Пенделердің дидар көргені
Жәннаттан орын алған пенделерін,
Шақырғай зияпат қып Алла бәрін.
Ат қойған шархы нияз бір кітапта,
Осылайша мәлім етер уәспін[1] оның.
Әзіретіл құддыс атты бір мекен бар,
Ол жайда пенделерді қонақ қылар.
Құддысты әзір қылып алып кел деп,
Жәбірейіл періштеге Хақ бұйырар.
Жәбірейіл Хақ әмірімен барады тез,
Құддысты табалмағай әсле әркез.
Ия, Алла, ол мекенің қайда дүр деп,
Арыз етіп дәргаһына айтады сөз.
Алла айтар жәннәтіл әғла ішінде деп,
Құддысты ол жәннаттан іздегей кеп.
Көрмеген бір мәнзілге қарсы келгей,
Ішінде неше түрлі хадиса көп.
Айбатты бір періште қарсы келер,
Жәбірейіл сәлем беріп оны көрер.
Кімсің деп жауап айтып сұрағанда,
Жәбірейіл мен дүрмін деп жауап берер.
Ол айтар білмес едім сені әр кез,
Қай түрлі жұмысың бар келесің тез.
Әзіретті Құддысты іздеп келемін деп,
Жәбірейіл жауап беріп айтады сөз.
Мәләк дер қатрандар осы тұрған,
Көрместен атын айтып не қыларсың.
Жәбірейіл Мәләкке айтар бұл мекенді,
Алланың дәргейіне апарармын.
Мұны деп қатранға қолын ұрып,
Көтергей Хақ әмірімен хамла қылып.
Жәбірейіл бір мәртебе нида қылғай,
Құддысты дәргаһына қойып тұрып.
Айтады: Ей, Мұхаммед, хайрул анам,
Алладан пайғамбарлар сізге сәлем.
Бір құда зияпат қып шақырады,
Келіңіз жәннат әһлы бәрің тамам.
Есітіп бұл ниданы әһлі жәннат,
Пырақтан барлығы да мінеді ат.
Жәннаттың бостандарын сайран етіп,
Ізетпен барадүрлер құрраму шат.
Он мың жыл шамасынан Құддыс нұры,
Көрінгей шұғылаланып реңі түрі.
Ілгергі сегіз пейіш бостанында,
Көрмеген сұлулықта ешбір мұны.
Құдысқа пырақпенен бұлар келер,
Нұр бірлән алтын күміс үйлерге енер.
Үстіне бір күрсінің қарар алып,
Есептен тысқары қып ізет көрер.
Бір мәләк Грув атты болғай және,
Айтқайлар нида қылып Алла әңә.
Алдына сыпырамнан тағам беріп,
Мейманның зияпат қыл бәрін һәмма.
Ол мәләк Хақ әмірімен даярланар,
Жақұттан шығарады сыпыралар.
Ені мен ұзындығы он мың жылдық,
Алдына меймандардың жазып салар.
Қызметте періштелер сап сап тұрып,
Кесемен тағамдарды даяр қылып,
Үстіне ол сыпыраның қоядүрлер,
Көрмеген ілгеріде ешкім біліп.
Тұрғайлар жылыңа беріп тағамдары,
Көңлінің қалауынша жегей аны.
Алдына ыдыстармен су қояды,
Ләззәті әсел, шекер, қант мысалы.
Шарабын ішеділер барша пенде,
Жемістер нұр табақпен келгей әнда.
Алдына баршасының кеп тұрады,
Қаласа жемек үшін көңлі әрне.
Онан соң һүлла тондар алып келер,
Жетпістен әрбіріне әнің берер.
Інжу мен алтын, күміс білезіктер,
Білекпен саусағына келсе енер.
Зиннатты зүбәржаттан тәждер барып,
Тұрғайлар бастарында қарарланып.
Көрмеген жақсы құстар онан кейін,
Дарияға мүшкі әнбар өзін салып.
Ол құстар судан шығып қылып пәруаз,
Үстіне пенделердің сілкінер баз.
Исінің күшбойлығы әлемді алып,
Әр түрлі нағна бірлә қылар ауаз.
Ағаштар өз өзінен сәдә беріп,
Тұрғайлар неше түрлі рәңге келіп.
Пенденің ақыл хошы қайран болып,
Артықша зауықланарлар мұны көріп.
Аоларға нида қылар хайу дана,
Тілегің менен сұрар бараша және.
Бұл күні мүддағаңды бередүрмін,
Бар болса ызһар етіп білдір мәңә.
