Ғалымның хаты

Ортағасырлық Сури қаласының орынын анықтау

Сералханұлы Қайрат, тарихшы, өлкетанушы.

Резюме

Данная статья затрагивает одну из самых запутанных проблем позднесредневековой истории Туркестанского оазиса. Проблема эта связана с отождествлением городища «Сури» с археологическими с памятниками градостроительства, расположенных на восточной и юго-восточной окраинах современного Туркестана. Информации о городище Сури и народе«Сури халқы»  встречаем  в легендах и преданиях о  жизни деятельности Х.А.Ясави, а также на страницах письменных источников ХVІ в., касающихся Бухарского хана Абдуллы ІІ.

 Resume

This article touches upon one of the most intricate problems of late medieval history of Turkestan oasis. This problem is related to the identification of the settlement, «Suri» with building city archaeological sites located on the eastern and south-eastern outshirts of modern Turkestan.

Information about the settlement and Suri people «residents Suri»(Сури халқы) meet in legends and tales about life H.A.Yasaui activities, as well as on the pages of the 16th century concerning Bukhara Abdulla Khan ІІ.

1980 ж. Түркістан өңірінің картасы

 2015 ж. 25 мамыр айынан бастап «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының Археология және ескерткіштерді қорғау бөлімінің қызметкерлері Түркістанға кіре-беріс Шымкент-Түркістан жолының оң жақ бетінен Елутөбе деп аталған обалар қорымына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы сәтті пайдалана отырып аталған төбеден оңтүстік-шығысқа қарай 330 м жатқан бастауын Құшата елді мекенінен алатын Жалпақ сүйір және Қостөбе сүйір деп аталған көне (Х-ХІІ ғғ.) арықтар бойы мен маңайына барлау жұмыстарын жүргіздік. Барлау жұмыстарының негізгі мақсаты тарихта Сури деп аталып өтілген қала орынын анықтау еді. Сури атауы алғаш Қожа Ахмет Ясауи жайлы айтылған аңыздарда кездеседі[1].

Онда Сури халқы өздерінің туысы Қожа әулетімен егін суына таласып абайсызда Қожа Ахмет Ясауидің баласы Ибраһимді өлтіріп қойғаны баяндалады. Сури атауының шығу төркіні бүгінде ғалымдарымызды қызықтырып келеді, әлі күнге дейін шешімін таппаған бұл топонимикалық атауды ежелгі Сирия жеріндегі көне Сури тайпасының атымен байланыстырғанды жөн көрдік.

К.Матвеев пен А.Сазоновтың «Пять жизнеи древней Сури» атты еңбегіне  назар  аударсақ… Следы этого  города мы  нашли на  реке Хабур, впадающей в Евфрат. На карте современной Сирии расположен город Сувар-потомок древнего города Сури, от которого пошла название страны»-деп айтады[2].

Бұл халықпен байланыстырып отыруымыздың өз  мәнісі де бар еді. Қожа Ахмет Ясауи  өзінің жақын  туыстары  Сури халқы  қолынан жалғыз баласы Ибраһим өлтірілген соң арадағы алауыздықтан кейін «Алысымның жақыны Шам халқы (Дамаск), Жақынымның алысы Сүйірлі халқы» деп айтқан екен. Соған қарағанда Қожа Ахмет Ясауи бұл жерде алыстағы Сирия халқын туыс санап, жанындағы Сирия елінен келген бір топ Сури халқын жау санап отыр.

Мұны Н.Оңдасыновта өзінің «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік» еңбегіндегі жер-су аттары (топонимдер) атты екінші қосымша бөлімінде Суриді-Сириялық, Шамдық деп көрсетеді[3, 205 б.].

Ш.Әшімұлының     «Әзиз     Әулиелер»     атты     еңбегіне     сүйенсек, «Жаңақорған кенті орталығынан 30 шақырым жерде Қаратау ішінде Қара Сүйір деген де биік тау атауы бар. Аңыз бойынша Әзірет Әлі келіп осы жерде намаз оқыған және Қара Сүйір деген де қала атауы болған» дейді автор[4]. Қаратаудағы Қара Сүйір жері жайлы кезекті деректі С.Мұрғабаев, М. Бахтыбаев, Б.Нұрханов, Л.Малдыбековалардың «Некоторые результаты исследования на могильнике эпохи бронзы Карасуйир ІІІ» атты мақаласынан да біле аламыз [5, С. 23-29].

