Я, Алла, әсли[1] пакің – Раббул Жәлил,
Уәсифыңды[2] жеткізе алмас сөйлесе тіл.
Пенденің өлгендегі ахуалатын
Айтпаққа мен құлыңды күйінде қыл.
Ілгері айтылғандар өткен жұмыс,
Әркімге мәлім шығар бәлкім бұл іс.
Ақырдың болатұғын ахуалатын,
Кітаптан көрмейінше қиын біліс.
Өлерде өз көзімен көргендер бар,
Басқаға айта білмес дүниеге кеп.
Базы бір мунафиқтар[3] әнің үшін,
Көңілінде қияр етер «бекер ғой» деп.
Пәтуасы[4] үлкен кітап-дүр мұқтасар[5],
Көрмекке Әбді Жалел бір шәрһи бар.
Мәселе шаиятта екеу-дүр деп,
Зікір етіп сол шәрһинде[6] қылған изһар.
Әһил деп әуелгісін айлаған жат,
Мәнісі кітаптарда-дүр едиғат.
Таразу Әшір Нәшір жазған амал,
Мақшар күн, жәннат, тозақ һәм қыл сират.
Фаруық деп екіншіге қойылды нам,
Қаж, зекет, ораза, намаз, алал-арам,
Забайеһ неке, талақ, беғ-спра,
Бұл түрлі мәселенің баршасын һәм.
Едиғат ілгері өткен мәселені,
Пендеге білмек деуі көп пайдалы.
Бұл сөзге тасдиқ[7] етіп қайыл[8] болғай,
Әркімнің момындықта болса намы.
Ақырға қайсы кісі болса мүңкір,
Ол кісі күмәні жоқ болғай күпір.
Сол үшін адамын нас білсін-ләр деп,
Білдірдім түркі тілмен айлап зікір.
Бір кітап «Дахай-и-қул акбар» атты,
Расулдың қадисінен тамам айтты.
Мүжмәлмен ол кітаптан нақыл еттім,
Өлерде болатұғын аламаты.
Иманды Құдай сүйген әр пенденің,
Айтайын өлердегі әрне халін.
Әгарда жақсыларын бұрын айтсам,
Үмбетінің иманды еткей Алла бәрін.
Мужтаһат уәли-ғағи һәм ұлама,
Парһизгар тақуа Зәйдһабдиана.
Жапырағы Әзірейілге келіп түскей,
Алладан бұйрықты ажал жетсе аңа.
Әзірейіл ол жапырақты оқып көрер,
Мәлекке оң жақтағы хабар берер.
Пенденің денесінен тарпақ үшін,
Рақметтің періштесі және келер.
Жан айтар ауаз қылып періштеге:
«Денеден шықпағаймын еріп саңа».
Мәлектер: «ол құлымның жанын ал деп,
Жіберді пәрмен етіп Алла маңа».
Мәлекке изһар етіп айтады жан:
«Денеге Хақ әмірімен кіргенде мен.
Қасымда ол уақытта сен жоқ едің,
Кеп тұрсың қайсы түрлі дәлелменен?»
Періште қайтып барып бір Аллаға,
Арыз еткей өткен істің бәрін һәмма.
Алла айтты: «О сол пендес рас айтады,
Жәннаттан бір алманы апар аңа.
Алмаға тасимі әнің жазған бәрін,
Көрген соң кетсе керек ишқы[9] әнің.
Әміріммен мен тараптан барғандыққа,
Дәлелің болса керек ол һәм сенің».
Періште Хақ әмірімен жәннат еніп,
Көрсетер бір алманы алып келіп.
Денеден шықпақтыққа риза болғай,
Алмадан Хақтың атын оқып көріп.
Денеге онан кейін мәлек барып,
Аузынан жан тартпаққа даярланып.
Пенденің айтып тұрған зікірі шығар,
Мәлекке осылайша деп сөз шығарып.
Зікір айтар періштеге үшбу заман,
Бұл жерден жол бермеймін тартпаққа жан.
Қанша жыл бұл ауазбен тасбих айтып,
Аллаға көп істедім тағатты мен.
