Білген Шайыр айтады

Жәннаттың сыпаты һәм кіргендердің дәрәжаты

ЕЛУ ЖЕТІНШІ ФАСЫЛ

Тозаққа кіргендердің хал ахуалын,

Зікір етіп ілгеріде айттым бәрін.

Момындар мекен етіп мүлікленуші,

Айтайын пейіштің һәм сипаттарын.

 

Пейіштің неше түрлі тәусипі бар,

Нақыл етіп пайғамбардан айтыпдүрләр.

Әр түрлі әр бірінің атын қойған,

Есігі сегіз дүр деп қылған ызһар.

 

Жәннаттың дәрулжаннан әуелгісі,

Есіктің ақ меруерт іші тысы.

Пайғамбар мүрсалдар һәм шаһит ғалым,

Кіредүр сақылықты қылған кісі.

 

Екінші жәннат ерүр дарус салам,

Есіктің қызыл жақұт бірң тамам.

Намазды әр нәнімен түгел оқып,

Кіргейлер таза таһарат қылған адам.

 

Үшінші есігінің мәуа намы,

Зүбаржат жасылынан қылған әні.

Малына ықыласымен зекет берсе,

Кіргізер ақырғы уақта ол пендені.

 

Төртінші жәннәтул ағла ат қойылған,

Маржанның сарысынан есік қылған.

Алланың әмір мағрып міңкір ісін,

Кіргейлер ықыласымен тұтып тұрған.

 

Деп айтар жаннатул найын бесіншісі,

Жаратты ақ күмістен Алла мұны.

Шахуаддат арамдардан нәпсін тыйған,

Кіргейлер ол жәннатқа ошал күні.

 

Фирдаус деп алтыншыға қойылды аты,

Есіктің қызыл тілла әсіл заты.

Хаж қылып хаж умра қылғандардың,

Ол болар мекен еткен ғимараты.

 

Әдін деп жетіншіге қойылды нам,

Меруерттің ағы дейді есігі һәм.

Әр кісі Хақ жолында ғазат қылса,

Ақырда аңа кіріп көрмейді ғам.

 

Жәннатқа сегізінші момын барар,

Сәлләи рақым қылушы орын алар.

Қызметін ата ананың аңа қылған,

Адамдар ол жәннатта бақи қалар.

 

Тіллә мен хақ күмістен қыштары бар,

Топырағы зағпыранмен мүшкі әнбар.

Орнына майда тастың маржан, меруерт,

Гүлдері мүшкідендүр күн мәғытәр.

 

Мерруерттің және болған көшкі әнің,

Гауһардан есігінің қылған бәрін.

Жақұттан терезесін даяр еткен,

Дүниеге ұқсас қылмай зинаттарын.

 

Жәннатта ағып жатқан арықтар бар,

Сарайдың көшесіне барып тұрар.

Сәлсәбил тәсним шарап және кәусар,

Тәусипін осылайша нақыл қылар.

 

Хадиспен расул құда хабар берді,

Миғраж түні жәннат ішіне барып көрді.

Бірі сүт, бірі әсел, бірі шарап,

Бірі су төртеулері ағар еді.

 

Төртеуі бір арыықпен ағады тез,

Қосылмас бір біріне реңкі әркез.

Бұл сулар қай тараптан келеді деп,

Пайғамбар Жәбірейілге айттылар сөз.

 

Жәбірейіл расулға айтты: Ия, пайғамбар,

Бұл жердің барар жері хауыз кәусар.

Қай жерден шыққанынан хабарым жоқ,

Сұрасаң мәлім етер Хақ бұйрығы бар.

 

Алладан көрсет деді тілек етіп,

Сол заман бір періште келді жетіп.

Деп айтты: е, Мұхаммед, арқама мін,

Басына апарайын сізді ертіп.

 

Мәләктің арқасына расул мінді,

Бір ләһза көздерін һәм жұмып тұрды.

Періште бір мәнзілге ұшып келіп,

Ашқын деп көзіңізді ауаз қылды.

 

Көз ашып бір дарақты көрді жәна,

Бір күмбез ақ меруерттен бәрі һәмма.

Есігі ол күмбездің жасыл жақұт,

Бір құлып қызыл жақұт ұрған әңә.