Бұдан бөлек ХХ ғ. 20 жылдары Түркістан өңіріндегі 62 мешіттің бірінің атауы Сүйір мешіті деп аталғанында айта кеткен жөн[6].

Біздіңше осы атау (Сүйір) бүгінгі Түркістанның оңтүстік-шығысынан ағып өтетін Сури арығының атымен сәйкестендіруге келетін секілді. Себебі, VІІІ ғ. басында Шауғар аймағы (Түркістан оазисі) билігі мен жер иелігі Сырдың орта ағысына дейін жеткен Түргеш қағанатының (702-756 жж.) құрамына кірді. Осы кезеңде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны арабтар жаулап ала бастайды. Естеріңізге сала кетсек, дін үшін басталған дәл осы шапқыншылықтың әсерінен 633 ж. Сирия мемлекеті Араб халифатының құрамына еніп 661-750 жж. Дамаск астана ретінде ислам діні орталықтарының біріне айналды. Сирия халқы арабтандырылып мұсылман дініне көшкенді[7].

З.Жандарбектің «Насаб-нама» нұсқалары және түркі тарихы» атты еңбегіне сүйенсек: «Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға таралған «Насаб- нама» нұсқалары мен діни аңыздар да Түркістан жеріне «ислам аша келген» Мұхаммад ибн ал-Ханафиййа ұрпақтары Исхақ баб, Абд ар-Рахим баб, Абд ал Жалил бабтардың 774-776 жылдары келгенін ғалымдар айтады[8, 54-124 бб.].

Жоғары да аталған тарихи дерекке негіз салсақ, қалай болғанда да ислам дінінің бізге енуінің қайнар көзі Сирия, яғни Дамасктан (Шамнан) бастау алғанын көреміз. Соған қарағанда Араб әскерлері Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысында қожалар мен қатар Сирия жерінің негізін құраған халық Сури тайпалары да келген секілді.

қаласының орыны бар. Қала ортағасырлық Түркістаннан оңтүстік-шығысқа

қарай 6 шақырым жерде орналасқан, өкінішке орай, әлі күнге археологиялық зерттеу жүргізілген жоқ [13], (1-сурет). Сондықтан, бірінші кезекте аталған қала орынын дәл табу көзделді. Карта және спутниктік бақылау фотоларын салыстыра отырып ескерткіштің орналасқан жерін анықтадық. Бұл жер картада көрсетілген Ақтөбе атты табиғи төбе екені белгілі болды. Осы қыраттың солтүстік етегінен, шығыс бетінен, топырақ алынған кішігірім қоныс орыны табылды. Дәл осы төбе картада Қостөбесури арығының батысқа бұрылып біткен жеріндегі Төрткүлтөбе деп аталған төбе екені даусыз. Бізге дейін бұл маңда бірнеше археологтар тарихи қала орыны мен басқа да ескерткіштерді іздестірген, соның айғағы ХҚТУ-ң ғылыми орталығының қызметкерлері біз анықтап отырған төбені тауып Тасанақ (Ташанақ) атын бергені дер едік.

М.Елеуовтің «Түркістан оазисінен 2004-2005 жылдарда ашылған ортағасырлық елді мекендермен қалалар» атты мақаласында қазіргі Қазақстанның 30-жылдығы ауылынан батыста 2 км жерде орналасқан, төртбұрышты, бұрыштары қатты доғалданып келген, көлемі 28х28 м, биіктігі 2 м қоныс жайлы айтылады. Оның шығыс бөлігінде орналасқан, кейініректе қазылған шұқырдың көлемі 7 х 5 м, тереңдігі 1,3 м болады. Ескерткіш VІ- VІІІ ғғ. қонысы деп жазылған [14,163-170 бб.].

Мұнда тек ғалымдар картадағы Төрткүлтөбе деп берілген атауды байқамай Қотырбұлақтан (Құшата маңынан)ағып келетін Ынтымақ (Қазақстан 30 жылдығы, Төменгі Ташанақ) ауылына қарай тартылған Тасанақ (Ташанақ) арығының (немесе ауыл) атын берген.

Көріп отырғанымыздай бұл төбе өмір сүру жағынан да көлемі жағынан да біз қарастырып отырған ортағасырлық Сури қаласына сәйкес келмейді. Сондықтан археологиялық барлау жұмыстары ары қарай жалғасын тауып сол маңдағы қойшылар қора салып отырған төбе үстін бақылауға алдық. Алайда, мұнда тек әр-әр жерде қойшылардан қалған қыш-ыдыс қалдықтарының ізін ғана байқадық.

