Басқы бет / Ғалымның хаты / Шайх Хованд Тахурдың ғылыми мұрасы

Шайх Хованд Тахурдың ғылыми мұрасы

ХІІІ ғасырда өмір сүрген Шайх Хованд Тахур  рисала және өлеңдер жазған. Бұл жайында Али Сафий «Рашахат»та Хожа Ахрор Уәли тілінен хабар береді. Оның жазуынша, Қожа Ахрор Уәли былай деген екен: «Шайх Хованд Тахурдың сопылар жайында рисалалары бар. Рисаласының бірінде «Таухид» жайында баян қылады». Демек, Шайх Хованд Тахур бір емес бір неше  рисаланың  егесі болған. Қожа Ахрор Уәли Шайх Ховандтың тасаввуф жайында көптеген пікірлерін баян қылған болса да, Али Сафий олардың біразын жазып алған екен. Сондай бір жайдың шариғатта және тарихатта қалай түсіндірлетінін баян қылып:  «Таухид сөзі шариғатта Алланы жеке және жалғыз деп түсіну болса,-деп жазған екен Шайх Хованд Тахур,-тарихатта болса, ділді Құдайдан өзге нәрселерден таза ұстау».

Шариғат және тарихат мәселелері жайындағы рисала

Әжептеуір қалыңдығы бар бұл еңбекке жазушының өзі ат қоймаған және оның басымен ақырына өз есімін жазбаған. Рисаланың кімге тиесілі екенін, ондағы ғазалдардан біліп алуға болады. Шайх Хованд рисаладағы әр бір ғазалға өзінің Тахурий намын қойып отырған. Рисала Расулуллохтың шариғатқа байланысты бір хадисін түсіндіруден басталғаны үшін біз оған шартты түрде жоғарыдағы атты қойдық. ӨР Ға ШИ-дағы барлық картатекаларда Шайх Хавондның барлық еңбектері  «Рисалайи Тахурий» намы мен атала береді.

Мақтау мен санадан соң, рисала Расулуллохтың: «ақыр заманда сондай бір адамдар пайда болады, суреті (көрінісі) адамға, әрекеті, іші бөрілерге ұқсайды…» хадисі мен басталады. Шайх Хавонд Тахур бұл хадисті бір неше параққа жайып түсіндіреді:  «Бұл сөздерді түсіндірумен қайталаудағы мақсат сол, сен өзіңді танып ал, кімсің мунафықсың (діннен безген) ба? Болмаса мувофық мойындаушысың ба? Расулдың салған жолымен жүрушімісің, болмаса шайтанның әскерімісің? Жаның Алланың разылығын қалайма, болмаса екіжүзділік пен әуесті қалайма? Діл шақалағы шайтанның  сүтін іше ме, болмаса, Рахман шарбатын тата ма?  Сен өз кеселіңнің сыртын ізде, белгі және себебтерін біл!» Бұл сөздердегі мағына – адам ең алдымен өзін білуі, не үшін жаратылғаны, Хақ жолынан аздыратын нәрселерден  қашуы керек. Бұл шариғат пен тарихат бірдей талап ететін, күрделі мәселенің бірі болып есептелінеді.

Шайх Хованд  осы мәселені тереңірек түсіндіруге  кіріседі.Оның жазуынша, төрт түрлі кесел бар, оларды тәуіптер дауалай алмайды. Олар истисқо (су самыр, қант) кеселі, екінші  диққ, сіл (жүйке) кеселі, үшінші, Жузом  (мақау)  және диуаналық (жынды). Ғалым айтылған кеселдерді тәуіптік көз қараста емес, бәлкім шариат және тарихат көз қарсынан түсіндіруге кіріседі. Оның жазуынша истисқо, сусамыр – бұл дүние малына шектен тыс көңіл қоюы. Сусамыр болған адам қаншалықты су ішпесін бәрі бір тоймайды. Дүние құмарлықта сондай, – деп жазады ол, екеуінің де ақыры өлім. Демек, табиғи мағынада сусамыр кеселін дауалау қанша қиын болғанындай, мал – дүниеге ышқы кеткен жанды да қайтару қиынға соғады. Оны тек илохий (Алла жолындағы) шипахана  тәуіптері, яғни ілім қаумы және тарихат сопылық жолдағылар дауалай алуы мүмкін.

Ғалым Диққ жайына тоқталып, оның екі мағынасы бар: «Тәуіптер сил кеселіне жолыққандар безгек секілді, дамылсыз селкілдеп, қалтырап  тұрады, – дейді. Нәтижеде өте азғын болып, рухани кеселге ұшырайды.  Бұл кеселдің мағынасы сол, – деп жазады Шайх Ховнад – пенде дүние парас және бір бет қайсар, қыңыр болмауы керек. Көрінгенге режи бермеуі, қолында жоқ дүниеден үміт қылмауы, өзін халықтың құрметіне лайық деп асқақтамауы керек». Ғалым бұл көріністе өлімге алып келеді, – дейді. Шайх Хованд  бұл қауымның адамдарына: «Ей, міскін, байғұстық қаліне түспегін, бұл ең ауыр жағдай, әр деміңде ғибрат, көзіңді аш, бар назарыңды әуелгі жаратылысың  және соңғы барар жеріңе сал, сонда пенделік кемеліңді қолдан бермегейсің!»

