Білген Шайыр айтады

Рухы рауанның һәм жанның тұрар жері

31 фасыл

Пенденің өлердегі хал-ахуалын,

Мүжмәлмен ілгеріде айттым бәрін.

Әзіреті бір Алланың пәрменімен

Денеден алар дедім пенде жанын.

 

Айтылған кітаптарда жан сипаты,

Қай жерде тұратұғын әсіл заты.

Имамдар итифақпен[1] баян еткен,

Осы-дүр «Дақайықтың» нақыляты.

 

Ақиқат жан көңілде қарар қылар,

Уәделі күніге ше әнда тұрар.

Дененің базысында тұра-дүр деп,

Және де имамдардан сөз қылынар.

 

Айтады осы түрлі бір дәлел сөз,

Біреуге бір жарақат болса-лар кез.

Дененің барлығында басып кетсе,

Онда да ошол пенде өлмейді тез.

 

Біреудің көп денесі болып аман,

Жарасы бір жерінің болса жаман.

Ол дене жанның орны болған үшін,

Өлгейлер ошол пенде үшбу заман.

 

Базы дер: «Жан дененің бәрінде бар,

Жайылып баршасында бірдей тұрар.

Сол үшін ажал жетіп шыққанында,

Дененің бәрін бірдей өлік қылар».

 

Базы дер: «Екеу еді денеде жан,

Аттары екеуінің – рухы, рауан.

Пенденің тіріктігі рухымен болар,

Рауанмен қозғалады жүмлә бәден[2].

 

Денеде рухтың орны мәлім емес,

Тұрар деп пәлен жайда хабар бермес.

Рауан деп ат қойылған екіншісі,

Екі қас ортасында тұра-дүр бәс.

 

Рухы әгар пендеден шығып кетер,

Онан соң тіріктік жоқ ажал жетер.

Орнынан уақыты бітіп рауан кетсе,

Сол заман ол пендені ұйқы елтер.

 

Рауанның кеткендігі бұл мысалы,

Суменен тола қылып бір кесені.

Үстіне күн сәулесі түсетін ғып,

Құжыраңа терезеге қойса әні.

 

Кеседен бір раушандық құруыж етіп,

Ол үйдің әр жеріне тұрар жетіп.

Орнынан кесе мен су қозғалмайды,

Алысқа қалса дағы сәуле кетіп.

 

Сол мысал денеге жан мекен етер,

Мұрнынан рауан шығып рашыға кетер.

Дененің қимылдаудан бәрі қалып,

Сол заман ол пендені ұйқы елтер.

 

Ұйқыда пенделердің көргендері,

Рауанның көргені-дүр әнің бәрі.

Денеден рауан кетіп, жан тұрғанда,

Білініп жата-дүрлар лепес-демі.

 

Орнына рауан қайтып келсе нәгаһ[3],

Ұйқыдан оянады пенде және.

Рауанның келгенінен қуаттанып,

Дененің қимыл қылар бәрі һәмма.

 

Базы дер: «Момын болса ошол пенде,

Рауаны сәйір етеді жеті аспанда.

Мәләкут жеті аспаннан хабарланар,

Ұйқыда көргенінің бәрін һәмма.

 

Кәпірдің рауаны һәм аспан барар,

Жібермей жоғарыға тоқтап қалар.

Олар һәм ұйқысында көргендерін

Шайтанның айтқанынан хабарланар.

 

Пенденің ажал жетіп шықса жаны,

Денеден рауан сыпа кетер бәрі.

Уәделі қиямет күн болғанынша

Тоқтатып қоя-дүрлар Алла әні.

 

Қай жерде тұрмағына ықтылап бар,

Имамдар рауаят қып айтып-дүрләр.

«Дақайық» кітабында мәлім еткен,

Базы бір рауаятын әйлап изһар.

 

Базы дер: «Сауалдан соң жанды алып,

Сүріне Исырапылдың қояр барып.

