Ауылдың қасында бар бір баспалдақ,
Үш кезден ұзындығы бәлкім кемірақ.
Аяғым жазым болып тайып кетсе,
Жығылып қалам ба деп боламын дал.
Асамды суға салып таяп тұрып,
Өтемін андан кейін қадам ұрып.
Абайлап өткен сайын көп байқаймын,
Жығылсам қалам ба деп ұят болып.
Жығылған тұрып жатыр мыртылмаяқ,
Соншалық су болады бастан-аяқ.
Сираттың қияметте көпірінен,
Шәрманда жығылдырып қылмағай Хақ.
Жүргенмен қара жерде қанша жайқап,
Өтеміз баспалдақтан зорға байқап.
Қорлық жоқ мұнан жаман қияметте,
Көпірден өте алмасақ басты шайқап.
Қоймаса тоқтағанға періштелер,
Тез жүр деп күрзіменен ұрса алар.
Болмаса бір мархамат жаратқаннан,
Ақуалы бенделердің қандай болар.
Жіңішке жуандығы бір тал қылдан,
Өзені жақын емес үш мың жылдан.
Құлыма жарылқаған оңа қылып,
Мархамат қоямын деп уағда қылған.
Жығылған бұл көпірден үсті-басы,
Бар болған су болады тамашасы.
Сираттың көпірінен тайған адам,
Тозаққа түссе керек сөз расы.
Пазылымен сақтамаса патша Құдай,
Ешкімге бір түскен соң болмас оңай.
Кітаптың әр бірінде айтқан екен,
Жығылмас тез шыққаны мың жыл болмай.
Ақыры жеті мың жыл қалар жатып,
Отына жаһаннамның кетер батып.
Бір мыңнан жеті мың жыл арасында,
Азаппен түскен адам шығар тартып.
Сол уақытта әмір болып бір Құдайдан,
Тарыдай бір от шығып тозақ жайдан.
Мүлкіне бұл дүниенің түсер болса,
Бұл жаһан күйіп жанып болар ойран.
Ол оттың айбатынан уаллаһи ағлам,
Тау мен тас күйіп кетер баршасы һәм.
Жаһанды бір ұшқыны хараб қылса,
Қылады қандай тақат түскен адам.
Қиналып жатқанменен қылмай тақат,
Лаж жоқ босалуға ешбір сағат.
Тірінің өліменен арасында,
Қиналып жатса керек көп қабаһат.
Қолыңа құйса біреу ыстық суды,
Сыпырылып терілері шығар буы.
Қиналып шыдай алмай тұрса керек,
Басылмай көп уақытқаша от ашуы.
Наузан биллаһи әркім онда барса,
Пәруардігәр қаһарына егер алса.
Тозақтың отыменен еріп кетіп,
Күштері болса керек барша-барша.
Құданың Құдіреті емес-дүр аз,
Тәнасын бүтін қылып қайтадан баз.
Баз және еріп кетіп бұрынғыдай,
Тұрарлар бұл ақуалда қысы мен жаз.
Әрқанша қиналғанмен шықпас жаны,
Тұрарлар тәнасында белгілі аны.
Шығармас тәнасынан әркез жанын,
Құдайым Құдіретімен қинағалы.
Ғаразы көп адамның болып тамақ,
Алдымда қауіп қылмады бар деп тозақ.
Күн көріп ауқат тауып жүргеніне,
Тағатқа мағрур болып болар салақ.
Шошқалар һәм ешкімнен қылмай хазар,
Күн-түні ауқат үшін бурсақ қазар.
Наузан биллаһи доңыздан несі жақсы,
Жан қамын тозақ бар деп қылмағандар.
Доңыз өлсе сауап жоқ азапта жоқ,
Тыныш кетер басына жанжалда жоқ.
Рахаттан азаппен нәсіп болмай,
Жайына кетер депті топырақ болып.
Басына адам өлсе болар ғауға,
Қалады неше түрлі ұлық дауға.
Мүшкілі ғажап емес асан болса,
Жалынса тәубе қылып тәні сауда.
Әмірі жаратқанның Дажал келіп,
Бір күні ажал жетіп кетсең өліп.
Қарғай ма, жарылқай ма Пәруардігәр,
Қабірде бұйырғанын жатар көріп.
Демеңдер мұны қайдан көрді көзі,
Баршасы инша Алла кітап сөзі.
