Бату хан ибн Жошы хан ибн Шыңғыс хан патшалығы баяны
Мырза Ұлықбек. Төрт Ұлыс тарихы. Ташкент "Шолпан " баспасы 1994 жыл
Бату хан ибн Жошы хан атасының опатынан соң Ұлық бабасы Шыңғыс ханның үкімімен аяғын Дешті Қыпшақ (Қыпшақ даласы) салтанатының тағына қойды. Бату хан өз атасының қол астында болған, бірақ өлімінен соң Шыңғыс хан әулетіне мойынсұнбаған Олан, Русь, Бұлғар, Шеркес, Қырым, Ардақ жұрттарын ағасы Ұктай хан жәрдемі мен қайта қол астына алды. Бұл оқиғалардың қысқасы былай; Ұқтай хан Ұлы жұрт тағына отырған соң Дешті қыпшақ және Жошы хан қарамағында болған басқа жұрттар мойын бұрып Бату хан ибн Жошы ханға мойын сұқбағандарын есітті. Соған орай өз Ұлы Күшікханды, Мангу ибн Төлехан, Бүлке ибн Шағатай, Нури ибн шағатай, Байдор ибн Шығабайдың үлкен әскермен Жошы хан қол астында болған басқа өлкелерді және қайтадан Бату хан ибн Жошы хан қол астына кіргізу үшін жіберді. Бірнеше уақыттан соң, ауыр соғыстардан кейін ол өлкелерді қолға кіргізді. Шеңгел ағашы көптігінен өту қыйын болса да Шахзадалар әр жақтан Макс қаласына ағаш кесіп қарсыластар жүруіне тосқауыл қойып орап алды. Қаланы алып халқын қырып салды. Өлтірілгендердің оң құлағын кесіп санағанда екі жүз жетпіс мың екені мәлім болды.
Көктем келіп, Шахзадалар Русь, қыпшақ және Алан істерінен босаған соң өз елімен шекаралас, адамдарды Насрани Құлақ және Бошқұрд елдерін қолған кіргізу үшін, Бату хан Шахзадалар және есепсіз әскермен жолға шықты. Өздерінің әділ және жазықсыз екенін білетін бұл жердің халқы Бату хан ибн Жошы хан әскерінің әрекетінен хабарланып, әскер ісіне кірісті. Қашуды өздеріне ар санаған төрт жүз мың атты қосып дайындап, бетпе-бет келді. Бату ханның туысқаны Сығанақ ибн Жошы ханды он мың кісімен дұшпан санын анықау және бұл қауымның қолынан хабар алу үшін барлаушы етіп алға жіберген еді. Олар бір аптадан соң дұшпан сан жағынан моғол әскерінен артық екенін айтып келді. Барлық ер жүрек жауынгерлер бір-біріне жақын келгенінде Бату хан Мұсалмандар барлығы жиналып дуа-тілек етуге бұйырды. Өзі бір төбеге шығып бір күн-бір түн ешкіммен сөйлеспей, жүзін топыраққа сүйкеп, зар еңіреп жеңіс тіледі. Ертесіне барлығы соғысқа ұмтылды.
Айтуынша дұшпан мен арада су болған, Сығанақ ибн Жошы ханда көл әскермен түйеде судан өтуге бұйырды.
Таң атқан соң Бату хан өзі де аттанып соғыс майданына кірді және қатты қайрат етті. Дұшпан күшті болғанына қарамай шегінуге мәжбүр болды. Судан өткен әскер оларға шабуыл жасап шатыр-шайлаларын жермен жексен етті. Дұшпан әскері бұны көрген соң жеңілді. Бату хан әскері оларды жазалады. Бұл өлкені бүтіндей қолға алды. Сонан соң Үктай ханның бұйрығымен бату хан қайтадан Дешті Ұыпшақ өлкесінің тағына отырғызды.
Сарай қаласын Бату хан ибн Жошы хан құрған еді. Ол ешбір дін болмаса мазхабқа амал етпес еді. Будпарастықтан басқа еш нәрсені қабыл етпес еді. Бірақ мұсылмандарды толық ізет етер еді. Әділет пен ынсапты жоғары дәреже егесі еді. Айтушыларынша сақылықта оған тең жоқ еді. Ол тұркілердің лүй жылын қараған 654 жылы опат болды.
Барақ хан ибн Жошы хан ибн Шыңғыс хан патшалығы баяны
Тарих кітаптарына жазылған, Бату хан опат еткен соң оның орнына туысқаны Береке хан ибн Жошы хан отырды. Береке хан мұсылман кісі еді. Бағзы тарихтарда жазылуынша Береке хан мұсылман әйелден туылған еді. Ол туылған кезде өз анасын тіпті ембеген, ақыры мұсылман әйелдердің бірі емізіп тәрбиелеген. Есейген соң өз туысқанының бұйрығымен әр жаққы сейіл қылып жүріп бір кезде Ислам шырағы Бұхараға барып сол дәуірдегі машайхтардың біреуінің алдына барады. Ол Хазреттен сабақ алу мәртебесіне ие болады. Бұл қасиеті Шайх Сайфиддин Бахрзий болып, ол Нажимиддин Куброның (оған Алланың рахметі болсын) ұлық халифасынан еді. Ол бірнеше уақыт олардың құтты босағасын сүйу мен шұғылданған.
Хазреті Ұлық Шайхтың Әмірі мен Хажытархан (Астрахан) жолы арқылы Дешті Қыпшаққа жол алып, аз ғана әскер мен Еділ дариясының жағасында Құлағу хан ибн Төле хан ибн Шыңғыс ханның есепсіз әскеріне қарсы келеді. Екі арада керемет соғыс болды. Ұлы Хазрет дәріштерінің рухынан жеткен медет арқылы Құлағу хан әскері жеңілді. Дешті Қыпшаққа кетіп бара жатқан Құлағу хан жолын өзгертіп, арқасына қайтты да Әзірбайжан жаққа кетті. Қатты кеселге ұшырап Тебризде опат етті. Біреулер сол Соғыста өлген дейді, бұған дәлел жоқ.
Береке хан ибн Жошы хан жеңімпаз қалде, көңілі нұрға толсын Алла Әмірімен Дешті Қыпшақ тағына отырды. Адамдарды Ислам дініне жеті жыл уақыт патшалық етті, түркілердің лүй жылына тура келген 654 жылы салтанат тағына шығып түркілердің тышқан жылына тура келген 661 хижра жылы Құлант кеселіне шалыныпғ «қайт» деген үкімге «лаббайка» деп жауаб берді. «Әлбетте біз бәріміз Алланың бенделеріміз және әлбетте барлығымыз оған қарай қайта қайтамыз» (Құран аяты).
Үшінші хан – Саин хан
Дәлелді тарихтарда жазылуынша оның нәсілі мен насабы баршаға мәлім Жошы ханға барып тірелді. Бірақ «Шатараб ұл-атроқ» кітабында ол жайында да ешнәрсе назарға алынбағаны үшін, сол кітаптың жалғасы есепті бұл кітапқа да ол туралы ешнәрсе жазылмады, бірақ есте қалғаны сол, ол Ұлы патша болып, жақсылығы есепсіз еді. «Барлық бәләм Аллаға тиесілі».
Қазақ тіліне аударып дайындаған: Сеитомар Саттарұлы
жалғасы.Басы:
Сақыпқыран Ағзам Шыңғыс хан нәсілінен Дешті Қыпшаққа патшалық қылған Хандардың баяны