Басқы бет / Таңба мұрағаты: Қожа Ахмет Ясауи

Таңба мұрағаты: Қожа Ахмет Ясауи

Мен, Құл Қожа Ахмет Яссауи – алпыс үште кірдім жерге…

       «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», –  дей алыпты, адамзат данышпандарының бірі Абай Құнанбайұлы. Біздің пайымдауымызша осыған дейін де, кейін де Абай сөзінен артық дүниежүзі халықтарын біріктірер, бір-біріне бауыр етер осындай ұран сөз айтылмаған секілді. Замандар мен ғасырлар қай уақыттада өз данышпандарын өмірге келтірген. Сондай ұлы тұлғаларға ортақ бір …

Толығырақ оқу »

Әзірет Сұлтан кесенесі: зиярат тәртібі

Әулиенің күмбезінің оңтүстік есігінен қазан тұрған күмбезге кірген соң, құбыла жағы шетінде Жолбарыс ханға (Сағд әулиеге) зиярат қылады. Онда мүйізді бастар қойылған, үстіне жолбарыс терісі жабылған. Бұдан кейін намаз үкімі орындалатын орынға кіріп, бәріне бас иіп, екі бас намаз оқып, сауабын әзіздердің рухтарына бағыштап, Бағдизан (Азизан) Ақ топырақ Әулие тұрған сарайға кіріп, көңілге алған  паруардигарларға шын ниетімен …

Толығырақ оқу »

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ ӘМІР ТЕМІР

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЕСІМІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ АҢЫЗ, ӘПСАНА, ХИКАЯЛАР Тарағай би түсінде көзге түрткісіз белгісіз қап-қараңғы түнде бір жартастың төбесіне шығып тұрады. Сол кезде оған қазмойын, қамыс құлақ ақбоз атқа мінген ақ сәлделі, ақ шапанды, ақ сақалды бір қария келіп: «Тарағай балам, мен Қожа Ахмет Ясауи деген атаң боламын. Әдейі өзіңмен …

Толығырақ оқу »

Алла деген бәнденің, жайын жәннатта көрдім!

110-хикмет Алла деген бәнденің, жайын жәннатта көрдім! Хор қыздары қоршаған, кәусәр алдында көрдім. “Фазакрун” Зікірін айтқан құлдар дәйімі, Жүмлә жора-жолдасын, пейіш төрінде көрдім.   Күні-түні ұйықтамай, Хақ зікірін айтқандар, Періштелер жолдасы, ғарыш үстінде көрдім. Қайыр-саха қылғандар, жетім көңілін алғандар, Шәдиарлар жолдасы, кәусәр аузында көрдім.   Қази болған ғалымдар, пара жеген …

Толығырақ оқу »

Парсы дереккөздеріндегі Қожа Ахмет Ясауи мен Ясауия тариқатына қатысты деректер

  Орта Азиялық сопылық мектептер тарихы, тағдыры және бүгінгі ахуалы қашанда ғалымдардың қызығушылығын өзіне аударып келген. Бұл орайда көптеген іргелі зерттеу жұмыстары жасалған. Сол зерттеу жұмыстарының өзін бірнеше топқа бөлуге болады. Бірінші топқа шетел ғалымдарының зерттеулерін, екінші топқа Кеңес одағы ғалымдары мен ТМД ғалымдарының зерттеулерін, ал үшінші топқа отандық ғалымдардың …

Толығырақ оқу »

Хикмет

2016 жылдың соңғы аптасы. Бұл жыл Ясауиға қайта оралу жылы болды. Енді бір сәт Құл Қожа Ахмет Ясауидің бір Хикметіне  құлақ салыңыздар. Хикмет Аяу, достар, құлағың сал мына сөзге, Не себептен 63-те ендім жерге? Мағражда Хақ Мұстафа рухым көрді, Сол себептен 63-те ендім жерге.   Хақ Мұстафа Жебрейілге қойды сауал: …

Толығырақ оқу »

Ясауи және Түркі жұрты

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРДЫҢ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ АХМЕД ЯССАУИДІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ОРНЫ Дүние жүзінің мәдениетіне үлкен үлес қосқан түркі әлем ХХІ ғасырда да улкен рухани-жылжу босағасында. Осы оңды өзгерістер түркі халыітардың бірлік-ынтымағын қамтамасыз етіп қана қоймай, әлем интеллектуал-ағарту саласында да жетекші орындарды иелегеніне шүбә жоқ. Ол үшін табиғи түрде өзара …

Толығырақ оқу »

Құл Қожа Ахмет Иассауий «Пақырлық» баяны І

Шайх Хасан Басри Рахматуллохи әлейкі рауаят етуінше Хазіреті Расул саллаллоху әлейкі уә саллам Хазреті Әли разиаллоһу анһуға айтыпты: «Межрах кешінде Хақ тағала пәрменімен Хазіреті Жәбрейіл әлейкісаллам пырақ келтірді. Жеті қабат аспаннан асырды. Тәңірі Әзза уа Жәлла құдіретімен ғажайыптарды көрді. Хазреті Раббил Әләмин сәлем қылды. Хақ тағала хабибі жауаб сәлем алды. …

Толығырақ оқу »

Құл Қожа Ахмет Иассауий «Пақырлық» баяны ІІ

Мұхаммед әлейкіс-саламнан рауаят етілді: Екі кісі намазға тұрды, руундері де, сәждәлері де бірдей, бірақ бұлардың намаздарының арасы жер мен көктей. Махрабты махраб деп не үшін атады, сол үшін атады бұл соғыс майданы, яғни көңілді Алла зікірінен алмасын үшін шайтанмен соғысу.  Рауаят: Хотам әл Заһид Әсам бин Юсуфқа кірді: – Әй, Хотам, …

Толығырақ оқу »

Қожа Ахмет Яссауи сопылық поэзияның көрнекті өкілі әрі ағартушысы

ТҮП ТЕГІ Оның толық аты – Құл Қожа Ахмет ибн Ибрагим, ибн Махмұд, ибн Ифтихар Яссауи немесе Хазірет Сұлтан Шейх-ул Ислам Қожа Ахмет Йассауи. Бұған мынадай анықтаманы қосқанды жөн көріп отырмыз: «Титул «ходжа»(персид. «учитель, наставник мудрец») был присвоен Ахмаду суфиями братства хваджаган (ходжагон)-накшбандийа, старавшимися исползовать авторитет Ясави своих целях(известно, что …

Толығырақ оқу »