Қарғай ма? Жарылқай ма Пәруардігәр?
Алланың әрне қылса білер өзі.
Сыраттан өтпек
Малакка ніда қылар Жаһи Акбар,
Сыраттан пәндәларды өткеріңдер.
Жақсылар жәннат барып рахаттансын,
Болсындар жамандары дозаққа нар.
Алланың пәрменімен жүрер малак,
Еш пенде өтпесіндеп тұрмас қарап.
Әуелі көңілі мешіттегі халықтың бәрі,
Өтпекке қыл-сыраттан қылған қалып.
Ол күні жеті дозақ қатар тұрар,
Үстінен Сырат көпір һәм қойылар.
Қылыштан тез, һәм қылдан нәзік болып,
Өзінің үш мың жылдық жолдары бар.
Қараңғы үсті болар кешеден да,
Мың жылын жоғарыға жүрер пенде.
Мың жылын оннан кейін тура жүріп,
Мың жылын төмен қарап өтер пенде.
Жиналған маһшардағы ыныс-жынның,
Жақсысы Хақ жолында жаманыдан.
Жаратқан бізді оның азанымен,
Қалмайды ешбір пенде өтпей одан.
Еш жерде тоқтамайтын, әслі бір кез,
Шақрақтай баз бір адам өтеді тез.
Мың кісі қатар жүрген жолдай болып,
Сүйікті пенде сонда болады кез.
Сыраттан әуелі өткей Хазреті Омар,
Осындай бір Алладан пәрмен болар.
Онан соң маһшардағы халайықтың,
Баршасы нәубет пенен қадам қояр.
Пендеге қиын болар бұл ғажайып,
Сыраттан өтетіні ғалам ғайып.
Үстіне жаһаннамның дақыл болар,
Мабада аяқтары кетсе тайып.
Құдайым Құрбан күні әр мұсылман,
Мал сойып Хақ жолына қылса құрбан.
Пенденің сойған малы пырақ болар,
Жаратқан бір Құдайдың азаны білән.
Адамдар тұрған уақта боп ынтызар,
Алдынан қазы болар ол такрар.
Дүниеде Құрбан қылған пенделерді,
Мінгізіп қыл көпірден өткерерләр.
Көпірден ылажы жоқ пенде жүрер,
Жүрмесе гүрзіменен періште ұрар.
Жүруге кейбірінің әлі келмей,
Үстінде қыл көпірдің тіке тұрар.
Жүре алмай кейбіреуі жатқай құсып,
Қалтырап мүшелері реңі ұшып.
Бағзы бір күнәсы көп асыл пенде,
Үстіне жаһаннамның кетер түсіп.
Өтеді бағзылары аттай желіп,
Өтеді бағзылары құстай ұшып.
Тартады күнәсінің азаптарын,
Құдайдан өзге білмес оның жайын.
Дозақта иманды құл мүлдем жатпас,
Иманы қолын тартар ақыр оның.
Өткейлер бағзылары шақыртып ат,
Хош болып көңілдері болып бекшат.
Бағзы бір күнәсы көп асы пенде,
Өтелмай сол көпірден тартады дад.
Малактар от гүрзіні қолына алып,
Жүргін деп пенделерді қояр ұрып.
Пенденің жүргісі жоқ әр жақ қашып,
Дозақтын азабынан ғапыл сасып.
Пенделер дауыс салып жылап тұрар,
Нала боп барлығыда зар жыласып.
Сол уақта көзге түсіп қайырларым,
Сыраттан өтпек үшін қояр қадам.
Расулдың айтқанынан шықпағандар,
Өтпекке мұхтаж болып тұрмайды олар.
Тұтқайлар бағзыларды етегінен,
Бағзының тұтпағына үкім келер.
Үстінен адамдардың бағзысы ұшып,
Ақыры жабысқайлар халықтың бәрі.
Бағзысы қалам ұрып қылып еңбек,
Ілесіп арқасынан барлық үммет.
Үмметті жаһаннамнан аман етер,
Құдайым пайғамбарды қылып құрмет.
Құдая сол көпірден аман сақта,
Тайдырма табанымды бөтен жаққа.
Сүйікті Хабибіңнің қолын тұтқыз,
Періште айдап барса қыл сыратқа.
Бағзы бір жасында өлген балаларды,
Сыратқа алып келер хамраларды(жанашыр).
Балалар мәләкка айтар зарлық қылып,
Қай жаққа апарасыз Сіз біздерді.