Батысқа қарай 4,6 км ағып барып Гауһар ана кесенесінің тұсынан ұсақ арықтарға бөлініп кететін Жалпақсүйір арығы маңайында да зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын, десе де, бұл маңнан да ешнәрсе анықталмады. Сондықтан, осы аталған екі арықтың жоғарғы солтүстігінде орналасқан Шобанақ елді мекенінің маңайында да археологиялық барлау жұмыстарын жүргізуімізге тура келді. Нәтижесінде спутниктік фотоларға қарап Түркістан қаласының шығысынан 6 шақырым жердегі Сури арығының бойынан қорғаны бар, қақпасы шығыстан шығарылған, цитаделі жақсы сақталған төбені анықтадық. Аталған қала қорғанының шығыс қақпасының солтүстік мұнарасы үстінен темірмен қоршалған мазар орыны белгілі болды. Бейітті Көктонды әулиенің шырақшысы марқұм Әзиз Әбсәметов 2000 ж. қоршаған екен. Жергілікті (Шобанақ ауылы) ауыл ақсақалдары бұл моланы  Ғайып ата әулиенікі  дейді. Аңыз бойынша бұл маңда  бағзы  замандарда  бір  аңшы  елінен  шығып  осында  адасып  ғайып болыпты. Десе де, картада көрсетілген бұл жер, бұған дейін біз іздеп жүрген

«Курган Коибота» деген төбе болып шықты (1-сурет, 1,2 фото). Ал, Койбота дегенге келер болсақ, бұл шынында Ясауи заманынан (ХІІ ғ.) келе жатқан әулие болуы әбден мүмкін. Кейін тілдік этимологияға байланысты Қойботамыз Қайбата, Қайыпата, Ғайып атаға айналған деуге негіз бар (Керісінше болуы да мүмкін). Олай дейтін себебіміз, Ш.Әшімұлы жинақтаған аңыздарда ислам дінін насихаттауда Қожа Ахмет Ясауимен замандас өмір сүрген Қазата мен Қайып аталар сонау бір замандарда Қаратау етегіндегі елге келіп тұрақтап қалыпты. Құран сүрелері мен аяттарын, Мұхаммед Пайғамбардың хадистерінің адами болмыс турасындағы асыл өсиеттерін жатқа айтатын екеуі елдің бас иер, пір тұтар әулиесіне айналыпты деседі [15, 232-237 бб.].

Бүгінгі Оранғай ауылының батысында Қазтөбе деген ежелгі қалашық орны, Түркістан өңірінің картасында Қойбота төбесінің оңтүстік-шығысында Найсаб ата деген де арық және сай атауы бар. Ал, бұл есім (Найсап, Найсаб, Найсабата) Құшата әулие аңыздарында кездеседі. Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар атты еңбектегі дерекке сүйенсек, қазіргі таңда осы Құшата ауылында Найсабата дегенде елді мекен (төбе) бар көрінеді [16,122 б.]. Демек, Қожа Ахмет Ясауидің шәкірттері Яссы қаласының маңындағы қалаларда ислам дінінің сопылық бағытын таратуда бір-бір төбе болып қалған.

Қалай десекте, Қойботаның Шығыс қақпасының солтүстік мұнарасына жерленген мүрде қала құлдырап, халқы тастап кеткеннен кейін жерленген.

«1938 ж. осы ауыл (Оранғай, Шобанақ) төңірегінде «халық жауы» деп есептелген бес адам ату жазасына кесілген және қазіргі Қойбота аталған борпылдақ төбеге әкелініп жерленген, олардың біреуі қазіргі сырты темірмен қоршалған (солтүстік мұнара) жерге көмілген. Ғайып ата аталып, әулие тұтып, моласын қоршап жүргеніміздің бір себебі, күні бүгінге дейін аңыз сарыны сақталып қалғанынан болса керек»-дейді, әкесі (1905 туылған) Масайтов Мүтеннің естелігіне сүйенген (1941 туылған) Мүденов Бабаш [17]. Мұндай Ғайып ата атауымен жерленген адамдардың артында шынайы есімдері айтылмай, лақап аты айтылатынын да ескеруіміз қажет. Мәселен, бүгінде Бабайқорған ауылының ортасында Ғайып ата әулиенің жеркепесі бар, аңыз бойынша бабамыз сол кепеге кіріп Ғайып болған екен, содан Ғайып ата аталыпты. Шын мәнінде әулиенің есімі Сунақ руынан шыққан Әмір деген кісі екен [18].

