Басқы бет / Жарық нұрдың сәулесі / Ілгеріде өткен жақсылар (бет 4)

Ілгеріде өткен жақсылар

Хакім қажыны бала кезімнен білемін

Мадина Хакімқызы әкесі туралы кітап шығаратынын айтып сол кісіге арнап естелік жазуға өтініш білдірді. Хакім қажы туралы естелік жазудың қиыншылығы бар. Ертеректе, 80- ші жылдары, Сары Ағаш курортында халқымыздың бір туар тұлғалы азаматтары академик Хайдар Арыстанбеков және халық жазушысы Әбдіжәміл Нурпеисовпен бірге болып қатар жүрдім. Хайдар Арыстанбекұлы аспирантурада оқып жүргенімде …

Толығырақ оқу »

Тұрсын ишанның тағылымы

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты «Бөген» (қазіргі аты Мыңбұлақ)  және «Қайнар» деген ауылдар бар.  Екі ауылдың арасы тиіп тұр. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев осы Қайнар ауылында туып-өскен. Жансейіттің әкесі марқұм Қансейіт Түймебаев уағында ел басқарған, тірі күнінде мешіт салдырған, кітап жазған, шежірелі ақсақал еді… …

Толығырақ оқу »

Оспанқожа әулие

Өтейұлы Оспанқожа 1862 жылы Торғай уезінің Қызбел ауылының Шобан бөлімшесінде дүниеге келген. Бала кезінен бастап бабаларының салып кеткен дін жолындағы істерін жалғастырып, осы уездің ислам дінін таратушыларының бірі болған. Халықты жинап, алдағы болатын табиғат дүлейлері мен қуаңшылық, молшылық кезеңдерін кітап көтеру арқылы жеткізіп отырған, көріпкел әулие адам. Ол діни сауаттылықты …

Толығырақ оқу »

Алланың нұры жауған әулие ата

 2006 жылдың қыркүйек айында облыс жұртшылығы, ізгі ниетті барша мұсылман қауымы болып Исабек ишан-хазіреттің шөбересі, облысқа аты мәлім Жандарбек атаның 100 жылдығын облыс көлемінде атап өткелі отырғанын естігенде ет жүрегім елжіреп, есіме әулие атаның жарқын бейнесі оралып, көңілім өрекпіп, шым-шымдап, ой тұңғиығына батып, қуаныш пен сағыныштың жетелеуімен әулие атаның өз …

Толығырақ оқу »

Болыс болған Омар-қажы

Қосдәулетұлы Омар-қажының (1865 – 1922)  жеті ұлы, бес қызы болды. Дүние байлығынан жүздей жылқысы, он шақты түйесі, отыздай сиыры, жүз шақты қойы болды. Жасы сексенге келген Атығай Айса ақсақал: «Өзіме байлық бітпегенмен ноғайға жалданып керуенбасы болдым. Бұқара,Ташкент, Бішкек, Тоқпақ т.б. қаншама ел араладым. Сонда Омардай көңілі жай, төрт түлігі сай …

Толығырақ оқу »

Қосдаулеттің рухани дәулеті

Қосдәулет Байғожин ХIХ ғасырдың аяқ шенінде қазақ ішінде ең бірінші болып медресе салып, оқу шығынын көтерген, бала оқытқан молдалардың еңбек ақысын төлеп, жатын орын, киім-кешекпен қамтамасыз еткен Қосдәулет Байғожин еді. Ол сол кездегі ұлт ісіне қызу араласып, саудадан тапқан пайдасын оқу-ағарту саласына жұмсады. Қосдаулет салған медреседен жадит оқуын оқып шыққан …

Толығырақ оқу »

Әулиенің бірі  – Өтеген қожа

Қожалардың арғы тегі Мұхаммед пайғамбардан (с.ғ.с) бастау алады. Бізді пайғамбардың қызы Фатимадан таратады. Өз ата-тегімізден таратсақ, Халауаит қожа, оның баласы Өтеген қожа. Өтегеннен төрт ұл: Қасым, Тұрсын, Данияр, Даданқожа (Сапарүмбет) туады. Өтеген қожа Қараменде (1720-1818)  бимен қатар өскен, халық «әулие» деп атап кеткен қасиетті адам болған. Кіндіктінің  қожалары Дуанши бойын …

Толығырақ оқу »

Абылай ханның қырғыз ханы Садырмен жауласуы

Абылай ханның қырғыз ханы Садырмен жауласуы немесе қазақ ішіне қырғыздың келуі тарихынан  Абылай 1771 жылы таққа отырғаннан кейін көп ұзамай қырғыздың Садыр ханының қолы келіп, қазақ ауылдарын шауып алады. Мал-мүлкін тонап, адамдарын байлап әкетеді. Болған жайт Абылай ханға мәлім болады. Абылай биі мен ақсақалдарын, батырларын шақырады. «Қырғыздың жері де үлкен, қолы …

Толығырақ оқу »

Қалдыбайдан қалған сөз

Халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Қалдыбай даланың әйгілі шонжарлары Алшынбай, Баймұрын, Құнанбай, Мұса, Тәттімбет заманында ғұмыр кешкен екен. Есімі Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқановтың жазбаларында, ауызекі әдебиет жайлы ой-пікірлерінде ұшырасып қалатын Қалдыбай жайлы бүгінгі зерттеушілердің білетіні мардымсыз. Қатардағы көп оқырман, тіпті, ештеңе сезбейді десе де болады. Осы тұрғыдан …

Толығырақ оқу »

Әке туралы ойлар

Ақтоғайдағы мешіттің бітуіне аз уақыт қалған. Жұмабек Жөкенұлы, Қуаныш Болатұлы, Жақсылық Жәкенайұлы, Сансызбай Әкімбекұлы, Михаил Сербин Ақкөлге келіп, әкеммен кездесіп, бейнекамераға түсіріп, бірсыпыра әңгімелескен болатын. Соның біріне тоқтала кетейін. – ­Ата, Ақтоғайда мешіт бітуге жақын. Халықтың ниеті – оған сіздің атыңызды беруді қалайды,- деді олар. – Жұмабек, Қуаныш, қарақтарым. Ол …

Толығырақ оқу »