Балаға періште айтар әй ғазиздер,
Дүниенің әзиз сырынан бейнәсіптер.
Сыраттан тездеп өтіп бармақтықты,
Сіздерге жәннаттағы Хор ынтықты
Бала айтар ризамыз барыңыз Сіз,
Бар еді бізді тапқан ата-анамыз.
Оларды дидарларын көрмегенше,
Сыраттан қадам қойып өтпегейміз.
Баладан періштелер мұны есітіп,
Аллаға мәлім еткей арыз қылып.
Алланың мархаматы ізіменен,
Атамен анасына барғай жетіп.
Көргейлер жас балалар ата-анасын,
Олардың аяғына қойып басын.
Ажалын перзентіне мәлім еткей,
Ағызып көздерінен қанды жасын.
Балаға періште айтар тез жүріңдер,
Сіздерге жәннат деген хор аштылар.
Бұлардың сіздер менен жұмысы жоқ,
Ата-анаң асы-жапы пенде дүрләр.
Бала айтар жер жүзінде жүрмеп едік,
Ләззатын бұл дүниенің көрмей өлдік.
Қаншама біздер үшін азап көрген,
Қызметін ата-ананың қылмай өлдік.
Ақырда дозақ барса ата-анамыз,
Біздерде бұлар менен бір барамыз.
Кінәсін Жаббар құдай ғапу етсе,
Жаннатқа өзімізбен апарамыз.
Мәләклар дәргәһіна барғай аның,
Бұлардың мәлім еткей арзу-халін.
Баланың құрметі үшін Жаббар құда,
Күнәсін ғапу етер ата-ананың.
Алланың мархаматын бұлар біліп,
Бәріде хұрсан болар көп сүйініп.
Жүздері қылыштан өткір қыл көпірден,
Мысалы қара жердей жүрер өтіп.
Нұрланар сыраттан өтсе пенде жүзі,
Алдынан қарсы шығар хордың қызы.
Басына табақпенен зерлер шашып,
Жәннатты айлағайлар оның өзі.
Жәннатқа кіргенде бірде қалмағай ғам,
Көңілінде еш мақсаты болмағай кем.
Алдында кеше күндіз қол қусырып,
Мәләклар қызметінде тұрады жам.
Барады әр пендеге неше жерден,
Басына тәж марсуха қойып нұрдан.
Қаншама бағы бостан сарай менен,
Тілләдан іштеріне тақты қойған.
Ол тақтың биіктігі бес жүз жылдық,
Әр пенде шығайын деп арман қылып.
Үстіне пенделерді мінгізеді,
Құдайдың құдіреті мен тақ иіліп.
Мінген соң болып тұрар кәдімгідей,
Аспан менен пенделік болып бірдей.
Пенделер әлі келіп қызды құшып,
Қызметін өткізеді неше күндей.
Алдында жұмсап тұрған ғылмандарды,
Қай жерде көріп тұрар тұрғандығын.
Алдына бәрі келер жахри(жария) болып,
Тілесе көңілі соққан тағамдарын.
Бауларда пәруаз етіп құстар жүрер,
Әр түрлі әуезбенен сайрап тұрар.
Науада пенде көңлі құш көрсе егер,
Ол құстар өз-өзінен кауаб болар.
Пенделер ол кауабты жегей алып,
Тағамды бір уақытта қылса талап.
Өзінің суреті де бір құс болып,
Қонғайлар бау ішіне ұшып барып.
Тілесе сайыл қылар пырақ мініп,
Бір күнде бес жүз жылдық жолға барып.
Күнде пенде қанша жерді арзу қылса,
Баршасында бір сәтте көрер барып.
Ол күнде жәннаттағы жас пен кәрі,
Ерлері жиырмада болар бәрі.
Өзімен бірге жүрген хор қыздары,
Болады он төрт жасар әйелдері.
Жәннатты сайран қылып бұлар жүрер,
Қосылып бір-бірімен сұхбат құрар.
Дүниенің қасіретіндей шаршауы жоқ,
Біткенше мұддағасы ойнап күлер.
Жәннатта орын алған пенделерін,
Шақырар сыяпатқа Алла бәрін.
Дидарын пендесіне нәсіп еткей,
Көтеріп беттерінен перделерін.
Көргейлер дидарларын барша ол күн,
Көңілінен қайғы-қаза кеткей оның.