Мысалы, Қойботадан солтүстікке қарай 2 км қашықтықта жатқан Көктонды әулиенің шын есімі имам Марғузи екенін көп адам білмейді[19]. Міне, бұлардың бәрі бір кездері ислам дінін Түркістан оазисінде таратуда үлкен рөл атқарған адамдар екені даусыз.

Археологиялық  зерттеу  барысында  анықталғанындай  ескерткіштің `(Қойбота қалашығы) географиялық координаттары С. 430 19’ 259”, Ш. 0680 21.24’4,’’ т.д.б. 233 м. Төбе үстінен теріп алынған керамика сынықтары ортағасырлық Түркістан қаласы ыдыстарына сәйкес келеді (3-фото). Біздің пайымдауымызша,  осы  уақытқа  дейін  ғалымдарды  толғандырып  жүрген тарихтағы (ХVІ ғ.) Сури қаласы осы болуы мүмкін. Оған дәлел, біріншіден, күні бүгінге дейін археологтар атақты Шойтөбе-Шауғар қаласын зерттеп жүріп сол аталған жердің төңірегіне Сури қаласын іздеп әбден археологиялық барлау жүргізген, алайда, еш нәтиже болмаған. Екіншіден, Әзірет Сұлтан кесенесінде ұзақ жылдар (1950-ші жылдардан) Бас сақтаушы, кейінен 1979-1985 жж.) мұражай директоры болған О.Дастанов ақсақалдың ел аузынан естіген әңгімелерінде келтірілген дерек бойынша – Гауһар ана өлер шағында «Мені інім Ибраһим шайхтың қаны төгілген жерге қойыңдар»,-деп өсиет етіпті [20,2 б.].

Міне, осы дерек ғалымдарымызды ерте ортағасырлық (ХІІғ.) және ортағасырлық қаланы сол Гауһар ана кесенесінің оңтүстік-шығыс маңайынан іздеуге итермелеген секілді.

К.М. Байпақов та өзінің «О локализации средневековых городов Южного Казахстана» атты мақаласында «в списке городов округа Испиджабу ал-Макдиси имеется город Шур, который спустя два с половиной века в маршрутнике Гетума І фигурирует под именем Сури-Саври, как город между Ясы (Осон) и Отраром, а в источниках второй половины ХVІІ в.- как местность и селение в близи Туркестана. Локализация Сури облегчается тем, что до сих пор сохранился аналогичный топоним. Так называется городище Сор-тобе, в 12 км юго-западнее Туркестана»-деп жазады[21,С. 81-93].

Бұл дерек негізін қолдаған тарихшы, археолог М.Қожа да қаланы өзінің «Ахмет Ясауи есімімен байланысты тарихи орындар» атты мақаласында Хафиз Таныштың жазбаларына қарағанда дей отырып Суриді Яссы мен Отырар арасынан іздеу керектігін айтады [22, 96-99].

Алайда, Түркістан өңірінде жүргізілген соңғы археологиялық жұмыстар барысында аталған Сортөбе қала орынын анықтай алмадық. Оның үстіне автор (К.М.Байпақов) өзінің «Археологические исследования в Отраре» деген еңбекке жариялаған (О локолизации средневековых городов Южного Казахстана) мақаласында Сортөбе-Суриді Түркістанның оңтүстік- батысында 12 км жерде деп көрсетсе, ал, «Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан» атты еңбегінде Түркістаннан шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан төбені Сортөбе-Сури қаласы деп тепе- теңдестіреді [23, 81 б.]. Соған қарағанда автор, алғашқы мақаласында оңтүстік-шығыс деудің орнына байқамай оңтүстік-батыс деп жазып жіберген көрінеді. Яғни, Сури қаласын Шойтөбе маңайында болуы мүмкін деп топшалағанға ұқсайды. Ал, екінші еңбегінде ескерткішті 15 шақырым шығыста деп көрсеткен, алайда, 15 км жерді дәлме-дәл есептесек онда Сортөбе-Сури деп жүрген төбе қазіргі Жоғары Ташанақ елді мекенінің маңында болып шығады.

К.О.  Жолдасов,  К.Ч.Медеов    пен  Л.С.  Бейсембаевалар  да  2010  ж.