 

Күмбездің үлкендікте бұл нышаны,

Інсі жын күші тайуыр бұл дүнияны.

Үстіне ол күмбездің қояр болса,

Бір құстың мысалында көреді аны.

 

Ішінен ол күмбездің дария шығып,

Тездікпен барар еді жәулан ұрып.

Есігін бұл күмбездің ашқын деді,

Көрейін шыққан жерін ішке кіріп.

 

Ауаз қып періште айтты: Ая, расул,

Кілт бұл ашалмайды есікті бұл.

Бісміллә кәлимасын түгел айтып,

Ашылғай бұл құлыпқа ишарат қыл.

 

Күмбездің есігіне расул барып,

Дем салды бісмілләні аузына алып.

Сол заман ол есіктің кілті ашылды,

Аузына салған құлпы түсіп қалып.

 

Пайғамбар есік ашып ішкері енді,

Дарияның шығып тұрған жерін көрді.

Жазылған бісмілләнің төрт көзінен,

Төрт арық жәулан ұрып шығар еді.

 

Бісмілләнің мүйім көзінен су шығар біл,

Алланың һа көзінен сүтті білгіл.

Мүйымының әррахманның шарап шығар,

Әррахим мүйымыдер әселді бұл.

 

Пайғамбар тұрып еді тахсин етіп,

Алладан нида келді әлһам жетіп.

Деп айтты: Ия, Мұхаммед, әр үмбетің,

Көп айтса бісмілләні ышқы кетіп.

 

Ол құлға бұл суларды бередүрмін,

Білдіріп үмбетіңе хабар бер сен.

Жақсылар бұл шараптан ішіңіздер,

Көп айтып бісмілләні ықылас бірлән.

 

Жәннаттың туба атты дарағы бар,

Темірі меруерттен болып тұрар.

Басы алтын, орта жері таза күміс,

Зүбәржат бұтағының бәрі дүрлар.

 

Баршасы бұтағының сандуыс харир,

Есебі бұтағының жетпіс мың дүр.

Аспанның миқдарынша кішіктері,

Аршы ағла сатысына жетіп тұрар.

 

Жәннаттың бағы бостан сарайларын,

Бұтағы жауып тұрар тамам бәрін.

Пенденің табиғаты қалауынша,

Басына түсіп тұрар саясы оның.

 

Күн мысал раушандығы шұғыла ұрар,

Жапырағы қурамастан дәйім тұрар.

Әртүрлі назы нығмет миуаларын,

Пенденің алмағына нәсіп қылар.

 

Жәннатта базы уақта желдер тұрып,

Жапырақтар бір біріне өзін ұрып.

Ішінен бір ғажайып ауаз шығар,

Пендені мекен еткен зауықтандырып.

 

Расулдың бұл жерде бар бір хадисі,

Әрдайым сәулеленер жәннат іші.

Ол уақта ай менен күн құрып кетіп,

Һәм және ұйықтамайды онда кісі.

 

Себебі жәннат ішіне өлім болмас,

Өлімге бұл дүниеде ұйқы жолдас.

Жәннаттың жеті қабат дуалы бар,

Атырабын раушан қылып тұрады бәс.

 

Әуелі ақ күмістен жаратылған,

Тілләдан екіншіге дуал ұрған.

Үшінші дуалдары жақұттандүр,

Меруерттің төртіншіге дуал ұрған.

 

Бесінші дуалының баршасы дүр,

Һәм және алтыншысы зүбәржан дүр.

Арасы әрбірінің бес жүз жылдық,

Жетінші дуалдары еділер нұр.

 

Бір хадис осы жерде ләзім келді,

Оны да баян етіп айтай енді.

Миғраж түн жәннат ішіне барғанында,

Бірнеше періштені расул көрді.

 

Тіллә мен ақ күмістен қыштар алып,

Тұрады көшек айуан дуал салып.

Көшектің базы жері тамам болмай,

Қызметтен қолын тартып кетер жанып.

 

Пайғамбар таң қалдылар мұны көріп,

Не үшін қылмайсыз деп айтты келіп.

Расулға періште айтты істемектен,

Тоқтадық қаражаты ада болып.

 

Пайғамбар періштеге айтты және,

Қаражат қайдан асыл болар сәңә.

Ол айтты жер жүзінде момын құлдар,

Аллаға зікір тасбих айтса сәна.