Пендеге ніда қылып айтар Алла,
Шүкіріне сәжде қыл деп енді менің.
Иіліп бір Алланың әмірін тұтып,
Баршасы сәжде қылар осы демде.
Осында мұртын алмай пенде жүрер,
Бір қылы бір найзадай болып тұрар.
Бендені иілдірмей осы қылы,
Қадалып жерлеріне сәжде қылар.
Көргейлер бас көтеріп барша момын,
Болғайлар ол пенденің көңілі қам-күн.
Дүниеде мұртын алмай жүрген адам,
Қалғайлар ғыжалат боп ол күн.
Дүниеден көргеннен соң асыл ілім,
Пенденің мұддағасы біткей тамам.
Алланың өзі сүйген жәннат ішін,
Мұсылман отан етер барша адам.
Кәпірлер мүлде жатқай жаһаннамда,
Ішкені захар, заукум берер онда.
Иманы ақырының қолын тұтқай,
Күнәһар асы-жапы түскен пенде.
Көргені дозақының заһар-закум.
Осыны ауқатына тұтқай кәпір.
Кәпірдің жастай өлген баласына,
Дауыстап көп адамдар қылды нақыл.
Бағзы айтса кәпірлердің балалары,
Жәннатқа олардың құмар бәрі.
Жәннатты отан қылған пенделерге,
Алдына қызметші қып қойғай аны.
Бағзы айтар Ағраф атты бір мекенде,
Кәпірдің балалары жатар онда.
Ол жайда ешкімнің азабы жоқ,
Жәннаттай рахаты жоқ дүр онда.
Бағзы айтар олардағы дозақ кірер,
Бірігіп атасымен отқа күйер.
Әмірін бір Құданың құдіреті деп,
Бұл сөзге имам Ағзам тоқтай тұрар.
Дозаққа бағзы пенде түскеннен-ақ,
Бір түрлі азап көрер отқа жанбай.
Кінәсін арылғанша азап тартып,
Ақыры бейнетінен табар баят.
Біреуі араларға жам тұсынған
Қиддадан істеріне тосық салған.
Пенделер қызды көріп хамры келіп,
Көңілінде бір дарадай қалмыш арман.
Сыраттан аман өткен барша момын,
Қалмағай қапалықта артық бір күн.
Сүйікті хикметтің құрметі үшін,
Барлығын Махдум дейін қылушының
Мұхаммад үммәті көп ғапа ұрады,
Дүниеде жапа шегіп неше түрлі.
Махшарда асы-жапы болғаны үшін,
Айтысып шайтан менен нелер қылып.
Алланың пенде болған әмірін қылып
Сүннәтін пайғамбардың сақыт қылып.
Азғырған Әзәзілдің тіліне ермей,
Дүниеде шариғатқа тура жүргін.
Әзәзіл азғырады күндіз кеше,
Көңіліне күмән салып әлде неше.
Ораза мен намазды бажа қылып,
Әр пенде Хақтың әмірін қылады деп.
Жетеді әзәзілдің тіліне ермей,
Істерге неше түрлі көңіліменен.
Нәпсінің сұрауымен тіліне ермей,
Маһшарда Хақ алдында ғапы көрмей.
Дүниеде ғапы көрмек ісі сол дүр,
Айыбыңды еш бір адам көрмедім дер.
Маһшарда күнәсі көп ғапыларды,
Пендеге бұл ғажап емес іс дүр.
Құдая ғамды қылма әр пендені,
Көңіліне иман нұрын бер әр пенденің.
Пәзіліңмен Рахметіңмен уасил айла,
Хусусан мендей ғаріп шәрмендені.
Шады жазған дүр бұл хикаят,
Назым қып түркі тілде айлаған жад.
Уақытында бас басына бере алмаған,
Көп уақыт есіткен жоқ әр адамзат.
Нұсқасын тауып алып бұл қиссаның,
Бәтамам бұл дәптерге жаздым баят.
Оқыған және есіткен халық, ағайын,
Дұға қыл жақсы қыл деп ақыр жайын.
Бұл жерде сөз аяғын қылдым тамам,
Есірке мұсылманды Хақ тағалам.
Айтқанға, жазғанға да дуа қылғын.
Оқыған һәм есіткен барша адам.
Икрам ишан назымдары. Құрастырып аударған: С.Саттаров, Қ.Абытов, Шымкент 2023. 304 б. алынды