Пенделер бір Алладан мұны естіп,
Айтарлар бір біріне кеңес етіп,
Және де дәргәһынан не сұраймыз,
Отырмыз дәрежеге мұнша жетіп.
Ол халықтың қайран болып бәрі һәмә,
Айтады ызһар етіп ғұламаға.
Кітаптан көрсеңіздер айтыңыздар,
Алладан не сұраймыз енді және.
Ғалымдар оларға айтар қабар беріп,
Осынша ізет көрдік мұнда келіп.
Алладан арыз етіп сұраңыздар,
Не болар өз дидарын қайтсек көріп.
Есітіп бұл сөздерді бәрі һәмә,
Арыз етер ауаз етіп бір аллаға.
Деп айтар баршамыздың мүддағамыз,
Біздерге дидарыңды көрсет және.
Алладан мархаматтық әлһам жетер,
Олардың мүддағасын қабыл етер.
Мекенсіз кәпиәтсіз һәм жәһітсіз
Тәжәлла өз дидарын Хақ көрсетер.
Пенделер бір Алланың нұрын көріп,
Артықша зауық сапа көңліне еніп.
Алланың дәргәһына сәжде қылып.
Айтүрлер хамду тасбих ауаз беріп.
Жәннәттің бағы бостан айуандары.
Һәм және һоры, ғұлман уәлдән бәрі,
Бастарын төмен салып сәжде қылып.
Көргенге шүкірлік қып тәжәлләні.
Пенделер Аллаға айтар ия, раббана,
Еш қызмет істемедік лайық сәңә.
Біздерге рұқсат берсең ғибадат қып,
Өзіңе айтар едік хамду сана.
Алла айтар бір мекендүр үшбу жәннат,
Көрмегей мұнда жүрген ренжу мехнат.
Істейтін енді сізге ғибадат жоқ,
Өзіңіз жүріңіздер құрып сұхбат.
Сіздерді шақырғаным мұнда келіп,
Зауық сапа қылсын дедім ізет көріп.
Енді сіз істейтұғын қызмет жоқ деп,
Баршасын қайтарады рұқсат беріп.
Онан соң осы мысал әр жұмада,
Шақырып пенделердің бәрін һәма.
Ілгергі айтылғандай зияпат қып,
Өзінің көрсетеді нұрын және.
Төрт күнде базыларын дағуат етер,
Үш күнде бұл дәулетке базы жетер.
Базы бір шын мүкаррам пенделерге,
Дидарын екі күнде Хақ көрсетер.
Дидарын көргеннен соң хасыл кәләм.
Пенденің мақсаттары болғай тамам.
Сол күннен тұрақты боп барша өмір,
Жәннатты мекен етер ибні адам.
Құдая Мұхаммедтің үмбеттерін,
Тозақтың азабынан сақта бәрін.
Пазылыңмен дидарыңа уасыл[2] қылып,
Жәннаттан нәсіп әйла орнын әнің.
Хұсусан мен күнәһар асы пенде,
Тағат жоқ көрсетпекке зәрра менде.
Жәннатты кәрәміңмен нәсіп етіп,
Көрсеткін дидарыңды маған әндә.
Аяғы тамам
Ия, Алла, көп пенденің менде бірі,
Бұл сөзді болдым жазып күндіз түні.
Құдайға мінәжат қып тілек тілеп,
Істеймін шамам келіп жүрсем бірі.
Аударған бұл кітапты керемет атым,
Ауана қожа болар арғы затым.
…
Бұрыннан сөз күрейтін болсам ақын.
Себеп тәснип һазал китаб
Жақсылар көрдіңіздер оқып мұны,
Баршасы өзіңіздің түркі тілі.
Білмекке не қажет деп ойлайтұғын,
Хикая қиссалардың емес бірі.
Әуелі құлһуалла фазилаты,
Нұр шәрпін жаралғанмен расул нәәті.
Періште бәнилжанмен хазрет адам,
Жаралған баршасының әсіл заты.
Пенденің өлердегі көргендерін,
Қабырде жатып қанша тірілгенін.
Мәді мен әзірет Иса, яжүж мәжүж,
Дәжжал мен даббатыл арз айттым бәрін.
Таразы ысап сауал рузы махшар,
Піл сират намаи амал жәннат пен нар.
Олардың аттары мен һәм заттарын,
Білдіріп тәртібімен қылдым ызһар.
Бұл сөзді айтпағымның себебі бұл,
Үмбеті Мұхаммедтің Құдайға құл.
Дүниеде кәлимагөй мұсылмандар,
Дін серік Хақ жолында бірәдар біл.