Мақау кеселін түсіндіруге кіріскен ғалым, бұл жайды түзеу өте ауыр  болғанындай, кімде-кімнің  жаны жаман әдетке душар болса, мақау кеселі секілді, оны дауалау ауыр болады. Жаны мен рухы түзелмес кеселге ұшыраған мұндай жанды бір көрген жан енді қайтып көргісі келмей қалады. Соңғы диуаналықты түсіндіреді: «Диуаналық деген сол – деп жазады ғалым, – оны дию (жын) жолдан аздырады, елсіз жер мен қираған жайларды кезіп жүріп  опат болады». Ғалымның жазуынша, ешбір бенде қырсық, бақылдық, кек, кіна, зұлымдық секілді жаман әдеттерден таза болмайды және бұл әдеттер бендені жолдан азғыру үшін шайтанға қызмет етеді. Шайтан оны осы әдеттерімен диуанаға айналдырады. Демек, пенде мұндай жаман әдеттерден пәк болмағы керек. Бұл жол шариғат, тариқат және пайғамбар жолы  сүннатты  қатты ұстаумен амалға асып, пайдалы болады. Шайх Хованд мұндай әдеттердің  негізгі себептерін көрсету үшін, Расулуллох хадистерін дәлел ретінде келтіреді. Хадистің аудармасы мына төмендегідей: «Ақыр заманда сондай бір қауымдар пайда болады, олар бес нәрсені дос тұтады және бес нәрсені ұмытады. Дүниені дос тұтады, бірақ, ахыретті ұмытады. Сарайларды хош көреді, бірақ, қабірді ұмытады. Байлықты жақсы көреді, бірақ ахыреттегі есеп-қысабын ұмытады. Халықты дос тұтуды, бірақ Холик, жаратушыны ұмытады. Бұл хадистен көрініп тұрғаны, пенде бір нәрсеге беріліп, екіншісін ұмытпауы, естен шығармауы керек. Юнан және Ислам  пәлсапасында әлемнің жаратылыс негізінде төрт унсур – су, ауа, от және топырақ жатады. Сондай-ақ, адамзат болмысында да осындай унсурлар (негіз) бар екені айтылады. Шайх Хованд Тахур осыған ишара қылып, айтылған негіздердің әр бірі жақсы және жаман сипаттарға еге екенін айтады. Жақсы сипаттардан ізгілік және жаман сипаттардан жамандық  көрініс беретінін айтады. «От  негізінде пісіруші, бірақ ол күйдіруші де. Ауа  негізінде қалыпқа келтіруші, бірақ ол құрғатушы да. Судан негізінде  тіршілік пайда болады, бірақ ол ұзақ тұрып қалса, бұзықтық  пайда болады. Топырақтан пенде денесі пайда болса да, бірақ ол қараңғылық және зұлматқа ие унсур».

Ғалымның жазуынша, егер адамның жан дүниесі жақсы сипаттарға бейім болса, берекелі және көркем құлықтар пайда болады. Хақты – Хақ, батылды—батыл түрінде көреді. Егер кісінің жан дүниесі жаман сипаттарға бейім болса, жақсылықтың орнына  жамандықтарды көреді. Оның көңілінде жандырушы, шағып алушы, жыртып тастаушы пейілдер пайда болады. Оның табиғатына жыртқыштық, зұлмат және өктемдік үкім жүргізе бастайды. Бұл пейілдер күшейіп кетсе, адамдық айнасын шаң басып, қарайтады және рух қуаты күшейеді. Нәтижеде, пенде барлық жаман әдеттерге душар болады. Рисалада Шайх Хованд Тахурдің бір неше ғазалдары келтірілген. Бұл ғазалдарды ғалым өзінің пікірлерін қуаттау мақсатында келтіреді. Жоғарыда баян етілген пікірлерден соң, ғалымның төмендегі ғазалы бар. Оның әсілін келтіреміз:

Кім бұл дүниеде қанағатты ықтияр етсе,

Құдай жолында кедергі көрмес,

Егер кісі сауабтан жырақ кетсе,

Қате басудан басқаны білмес.

Шайтанның шарбағына тұқым сеуіп,

Анбие бау шарбағын тастап кетер.

Көңілі мен дұшпанның жолын тұтса,

Қолынан әулиеге зұлым жетер.

Алланың жазасынан көңіл бұрып,

Пендеге жақпас, арам істер қылар.

Бес күндік абройды табу үшін,

Әлемді зұлмат, көрге атып жығар.

Көңілі Хақ жолынан  теріс жүріп,

Әзіздерге аямай күйе жағар.

Ей, Тахурий,бұл жалған дүниеде,

Оның, тек Алланың топырағы бол,

Сол ғана жалғыз саған опа қылар.  Шайх Хованд Тахур бұл ғазалында қанағатсыз және жақсы тәрбие көрмеген кісілерді аяусыз сынағаны көрініп тұр. Бұл қауымның адамы үшін еш қандай қасиетті нәрсе жоқ. Ол сауаб істерді жасай алмайды. Анбие (пайғамбар)  және Әулиелерге тас атады, әзіз кісілерге зұлымдық қылады. Шайх Хованд өзіне өзі топырақ болуды, яғни, дүниеде кемтар болуды және кемтар кісілерге Алланың жақсылығы бар екенін  тастықтайды. Міне осы жерде Исламның адамзат мәртебесі үшін келгеніне куа боламыз. Шайх Хованд Тахур баба мен арамыз алты жүз елу жылдай болғаны мен, осы ұлық заттың дәуірінде өткенге күйе жағып,  Әулилердің гүлзарына топырақ шашу болған.