 

Қыш болып алтын, күміс тасбихтері,

Көшек айуан істейдүрміз біздер аны.

Егер де осы пенде зікір айтпаса,

Таусылып қыштарының қалар бәрі.

 

Жақсылар бұл хадистен ал ғибрат,

Тынбастан Хақ зікірін әйлаңыз жад.

Жәннаттан періштелер әйдән етіп,

Ажал жоқ бізге беріп қылсалар шат.

 

Жәннаттан тысқарыда бір сахра бар,

Дарақтар неше түрлі шығып тұрар.

Дарақтың баршасының іші бірлән,

Арықпен сулар ағып жәулан ұрар.

 

Сираттан өткенінде инс илә жын,

Әуелі ол суды ішер барша момын.

Пенденің көкірегінен барғанында,

Кетірер момындардың барша ғамын.

 

Қарнына онан кейін ол су жетер,

Әртүрлі жамандықтың бәрі кетер.

Қан, сідік мысалында адамдардың

Барлығын денесінен зәйіл етер.

 

Жәннатқа кіргендердің ұзындығы,

Алпыс кез боладүрлер осы күні.

Бірінде жүз кісіліу күш болар деп,

Зікір етіп шархы нияз айтты мұны.

 

Онан соң бір хауызға келгей және,

Жуғайлар денесінің бәрін һәмма.

Беттері он төртінші айдай болып,

Жұмсақтық мүләйімдік бергей әңә.

 

Денеде үш түрлі қал қалар бақи,

Шаш, кірпік һәм екі қас ерүр атып.

Сақал, мұрт өзге қылдың бәрі кетіп,

Болғайлар жігіттіктің аламаты.

 

Бәрінің қара болғай көздері һәм,

Беттері с»улеленіп тұрар әр дәм.

Ер, қатын сұлулықта бірдей болып,

Болмайды бірі артық, біреуі кем.

 

Ол күні жәннат кілтін хайу әкбар,

Сыдыққа Әбубәкір бередүрлер.

Сүйікті бір құданың пендесіне,

Жәннатты Әбубәкір ашып тұрар.

 

Пайғамбар шаһидтермен бар хақ уәли,

Ғазы мен тақуа, заһид, қажы, қари.

Әр пенде өз жынысымен біргелесіп,

Жәннатқа кезегімен кірер бәрі.

 

Пендеге нида қылар хайу дана,

Кіріңіз пәсіп еттім жәннат сәңә.

Істеген амалыңның мықдарымен,

Бөлісіп алыңыздар бәрің һәмма.

 

Бір кітап ағызалы деп ат қойылған,

Ішінде хасын басры зікір қылған.

Бұл сөзге қарағанда жәннат мүлкін,

Бөлісіп алады екен амал бірлән.

 

Төрт тайпа халықтың жәннатқа таласқаны

 

Ол күні төрт тайпа халайықтар,

Болған соң мәртебесі бірдей бұлар.

Жәннатқа біз әуелі кіреміз деп,

Төртеуі бір бірімен жанжал қылар.

 

Әуелі ол мақамға имам жеткен,

Іліміне шариғатпен амал еткен.

Екінші кәпірлерге ғазат қылып,

Ұрыста шаһид ағла болып өткен.

 

Үшінші халал малмен қажыға келіп,

Дүниеге көңіл қоймай кетсе өліп.

Төртінші риясы жоқ сақылар дүр,

Қайыр еткен ғаріптерге дүние беріп.

 

Осы айтқан төртеулері жанжал етер,

Бір біріне мен артық деп жол көрсетер.

Бұлардың арасына үкім ет деп,

Алладан Жәбірейілге әлһам жетер.

 

Жәбірейіл шаһидке айтар сөйлегін сен,

Айтасың артықпын деп қай дәлелмен.

Шаһидтер Жәбірейілге мәлім етер,

Істерін кәпірлерден әрне көрген.

 

Деп айтар Хақ жолында шықты жаным,

Төгілген көйлегімде осы қаным.

Аллаға жаным құрбан болған үшін,

Бұлардан артық еді дәрежем менің.

 

Жәбірейіл шаһидке айтар рас бәрі,

Алланың рызасы үшін қылдың әні.

Кәпірге ғазат еткен сауап дүр деп,

Білдірген ғалым еді әуел сені.