Онан соң жанның бәрі сүр ішінде

Тұрғай-лар ақырға ше қарарланып.

 

Жандардың әрбірінде бір орын бар,

Күллі һай мақлұқаттың бәрі сыяр.

Момынның аруақтары рақатта

Мехнат пен машақатта кәпір тұрар».

 

Базы дер: «Момын жаны жәннатқа енер,

Жасыл құсс суретінде ізет көрер.

Кәпірдің аруақтарын тозаққа елтіп,

Қара құс суретінде жаза берер».

 

Базы дер: «Момын жанын періште елтіп,

Үстіне жеті аспанның тұрар жетіп.

Амалын іллинге барғын дейді,

Алланың тарапынан ауаз етіп.

 

Бұл жанды алып бар деп көрге және,

Жәннаттан ашып қой деп есік аңа.

Денеге қайтып кіріп, жәннаттағы

Орнының көріп жатсын бәрін һәмма.

 

Періште айтқанының бәрін қылар,

Жәннаттан жақсы хошбой иіс ұрар.

Исырапыл ақыр сүрін тартқанында

Ұйқысы қанбағандай болып тұрар.

 

Мунапиық кәпірлердің шықса жаны,

Азаптың періштесі елтер әні.

Жоғары бармағына жол бермейді,

Байланып жеті аспанның есіктері.

 

Алланың тарапынан әлһәм еніп,

«Қабіріне қайтарғыл» дер хабар беріп.

Тозақтың атырапынан есік ашқын,

Жатсын-лар жәһаннамнан орнын көріп.

 

Болсын-лар сыймайтұғын көрлері тар,

Әр түрлі қиындықпен әйлайды қар.

Исырпаыл сүрін тартып тірілгенше

Айтылған машақатпен жата-дүрлар.

 

Расулдың бұл жерде бар бір қадисі,

Көрдегі өліп жатқан барша кісі

Әркімнің айтқан сөзін есітер-ләр,

Сөйлеуге өздерінің келмес күші.

 

Алымнан сауал етті біреу келіп:

«Денеден жан шыққанда біреу өліп,

Әруағын қайсы жерге алып барар,

Сіз маған білдір деді хабар беріп?»

 

Алым һәм жауап берді ол пендеге:

«Жандардың тұрар жерін айтай саңа.

Әдір атты бір жәннатта қарар алар,

Пайғамбар жандарының бәрі һәмма.

 

Қабіріне баз уақта қайтып кірер,

Денемен қосылысып бірге тұрар.

Алланың дәргаһына сәжде қылып,

Ілгері қалыбында тағат қылар.

 

Денеден шаһиттердің шықса жаны,

Жәннатқа Пердауыс атты елтер әні.

Қалаған жайларына ұшып жүрер,

Жасыл құс суретінде болар бәрі.

 

Базы уақы  жәннаттан һәм ұшып кетер,

Пәруаз қып бір лаһзада арышқа жетер.

Арышта асып қойған қандиләрдің

Үстінде қарар алып отан етер.

 

Мұсылман әулетінің алып жанын,

Торғайдың мысалында қылар бәрін.

Мүшкіден жәннат ішірә таулары бар

Сол таудан дайын етер орнын әнің.

 

Мунапиық жамандардан өлсе бала,

Дайын-лы бір мекеннен бермес орын аңа.

Олар һәм ақырғы уақта жәннатқа еніп,

Момынға қызмет етер бәрі һәмма.

 

Мұсылман момындардың жанын алса,

Артында берілмеген қарыз қалса,

Жәннатқа я аспанға шығармайды,

Жоғары әруақтарын алып барса.

 

Бергенше қарыз малын ада қылып,

Муаллаһ орта жолда қалар тұрып.

Қарызын мирасқоры төлеген соң,

Олар һәм ізет көрер жәннат кіріп.

 

Пасықтың жоғарыға жанын елтпес,

Ажыралып денесінен әслі кетпес.

Ақырдың күніге ше азап көрер,

Жәннаттың хош байлығы оған жетпес.