Шайтанның шарбағына тұқым сеуіп,

Анбие бау шарбағын тастап кетер.

Көңілі мен дұшпанының жолын тұтса,

Қолынан әулиеге зұлым жетер – яғни шайтанның айтқаны мен жүрсе, әзәзілдің қолжаулығы болып, шайтанның шарбағын көгертуге күш салады. Бір көңілге екі мақсат сыймайды, Анбие (пайғамбар) мен болсаң шайтаннан ажырайсың, шайтанмен болсаң Анбиеден ажырайсың. Ал, әулиеге тас атқаның Анбиеге тас атқаның. Себебі Анбиеден Әулиеге мирас болып тек қана Алланың ілімі Ислам қағидалары қалған.Әуиенің мақсаты тек қана Алланың ілімін Халайыққа жеткізіп, бенде мен Илохий құдрет арасын жалғау. Анбиеден мал-дүние мирас алмаған Әулие өз кезегінде артына халыққа деген ықыласы мен ізгі амалынан артық ештеңе қалдырған жоқ. Бүгінгі күнгі біздің Әулиеге шабуылымыз, қарсылығымыз өзімізге қарсылық. Яғни, ілгері өткендердің барлығы біз үшін бедел емес, анығырақ етіп айтар болсақ, Жалпы Түркі дүниесінде Ислам жолында бейнет кешкен, халықтың тілеуін тілеген, тілегі қабыл болған ешкім жоқ деп безірейіп отырмыз. Бұл жағдай бізден бұрындары да болған екен, демек аз күндік науқан деп білмек керек.Ол басқа бір ғазалында дүниеге берілген және өз дәулетіне мас кісілерді сынап, көңәлі сынық, жақсы бейілді болуды насихаттайды.

Ышқыда өзін топырақ тұтқан судай таза,

Басқалары жазылмайтын дертке душар.

Демек, ғалымның пікірінше, Аллаға махаббат қойған және кемтарлықты өзіне лайық деп білген кісілер су  секілді, тазалаушы қасиетке ие. Мақтанға берілгендер, тұрақсыз, олар адамды алдайды. Өзін сыртқы көріністе жақсы көрсеткенімен, кішіпейілдікті жиыстырып қойған кісілерлердің жан дүниесі ойран болған:

Сыртын көрсең көркем-ақ,

Іші ойран, діл қарап.

Ғалым бұл ғазалында көбірек тасаввуф қаумына қарап сөз айтады. Оның айтуынша, бағзы бір алымдар мен орифтер,  жоғарыда айтылғандай,  сыртқы әлемге көркем көрініс береді,    жақсы сөздер айтып,жұртты адастырады:

Ажал келіп Замананың бұндай алым, орифтері, мақтанға мас,  Алла алдында ғарып-тегі, – дей келіп,

Дін ұстанған мыстан жүзі, топырақ перде тасасында.

Дерде күйсе, мәлім болар не бұйырар жазасына.

Демек, өзін дінбасы деп есептеген, негізінде дінге залал жеткізіп жүрген діндарлардың көзін мақтан, менмендік топырағы мен тұтылған перде жауып тұр. Өлім сәті келіп, ажал оты пердені күйдіргенен соң, дүниеде не тындырғаны мәлім болады. Шайх Хованд, өзін алым, ориф, дін жолбасшысы санайтын,  негізінде ниеті бұзық мұндай кісілерді одан әрі әшкере етіп:

Қазынаға түскен мұндай алымдар,

Топырақтың тұтқынына алынар.

Демек, дүниеде сауаб істерді орындау орнына мал мен дүние жиған, әсемдікке бой алдырған кісілер, соңында топырақ астында қалады және өзінің қылмысына жауап береді.

Міне олар қайран қалып,

Жаханнамда қалар жанып.