 

Ғалымдар оның үшін ұстазың бұл,

Болмайды таласқаның әуелден бұл.

Әуелі жәннат ішіне ғалым кірсін,

Жол беріп ұстазыңа сабырлық қыл.

 

Қажы мен сақылардан және сұрар,

Әрбірі қылған ісін айтып тұрар.

Ілгергі шаһидке ұқсап әуел сақтап,

Жол бер деп оларға да мәлім қылар.

 

Бұл сөзге ырза болып бәрі һәмма,

Жол берер бұрын кір деп ғұламаға.

Ғалымдар бұл үкімге ырзаланып,

Арыз етіп Жәбірейілге айтқай жәна.

 

Ғалым дер Хақтың атын оқып жүрдік,

Алланың әмірі мағрұф ісін білдік.

Қайыр еткен сақылардың дүниесімен,

Ішіп жеп мұнша ілім хасыл қылдық.

 

Біздерде сақылардың ақысы бар,

Қайыр етті ғаріп, міскін халыққа бісияр.

Баршамыз рұқсат бердік ілгері еніп,

Жәннатты сайыр бостан әйләсінлар.

 

Айтады Жәбірейілге хайу дана,

Рас айтар жалған емес бұл ғұлама.

Қайырынан сақылардың пайдаланған,

Молда, ғалым, жарлы, пақыр, міскін һәмма.

 

Әуелі сақы пенде жәннат кірер,

Артынан кезегімен өзге жүрер.

Мүтмағат тайпаның кітабында,

Бұл сөзге тәліп болған шәрхын көрер.

 

Жәннатта беретұғын әуел тағам,

Үстінде бір балықтың дүние тамам.

Қуырдақ қып ол балықтың бауырын берер,

Әуелі оны жейді ибні адам.

 

Пендеге даярланған сарайлар бар,

Әртүрлі көркемденіп даяр тұрар.

Алланың мархаматты рұқсатымен,

Өзінің әулісіне барғай бұлар.

 

Көрселер дарбаза тұр кілт салынған,

Ашқын деп ауаз етер сыртта тұрып.

Өзіне дайындалған һоры шыққай,

Ләббәйк деп әдеппенен тағзым қылып.

 

Мойнына әрбірінің қолын салар,

Ішкері есік ашып алып барар.

Көркемді көшек алуан сарайлардың

Ішінде онан кейін қарарланар.

 

Жетпістен тақ қойылған әр ханада,

Һүлләдан жетпіс төсек салған әңә.

Үстінде әр төсектің жетпіс һор бар,

Әрбірі жетпіс һүллә киген жәна.

 

Ұқсамас бір біріне оның бәрі,

Саплықлан көрінгейлер азалары.

Дененің үстіндегі бір қыл мысал,

Кигенде ауырламас әркез оны.

 

Һорларда сұлулықта жоқ дүр шама,

Артықша көркем берген Алла әңә.

Ақ, қызыл, жасыл бірлән сары реңнің,

Бетінде көрініп тұрар бәрі һәмма.

 

Денесі төрт нірседен жаралғандүр,

Зағпыран мүшкі әнбәр және кәпуыр.

Әуелі пайда болып жаралғанда,

Һорлардың сипатының формысы бұл.

 

Тізінен аяғының басынаша,

Иісті дүр зағпыраннан артық әнша.

Мүшкіден пайда болып жаралған дүр,

Емшектен тізегеше дене барша.

 

Емшектен кәрдәнғаша әр денелері бар,

Барлығы күш бойлықта мелі әнбар.

Кәрданнан та басының дәстігеша,

Кәпуірден жаралады деп айтыпдүрлар.

 

Һорлардың күш бойлықта бұл мысалы,

Бір мәрте жерге түссе түкіріктері.

Исінің күш бойлығы әлемді алып,

Мүшкі болып кетер еді жердің бәрі.

 

Бір қолдың саусағына жүзік салар,

Салғаны бір саусаққа оңға барар.

Білек пен аяғына жауһар менен

Меруертпен көркем қылып зинаттанар.

 

Үстіне көкірегінің хат жазылған,

Ерінің исмы намын ызһар қылған.

Алланың аттарының бірін жазып,

Ол һордың өз атында және тұрған.

