Жарық нұрдың сәулесі

Кәріпбай қожа

Арқадағы Тобықты руының  ішінде ғұмыр кешкен Кәріпбай қожа туралы ел аузында әңгімелер көп. Соғыс жүріп жатқан кез. Кәріпбай қожа әйеліне:

-Жеті шелпек пісір. Ғалымға бағыштаймыз,-дейді. Әйелі ренжіп, қабақ шытады.-Сен өйтпе, Ғалым қазір оққа ұшты, көз алдыма көрінді,-деп сөзін үстей түседі.

Бір жылдан соң соғыста Ғалыммен бірге болған Секербай деген жігіт келеді. «Ұлының қазасынан бейхабар шығар, сәлемдесейін, естіртейін» деп Кәріпбай қожаға келеді.

-Секербаймысың? Есен оралдың ба? Ажалға ешкім ара түспейді, Ғалым оққа ұшқанда жанында болдың ғой, ең болмаса бір шырпымен бетін жауып кетпедің,-деп көңілдегісін айтады.

Бәрін дәл айтып отыр. Секербай одан ары уәж таппай, ақыры бар оқиғаны өзі баяндап, кешірім сұрайды.

Соғыс кезінде Балқаштың белді қызметкерлерінің бірі Кәріпбай қожаны шақырып, алдына табақ тартады. Кәріпбай қожа асқа қол самай, шегіне береді. Үй иесі:

-Мұныңыз қалай?-десе, Кәріпбай қожа:

-Мына малдың аяқтары буылмай бауыздалған, мұны жеуге болмайды,-дейді. Абыржыған үй иесі  жігіттен сұраса, ол:

-Рас еді, аяғын байлауға жіп таппай, бауыздай салып едім,-деп мойындайды.

1937 жылы НКВД-ның Асайынов деген бастығы Кәріпбай қожаны жазықсыз тұтқындайды. Жолда көрші колхозға жетіп, басқарманың үйіне қонады да, шошаласына ақсақалды қамайды. Асайынов деген бастық етке тойын алып, ұйқыға қаннен-қаперсіз кіріседі. Түн ортасында ол ұшып тұрып ит болып үріп, өзін-өзі жұлмалай бастайды. Сонан ол:

-Сен маған бірдеңе істедің,-деп басқармаға тиіседі. Сасқан басқарма Кәріпбай қожаның қасиетін айтып, «бұл соның ісі» дейді. Амалы құрыған Асайынов Кәріпбай қожа тамақ бергізіп, кешірім сұраған екен. Тамақтан соң, ол:

-Тұтқындадың, енді ауданыңа апара бер, -дейді теріс айналып. Қожа оны теріс қаратып тұрғызып оқып, арқасынан алақанымен тартып  жіберіп, жатқызады.  Зәресі кеткен бастықсымақ ертеңіне Кәріпбай қожаны босатып қоя берген екен.

«Ұлы Пайғамбар және ұрпақтары»шежіре-кітап. «Фолиант» баспасы 2014 жыл

Жәнібектің қасиеті

Сазанбай мен Тастемір деген екі рулы ел бір-біріне жауығып, майдандасатын болыпты. Мұны естіп тұрысатын жерге  Темірбектің ұлы Жәнібек қожа келіп, екі жағына да уәж айтса, көптеу қол жинаған жағы көнбей, қиыс трата беріпі. Тіпті, ұрда-жық бір есер жігіті:

-Аяққа оратылған  мына қожаны сойылмен итеріп тасташы әрі, -деп тіл тигізуге де барыпты. Мұны естіген  Жәнібек қожа топтан шығып, сәлдесін жайып, құбылаға қарап дұға оқиды. Бөгет болған ақсақал арадан кеткен соң екі жақ сойылдасып қоя береді. Ұрысты алғаш бастаған көптеу жағы, қалай екені белгісіз, алдыңғысын артқылары ұрып жығып, ақыры тегіс аттан ауып құлайды.  Енді ғана қателіктеріне көзі жеткен жеңілген жақ шұбап келіп, Жәнібек қожадан кешіріп сұраған екен.

Бір жолы  жылқыға барымталап келген екі ұры қалың жаңбырдың астында қалып, бас сауғалайтын жер таппай түн ішінде Жәнібек қожаның үйіне келіп түнейді. Дала көзге түскісіз қараңғы, киіз үйдің іші де тастай қараңғы. Өз төсегінде жатқан Жәкеңнің  үстіне аппақ сәуле түсіп тұрады. Екі ұры «о,керемет, ананы қара» деп өзара сыбырласып таң қалады. Мұны естіген Жәнібек қожа:

-Ей, жігіттер, тыныш жатыңдар,-депті. Ертеңіне мұндай кереметті  көрген екі ұрының көңіліне Құдайдан  қорыққан сезімі ұялап, ұрлықты біржолата қойып кетіпті. Жәнібек қожаның  інілерінен туған Мұқай және Мырзақожа  деген  аталарымыз жын оқыған, шөптен  алуан түрлі дәрі жасап, ауруларды емдеген ірі тәуіп болған.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button