Шығарманың кейінгі бөлімдерінде шариғат, уахий және рисалат (пайғамбарлық) деген не  деген сауалға жауаш баян етіледі. Шариғат деген, бұл, үкімдер жинағы. Уахий деген Құдайдың сөздерін Жәбрейіл әлеәкіс салам арқылы баян ету. Бұл сөздерді халыққа жеткізу, рисалат және дағуат деп аталады. Бұл үкімдерге құлақ саушы және расулға мойынсұнушы уммат (үмбет) деп аталады. Бұйырылған және қайтарылған нәрселер, усул және фуруғ – буларды миллат дейді. Миллат  заңдарының баяны мен бенделік қағидалары шариғат  делінеді. Бұл жолда жүріс және оған амал ету  тағадат делінеді. Бұл тағадаттардың жалпы атауы Ислам делінеді. Шайх Хованд  Тахур содан соң шариғат және тарихаттың баянына өтеді. Оның шариғат және тарихатты  қабаттастырып  дәріптеуінде бір хикмет бар. Бағзы бір алымдар шарихат пен тарихатты бір-бірлеріне қарсы дейді, және екі арада келіспеушілік шығуына себеп болады.  «Шариғат деп жазады ол, таухид, тахарат,  намаз, ораза, зекет, хаж және жихад баяны, яғни діни мәмілелер, ақырет қысабы, лика, риза, сәлем мен калам жолының баяны. Пайғамбар деген осы жолды көрсетуші және ұстап тұрушы. Кең жолды шариғ деп атайды. Демек, шариғат кең жол және кең жолдан әр түрлі тар жолдардың шығуы заңдылық. Ғалым тарихатты баяндай келіп: Тарихат шариғаттан бастау алатын, шариғат үкімдерін  терең үйрену үшін, яғни, ғылыми талдаулар жасау. Талдау жолдарында Ислам қағидаларын, Құран кәрім, хадис шариф, Ғалымдардың  ізденісінен туған жаңалықтар, ең күрделісі, ақылға толық жауап беретін, Исламды тұтыну жолдары. Демек, тарихат шариғаттан бөлек емес. Керісінше шариғат үкімдерін тереңдеп түсіну – деп жазады.  Шайх Хованд тың жазуынша, тарихаттың мақсаты мен нәтижесі шариғат мәселелерін терең үйреніп, дін талаптарының негізін аңлау. Бендеге тиесілі ибадаттардың  сырын ашу, Алла разы болатын әдептерді бағындыру, ниетті тазалау. Періштелік сипаттарға ие болу және екіжүзділік, біреуді қапа ету, дөрекілік, дұшпандық, кекшілдік, шектен тыс әуесқойлық, көкіректік, мен-мендік секілді және осыған ұқсас жағымсыз әдеттерден өзін азат қылу. Намазды шын көңілмен оқу, қырағат – яғни, құран оқуды садоқатпен тауысу, тахаратқа қатты зеиін қойу  секілді  жақсы әдеттерді меңгеру. Яғни, дене патшасы деп қабылданған ділді барлы жаман әдеттерден тазалау. Ғалымның жазуынша, кісінің тысқы жағына қатысты барлық нәрселерді тазалау және пәк ету шариғат деп есептелінеді. Ботин ішкі әлемді тазалау тарихат деп айтылады. Шайх Хованд бұдан кейін, шариғатқа не тиесілі, тарихатқа не тиесілі екенін бір-бірлеп баяндап өтеді.  Мәселен, киім мен денені намазға лайық ету шариғаттан, ділді қарайтатын нәрселерден қашу тарихаттан. Намазда  жүзді қыблаға қарату шариғаттан, ділді әр сәтте Аллаға қарату және барлық уақытта қыблаға қарап отыру тарихаттан. «Қысқасы сол – деп жазады ғалым, – сезімге білінетін және көрінетін әрбір нәрсені қадағалау шариғаттан болып, перде ішінде болатын әр бір нәрсенің әсілі тариқатта болады».  Ғалым  тарихат қаумының әдептерін баяндауға өтіп, жазады: «Тарихат ұлықтарында әзіздік пен қайрат, ішкі сезім қуаты күшті болады. Мубах (шарихат рухсат берген, бірақ парыз демеген) істерден өзін тыяды. Шариғат адал санаған істерге де беріліп кетпейді».  Ғалым тарихат және тарихат қауымының ұстанымдары қақында Құран аяттары және хадистермен өз пікірін баяндап болып, мынадай тоқтамға келеді: «Шариат сар-и тариқатаст ва тариқат сар-и шариатаст», яғни, шариат тариқаттың басы және тариқат шариаттың басы. Демек, шариатты тариқаттан, тариқатты шариаттан  ажырату мүмкін емес. Біз бұларды  бұл жерде тәптәштеп жазуымыздың себебі, Нақшбандия тариқаты қауымы мен сол дәуірдегі ұламалар  арасында тартысулар көп болған. Ал Құл қожа Ахмед Иассауйи:

«Шариғатсыз тариқатқа кіргендердің, Шайтан келіп иманыны алар ермуш» деп, бұл араға нақты бағасын беріп жуан етіп астын сызып қойған еді. Сол себептен  Бахоуддин Нақшбанди мен Бухоро  медресесі тәләбалары арасындағы тартысулар Мұхаммад Бокирдің  «Мақомоти Хожа Бахоуддин Нақшбанд» атты кітабында келтіріліп, Бахоуддин Нақшбанд бұл тартыста тариқат қауымының шариат жолынан тыс еместігін дәлелдеп береді. Қазіргі уақытта да, кейбір ағымдар, мәселен, шофиғий мазхабының кейбір жақтастары, ваххабилар, хизб ут-тахрир жақтастарын тариқатты мойындамайды және олар шариатқа қарсы деп ойлайды. Шайх Хованд Тахур ол заманында басқаша сөйлей алмас еді, себебі өз заманында Түркістан аймағына  үкімін жүргізіп турған Иассауия тариқатынан қанып ішкен ғалым өзі суын ішкен құдыққа түкіре алмас еді. Ал, Иассуия Исламның Түркістандағы ең алғашқы, жүйелі  түрде жолға қойылған тариқаты.

«Мағрифаттың мінберіне мінбегенше,

шариғаттың істерін білсе болмас.

Шариғаттың істерін ада қылмай,

тариқатқа кірсе болмас.

Тариқатта күллі әдеп білмегенше,

Хақиқатқа жетсе болмас, – деп әр сатыны өз орнына қойған Ұлы түркі халқының Шайых ул-Машайхы Құл Қожа Ахмед Иассауидің салған жолының айдай жарқырап тұрған заманында, сол тарихат жол басыларынан сабақ алып жолға түскен, ғалым бабамыз Шайх Хованд Тахурдың жоғарыдағы біз келтірген касидаларында Ұлы Шайх Құл Қожа Ахмед Иассуиидің хикметтерінің исі аңқып тұрған жоқ па?