 

Түрлердің денедегі сұлулығы,

Артылар сұлуланып әрбір күні.

Қас, кірпік һәм және де шаштан бөлек,

Болмағай денесінде харам қылы.

 

Басқадан өздеріне назар салмас,

Нәмахрам басқа адамға жақын бармас.

Ерінің ырзаланған ісін қылар,

Зәрредей басқа қиял көңліне алмас.

 

Үстінде тіллә тақтың пенде отырып,

Һорлармен қылует етер сұхбат қылып.

Әр заман бір біріне ышқы артар,

Көңлінде махаббаты жәулан ұрып.

 

Қаншама шариғатқа келсе һәм тез,

Жоқ болып шаһүті кетпес әркез.

Дүниенің ишаратындай шаршамақ жоқ,

Көңлінің қалауынша боладүр ниіз.

 

Әдін атты жәннат бар еді һор,

Өзгеден сұлулықта артықша дүр.

Лақабы һурыл айын ат қойылған,

Күн мысал жарық еді бетінде нұр.

 

Ол һордан бір хикая айтай енді,

Расулдан ибні масуід хабар берді.

Әдінді әуелінде жаратқанда,

Алладан Жәбірейілге нида келді.

 

Алла айтты нида қылып: Ия, Жәбірейіл,

Әдін атты даяр еттім жәннатты бұл.

Баршасы дос, құлымның орныдүрлер,

Сен барып бір мәртебе тамаша қыл.

 

Әдінге хайкіл әмин келді кіріп,

Бостанын сәйір етеді әриән жүріп.

Бір мәрте Жәбірейілге назар етті,

Ішінде әйуәнінің бір һор тұрып.

 

Жәбірейіл назар етіп қарады әңә,

Бір күлді езу тартып ол һор жәна.

Тісінің арасынан шыққан нұрдан,

Жәннәттың жарық болды бәрі һәмма.

 

Сол заман Жәбірейіл һәм көрді мұны,

Фаһым етіп болғай ма деп Алла нұры.

Өзінің ақылын білмей есі кетіп,

Жығылды беһүш болып осы күні.

 

Ол нұр һәм өз ләпзімен беріп ауаз,

Ия, әмин, тұрыңыз деп қылды ағаз.

Жәбірейіл есін жиып түрегеліп,

Назар ғып һүріл айынды көрділер баз.

 

Жәбірейіл ол һорға айтты тахсин бәні,

Осынша нұрлы қылған Алла сені.

Һор айтты Жәбірейілге білемісіз,

Кім үшін маужуд етіп қойды мені.

 

Жәбірейіл ол һорға айтты білмейдүрмін,

Бар болса қатеріңде білдіргін сен.

Һор айтты Хақ әміріне мойынсұнып,

Нәпсінің ауасынан кешсе әр жан.

 

Ақырда әдін атты жәннатқа енер,

Ол құлға нәсіп етіп бізді берер.

Алланың ырзалығын қылған адам,

Осындай һорды қосып ізет көрер.

 

Пенденің дүниедегі әһлі әйелі,

Һор мысал сұлулықта болғай бәрі.

Мысалы шам жаққандай жарық болар,

Шашының жерге түссе жалғыз пары.

 

Бәрінің жастарын да бірдей қылар,

Жәннатты тамаша етіп бұлар жүрер.

Қосылып өзімізбен сұхбат етіп,

Біткенше мүддағасы ойнап күлер.

 

Жәннатта ерсіз әйел болмас іркез,

Әйелсіз ер болмас деп айтылды сөз.

Бір ерге екі қатын бередүрлер,

Жастықта қатын алмай өлсе һәм ниіз.

 

Базы қатын екі ерге тисе нәгәһ,

Ғалымдар иттифақ қып айтты әңә.

Базы дер әуелгімен бірге тұрар,

Базылар осы түрлі айтты жәна.

 

Дүниеде бір қатынды екі ер алса,

Болмаса онан да көп некеленсе.

Ілгергі еріменен бір тұрады,

Ақырда екеуі һәм жәннат барса.

 

Базы дер қай ерімен жақсы тұрып,

Жүрселер татулықпен сұхбат құрып.

Ол қатын оныменен ишарат етер,

Жәннатта ақырғаша бірге жүріп.

 

Қатынның қай ерменен бір тұрмағын,

Зікір етіп шархы нияз айтар бәрін.