Бірәдар болмақтықтың бұл формысы,
Момынға пайда болсын қылған ісі.
Өзіңнен ия сөзіңнен әр турыда,
Бәһре алсын бұл дүниеде әр бір кісі.
Бұл сөзді кітаптардан оқып көріп,
Ойландым мұндай қиял көңліме еніп.
Момынға пайда болар бір іс қылсам,
Дүниеден кетпей тұрып бір күн өліп.
Әр түрлі қайыр ихсан қылған ісім,
Өзіммен бірге кетер бұл жұмысым.
Пайдасы ақырғаша қалатұғын,
Бір жұмыс қылсам дедім келсе күшім.
Бар еді заманымда бір бүзрік дар,
Әулие арып билләһ халыққа раһбар.
Мүбәрәк исмі һакі сейіт ахмет,
Хұсейін әуләді еді күн пәрһизгәр.
Сұрадым сауал етіп ол әзизден,
Базы бір арап парсы кітапты мен.
Түркі ғып халайыққа білдіремін,
Қазақтың әдет еткен бәйті бірлән.
Айтпаққа қалдырайын болса күнә,
Болмаса боламекен сауап мұңа.
Мүбәрәк лебзіңізден айтылса деп,
Көз тұтып мәйтәл болдым рұқсатына.
Ол әзиз сөздерімнің бәрін көрді,
Бұрыннан хабарында һәм бар еді.
Бұл сөзден сауап саған болады деп,
Әмір етіп айтпағыма рұқсат берді.
Және айтты өз көңлінен қоспа зинһар,
Назым еткін хикаятты кітапта бар.
Сөзіңнен ақырғаша пайдалансын,
Кейінгі дым білмейтін мұсылмандар.
Ол едің айтқан әмірін қабыл алдым,
Және де тәпсірге һәм назар салдым.
Сурайи шараның аяғында ақырында
Аяттың мазмұнынан хабарландым.
Мекелік құрайыштардың шайырлары,
Һәбран уммия мен һәм забарі.
Алла мен пайғамбарға тіл ұзатып,
Қаумына бәйіт оқыды оның бәрі.
Олардың тұрысында келіп аят,
Сөзінің жалғандығын әйләган жад.
Момынға шайырдан һәм тәусип етіп,
Білдірген аят ішіне қып инаят.
Бар еді шайырлары асхабтың һәм
Хасан деп рухы ұғлы қойылған нам.
Алланың тура жолын тәртіп етіп,
Қорлантып сөз айтады кәпірді нам.
Мазмұнын бұл аяттың олар көріп,
Арыз етіп пайғамбарға айтты келіп.
Біздер де Алла білер шайырлармыз,
Айтыңыз алымыздан хабар беріп.
Оларға бұл сөзді айтты шаһы әбрәр,
Қылышпен ұрыс қылар мұсылмандар.
Сіздердің бұл шеер айтқан сөздеріңіз,
Кәпірге атқан оқтан артықша бар.
Пайғамбар осылайша деп хабар берді,
Олардың шеер айтпаған қабыл көрді.
Ғазаттың дәрежесі болар ма деп,
Бәйт айтпақ бұл себептен көңліме енді.
Хасан деп ат қойылған бір сахаба,
Зікір етіп осы сөзді айтты жәна.
Шеер айт деп … рұқсат етті,
Болар деп рухың Құддыс нәсрет сәңә.
Бар екен пайғамбардың бір хадисі,
Табинда ясин ішіне жазылмышы,
Пендеге сауап хасыл болатұғын,
Исламнан жол шығарып айтса кісі.
Артқылар оныменен амал қылса,
Ол істен сауап хасыл болып тұрса.
Әуелі шығарғанға сауап болар,
Бәрінің сауабының ысабынша,
Онымен істегеннің бәрінің һәм
Сауабы амалында болмайды кем,
Бір кісі күні болар жол шығарып,
Артқылар әдет қылып жүрсе әр дем.
Бұл істі істегеннің бәрі һәмә,
Күнәһар асы болар бір Аллаға.
Бәрінің күнәсінің есебіндей,
Ілгергі шығарғанға болғай жәна.
Ол істі істегендей пенденің баз,
Күнәсі оныменен болмайды аз.
Мүбәрәк өз ләпзі мен бұл хадисті,
Зікір етті ол шаһынша мәһрәмураз.
Және де бір хадисі осы еді,
Хайриннәс иәнһәуннас болады деп,
Шәрруннәс иәзурунәс болады деп
Асхабқа өз лепзімен хабар берді.
