Шабынан шошқа түрткен соң
Шортанбай Қанайұлына Түркістан Қарашықта қойылған ескерткіш
Шортанбай ҚАНАЙҰЛЫ
ШАБЫНАН ШОШҚА ТҮРТКЕН СОҢ
Жамандықтың белгісі:
Ұлың көңілі – бір бөлек,
Қызың көңілі – бір бөлек,
Өзінің көңлің бір бөлек.
Алысар тұстар болса да,
Әлсіз айбар не керек?
Ендігі жанның ақылы
Отқа түскен көбелек.
Көбелектен несі артык,
Өлген қазақ көрмедің,
Жалға жүрген жалшыдай
Жан қадірін білмедің.
Білмегеннің белгісі:
Баланды бер деп орыс тұр,
Қайтемін деп болыс тұр,
Қорқар ма орыс қой дегенге,
Қазақты қамай түсіп тұр.
Басыңнан билік кеткен соң,
Малыңнан асып, балаңды
Бер деп ақыл тапқан сон,
Тоғайды жеңіп қолға алған,
Өз ақылы жеткен соң,
Бұ кұсаға ел қайтып шыдасын,
Шабынан шошқа түрткен соң!
ЕСЕР ҚҰЛ
Қазақ кез мойын атқа міне алмас,
Кең шалбарды кие алмас.
Шалғын жайлар күйретіп,
Мың кісі мінер үйретіп,
Ақылы жоқ есер құл
Бір қайрылмас кеткен соң,
Көгерер ме осымен.
Кеткенде кайда барасың,
Алдыңызда Қоқан бар,
Орыстан жаман тым-ақ жау.
Қазаққа атар таң бар ма,
Мұнан өзге заң бар ма?
Қомда туған қазақты
Қамарға бірме-бір шағып тұр,
Думанға қағаз салып тұр,
Асылық асқан заманда!
Сөйтсе де жұртта ар бар ма?
Қатын ұрыс болып тұр,
Аяғынды қия бастырмай.
Малыңды билеп басшы тұр,
Дос-жарыңа шаштырмай.
Сыртыңнан билеп келіп тұр,
Ақ-құласын қостырмай.
Жүгіңді билеп қызың тұр,
Басына ине шаныштырмай.
Күңнен туған көбеген
Қонаққа қазан астырмай.
Қырын кетті құтырып,
Күң көтіне қыстырмай.
АҚТАЯҒЫН АТ ҚЫЛЫП
Осы күнде адамның
Ешнәрсе жоқ ойында.
Адам қылар ұрлығын,
Әдет қылар қорлығын.
Қасиет қалмас бойында,
Арамға баулыр баласың.
Құда-тамыр келерде
Ине жүрмес арадан.
О дүние азабын
Бұ дүниеде не деп айтайын,
Көңілінде иман бар адам.
Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып,
Бір пара жанды ғалым қып,
Бір пара жанды залым қып,
Бір пара жанды дінді қып,
Бір пара жанды дінсіз қып,
Шерне үшін жанды жаратты.
Мұсылманды бір бөлек,
Кәпірлерді бір бөлек,
Ауылдарды бір бөлек
Өздініне қаратты.
Алладан жарлык келгенде,
Сан тарау сауал шығарып.
Шартарапқа тарапты.
Алты мың да алты жүз
Алпыс атты аятты,
Кітап пенен Құранды,
Макұлық атты жаратты.
«Сопы Аллаяр» кітаптан
Сұрап тұрсаң осымды,
О, Тәңірім-ай, қымбат-ты.
Әр руға бас бітті,
Бас бермеймін дегеннің
Жалғызын жардан кұлатты.
Мал бермеймін дегеннің
Үстіне шекпен кигізіп,
Иніне қоржын ілгізіп,
Ақ таяғын ат қылып
Айуаннан жат қылып,
Елден тамақ сұратты.
* * *
Байлар сәнге мінеді
Жазы-қысы құр атты.
Жарлы да өліп калған жоқ,
Оның да көңілін жұбатты.
Жалғанның беріп жарығын,
Бейшара жанды қуантты.
Мінер атқа кем қылып,
Бір пара жанды жылатты.
Ашты-тоқты болсаң да,
Иманың сақта ұятты.
Ардан көшкен ұятсыз
Дінсізге қылар мыятты.
Қолында тұрып ұрлығы,
Мойында тұрып зорлығы,
Ойында тұрып жалғаны,
Көңілінде тұрып арманы,
Баласын беріп моллаға,
Көңілін беріп Аллаға,
Дүнияға көңіл жұбатты.
ЗАМАНЫҢ КЕТТІ БАЯҒЫ
Зар заманның аяғы —
Заманың кетті баяғы,
Ықылас-ниет қалмады,
Үлкенге билік салмады,
Жарлының жалғыз сүйеніш
Мал болыпты таяғы.
Ұлықсыған ұл туып,
Бұлықсыған қыз туып,
Заман жауға кеткен соң
Кім үлкенін сыйлайды?
Жан есінен адасты,
Жамандық мұнша ұласты.
Жарысқа кірген жақсылар
Жақыным деп жан тартпай,
Кәпірменен қынасты.
Аузына кәпір қаратты,
Бұ дүниенің тұтқасы —
Ойлап тұрсам, мал екен.
Соған енді, жігіттер,
Кәпір, қазақ таласты.
Заманың енді өткен соң
Адам қайтіп қуансын:
Жандарал болды ұлығың,
Майыр болды сиынғаның,
Айырылмайтұғын дерт болды
Кедейге қылған қорлығың.
Кәпірді көрдің піріндей,
Тілмашты көрдің жеңгеңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр касында
Қазылған қара көріңдей!..