Періште бір Аллаға барар қайтып,
Білдірер ол зікірдің сөзін айтып.
Алла айтар: «Денесінің басқасынан
Алып кел ол пенденің жанын тартып».
Періште пәрменімен бір Алланың,
Тарпаққа талап етер қолдан жанын.
Қол айтар: «Мен саған жол бермегеймін,
Әр түрлі қайыр істің қылдым бәрін.
Әркімге садақа қып қайыр бердім,
Жетімнің басын сипап, халін көрдім.
Шариғат ілімін айтып, қалам жазып,
Кәпірге ғазатын һәм қылып едім».
Аяққа онан кейін барады баз,
Білдіргей оған «алам» деп, айлап ағыз.
«Мен дағы жолды саған бермеймін» деп,
Айтқайлар осы сөзді айлап ауыз.
Жұмаға бармақ үшін жаяу жүрдім,
Мешітте жамағатпен намаз қылдым.
Ілімнің мәжілісін һәм жаяу іздеп,
Әркімнің кесел болған халін білдім».
Құлаққа онан кейін барғай және,
«Айтқай-лар жол бермен деп әлһәм аңа.
Оқыған Құран сөзін мен естіп,
Еттім зікір, тасбих бәрін һәмма».
Періште онан кейін көзге барғай,
Көз және оның сөзін қабыл алмай:
«Құран мен алымдардың жүзін көрдім,
Мен дағы жол берем» деп сөз шығарғай.
Періште денелерден мұны естіп,
Аллаға бұл сөзді айтар арыз етіп:
«денелер осы түрлі сөз айта-дүр,
Тартамын бұл пенденің жанын нетіп?»
Алла айтар періштеге қылып ағыз:
«Көрсетіп өз қолыңа атымды жаз.
Онан соң ол пендеге сен көрсетсең,
Ілгері себептерін айтпағай баз».
Періште бір Алланың әмірін біліп,
Қолына Хақтың атын изһар қылып.
Пенденің денесіне көрсетеді,
Алдында Хақ әмірімен қарап тұрып.
Алланың қолындағы атын көріп,
Зауықтанар[10], махаббаты, ишқы келіп.
Жан тартып алмағына разы болғай,
Дененің барлығыда жауап беріп.
Әуелі аяғынан тартар жанын,
Зәредей[11] машақаты болмас әнің.
Шықпаққа асығыспен арзу қылғай,
Пенденің алқымы ше жанын тартар.
Рақметтің пәйзін көріп зауқы артар.
Алланың тарапынан нида айтушы,
Ғайыптан ауаз қылып, бұл сөзді айтар.
Деп айтар: «Ізетпенен жанын алып,
Жәннаттың кебініне қойғын салып.
Дүниенің зынданынан қалас болып,
Тоқтасын арам алып[12], рахаттанып.
Дененің қимылдаудан бәрі қалғай,
Шаһадат калимаға тілі барғай.
Әзірейіл сол отырған қалыбында,
Қол салып, ол пенденің жанын алғай.
Біреуге ажал уақыты жолықса кез,
Тәуһидтың кәлимасын айтса-лар тез.
Ақырғы алатында[13] онан кейін,
Айтпаа изһар етіп, бір түрлі сөз.
Ол пенде тұрады-лар жәннатқа еніп,
Бұл сөзді Шәмсидиннен айттым көріп.
Кеселдің көп айтқаны қажет емес,
Бір айтса кипая[14]-дүр хабар беріп.
Өлімге болса жақын ер бірадар,
Кәлима талхын айтпақ уәжіп[15]-дүрлар.
«Айтқыл» деп, шаһадатың[16] әмір етпесін,
Өзі айтсын есіттіріп әйлап такрар.
«Айтпа» деп білдіргені ол сол демде,
Кеселдің ақылы дұрыс болмас әнда.
Қсылып, жан қиналған себебінен –
«Ажал жоқ, мен айтпаймын» десе онда.
Әмір-ді жақсы ипіслі әр нәрсені,
Сол жерге әзір қылып қойғай оны.
Төсекке арқасынан жатқызсын-лар,
Шықпаққа оңай болар пенде жаны.