Әуелі хадисінің бұл мәнісі,
Біреуге пайда қылар жақсы кісі.
Екінші хадисінде жамандардың
Пендеге зиян болар қылған ісі.
Расулдың хадистерін көңліме алып,
Назым етіп бір нұсқадан сөз шығардым.
Дақайық акбар атты бір кітапқа
Бір мәрте көзім түсіп назар салдым.
Ішінде айтады екен ақыр сөзін,
Пендеге өлгендері болған кезін.
Ол күні өкінгені пайда бермес,
Ілгері ескермесе әркім өзін.
Араппен айтқан екен бәрін тамам,
Айтыпты астына парсы бір молда адам.
Сөзінен ол кітаптың бәһре алмайтын,
Бұл халықтың баршасы һәм түркі адам.
Ойландым бұл кітапты түркі қылып,
Зікір етсем дым білмеске мен білдіріп.
Дүниеде қайыр беріп тағат қылса,
Ахуалын ақырдағы әркім біліп.
Бір құда ол қызметін қабыл етсе,
Дүниеде дін иманы аман өтсе.
Айтулы қатерлерді оңай қылып,
Пазлымен кәрәм әйлап жәннатқа елтсе.
Ілгері хабар берген себебімнен,
Құтылсам бірәдарлық хақынан мән.
Ақыма ақырғаша дұға қылса,
Есітіп бұл кітапты оқып көрген.
Көңліме бұл қылалды ләзім білдім,
Талап қып назым етпекке қалам ұрдым.
Кітаптың ішіндегі базыларын,
Мүтмәлмен өз халымша түркі қылдым.
Және де бір кітапты оқып көріп,
Ішінен керектісін алдым теріп.
Кітаптың аттарын да мұнда жаздым,
Көргендер исенсін деп көңлі сеніп.
Әр жерде айтылмаса кітап аты,
Болғаны дақайықтың жазған хаты.
Сөзінің растығына кітаптарда
Аят пен хадистен бар рауаяты.
Кітаптан оқып көріп бәрін бірден,
Назым еттім осы түрлі түркі тілмен.
Пазлымен Жаппар құда ғафу етсін,
Егер де жері болса өзгерілген.
Оқыған молда ғалым дін бәрадар,
Айтатын сіздерге де мүддағам бар.
Пендеден түрлі қате болса егер,
Кем жерін қаламменен түзеңіздер.
Түркіден басқа болса қайсыбір сөз,
Болғаны арабы мен парсыға кез.
Көрсетіп бір ғалымнан сауал етпей,
Мәніге келмейді деп бұзбаңыз тез.
Үш тілден бөтен емес ешбірісі,
Көбірек түркінің һәм кітабысы.
Мазмұнын пәһім етпесе ғажап емес,
Базы бір саһралық білмес кісі.
Ақырдан айтқан үшін мұның бәрін,
Ахуалы қиямет деп қойдым намын.
Атын да осы жерде мен білдірдім,
Білсін деп оқығандар есімдерін.
Құдайым мұсылманға таупиқ беріп,
Ойланғай бұл кітапты оқып көріп.
Дүниеде ықыласымен тағат қылсын,
Қорқынышы ақыреттің көңліне еніп.
Хұсусан тәснип еткен бұл пендені,
Таупиқтың тағамына тойдыр оны.
Өзіне нәпәрмандық іс қылмасын,
Ажыратпай тұрғанында тәнде жаны.
Ия, алла, бұл дұғамды қабыл етіп,
Кешіргін күнәһымды бәрін өтіп.
Оқыған есіткенге рахым әйла,
Шаттансын мұратына барша жетіп.
Айтқаның кім десеңіз әсіл заты,
Әзіреттің халыққа мәлім имараты.
Сұлтанның оң жағында мәрмәр тас бар,
Үстінде егесінің жазған аты.
Тастағы аты айтылған менің бабам,
Айттырмай атын білген жүмла ғалам.
Атасы Әбілпайыз ұлық патша,
Өзіне Абылай хан қойылған нам.
Өзінің білмекке бұл ат нышаны,
Әбжәттің ысабы мен айтай әні.
Үш жүзге бір мен төртті дахыл етіп,
Оқығай ақырына қойып жаны.
Бұл сөзден менің атым болар ызһар,
Атымды білдірмекке мүддағам бар.
Әуелі пайғамбарға дүруід айтып,
Маған да қайыр дұға әйләңіздар.
Тәммат тамам
31.07.1965 жұма
[1] Уәсп /а/ – сипат
[2] Уасыл /а/ – Құдайға жету, қосылу