«Түркістан қаласының тарихи орталығының қорғау аймағына түзету жобасын енгізу» барысында Сури атауын жоғарыда біз айтып өткен Елутөбе орынына апарып қойған. Алайда, бұл жердегі ескерткіштер біз қарастырып отырған    Суриге    сәйкес    келмейді,    обалардың    жанында    орналасқан қалашықтың  өзін  1980  ж.  зерттеген  К.Ақышев  І-ІV  ғғ.  жатқызған,  яғни, исламға дейінгі екенін анықтаған болатын.

Ал, егер, осы қала (Сури) жоғарыдағы дерек бойынша шын мәнінде Түркістанның оңтүстік-шығысында болып, егістік астында қалып, жойылып кетті деген күннің өзінде, ең болмағанда спутниктік көріністен дуал қабырғаларының іздері байқалар еді. Бұған қосымша Қойботаны Сури қаласы деуге тағы бір негіз бар, ол жоғарыда аталып кеткен Қожа Ахмет Ясауидің баласы Ибраһим шайхтың жерленген жерін дәл анықтау болды. 1998 ж. «Әзіреті Түркістан» газетінде қала тұрғыны Ілияс Жолдасұлы дабыл қағып «Иассауидің баласы Ибрагим шайхының қабірі мүлде ескерусіз, жоқ болу қаупінде» деген тақырыпта мақала жариялады. Ол бойынша, Ибрагимнің шейіт болған жерінің қаладағы «Айгөлек» балабақшасының түбінде әзірге дейін белгі орны бар болып шықты. Оны сол жерде тұратын қала тұрғыны, зейнеткер ұстаз С.Әбсаттаровта көрсетіп растап берді.

Екінші дерек бойынша сүйегі жерленген орын да осы айтылған маңға шамалас. Дәлірек айтсақ, І.Жансүгіров көшесіндегі №17 үйдің аумағы. І. Жолдасұлы: «Оның бір дәлелі қабір жанында ертеректе екі бәйтерек ағаш өсіп тұрған. Оның бірі кесіліп кетсе, екіншісінің қазір 70 см түбірі ғана тұр. Егер, ол, жойылса, осы жер Иассауидің баласы Ибрагим-шайхының мазарының орны еді деп дәлелдеудің өзі мүмкін болмай қалмақ. Бұл туралы кезінде маған осы қаланың тұрғындары ұзақ жасап осыдан 3-4 жыл көлемінде өмірден өткен Әліш молда, Нұғман қожа есімді азаматтар аманаттап айтқан еді»-дейді[24]. Бұл деректі қала тұрғыны Оразбай Нажимовта растайды. Осы кісінің айтуынша (Қожа руы) «ертеректе теріге сызылған Түркістан өңірінің картасында (қазір жобасы бар) қазіргі Шобанақтан бастап 3 қорған (төбе) орны болған. 1.Көктонды кесене орны 2. Қойбота-Сури 3. Түркістан қыш зауыт маңында (5 маршрут бағыты жолында) орналасқан»[25, 2 б.]. Соңғысы бұзылып кеткен, сірә, кішігірім қоныс орны болса керек.

Осы және басқа да деректерге сүйенген «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы әкімшілігінің шешімімен археолог Т.Өсеров 2010 ж.  аталған жерге археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, І.Жолдасұлы айтқан ағаш тамыры мен түбірін анықтаған болатын. Осылайша тарихи аңыз дерегі шындыққа жанасқан соң қорық мұражай директорының орынбасары Ә.Манаповтың қолдауымен Ибраһим жантәсілім еткен жерге белгі тасы қойылып қоршалды.

О.Дастанов айтқандай Қожа Ахмет Ясауидің баласы оңтүстік-шығыста емес шығыста-Сури арығының Түркістанға қарай ағатын бөлігінің сағасында қайтыс болған (яғни, Сури қаласына жақын маңда) болып шықты. Бірақ, бұл ХІІ ғ. аңыз желісі болғандықтан тарихи шындыққа көз жеткізу үшін Көктонды ата кесенесі орналасқан қонысқа немесе үстіңгі қабатының керамикасы кейінгі ортағасыр кезеңін көрсеткен Қойбота қалашығына зерттеу  жүргізуіміз  қажет.  Сури  тайпаларының  (ХІІ  ғ.)  қаласы  Шобанақ ауылының маңында болуы керек деуге тағы бір негіз бар, ол бойынша ескі аңызда Көктонды ата қырық есекке діни кітаптар артып, парсы елінен Қожа Ахмет Ясауимен айтысуға келген дейді. Бұл жерде мына жайды ескеруіміз керек, ол кезде бүгінгідей «Иран-парсы елі» деген атау жоқ, соған қарағанда Марғузи да Сури халқының осы жердегі Ясауимен қатар дін тарату жолында айтысып жүрген, бақталасы болған адам. Көктонды (Марғузи) атаның да Шобанақ (Қойбота) ауылы  маңында жерленуінің  өзінде де бір  себеп бар секілді.