Мен дағы осы сөзді баян еттім,

Ішінен бір мәртебе көріп әнің.

 

Жәннатта есебі жоқ бар дүр ғұлман,

Денесі бәрінің де болар нұрдан.

Жоғарғы денелері ұғыл сипат,

Төмені қыз мысалы жаратылған.

 

Сексен мың ғұлман берер әр пендеге,

Қызметінде тіке тұрар бәрі һәмма.

Кәпірдің тыста өлген балалары,

Қызметкер болады деп айтты жәна.

 

Шараппен алтын кесе қолына алып,

Дүр, жақұт табақтарға миуа салып.

Өзінің қожайыны пенделердің,

Алдында тұрадүрлер даярланып.

 

Кесемен ішедүрлер шараптарын,

….. тасмын һәм жегей әнің.

Көңлінде қайсы түрлі жұмыс болса,

Алдына әзір қылып қояр бәрін.

 

Бауларда неше түрлі құстар жүрер,

Әртүрлі ауазбенен сайрап тұрар.

Жемекке менің етім тәттідүр деп,

Пендеге өзін мақтап тәусип қылар.

 

Пенденің ет жемекке көңлі кетіп,

Шақырса ол құстарды талап етіп.

Отырған бауларынан өзін тастап,

Алдына ол пенденің барғай жетіп.

 

Сол заман бісміл болып бауызданар,

Табаққа жақұт ахмар өзін салар.

От жағып қазан асып кәуәп қылмай,

Ләһзада қуырылып келіп пісіп қалар.

 

Пенделер құстың етін жейді алып,

Тағамнан қолын тартса тойып қалып.

Ілгергі суретінде бір құс болып,

Қонғайлар паруаз етіп баққа барып.

 

Жәннаттың тағамы мен шараптарын,

Денеге таратады Алла бәрін.

Дүниенің шарап тағам ішкеніндей,

Артынан шықпағайлар әркез әнің.

 

Тілесе сайыр еткелі пырақ мінер,

Бір күнде бес жүз жылдық жолға жүрер.

Дүниеде дос, жар болған адамдардың

Базы уақыт әулісіне барып кірер.

 

Әйлінің өз егесі мұны көріп,

Алдына сәлем бергей қарсы келіп.

Пырақтан ізетпенен түсіргейлер,

Астына отырмаққа күрсі беріп.

 

Сұрарлар ілгергі өткен хал, ахуалын,

Махшарда бастан кешкен әрне халін.

Сөйлесіп бір біріне айтадылар,

Жәннатқа қай себеппен кіргендерін.

 

Әптиек тәпсірінен көрдім мұны,

Жәннатқа кірушілер осы күні.

Адамның лебізіменен сөйлеседі,

Болмайды өзге тілдің бір де бірі.

 

Және айтар пәлен ибні, пәден пенде,

Қай түрлі мәмілені қылды әңә.

Ахуалы ол пенденің сол болды деп,

Айтады көргенінің бәрін һәмма.

 

Осылайша отырады құрып сұхбат,

Сөйлесер бір бірімен құрраму шат.

Дүниенің пайдасы жоқ сөздерінің

Зікір етіп бір де бірін қылмайды жад.

 

Алдына зияпат қып қойған тағам,

Таусипі айтқан менен болмас тамам.

Дүниенің мысалында қош айтысып,

Пырақпен өз жайына қойғай қадам.

 

Пенденің жәннат ішіне сөйлескені,

Тәпсірден баян еттім көріп оны.

Және айтты жеті тозақ арасында

Тартылып қойылғандүр перделері.

 

Ортада арап атты бір мекен бар,

Ақырда бір тайпа онда тұрар.

Жәннат пен жәһаннамда тұрғандардың

Баршасын тамаша ғып тұрғай бұлар.

 

Базы дер тұрушылар ол мекенде,

Пайғамбар уәлилердүр шаһид пенде.

Ахуалын екі халықтың білмек үшін,

Артықша орын беріп қойған анда.

 

Базы дер ол жайдағы періште еді,

Формында адамзаттық суретке енер.

Жәннатпен жаһаннамның мақұлығын,

Ахуалын бір біріне хабар берер.

 

Базы дер ата ананың алмай тілін,

Ренжітіп бұл дүниеден кетсе бірін.