Жүніп[17] пен қайіз[18] нупас болса әр жан,
Ол жайда отырмасын әнің бірлан.
Ясынның сүресін һәм қирағат[19] қып,
Отырмақ ләзім еді, оқып Құран.
Шықпаққа жақындаса, пенде жаны,
Талқын қып, айтса керек кәлиманы.
«Ләкулу әмуәтукум кәлима» деп,
Пайғамбар қадисінде айтқан мұны.
Және бір қадисы бар осы түрлі,
Мұхаммед рәяда айтқан мұны.
«Зарад» деп ат қойылған бір асхабқа,
Пайғамбар осы түрлі изһар қылды.
Деп айтты: «ая бәрад» өлер халде,
Намаздың шаһараты болса сенде.
Төсекке оң жағыңды қойып жатып,
Ауызда бұл дұғаны айтсаң әнда.
Онан соң өліп кетсең ажал жетіп,
Мисақта «бәлә» дедің, уәде етіп.
Әуелде ол айтылған кәләміңнің
Кеткендей бола дүрсің бұзбай өтіп.
Пайғамбар хабар берген ол дұғаның
Мәлім қып, хатқа салдым тамам бәрін.
Жақсылар оныменен амал еткей,
Көргендер шарапатын біліп әнің.
Жақсылар бұл дұғаны оқып көріп,
Айтыңыз шарапаты көңілге еніп.
Әзірейіл жанын алған әзиз құлдың
Айтайын ахуалынан хабар беріп.
Мәлекке нида қылар қадір Мәулан,
Сабыр еткін, аял қылып, тоқтасын жан.
Қанша уақ үлпат болып жүрген еді,
Денеңнің амандассын бәрі бірлән.
Алланың пәрменімен мәлек тұрар,
Жанға һәм «амандасқын» деп бұйырар.
Көз, құлақ, денесінің баршасына
«Қош қал» деп, амандасып, дұға қылар.
Онан соң алып кетер пенде жанын,
Апарып қай орынға қойылғанын,
Пазылмен Жаппар Құда кәрам етсе,
Аз уақта білдіремін шарһин әнің.
[1] Әсли, әслі – тегінде.
[2] Уәсиф /а/ – сипат, белгі, сапа.
[3] Мунафиқ /а/ – сырттай мұсылман, ішінен ислам дініне қарсы екі жүзді адам.
[4] Пәтуа – белгілі бір іс жөнінде бітім, келісім, уәде.
[5] Мұхтасар /а/ – қысқаша; аз көлемді.
[6] Шәрһи – дініи ережелер.
[7] Тасдиқ /а/ – сенім; растау, мақұлдау.
[8] Қайыл – мойындау, разы болу.
[9] Ишқы – махаббаты, құштарлығы.
[10] Зауықтанар – көңілденер, ынталанар.
[11] Зәре (а,п) – кішкене бөлік, түйіршік, үзім, тілім.
[12] Арам алып – дем алып, тынығып.
[13] Алаты – уақыты, жағдайы, халі.
[14] Кипая, Кифаят /а/ – жеткілікті, мол; керекті, қажетті; мөлшер, сан; сыбаға, үлес; бақыт, тағдыр; шама, қабілет.
[15] Уәжіп, уәжип /а/ – міндет, борыш, бұлжытпай орындалатын заң, қағида, міндетті шарт; шарт, парыз.
[16] Шаһадат /а/ – айғақ; куәлік; көрсеткіш; куәлік ету, куә болу. Кәлима-шаһадат Алла тағала мен оның елшісі мұхаммедке куәлік білдіретін сөз: ашһаду ан лә иләһа илла Алла уа ашһаду әнна мұхаммед ғабдуһу уа расулуһу (Алладан басқа құдай жоқ және мұхаммед оның құлы мен елшісі екендігіне сенім білдіремін). Ислам дінін қабылдау үшін кәлима шаһадатты үш рет айту керек.
[17] Жүніп – ұрықпен іш киімнің былғануы (көбінде адам түс көрген жағдайда болады).
[18] Қайыз – етеккір.
[19] Қирағат /а/ – оқу; құранды мәнерлеп оқу.