Біздіңше, Абдолла ІІ ХVІ ғ. Сури арығының бойына келіп, Түркістан маңындағы кішігірім, қорғанысы мығым, бекінісі дайын қаланы (Қойбота- Сури) басып алған. Себебі, мыңғырған әскерімен сонау алыс жерден жол жүріп келгеннен кейін мұнда, жау әскері жанында қала тұрғызуы екі талай еді. Сондықтан, Абдолланың көздегені негізгі әскери позицияны құруға ыңғайлы, суы мол, жау шапқанда айлап жата беретін, қыста қыстап шығатын жер іздегені анық. Оның бұл қаланы жаулап алуға тырысқандағы тағы бір ниеті, негізінен оңтүстік-шығыстан көрі (Шауғар маңайы) шығыс тұстан (жоғары жақтан) Түркістанды бақылауға алу барынша оңай болды. Яғни, жау әскерін жіті бақылап отыратын  қорғанысы бар қалаға әскерін шоғырландыруы дұрыс тәсіл еді деп ойлаймыз. Тағы бір айта кететін жайт, біздің ойымызша Абдолла ІІ Иқан қаласынан шыққан соң Жоғары Ташанақты-Түркістанмен байланыстыратын Керуен жолына түскен секілді, себебі, (Иқаннан қарағанда) батыстағы Шауғар қаласы ХІІІ ғ. бері қирап, қаңырап бос жатқан. Осы себепті Абдолла ІІ сол кездегі (ХVІ ғ.)Түркістан қаласына бағынышты қаланың бірі Сури-Қойботаны жолшыбай басып алуды көздесе керек. Егер, бұл қаланы (Иқан жолымен) айналып өтіп Түркістанға соққы берген жағдайда Абдолла ІІ өзі жау әскерінің қоршауында қалатыны әбден мүмкін еді деп ойлаймыз.

Хафиз Таныш Бұхари өзінің «Шараф-нама-йи шахи» атты еңбегінде Абдолла ІІ-нің соғысты алыстан болжай білетінін айтады:

«Абдулла хан умело использовал тактические приемы. Одним из них было быстрое отражение нападения противника. Когда хан узнавал о движении крупных сил врагов он посылал таваджиев в подвластные ему области для сбора войска, но, не дожидаясь прибытия войск с имеющимися при себе воинами выступал против неприятеля. В. то время хан был уже прославленным многими победами государем, и одно лишь известие о его выступлении нередко заставляло врагов оступать или отказываться от встречи с ним на поле битвы. Кроме того, хан, как правило, не вступал в бой с противником, не имея технического, численного или иного превосходства , при отсуствии таких преимуществ предпочитал отступать или заключать мир»-дейді [26, С. 12-13].

П.И. Рычковтың «Топография Оренбургский губернии» деген еңбегіне сүйенсек, ХVІІІ ғ. (1762 ж.) Түркістан қаласына қарасты Қарнақ, Иқан, Сауран, Отырар, Ташанақ, Өгізтау, Созақ, қалаларының қашықтығын және қаладағы халық санын айта келе Сури қаласы 8 км қашықтықта орналасқан, халық саны 70 отбасы деп келтіреді[27]. Егерде қазіргі қашықтықпен дәлме дәл есептейтін болсақ, Сури қаласы бүгінгі Шобанақ ауылының (Көктонды кесене) орны болып шығады. Оның үстіне автор, көне топономикалық атау болса да, Шобанақтың атын атамайды. Алайда, автор Түркістанға қарасты қалалардың ара қашықтығын айту барысында қателік жібереді.

Бұл деректі А.И. Добромыслов өзінің Города Сырь-Дарьинской области атты еңбегінде түзеуге тырысқан, онда ол қала қашықтықтарын дәлме дәл көрсетуге тырысып Суриді 6 км жерде деп жазады[28]. Ал, егер бұл қашықтықты Қойбота қалашығымен есептесек онда Сури-Қойбота орыны және жоғарыда имам Б.Мүденов айтқан (Қойботаға жақын маңдағы) Алтынжелеу деген жер екеуі бір болып шығады.