Амалы ия болмаса бірдей келсе,

Деп айтты орны болып тұрғай мұның.

 

Бұл сөз бар Мұхаммадия кітабында

Оны да білдірейін айтып мұнда.

Пендеден алты түрлі халайықтар,

Азапта боладүрлер осы күнде.

 

Әуелі тілін алмай ата ананың,

Ренжітсе бұл дүниеде бірін әнің.

Ол пенде шаһид болып өлсе дағы,

Азапта қыладүрлер орындарын.

 

Екінші қайыр шәрі исің келгенде,

Азапта тұрадүрлер осы пенде.

Үшінші зинаменен туған ұғыл,

Ақырда Хақ әмірімен тұрғай әнда.

 

Төртінші періштенің базы бірі,

Азапта тұрадүрлер осы күні.

Бесінші ол мекенде қарар қылар,

Кәпірдің жастай өлген қыз бен ұлы.

 

Алтыншы әһл пазыл онда тұрар,

Алланың әзиз құлы білсең бұлар.

Жәннат пен жаһаннамда тұрғандардың

Барлығын көзбен көріп тахсин қылар.

 

Ақырда Хақ дидарын көрсеткенде,

Шүкірәна сәжде қылар барша пенде.

Арапта тұрушылар сәжде қылып,

Жәннатқа кіргізедүр оларды алла.

 

Ортадан базы уақта пәруаны алар,

Екі халық бір біріне раушанданар.

Жәннат пен жәһаннамның  адамдары

Халына бір бірінің назар салар.

 

Айтады жәннат аһлы әйлап нида,

Дүниеде жүр едіңіз істеп күнә.

Сіздер һәм айтқандарын көрдіңіздер,

Бізге айтқан уәделерін берді құда.

 

Айтады әһлі тозақ көрдік бәллі,

Жалған деп ойлаушы едік біздер оны.

Ақырдың ахуалынан хабар беріп,

Кітапта айтқанының болды бәрі.

 

Арапта мекен етіп тұрушылар,

Ахуалын екеуінің көріп тұрар.

Тозақта азап тартқан пенделерден

Алланың дәргаһынан пана тілер.

 

Араптар әһлы нарға айтар және,

Малыңа мақтанараың бәрің һәмма.

Сол қылған дүниедегі менмендігің,

Жәрдемдік қылмады ма бұл күн сәңә.

 

Һәм және момындардың пақырларын

Өзіңнен төмен біліп жүрдің бәрін.

Жәннатқа кірмейді деп айтардыңыз,

Бұл күні көрдіңіздер орындарын.

 

Тозақта тұрушылар мұны естіп,

Жәннатқа қарағайлар назар етіп.

Момынның пақырлары шарап ішер,

Бұлардың көздеріне күн көрсетіп.

 

Айтады әһлі тозақ қылып нала,

Отырсыз шарап ішіп бәрің һәмма.

Алқымымыз шөлдегеннен қурап тұрар,

Шараптан тұтыңыздар сіздер мәңә.

 

Айтарлар әһлі жәннат осы тиам,

Жәннаттың шарабыдүр бәрі тамам.

Жәннаттың шарабы мен тағамдары

Тозақта тұрушыға болғай харам.

 

Кәпірлер мұсылманның көріп халын,

Әр түрлі жәннаттағы ишараттарын.

Өзінің тозақтағы орнын көріп,

Көңілінде артырлар қайғы ғамын.

 

Айтұрлар қайта бізді бұл дүниеге,

Жіберсе бір мәртебе қайтып және.

Алланың бірлігіне қайыл болып,

Қылардык ғибадаттың бәрін һәмме.

 

Һәм және пайғамбарын барһақ біліп,

Тұрардық айтқанының бәрін қылып.

Өзінің ахуалына өкінерді,

Көңліне осы түрлі қиял кіріп.

 

Олардың бұл қиялы пайда бермес,

Дүниеге сұранғанмен қайтып келмес.

Тозақта ақырғаша бақи қалар,

Бір ләһза қарар алып рахат көрмес.

 

Құранда арап атты бір сүре бар,

Бұл сөздің тәпсірінде нақыл қылар.

Жәннатпен жәһаннамның әһлдері

Жоқ болмас ақырғаша бақи тұрар.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button