Айтса қайтып таймайды,
Қасарысып тілін тартпайды,
Ұрайын десең артынан,
Баласы шоқпар саптайды.
Қартайған бұл итім деп,
Артыңнан келіп боқтайды.
Сызылып тұрған келін жоқ,
Сіз деп тұрған қайын жоқ,
Тергеп тұрған заман жоқ.
Күйерсің де, пісерсің,
Жанған отқа түсерсің,
Өсімге жаның қиналмай,
Төбелес болып күткенің,
Өрт отына түсерсің.
Бұл асылық асқан заманда,
Қожа-Молда көбейіп,
Өре тұрған шөмейіп,
Жамандығы ішінде,
Жан-жағына қарасып.
АЛДАУШЬІ ЖАЛҒАН
Алдаушы жалған дүниенің
Алдайтұғын пұлы бар.
Аяқты теріс баспаңыз,
Жаманнан басың жырып ал!
Сұғанақ болып ұмтылма,
Сыбаған болса, тұрып ал!
Қазылған орға кез келсең,
Атың басын бұрып ал!
Үй менікі демеңіз,
Үй артында ұры бар!
Асыл туған жақсының
Қүн жетпейтін пұлы бар.
Кейбір сабаз маңғаздың
Сегіз рет қыры бар,
Бақ талас қып ерлерге
Кейбір жаман былығар.
Өте қусаң қорқақты,
Батыр да болып шынығар.
Текті туған ер жігіт
Кедейдік басса, құлығар.
Аяқты қия басу жоқ,
Орыстың салған жолы бар,
Емін-еркін заман жоқ,
Ендігі жүрген жігіттің
Мандайында соры бар.
Екі қісі ұрысса,
Қалам алар колына,
Зәкүннің түсер жолына.
Өте қусаң оралдың.
Орыстың жайған торына.
Мал бағып, тыныш ұйықтаған,
Талапты туғал, ерлерім,
Абақты түсті сорыңа,
Күнәкар болма, жігіттер,
Алланын жазған хаты бар,
Кәләм-шәріп Құранда
Мың бір есім аты бар!
Бұл сөзімді ұғады
Иман нұрлы заты бар,
Жаманнан басың сатып ал,
Тарылған мына заманда
Тыйыш үйіңде жатып ал.
Атқа мінген адамың
Жұрты қолға алады,
Сотқа таман шабады
Келедей істі көлдей қып,
Өтірік айтып жаласын
Мойнына әкеп жабады.
Өз қолыңды кесе алмай,
Шиелегенді шеше алмай,
Осы шығар, әлеумет,
Дүниенің қауіл, жаманы!?
Пітіне толды осылай,
Момын жаткан еліме,
Кәр түскендей бұзылды
Дария шалқар көліме.
Екі кісі ұрысса
«Қап, бәлем,деп,сені ме!.
Зәкүн айтып қатын тұр,
Қойнында жатқан еріне.
Зарланып тұрған әйел бар
«Қосылғам жок» деп теңіме.
Кұтырып тұрған елдер бар
Қала түспей жеріне.
Кел, жігіттер, түспелік
Жанған отқа көріне.
ШІЛ БОҒЫНДАИ ТОЗБАЙЫҚ
Жақынға жақын қас болып
Шіл боғындай тозбайық
Саналы адам түсінер,
Біраз жырлап қозғайык,
Осы пәни дүниені
Осы арадан болжайық!
Момын болып кей адам
Өз малын да бағып тұр,
Біреулердің дәулеті
Тасқан судай ағып тұр.
Сайлауға салып ынтасын,
Байлар қалта қағып тұр,
Түзу тартып кей жақсы
Өз жұртына жағып тұр.
Бекері бар ма сөзімнің,
Осылай емей неғып тұр?
Жігерлі туған кей сабаз
Елін жаудан қорып тұр.
Болыснай, би, ауылнай
Сырттан карап шолып тұр.
Бір ауыз үгіт сөйлесең,
Алдыннан тұзак кұрып тұр.
Осы күнде заманың
Осылайша болып тұр!
Мұсылманды бұл күнде
Орыс кәпір жеңіп тұр.
Ай сайын келіп санатып,
Есебіңді алып тұр.
Қайыр кетіп байлардан,
Бұзауға ақша беріп тұр.
Пәлен теңге торпақ бол,
Тиынға тиын болып тұр.
Залым туған сұмырайлар
Осылайша жеңіп тұр.
Шолақ иттей дінлілдеп,
Бір-біріне жетем деп,
Аласұрып өліп түр.
БҰЛ ЗАМАН АДАМЫ
Көзге біткен бес қара
Әр жерден жүр шаң беріп,
Жақынымен дауласар
Ұрладың деп мал көріп.
Қара ісінен кұтқарар,
«Ынтымақ» деп жан беріп.
Бұл заманның адамы
Ұстасады көре алмай,
Аз болса бөліп бере алмай.
Шындық кетті қазақтан,
Ант сөзіне сене алмай.
Дауласады алты жыл,
«Қоям ба, деп, жеңе алмай».
Бірге туған қарындас
Отырады үйінде
Бірін-бірі көре алмай.
Қас болып тұр жақының,
Су сықылды ағады
Жаманға айтқан ақылың.
Уәдеменен бермейді
Аласы болсаң ақыңды.
Күнде дәрет алады
Тақуа болса қатының.
Сеніп кетпе, ерлерім,
Оныңда байқа ақырын!
Ақ жаулықпен көркейер,
Абыройлы болса алғаның,
Жаман болса жолдасын,
Қатардан кейін қалғанын.
Жаман иттен кұтылмай,
Жақсы бір колға тұтылмай,
Ақырында махшарға
Қорлықпенен барғаның.