Яғни, Қойбота-Сури қаласы өмір сүруін тоқтатқан соң, қала халқы (Түркістанға) сыртқа шығып Шаға -Түркістан керуен жолына жағалай қоныс тепкен. Бұл кезде Шобанақ елді мекені бос жатқан егістік алқабы болатын. ХХ ғ. 30 жылдары «Алтынжелеу» халқы қазіргі Шобанақ елді мекеніне барып қоныстана бастайды, қазіргі таңда сол маңнан (Алтынжелеу) ескі тұрғын-үйлердің орынын байқауға болады.

Абдолла ІІ ханның мұнда (Қойботаға) келіп тұрақтауына Сури арығынан бөлек Шобанақ (Көктонды ата) елді мекені маңынан Қойбота қаласына кәріз суы да тартылғаны себеп болған сияқты (атты әскерге су көп керек екені белгілі).

Е.Смирнов өзінің «Устройство карызов и расчистка ключей близь г. Туркестана» деген еңбегінде Түркістаннан 8 км жерде Шобанақ ауылының маңында жергілікті (елді мекен) Сури атты кәріздің 1885 ж. аяғына таман 50 құдығы және егін шаруашылығы болғаны ондағы кәріз құдықтарының сол жердегі халықтың көмегімен қайта жөндеуден өткені баяндалған[29, С. 118- 120].

Аталған дерекке назар салсақ, Сури арығының өн бойы түгел Сури жері болмаған, тек Сури халқының отырған жері ғана Сури жері деп аталған секілді. Тарихшы Хафиз Таныштың да алыстан дәлме-дәл Сури жеріне келіп Абдолла ІІ-нің лагерь тікті деп айтуында да бір мән бар сияқты.

Археологиялық барлау жұмыстары барысында аталған кәріз (Сури кәріз) орынын да анықтадық, бұл күндері кәріз орыны тегістеліп, ХХ ғ. Әбсадық деген кісінің су диірмені арығына айналған, астында құдықтар болғандықтан су жүрмей, жерге сіңіп кетіп диірмен істен шыққан. Бүгінде ойлы-қырлы болып жатқан кәріз (диірмен) орны көлік жүретін жолға айналып кеткен.

Мұндай кәріз жүйелерінің бұрын тек (ХVІ ғ.) Васифи айтқан Сауран қаласы төңірегінде барын білетінбіз [30]. Бүгінгі ғаламтор дамыған заманда спутниктік бақылау арқылы мұндай кәріздер жүйелерінің Сауран, Майдантал, Бабайқорған, Қосмезгіл, Қарнақ, Қотырбұлақ  (Құшата маңы), Түркістан, Иқан және Шобанақ елді мекендері маңайында да бар екендігін көріп  отырмыз[31].  Кәріздер  жайлы  жоғарыдағы  Е.Смирновтың  1887  ж. Петербургте   «Сырь-Дарьинская  область»  деген  атаумен  жарық  көрген еңбегінен де толыққанды білуімізге болады.

Қорыта айтсақ, археологиялық барлау барысында анықталған Көктонды ата кесенесі астында жатқан қоныс және Қойбота қаласы, сондай- ақ, осы қалаға тартылған Сури кәріз жүйесі тез арада мемлекет қорғауына алынуы тиіс.

Көктонды ата кесенесінің астында қалып, қазіргі моланың топырағына айналған қалаға және егістік астында қалып бара жатқан Қойбота қаласымен Сури кәріздеріне археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Сонда ғана Сури халқы өмір сүрген қалашық орынын дәл анықтап, Абдолла ІІ ханның да тұрақтаған ортағасырлық қаласын білередік. Ол кезде төл тарихымыздың тамыры тереңдеп, еліміздің еңселі рухы асқақтап, болашақ өскелең ұрпақтың тарихтан алатын тағылымы көбейер еді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 .Тұяқбаев М., Өсеров Т., Мұсабаев Қ. Археология және ескерткіштерді қорғау бөлімінің 2015 жылы атқарған жұмыстарының Есебі [Әзірет Сұлтан мұрағаты]. Түркістан,