 

Кәпірдің әруақтары тозаққа енер,

Әртүрлі қиындықпен азап көрер.

Исырапыл ақыр сүрін тартқанында,

Денеге жанның бәрі қайтып келер.

 

Осылайша неше түрлі бар нақылят,

Баршасын мүмкін емес қылмаққа жат.

Ақырғы ахуалымыз сол екен деп,

Көңіліне тәупиық қылғай әр адамзат.

 

Білдірдім жанның түрін жайын айтып,

Исырапыл тұрғызғанша сүрін тартып.

Әруақтар бір Алланың рұқсатымен

Денеге неше мәрте келер қайтып.

 

Жан міскін Хақ әмірімен әр келгенде,

Дененің халін көріп түсер қамға.

Ілгергі ахуалына көп қайғырып,

Қайғырып, әр түрлі сөз айтар аңа.

 

Әруақтар өздерінің үйіне һәм,

Алланың рұқсатымен келер әр дем.

Біздердің баршамызды көріп тұрар,

Олардың көрмегіміз біздердің кем.

 

Ләйлатлы Қадір атты бір кісі бар,

Әр жылы бір мәртебе келіп тұрар.

Әр түні әруақтардың баршасына

Бармаққа үйлеріне рұқсат қылар.

 

Және айтты нақыл етіп ибн Аббас,

Ол ерді Хақ жолында бәндайи кас.

Айт күні әр жұманың күн-түнінде,

Әруақтар үйлеріне келе-дүр бәс.

 

Оныншы мәкрамның күн-түнінде,

Ережеп айының һәм әуалында,

Шағбанның он бесінші түнінде һәм

Әруақтар Хақ әмірімен келер мұнда.

 

Айтылған бұл күндерде әлһам еніп,

Қабірінен өлік шығар рұқсат болып.

Дүниеде мекен еткен үйлерінің

Ішкергі есігіне тұрғай келіп.

 

Айтар-лар өз лебізімен қылып нала,

Садақа я лұқмаңнан бергін маңа.

Бұл күнде баршасына мұқтажым бар,

Сіздерде мәжуд[4] ерур бәрі һәмма.

 

Болмаса қайыр етпекке сізде қуат,

Намазды оқыңыздар екі рәкат.

Намаздың ақырында қол көтеріп,

Дұғадан мен ғаріпті қылыңыд жат.

 

Қайсыңыз жат қылсаңыз үшбу заман,

Рақым етіп қайғырасыз қайсың маған.

Бұл түрлі ғаріптікке ұшырадым,

Өлімнің шеңгелінен қалмай аман.

 

Мехнатпен жинап жүрген бар дүниені,

Лажысыз беріп кеттіп сіздерге әні.

Баршасын рақатта ішіп-жерсіз,

Әр түрлі есебінің менде бәрі.

 

Алдыңыз қатынымды некеленіп,

Әулетім жетімдікте болды ғаріп.

«Біздердің дұғамызға мұқтаж-дүр» деп,

Қайсыңыз ойланасыз көңілге алып?

 

Бұл күнде баршаңызда күш-қуат бар,

Бір Құда не қылсаңда берді ықтияр.

Сіздердің дұғаңызға мұқтаж болып,

Тұрамын есігіңде болумен зар.

 

Осылайша неше түрлі көп сөз айтар,

Мұқтаждық мүддәғасы һәдден артар.

Садақа, қайыр беріп, дұға қылса,

Шат болып, жайларына олар қайтар.

 

Әгарда қайыр етпесе ол күндері,

Дұғамен жат қылмаса әркім әні.

Қоңсылас әруақтардан көп ұялып,

Қабіріне қапалықпен қайтар бәрі.

[1] Итифақ /а/ – келісім, ынтымақ, бірлік, келісім, бір ауыздылық.

[2] Жүмлә бәден – барлық дене.

[3] Нәгаһ /п/ – кенет, оқыс.

[4] Мәжут – бар.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button