекет, асымнан қайыр беріп,

Оразаны ада қылдым намаз бірлән».

 

Мәлек дер: «Жалған емес, бұл дегенің,

Айтайын осындай-дүр күнәң сенің.

Көр азап ақиқатта сідіктен-дүр,

Жүрмейді таза болып ағзаларың.

 

Намазды оқысаң да саһар тұрып,

Малыңды қайыр еткенмен тынбай жүріп.

Залымнан зұлым жеткен мазлумлардың

Жүрмедің деп айта-дүр халін біліп.

 

Дүниеде үкімәттәр болса һәр кәс,

Мазлумға жәрдем бермек уәжіп-дүр бәс.

Жетпеген париятына адамдардың

Ақында хадис келді бұған ұқсас.

 

Ол пенде әнің үшін тозақ кірер,

Жүз мәрте денесіне қамшы ұрар.

Бұл түрлі асыларды ұрмақ үшін

Отынан жаһанамның қамшы қылар.

 

Пенденің жаман пейілі келгей жетіп,

Айтқайлар осы сөзді ауаз етіп:

«Бұл күні жамандықтың жазасын көр,

Көп күнә қылып едің һәдден өтіп».

 

Ол пенде айта-дүрлар қылып әм қам:

«Бұл уақта бұл сөзді айтқан кім едің сен?»

Ол айтар: «Жер жүзінде күнәларды

Істеген жаман пейілің мен ерурмән».

 

Көрдегі азапатардың сондай түрі,

Момындар азап көрер жеті күні.

Кәпірлер қырық күнге ше көре-дүр деп,

«Дақайық» кітабында айтты мұны.

 

Онан соң ұйықтап қалар ол сол пенде,

Дүниеде жақсы-жаман қылса әрне.

Жараса амалына жаза көріп,

Әр түрлі жамандарды көргей әнда.

 

Қадиспен хабар берді шаһы Расул,

Жұма күн, я түнінде өлсе әр құл,

Алланың пазылы бірлән көр азаптан

Әлбетте болса керек аманда бұл.

 

Бұл жерде Пайғамбардан бір қадис бар,

Кітапта дәлел ихсан жазып-дүрлар.

Қой, түйе, алтын, күміс – дүнияларды

Әр кісі зекет бермей жинап-дүрлар.

 

Ол құлдан көр азабы көтерілмес,

Бір лаһзә муһләт беріп, жеңіл қылмас.

Сол күннен та қиямет болғанынша

Азаптан құтыла алмай жата-дүр бәс.

 

Расулдың жанында бар бір қадисі,

Оы дүр «Дақайықта» жазылымышы.

Денесі көр ішінде иістенбес

Өлгенде он тайыпа момын кісі.

 

Пайғамбар, шаһиттар мен хафиз Құран,

Қазылар, әділ патша һәм муәззан[6].

Баланың себебінен өлген қатын,

Алымдар өз іліміне амал қылған.

 

Залымнан ажал жетсе әр пендеге,

Жұманың күн-түнінде өлсе және.

Қойғанда көр ішіне иістенбегей,

Бұл айтқан адамдардың бәрі һәмма.

 

Құдая, кетті күнәм һадден асып,

Алқымға ажалым тұр жақындасып.

Ілгері аты аталған құлдарыңның

Бәрінің мәртебесін әйла нәсіп.

 

[1] Кәрдан (гардан)– мойын. Кейде қалта деген мағынада қолданылады.

[2] Барх – найзағай.

[3] Та қиямет – қияметке шейін.

[4] Жилуә – көрініс, кейіп.

[5] Мән раббик – құдайың кім.

[6] Муәззан /а/ – ұлы, атақты; белгілі, үлкен.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button