  • .Матвеев К., Сазонов А. Пять жизней древней Сури. Москва, [www.//books.imhonet.ru]
  • .Оңдасынов Н. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. Алматы, 250 б.
  • .Әшімұлы Ш. Әзиз әулиелер. Шымкент, 26-27 бб.
  • .Мургабаев С.,   Бахтыбаев   М.,   Нурханов   Б.,   Малдыбекова   Л. Некоторые результаты исследования на могильнике эпохи бронзы Карасуйир ІІІ. // Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының хабарлары. Алматы, 2014.С.23-29

6.Түркістан  өңірінде  орналасқан  мешіттер  картасы  [Әзірет  Сұлтан мұрағаты]

  1. «Уикипедия» ашық энциклопедиясы [www.//kk.wikipedia.org]
  2. Жандарбек З. «Насаб-нама» нұсқалары және түркі тарихы. Алматы, 54-124 бб.

9.Смагулов  Е.  Арабское  нашествие  в  Южный  Казахстан:  данные письменных и археологических источников [Архив музея«Азрет Султан»]

  1. Байпаков К., Азимхан А. Все дороги ведут в Туркестан. Алматы, 2013. С. 123
  • .Хашимов М. Религиозные  и  духовные  памятники  Центральной Азии. Алматы, С.145-146
  • .Байпаков К., Азимхан А. Все дороги ведут в Туркестан. Алматы, С.44
  • .Тұяқбаев М., Өсеров Т., Мұсабаев Қ., Күмісбаева Ұ. Гауһар ана сағанасы маңындағы 2011 ж. мамыр айында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының Есебі [Әзірет Сұлтан мұрағаты]. Түркістан, 2011.
  1. Елеуов М.  Түркістан  оазисінен  2004-2015  жылдары  ашылған ортағасырлық елді мекендер мен қалалар.// Тұран-Түркістан: тарихи-мәдени сабақтастық  мәселелері  Ежелгі  дәуір  және  ортағасырлар.Түркістан,  2006. 163-170 бб.
  • Әшімұлы Ш. Қазата мен Қайып ата. // Әзиз әулиелер. Шымкент, 232-237 бб.
  • Қорғанбеков Б. Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар. Алматы, 122 б.
  • Автордың жеке қоры
  • Тұяқбаев М., Мұсабаев Қ., Өсеров Т., Таджибаев Н., Әбсадық Ж., Кәрім А., Назаров Н., Ақаев Б. Түркістан жазирасының Сидақ микрооазисінде жүргізілген 2014 жылғы археологиялық барлау жұмыстарының Есебі. Түркістан,
  • Имам Марқозы мешіті [Әзірет Сұлтан мұрағаты]
  • Тұяқбаев М., Өсеров Т., Мұсабаев Қ., Күмісбаева Ұ. Гауһар ана сағанасы маңындағы 2011 ж. мамыр айында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының Есебі [Әзірет Сұлтан мұрағаты]. Түркістан,
  • Байпаков К.М. О локализации средневековых городов Южного Казахстана.// Археологические исследования в Отраре. Алматы, С.81-93
  • Қожа М. Ахмет Ясауи есімімен байланысты тарихи орындар // Қожа Ахмет Ясауи мұралары мен ілімінің зерттелу мәселелері.Түркістан, 96- 99 бб.
  • Байпақов К. Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, 81 б.
  • Жолдасұлы І.Иассауидің баласы! Ибрагим шайхының қабірі мүлде ескерусіз жоқ болу қаупінде. «Әзіреті Түркістан» газеті, 2 бет.
  • Нажимов О. Жеке қоры
  • Хафиз Таныш Бухари. Шараф-нама-ий шахи. Москва, Часть 2. С. 12-13
  • Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. Оренбург. [starieknigi.info].
  • Добромыслов А.И. Города Сыр-Дарьинской области. Ташкент, С. 14.
  • Смирнов Е. «Устройство карызов и расчистка ключей близь г. Туркестана». // Сырь-Дарьинская область. Петербург, Стр. 118-120
  • Байпақов К. М., Смағұлов Е.А. Ортағасырлық Сауран шаһары. Алматы, 20-26 бб.
  • Тұяқбаев М., Мұсабаев Қ., Өсеров Т., Таджибаев Н., Әбсадық Ж., Кәрім А., Назаров Н., Ақаев Б. Түркістан жазирасының Сидақ микрооазисінде жүргізілген 2014 жылғы археологиялық барлау жұмыстарының Есебі [«Әзірет Сұлтан» мұражай мұрағаты]. Түркістан,

«1920-1950 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН»атты республикалық
ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағынан алынды

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button