Рисаланың соңғы қысымы Хақиқат  мәселелерін баяндауға бағытталған. Бұл бөлім  «Дар хақиқат сухан бисер аст» (хақиқат жайында сөздер көп) деп басталады. Ғалым хақиқат мәселелерін баян ету үшін Құран аяттары, хадис шарифтен тысқары, Хазреті Алидің ондап хикметтерін пайдаланған. Ғалымның пікірінше, хақиқат сырларын білу қиын, бірақ, шариат ұламалары, білімді кісілер мен әулиелер өздерінің күш-қуатына жараса, бұл жайында сөз айтқан. Рисаланың соңында Ғалым қалбты адамдыққа жат әдептер мен мінездерден  тазалау керек екенін дәлелдейді. Бұл үшін ризаят шекпек қажет. Бұның дәлеліне төмендегі өлеңді келтіреді:

Ризаят суы мен жуа білсең көңілді,

ілгерілер сапына жеткізесің өзіңді.

Байқа бул жол тым таза бенделердің несібі,

Сен дүние қулысың,тимесе екен кесірі.

Ғалым қалбты (ішкі жан дүние) тазалаудың жолын өлімді естен шығармауда  деп біледі. «Әр кім өлімді естен шығарса, – деп жазады ол, – көңлі нені қаласа да қайтармайды». Қысқартып айтқанда: Шайх Хованд Тахурдың бұл рисаласында пенденің пәктенуімен кемелге жетуі үшін қажетті болған барлық амалдар  назарға алынған. Ғалым, айрықша тариқат пен шариат арақатынасын  ашып беріп, бұл салада үлкен бір қызметті амалға асырған.

ОН ШАРТ ЖАЙЫНДАҒЫ РИСАЛА

Шайх Хованд Тахурдың қаламына тиесілі бұл рисалаға да ғалымның өзі ат қоймаған. Онда шартты Хамд мен сана да жоқ. Рисала «Бидон, ей, раванди рохи худо» (Білгін, ей, худо жолында жүрүші) сөзі мен басталады. Онда тариқат жолындағы солиқтың (тариқат жолындағы пенде) амал етуі қажет  болған он қағида, болмаса шарт  баян етілгені үшін, біз оны жоғарыдағы  шартты атау мен атадық. Риаланың көлемі тым аз, бары жоғы екі парақ қана болса да, онда ең қажетті мәселелер топталғаны мен көңілді аударады.  Бұл рисала тіпті тариқат жолындағы мүридке қолданба сыпатында жазылған.

– Бірінші шартта жазуынша, әр бір солиқ өзіне жеткен жақсылық, болмаса жамандық дәреже болмаса залал, барлығы Алладан екенін мойындауы, басына түскен рахмет пен қайғы біреуден емес, өзінен болды, заман  істері үшін біреуге  ренжімеуін баян қылған.

– Екінші шарты: «Мардони Худо», яғни, шайхтар мен уәлилерді дос тұту, тіпті өзінен де оларды қаттырақ жақсы көру керек.  Себебі, олардың жол –жорығынсыз ешкім ешқашан туры жолды таба алмаған және Аллаға жете алмаған. Уәли заттардың дұшпаны—Құдайдың дұшпаны, олардың достары құдайдың достары.

– Үшінші  шарт – қолдан келгенше халыққа жақсылық ету және ешкімге  азар бермеу.

– Төртінші шарт – Құдай тағаладан келген әр бір нәрсеге, мейлі ол жақсылық болсын, мейлі ол қаһар болсын, разы болу.

– Бесінші шарт – Алла жаратқан қандай мақлұқ болсын, өзін одан кем санау.

– Алтыншы шарт – өзін ешбір кімнен жоғары, билеуші деп білмесін  және оның қолында не болса, Алладан деп білсін.

– Жетінші шартта баян етуінше, мүмкіндігі барынша, діл қаумымен яғни,  ішкі жан дүние ғалымдарымен, руханиятпен айналысқан кісілермен бірге отыру. Мал, дәулет іздеген аш көз кісілерден аулақ жүру, олармен бірге жүруден, кісіге мал, дәулетке ұмтылу пайда   болады.

– Сегізінші шартта – еш уақытта, әр қандай жағдайда болса да өтірік айтпауға талап қойылады.

– Тоғызыншы шартта –  жазылуынша,  – Құдай тағаланы әр сәтте әзір деп білу, дүниедегі әрбір зәредей өзгеріс Алладан бөтен бір бұйрықтан еместігі  және ешбір барлық Алласыз пайда болмайтынын білмек керек.

– Оныншы шартта баян қылуынша, солиқ үшін барлық нәрсенің  әсілі  және негізі, кәміл пір болады. Пір муридтың ахуалынан дайым  хабардар болып, біліп тұрушы. Мурид қай жерде болса, пір де сол жерде, рухани бірге екенін білмегі керек. Шайх Хованд өз пікірін тастықтау үшін төмендегі  байтты (өлеңді) келтіреді.

Пірдің қолы ғайыптардан қысқа емес,

Пірдің қолы Алла үкімінсіз нұсқа емес.

Рисаладан біздің ұққанымыз, бұл жолға түскен кісі, оған амал қылған әр бір адам, тыянақты әдеп-құлыққа еге болуы керек. Рисаладағы талабтар шын мәніндегі пенде болуға шақырады. Демек, Шайх Хованд Тахур бұл талаптарға алдымен өзі амал қылып, соңынан шәкірттеріне осы жайлады орындауды тапсырған.

 

ИСЛАМ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖАЙЫНДАҒЫ РИСАЛА

Шайх Хованд Тахурдың  көлемді еңбегінің және бірі  Ислам қағидалары жайындағы рисала. Рисалада осы жайды көбірек қозғағаны үшін біз бұл еңбекке осылай ат қойдық.

Ғалым шартты  саналардан соң, пенде және оның мәртебесі жайында  сөз айтады. Оның айтуынша, бенделік гауһары шайтани іс үшін жаратылмаған. Рухани қасиеттерде шайтандық мақсаттар үшін жаратылған емес. Адамдық болмыс барлық Илохий сырлардың  қаласы болғандықтан, ол қаланы дүниелік, қияли тәшпіштерден сақтау керек. Ол адамзатты көкке көтеріп: «Адам табиғаты тым нәзік, өмір деген  гауһар, ол ешкімге екі рет берілмейді, сенің қалауыңсыз қолдан кетеді. Оны әзіз және өлшеусіз байлық деп білгін, ол тез арада жолға шығатын жолаушы секілді» – дейді. Ғалымның бұл пікірі қаншалықты хикметке бай, ойланып көр! Демек, пенде Алла жаратқан биік бір барлық болып, ол тек жоғары мәртебеге жетуге ұмтылуы керек, өмірді босқа өткізбеуге, оны әзіз деп қадірлеуі, ізгі істерге жұмсауы шарт, ол екі рет берілмейді.

Шайх Хованд Тахур  бұл рисаланы не үшін жазғанын былай баян етеді:  Бір  күні бұл пақыр «Масойили райхониййа» атты кітапты қолыма алып қарап отыр едім, ғайыптан бір адам келіп қолымдағы қаламды алып, бетіме тұра қарап тұрып, «Мұсылманшылық жайында сөз жаз», – деді. Бұл жерде, Шайх Хованд Тахур тассаввуф туралы сөз жазбақшы болған, бірақ оның ұстазы мұсылманшылық жайында  еңбек жазуды бұйырғаны көрініп тұр.  Ғалым: «Мағыналар мүлкінің сұлтаны (Расулуллох с. а. у.) мұсылмандық  жолының  жайларын мына тәртіпте жасады» -деп, Расулуллохтан  жеткен мына хадисті келтіреді. Оның мағынасы төмендегідей: «Ислам бес нәрсенің негізінде құрылған; ла илаха иллаллох Мұхаммад ур-Рсаулуллох, намазды орындау, зекетті беру, рамазан айының оразасын тұту, жолына қуаты жетсе, қажыға бару». Ғалым өз пікірін негіздеу үшін көптеген байттар, рубайлар және китьаларды пайдаланған. Олардың көпшілігі ғалымның қаламына тиесілі. Ол сөзді әуелі таухид калимасынан  яғни,  «ла илаха иллаллох»ты түсіндіруден бастайды. Өткен заманнан мәлім, жетік алымдар таухид калимасы жайында көптеген еңбектер жазған. Шайх Хованд  таухидты өз біліміне сүйене отырып түсіндіреді. Ол таухидты тасаввуф және  шариаттық мағыналарын түсіндіреді. Ғалымның жазуынша, таухидтың тасаввуфтік мағнасы ләпсіні Алла ибадаттары үшін барлық  көңілді алаңдатарлық нәрселерден жекелеу  және көңілді бенделік үшін барлық пікірден ажыраған қалде көру.  Шайхтың таухид жайында жазғандарының біразын Али Сафий  «Рашахат» кітабында келтірген. Ғалымның жазуынша,  «Алла вахид (жалғыз, жеке) жекені жекелеу деген болмайды. Ол таухидтың шариаттағы мағнасын былай түсіндіреді: «Бірақ шариаттың жолы сол, таухид Алла, оны өзге құбылыстардан жеке  деп білу және оны барлық нұқсандардан азат деп түсіну». Ғалым, әлбетте, өз пікірлерін қуаттау үшін бір қатар аяттарды келтіреді. Бұдан тысқары бұрын өткен ғалымдардың араб тіліндегі пікірлерін дәлел қылады. Олардың арасында Яхе ибн Муғаз, Юсуф ал-Хусайний, ал-Воситий, Жунайд Бағдадий, Абдуллах ал-Хафиф, Абдуррахман ал-Мисрий, Абул Мансур секілді көптеген алымдарды көреміз.

Ғалым таухид  жайында кеңірек баян етіп, иман жайында пікір қозғап, жоғарыда аты аталған  алымдардың пікірлерінен кең пайдаланады. Ғалым бұл жердегі пікірлерін Расулуллохтың  иман  жайындағы сөздерімен тамамдайды:  «Расулуллох (с.а.у.) айтты: иман  Аллаға, Періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына ақырет күніне, жақсылық пен жамандықтың Алладан екеніне сену». Айдан анық  нәрсе – таухидты жақсы білу мен оған амал ету, діннің  пәктігін сақтау мен жолдан адасып кетпеудің кепілі. Расулуллох, сахабалар және ірі дін қайраткерлерінің барлығы діннің пәктігін және оның  бұзылмауы үшін күресті. Шайх Хованд Тахурды да бұл мәселе аз ойландырмаған. Шайх шариаттың бұзылмай сақталуы үшін барлық өмірінде күресіп өткен. Сол үшін айтылған рисалада өткенде пайда болған бұзық ағымдар және олардың зияндарын қаламға алып, олардан сақтануға шақырады. Алым сөзін «ақнун шаммае аз мақолоти бехудагуени махжубан» (енді пайдасыз сөйлейтіндердің сөздерінен азғана) деп бастайды. Оның ойынша, бұл қауым «махжубон»  (хижабқа кіргендер), яғни олардың көздерін перде жауып қалған және Хақ жолды көруден  мақрум, нәтижеде «пайдасыз», яғни бос және дәлелсіз сөздерді айтады. Ғалым бұл жайында былай деп жазады:  «Егер бұл әскердің аяғынан көтерілген шаңнан жан дүниеңнің айнасына түскен  көлеңке көрсең, тез арада оны тазалауға кіріс және оны пәктеуге беліңді байла». Бұл сөздерге мән берсек, дәл осы күні айтылғандай көрінеді. Шеттен  елімізге кіріп келген әр түрлі ағымдардан өзімізді сақтау қажеттілігі  әр сәтте көрініп тұрған жоқпа?  Шайх  Қуран аятын дуа (тілек) сыпатында  келтіріп, мұндай ағымдағы адамдардан сақтауды сұрайды:  «Раббано, ло тажғално маға-л-қавми-з-золимийн» (Аллахым, біздерді бұл залым қауымдармен бірге қылма).  «Бұл «тайымсыз, бетбақ» қауымдардың біреуі» – деп жазады ғалым, – Мушаббаха деп аталады.Олардың айтуынша, Алланың көрінісі, денесі бар. Олар Алланы әр түрлі денеде, көріністе деп айтады».  Екінші қауым каромия деп аталады. Олар Алланы Арштың үстінде және мәлім бір мекенде тұрады деп баяндайды.  Тағы бір жерде Хишом ибн ал-Хикам  Алланы жухуд (яхудий) терге ұқсаған бейнеде екенін баян етеді.

Равофиздерде Алланы көрініс денеге ие деп айтады.

Нажжория  айтады, Алла өз затымен барлық жерде әзір.

Муғтазиланың айтуынша, Алла өз ілімімен барлық жерде бар, әзір.

Тарсо ( христандар)  болса үштікті жақтайды, олардың кейбірлері,  Ата, ұл және қатын сыпатында дәлелдейді.  Муғондардың (отқа табынушы) ойынша, жаратушы екеу, бірі жақсылықты, екіншісі жамандықты жаратады.Таббоендардың  пікірінше, жаратушы төртеу: олар ыстық, суық, ылғал және құрлық.  Афлокийлер жетеу дейді, яғни, жеті аспан денесін  назарға алады.  «Сен есіткен бұл қауымдардың барлығы, –  деп жазады Шайх Хованд Тахур,- Хақтың қарсыластары болғандықтан жаханнамға түседі». Ғалымның жазуынша, олар мухлис, бейшаралар болғандықтан, әзелдегі мейманханадағы  достық дастарханынан  несібе тата алмайды және жарықты көрмейді, олар көргендерін білмейді, білгендерін танымайды. Шайх бұл жерде 44 мисрадан болған маснавий келтіреді. Онда Хақ жолындағы адам мен нахақ жолдағы адам қарсы қойылады. Оның дәлелдеуінше, Алла жолындағы  тақуалы және тасаввуфті әрбір кісі береке табады және  Алланың сүйікті бендесіне айналады. Мұндай адамдар азға қанағат етуші, ризалықта болады және сабырды өзіне жол басшы етеді. Ол үшін:

Жақсы жанның сабыры халыққа жәрдем береді,

Оның дерті Халықына  дауа болып  енеді.

Халық арасында,барлық әлем жақсы адамдардың қасиетінің арқасында турады—деген сөз бар. Демек,жақсы адамдардың есебінен халық барлық апаттардан аман қалады. Бундай кісілер елдің дертіне дауа болады. Ел арасында мынадай бір рауаят бар: Әбд Жалил баб (Хорасан атаның) әулетінен Бабажан деген бір адам өткен. Ол кісі Қаратаудағы Қусшы Қара жонда қоңраттың бір  атасына имам болып жүреді.Бір жылы ел арасына індет келіп,ел қырыла бастайды. Ел жақсыларының біреуі Арқабай би деген адам Бабажанға келіп: «Е, әулет, біз осылай қырылып кетеміз бе? болмаса жәрдем бересің бе?» -дейді. Бабажан екі қолын көкке көтеріп: «Я, Алла мына қауым бәледен қашып менің арқама тығылды, менің басқа Илохым жоқ, сенің арқаңа тығылдым. Мына елдің қырылып кетпеуі Сенің Аллалығыңа, менің Бабажан екеніме бір сын деп дуа қылады. Арқабай биге: «сен енді бара бер, осыдан қырық жыл бір тышқақ балаң шетінесе маған келіп дауагер боласың, – дейді. Бабажан үйіне келіп, баласына: «Мына елдің бәлесіне шыдай алмадым, көтенім қол бойы түсіп кетті. Мен енді қатарға қосылмаймын» – деп қайтыс болып кетеді. Бұл жердегі беті ашық мәселе, Бабажан өзі кеселге ұшырап, елді аман алып қалды. Өзі өлді. Бабажан өлімнен қорықпайды, Шайх дінде бұзықшылық етіп жүрген, жалған,  кесірлі дауатшыларды масқаралап:

Бидғатшы, сап адамдар арасында,

қалмайды жаза көрмей жапасына.

Ей, дәуріш, сен бидғаттан бойыңды тарт,

барлық бидғат Хақ жолына болады жат. Ғалымның жазуынша, жауыз және надан кісі елге жол басшы бола алмайды. Адамдарды тура жолға  бастай алмайды.

Жауыз кісі, жақсыға не пейлімен  басшы болсын,

өзі надан, ізгілікке қалайша көңлі толсын. Оның жазуынша, елді жолға салу үшін терең білім мен бірге толық ізгілік (мағрифат) керек.

Сұлтан болса да, ілімі болмаса ол қайыршы мен тең:

Кім болса да, ілім мен ізгілігі болмаса,

ол қайыршы тегінде, Сұлтандығы далбаса.

Шайх өлең жолдарынан кейін, оқушыға қарап: «Дәуріш өз рисаласында «Мушаббаха» (жоғарыда айтылған қауымдардың бірі) жайында сөз айтып және адасқан қауымдар ахуалын біраз ашып берді. Сен бұл қауым бізден тым ұзақ деп ойлама, керісінше ол  дәл қасыңда және әр кезде бар. Себебі, кей бір муташаббиха сопылар  мушаббиха қиялиларына  кіріптар болған.   Сапасыз, жауабсыз ләпсілік тағадат және жөнсіз, рухсыз, ибратсыз өздерін таухид майданына тастаған. Аллаға  садақат бабынан оларға бір  хабар: «Алла жамалының берекет тамшыларынан олар да бір әсер жоқ».

Шайхтың  бұл пікірлері хикмет  суы мен суарылған.  Өзі жасаған дәуірдегі мәртебе іздеген, жалғаншы сопыларды аяусыз сынайды. Оның пікірінше, екі жүзділікпен өздерін  ақихат сопы етіп көрсеткісі  келген сопыларда, жоғарыдағы қауымдарға ұқсайды. Шайх бұдан соң бір қатар жолдар мен жауыз сопыларды әшкерелеуге бағыштайды. Мұндай сопылар тасаввуфке және сопылыққа зиян етіп, алымдар мен шариат қауымдары жөнінде жаман көз қарас қалыптастырады және дін қарындастың арасына салқындық түсіреді. «Мұндай қауымның нышаны сол, деп жазады ғалым, –  өз ілімдеріне көңілі тоқ, шариатқа кем мойынсұнады. Өздерінің ыплас көріністерін халықтың бас иуіне лайық деп түсінеді. Олар еш бір істі Алла жолына қалыс етіп жасамайды. Құдайды танымайды, демек әр қандай істі қыла береді. Жағдайлары жақсы болуы үшін әрекетте болады, өздерінің ләпсі қалауына  жол беріп рахатқа бөлейді».

Шайх  мутасаввиф кім, сопы қандай адам, уәлиат (керемет) немене екендігі жайында хабар береді. Бұл жерде ол өзінің пікір пайымдауларын ортаға тастайды. Ол қарапайым кісілер үшін иманды   дос тұту, Құранға сену, яғни тағадат-ибадат қылып, Құран оқумен  амал етуді міндеттейді. Ол бұндай  кісілерге қаратып:

Сенің үшін бәрінен, мешіт іші абзал-ақ,

бар мешітке кіргін де, жаннатыңды тап қарап.

Шайх бұл мағнаны тастықтау үшін төмендегі хикаятты келтіреді: «Бір дәуріш, бір Шайхтың алдына қол беру үшін келеді. Шайх оған ашулы кейіппен қарап: «Сенің еліңде мешіт жоқпа? Жамағат жоқпа, сонша жерден біздің алдымызға келетіндей? Еліңе қайт, шайтан сені сергелдең қылыпты!» – дейді. Бұл жайында «Рашахатта» жазылған. Хиқаяттағы Шайх ғалымның әкесі Шайх Омар Бағыстани – Рисалада фиққ мәселелеріне де кең орын берілген. Онда мешіт және  оған байланысты мәселелер, мешітте намаз оқудың қасиеттері, тахарат және оның қасиеттері, кей бір абзал айларда оқылатын нәпіл намаздар, аяттар мен хадистер негізінде кең баяндалған. Садақа және зекет беру мен оразаны тұту жолдары фиққ заңдылықтары мен Расулуллох хадистері, сахабалардың сөздері арқылы өз жолын табады. Хаж ибадатын өтеу мен оның қағидаларына да кең талдау жасалған. Осылайша, рисалада Исламның бес ұлық шарттары толығы мен баян етіледі. Шайх Хованд Тахур бұл ибадаттарды баяндау арқылы оған өзінің  ғажайып пікірлерін қалдырған.

(Жалғасы бар)

Сейіт-омар Саттарұлы

Сондай-ақ, оқыңыз

Мұхтар Мағауин: Шортанбайдың зар заманы

Шортанбай Қанайұлының 200 жылдығы қарсаңында  Бұл күндері Сары-Арқада, атақты Ақсу-Аюлы өңірінде қазақ халқының ұлы ақыны …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған