Екі елде ізі қалған ишандар

Сырдариядан  – Қорғантөбеге дейін
Қызылорда облысы өңірінің энциклопедиясында Бабай ишан Жүнісұлы туралы мынадай дерек берілген. «Бабай ишан Жүнісұлы, шын есімі Ибрагим (1857, қазіргі Сырдария ауданы, Ақжарма а. Азат кенті – 1937, Тәжікстан, Қорғантөбе) – діни қызметкер. Бұхара медресесін бітірген (1892). Сол жылы наймандар Бабай ишанды бала оқыту үшін Азаттан (қазіргі Ақжармадан орталарына көшіріп әкеліп, «Бидайкөлде» мешіт салып береді. Мешітте ақын А.Тоқмағанбетов, 20-ғасырдың 30-жылдарындағы қуғын-сүргіннің құрбаны болған Әбіш сынды зиялылар дәріс алған. Бабай ишан Сыр бойы ғана емес, Қостанай, Торғай, Семей өңірлерінде молдалық құрып, ағарту жұмыстарымен айналысқан, елді адалдыққа, имандылыққа, бірлікке шақырған. Ол кеңестік дәуірде солақай саясат зобалаңына ұшырап, Тәжікстанға ауып, көп қиындықтарды бастан кешірді. Әйелі Зере – Құнанбайдың туған жиені. Ишанның қызы Әсияның үйінен Абай пайдаланған шкаф табылды,
ол қазір Сырдария ауданы өлкетану мұражайында сақтаулы.» Осындай қысқаша анықтама Бабай ишан жайлы деректерді жинастырып, оның ақыры  қолдарыңыздағы оқып отырған еңбегіміздің жарық көруіне себеп болды.
Кім біледі, ғасырдан астам уақыттан бері қабырғасы қалқиып, иманымыз бен ынтымағымыздың қалқаны болып тұрған Бабай ишан мешіті, іздеушісі болмаса, даланың құмы басып, жауынымен шайылып, жерден де жоғалып кеткен күні адамның да жадынан өшетін жәдігеріміз болып қалар ма еді. Жал-жал үйілген топырақ, қалқиып қалған қабырғаның бір бөлігі жүз жылдам астам уақыт бұрын азан шақырылып, намазға ұйыған ел болғанын, шәкірттер дінге бой ұсынып, қасиетті құран ілімін үйренгені жайлы тілі болса айтар ма еді… Сол тарих құм астында қалмасын деп, елдің аузында жүрген әпсаналарды жазып алып, аңыз-ақиқатты қалпына келтіруге тырыстық.

Бабай ишан мешіті – Қызылорда облысы Сырдария ауданының  қазіргі А.Тоқмағанбетов атындағы ауылдың Болтай деген жерінде 18-ғасырдың соңдарында салынған. Мешіт салуға сол жердің ел сыйлар белді азаматтары ат салысқан. Дерек берушілердің айтуынша, мешіт бөлек салынған үш үйден тұрады. Ұзынша келген бір бөлме мешіт аталса, (ортасында жал болған деген әңгіме де бар) екінші үй шәкірттердің жатып оқитын үзірі болған
деседі. Үшінші үйді қазіргі кезде биік төбе болып қалған Ишанның тұрғын-жайы деп топшыладық.
Мешіт күйдірілмеген қам кесектен салынып, сабан араласқан сылақпен сыланған (қалдығы бар). Кірпішке жуандығы бармақтай қамыс салып құйылған. Ұзындығы 30 см-дей көлденең өрілген кірпіштер жақсы сақталған, биіктігі 7-8см. Биік жерге орналасқан мешіттің іргесін бір метрдей, көлденең салынған шоммен көмкерген. Қабырғасының қалыңдығы жарты метрдей. Көзкөрген қариялардың айтуынша, оңтүстік пен батысқа қаратып салынған екі терезесі биік орналасып, төбесі доғалданып біткен. Мешіттің батыс тұсында қабырғадан ойылып өрілген, төбесі үшбұрыштанып келген шағын қуысы болған. Мешіттің алдыңғы қасбеті (фасад) үйдің арт жағымен салыстырғанда биік, маңдайшасын еңселі әрі шығыңқы етіп өрген. Есігінің екі жағында шағын екі терезесі және мешіт алдында шағын бөлме бар. Мешіттің ауласына Бабай ишанның өзі отырғызған қара ағаш әлі көктеп тұр. Айналасында тамшы су жоқ, құмның ортасында жалғыз өскен ағаштың діңіне үш адамның құлашы зорға жетеді. Жерден екі метрдей биікте бұтақ жайыла бастаған тұсында ағаштың діңінің ішінде үш қарыстай ойық бар. Жаңбыр мен қардың еріген суына толған су қызыл түске боялған, иіссіз. Бәлкім, тереңге жайылған тамырына қосымша, өзегіндегі ойық та суға толып нәр беріп, ағаштың бір ғасырдан астам уақытқа дейін қурамай тұрғанын түсіндіруге болатын сияқты. Қара ағаштың түбінен тағы бір ағаш тамырланып, көлбей өсіп келеді. Қазіргі күнде мешіт қабырғасының бір бөлігі сақталған. Бабай ишан мешітінде сауатын ашып, ишанның батасын алғандардың бірі қазақтың көрнекті ақыны, сол жерде туып-өскен Асқар Тоқмағанбетов. Ақынның:

«Бабай мешіті тұсынан өтетін ек,

Алла, Алла, Алла деп,..» деген өлең жолдары кездеседі.

Осы топырақтың түлегі қуғын-сүргін тұсында жазықсыз жапашеккен зиялы азаматымыз Әбіш Мейірмановтың елге жеткен  шығармаларында Бабай ишан және осы өңірдегі ардақты азаматтардың, әруақты аталардың аты аталады.

«Сахаба отыз үш мың, төрт шадиар,

Ғаламның раушаны Расулалла.

Атамның пірі едің Тапал ақұн,

Нұраддин, Зиавид мақсұм, екі Шахзад.

Пірлерім Әміртемір, Бабай, Паттал,

Әбдуәли, Әлиакбар, Әбиболла,

Іскендір, Әбілхайыр, Әшен, Пазыл,

Қорғайтын келді кезің осындайда.

Тұқымы Әлилердің қатар өскен,

Қалымбет, Әли, Уәйіс бұл заманда.

Сіздерді жадыма алып зарланамын,

Қол берер келді кезің қысылғанда,

Жарылқар келді кезің, машайықтар…» деп сібір түрмесінен елге жолдаған өлеңдерінде келтірілген есімдерден оның азапты өмірінің рухани сүйеніші болғанын аңғаруға болады. «Машайық» сөзі арабшадан аударғанда «машияха», яғни, абыз, терең білімді, өте ақылды адам, періштелер аян беретін сопы деген мағынаны білдіреді.

 

Дүрбелең жылдары Бабай ишан қуғындалып, балалары мен туғандарын жинап, елден ауып кетеді. Одан кейінгі иесіз қалған мешітті мал қораға айналдырмақ болған көрінеді. Алайда қамаған қой бір түнде қырылып қалып, жаңа өкіметтің белсенділері бұл ойынан тез қайтады. Соғыстан кейінгі жылдары мешіттің жайын білмеген кісі мешіттің қабырғасынан кесек алып, үйінің пешін қалапты. Жағылған оттың гүрілінен жан түршігетін дыбыс естіліп, мазасын алған соң, себебін сұрастыра келе киелі мешіттің кірпішін орнына қайта қалап, бір мал құрбандыққа шалған екен.

Соғыс жылдары колхоздың егін алқабынан бидай ұрлаған әйел ауылды таба алмай адасады. Көзге түрткісіз қараңғыда алыстан көрінген жарыққа беттейді. Жақындай келе қараса, ауыл шетіндегі мешіттің ішінде жанып тұрған шырақ екен. Сөйтіп әлгі әйел бала-шағасына аман жетіпті. Адасқан жолаушыларға жол көрсеткен мешітт

Бабай ишанның қызы- Әсия, ұлы- Иман, кіші қызы -Үммігүлсім

ің орнындағы беймәлім шырақ туралы әңгімелер ел ішінде жиі айтылады.

Тағы бір деректерде терезесін бұзып алған кісінің екі көзі соқыр болып қалғаны айтылады. Рахманберді қожа мешіттің ағашын өрулігіне алып салған дейді. Ишанның күйеу баласы Уәйіс қожа: «Жалғызың жалпасынан түссін демесең, ағашты апарып көпірге сал!» деп кеңес  беріпті. Сол Мешіттің ауласында өскен жалғыз түп қара ағашты шапса, қан шығады деген сөзді жиі естиміз. Ишанның қызының келіні Несібелі: «Көкем қауақпен су тасып көгерткен ағашы» деп апам айтып отырушы еді дейді. Көшетті отырғызарда Бабай ишан «Қиямет күнге дейін өссін» деп  с ер т қылған  д ес ед і. С оғ ыс ж ылдары орақ  орып жүргендер куә болып, айтыпты: дәл мешіттің үстінде қазанның көлеміндей нәрседен бидайдай шашырап, жарқыраған нұр төгіліп тұрыпты. Орақшылар қайтарда жолда өскен шеңгел-жыңғылдар түбінен құлап, жолды жауып тастағанын көзімен көріпті. Қатты нөсер мен жауынның соңынан пайда болған әлгі құбылыс сүт пісірімдей уақыт тұрып, сосын ғайып болыпты. Бұл тылсым жайлы естігендер Алланың нұры (рамазан айы екен) деп түсіндіріпті.

Артында киелі Мешіті қалған, қазақ жерінде діни ағарту ісін жүргізіп, сәулелі көкіректерге имандылық нұрын еккен Бабай ишан Жүнісұлы 1857 жылы дүниеге келіпті. (Азан шақырып қойған аты Бабарахым не Рахымбаба) Бұхара медресесін бітірген. Бабай білікті де білімдар, парасатты адам болған. Қатар жайлаған елде болып қалатын дау-дамайға әділ билік айтып отырған. Бір жылы ошақты мен балталы арасында аты белгісіз сайда өлген тайдың құнын өтеу жайлы тартыс болады. Келісімге келмеген екі жақ билік етуді Бабай Ишаннан өтінеді. Сонда Бабай:

– Қыз беріп, қыз алысып жатқан ағайынсыздар. Арам өлген тай, иесіз қалған сай үшін араларыңыз ажырамасын, дауды тоқтатыңдар, – деген екен. Тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ұлағат жөнінде де келелі кеңестер беріп отырған.

«Таздан жарғақ бас туады,

Жалқаудан мал бақпас туады.

Шабаннан желмес туады,

Саңыраудан шақырсаң келмес туады» деген сөз де Бабай ишаннан қалған деп біздерге жетіпті.

Ишан ауылдағы әрбір отбасының амандығына әрдайым тілеулестік, қамқорлық танытып отырған. Кейде отбасында болатын қауіптен, қазадан құдайы бергізіп, аман қалуды ойлап отыратын көріпкелдігі болған. Кеңес өкіметі бұл өңірге де табандап, «халық жауы», «қожа-молда» деп елдің алдына шыққан ірілерді қуғындай бастағанда, «жаттың қолында кетпесін» деп, Бабай ишан қыздарын жедеғабыл

тұрмыстандырады. Бес қызының кенжесі Үммігүлсімді (Үмбіш) белсенді мұғалім Әбілқайырға ұзатарда: «Қызым жыламассың, орыс молда демесең, қожа көрінеді ғой, Ғайыперен қырық шілтен совет үкіметін қолдап тұр, қанша созыларын Алла біледі» деген екен.

Ұлдары өзге шәкірттермен бірге ислам ілімін меңгерсе, діни сауатты қыздарын өнерге де баулыған. (Бертінде дүниеден өткен Әсия әжеміздің жайнамазы мен таспиығы болған) Жіңішкелігі моншақтың тесігінен өтетін түйе жүннен жіп иіріп, ақ шекпен тоқыған екен, елде қалған қыздарының үйінің іргесінде өрнегі жиылмаған, өнерші болған. Елде үрдіс болмаған жеміс ағашын егу, бақша салып, қауын-қарбыз өсіру Бабай ишан ұрпақтарында болған.

Ел аузынан жазып алған тағы бір әңгімеде Арқадан бір кісі Ишанның иығына құндыз ішік жауып, батасын алыпты. Сол елдің серісі Айқожа деген кісі:«Мына шапанды-ай!» деп қызығыпты.

Ишан сөзге келместен, «Қызықсаң, ала ғой» деген екен. Айқожаның иығында кеткен ішік жайлы естіп, Ешмұрат деген тағы бір қуақы дереу үйіне барып, тамақ дайындатып, Айқожаның алдынан шығып, «үйге түс» деп әурелепті. Үйге келе иығындағы ішікті шешіп алып, іліп қояды. Тамақты ішіп, шайланып, аттанар алдында қуақы Ешмұрат Айқожаға өзге шапанды кигізіпті. Сонда Айқожа: «Ой, Ешмұратжан-ай, күптей болып келіп, сыптай болып шықтым-ау» деп, құндыз ішігін қалдырып кете беріпті.

Ишанның Әмір Темір деген інісінің Жүсіп деген баласы бір естелігін қалдырған екен. Ақсақал 13-14 жасында: «Әке, бір кереметіңізді көрсетіңізші» десе керек. «Онда, қорықпасаң, балам, көрсетейін» д еп с ыр тқ а ш ығ ып қай та кіргенд е к ер ем ет көрмек болған баласы қорыққаннан тонның астына қалай кіріп кеткенін білмей қалыпты. Сөйтсе, Бабай ишан әскери қару-жарақ асынған, сары ала белгілері бар киім киген, жандарал формасын да көзіне көрінген екен. Бұдан басқа бейнеге еніп, көзге өзгеше көріне алатын қасиеті болғанын ұғамыз.

Ахметбек Уәйісұлы

Абайдың кітап шкафы

Енді бірер ауыз сөз Бабай Ишанның Ауғанстан асқандағы кезінен болмақ. Тәжікстанмен шекаралас Термез қаласында сәл кідіргеннен кейін, Тәжікстандағы Қорғантөбе қаласынан 3 шақырым жердегі «Сохтмони Вахш» колхозы Калача қыстағында орналасады. Бұл 1929 жылы. Қыздарының айтуынша, қатар тұрған үйлерді жықпастан, бастарына шапан жамылып, бүркеніп, дәрет алғалы бара жатқан секілді біртіндеп елдің арасынан шыққан екен. Артық зат алмай, үйді жықпай көшу себебі «белсенділер» біліп қалып, артынан қуып жүрмесін деген екен. Көлік лаулап мініп, Тәжікстанның оңтүстігіне азып-аршып жетеді. Қызыл өкіметтің құрығы бұл жерде де тыныш қоймайды. 1937 жылы екі ұлы Қалымбет пен Әбдуәлиді бір түн ішінде НКВД алып кеткен. Зор заманның қанды шеңгелінде қосақталып кеткен ұлдарының соңынан көп ұзамай, сол жылы туған жерден топырақ бұйырмай, Тәжікстанда 80 жасында Бабай Ишан пәниден бақиға өтеді. Артында қалған қос ұлдың кішісі Абдолла соғыстан оралмаған.

Бабай ишанның өз әйелінің аты – Зере (не Зөре). Құнанбай қажының жұрағаттары. Ишанның Әсия атты қызының үйіндегі, бұл күндері аудан мұражайында сақтаулы тұрған «Абайдың кітап шкафы» бұл елге Зере шешенің төркінінен келген жәдігер деп бағалайды. Қысқаша тарихына тоқталсақ, 1929 жылдары елден көшерде Тумыш деген кісіге аманат етіп тапсырған. Соғыс жылдары елге келген Әсия әжеміз шкафты қайтып ал

Баабй ишанның немересі -Уәйісұлы Мұхамедияр, шөбересі – Ахметбекұлы Нығметулла ортасында – Рахманберді ұлы Бахтияр аға

ған. Қазақтың белгілі қаламгері Қалтай Мұхамеджанов ағасы екеуі келіп сұрағанда, бір себептермен бермей жіберген екен. Әңгімеміздің басында айтқандай, 1928 жылы қудаланып, 1929 жылы елден кетіп,Тәжікстанның Қорғантөбе қаласынан үш шақырым жердегі сол кездегі Октябрь ауданы «Сохтмони Вахш» қолхозы Қалача қыстағында жасаған. Бұл жерді қысқаша «Тәжікстан» д еп т е а йт ад ы. Б із дегі дер ек те р б ой ын ша Б аб ай и ша н д а, бәйбішесі де сол жерде жерленген. Бабаларымыздың мәңгілік мекеніне айналған жер қазіргі Тәжікстан Республикасы, Вахш ауданы, джамуати «Таджикобад», «Сохтмон» учаскесі, «Теппа» замині деп аталады екен.

 Деректер былай дейді

Мүмкін, қалауы солай болған шығар, Ишан ұстаған мешіттің орны біздің ауылдың шетінде тұрған соң да, бірнеше жылдан бері осы істің айналасында жүрмін. Бабай ишан ұрпақтарының дерегін сұрастырып, хабары қолыма тиген соң, бүкіл бір әулеттің соңғы мекені болған Қорғантөбеге бір соғуды міндетімдей көрдім. Менің білетінім, осыған дейін әкемнің ағасы – Ахметбек Уәйісұлы екі ортада қатынап тұрған болатын. Алайда тоқсаныншы жылдардағы соғыстан кейін түрлі жағдай болып, ол жақтың хабары үзіліп қалады. Бәрінің хабарын білетін ағам да дүниеден өтті. Заман өзгеріп, тарихтың ақтаңдақ беттері ашыла бастағанда, бұрындары мән бермеген нәрселерді жаңа қырынан тани бастадық. Ең бастысы, есейіп, ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді түсіне бастадық. Бір әулеттің тарихын еліміздің тарихынан бөліп жармай, бірге қарастырдық. Сөйтіп, туған ауыл мен Қорғантөбенің арасын жалғаған алтын арқаудың үзілген жібін қайта жалғап, тарихтың жаңа беттеріне үңіліп, түсіне бастадық.

Осыдан бірнеше жыл бұрын, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментіне іздеу салып жолдаған хатымызға төмендегі мазмұнда жауап алған едік. «ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Арнайы мемлекеттік мұрағатында Сіздің туыстарыңыз Қалымбет, Әбдәли Бабаевтарға қатысты мағлұматтар жоқ. Сонымен қатар, Сіздің арызыңыз бойынша Тәжікстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Мемлекеттік Комитетіне жолдаған хатымызға төмендегідей мәліметтер алынды.

1.Тәжікстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Ақпарат басқармасында сақталған №С03305 мұрағаттық істегі деректер бойынша:

– Бабаев Абдали 06.12.1937 жылы ТәжікССР ХІІК Мемлекеттік қауіпсіздік басқарма «Үштігінің» (Тройка» УГБ НКВД ТаджССР) қаулысымен 8 жылға бас бостандығынан айырылып, сотталған.

ҚК бабтары көрсетілмеген. 05.05.1944 жылы Ангар лагерінде қайтыс болған.

 2.Тәжікстан Республикасының Қауіпсіздік Министрлігінде сақталған №П-4263 мұрағаттық қылмыстық істегі деректер бойынша:

– Бабаев Қалымбет, 1895 жылы Қазақ ССР Қызылорда облысының 49 ауылында туылған. 11.09.1937 жылы ТәжікССР ХІІК МҚБ «Үштігінің» қаулысымен ТәжікССР ҚК-нің 62 және 58 бабтары бойынша ату жазасына кесіліп, үкім 15.09.1937 жылы орындалған.

СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 16.01.1989 жылғы «30-40 жылдардың кезінде және 50 жылдардың бас кезінде орын алған қуғын-сүргін құрбандарына қатысты әділдікті қайта қалпына

келтіру бойынша қосымша шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, 11.09.1937 жылғы ТәжікССР ХІІК МҚБ «Үштіктің» қаулысының күші жойылған және қылмыстық іс өндірістен қысқартылып, Бабаев Қалымбет ақталды.

Өкінішке қарай, жоғарыда аталған азаматтар туралы қолда бар дерегіміз осы. Департамент бастығының бірінші орынбасары Е.Табынбаев. 5.07.2007 жыл.

Келесі хат 16.12.2009 жылы Душанбе қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінен келді.

«Құрметті Уайсова Айгүл! Сіздің сұрауыңыз бойынша Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жергілікті Ішкі істер Министрлігінің мұрағатында сақталған №С03305, Мемлекеттік Қауіпсіздік Министрлігінің мұрағатында сақталған №П-4263 мұрағаттық істерінен алынған ата-бабаларыңыз Бабаев Абдали, Бабаев Қалымбет жайлы мәліметтер көрсетілген құжатты жолдап отырмыз.

Сталин кезеңіндегі қиын заманды бастарынан өткізген ата-бабаларымыздың, халқымыздың ерлігін мәңгі есте сақтап құрметтеу келер ұрпақтарымыздың парызы деп білеміз. Сіздей іздеуші адамдардың арқасында олардың ерлігі еш уақытта  ұмытылмайды. Бастаған игі істеріңізде сізге табыс, қажымас қайрат, деніңізге саулық тілеймін.

Қосымша: ТР Сыртқы істер Министрлігінен келіп түскен жауап хат, 2 бетте.

Құрметпен, Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Ә.Ахметов.

«№-13-7 (14518) Министерство иностранных дел Республики Таджикистан свидетельствует свое уважение Посольству Республики Казахстан в Республике Таджикистан и в ответ на ноту №31/1385 от 22 октября 2009 года имеет честь сообщить, что согласно документам архивного дела №СО3305 информационного управления МВД РТ Бабаев Абдали, 1900 года рождения, уроженец аула №7 Кзыл-Ординского района, Казахской ССР, по национальности казах, является крупным кулаком, отец в 1928 году раскулачен, сам Бабаев Абдали имел собственную мечеть, где занимался с 1928 по 1930 годов мулло-имамством. В 1931 году скрылся от ареста, сбежав в Таджикистан, в Октябрьский район, где поступил работать в магазин продавцом. На основании постановления Тройки Управления государственной безопасности НКВД Таджикской ССР от 6 декабря 1937 года (выписка из протокола №36), Бабаев Абдали обвиняется в том, что работая

заведующим магазина «Таджикторга» проводил националистическую политику при распределении предметов первой необходимости среди колхозников.Используя свое служебное положение, занимался спекуляцией мануфактуры, предназначенной для планового снабжения колхозников. За время работы заведующим магазина, совершил растрату государственных средств в сумме 13 994 рубля (виновным себя не признал). Тройка постановила: Бабаева Абдали заключить на 8 (восемь) лет исправительно-трудовых лагерей, считая срок с 07 октября 1937 года. Информация получена их архивного дела №СО 3305. В материалах архивного дела №П-4263 Архивно-учетного отдела Государственного комитета национальной безопасности Республики Таджикистан в отношении Бабаева Калымбета, 1895 года рождения, уроженца аула №49 Кзыл-Ординского района, Казахской ССР, по национальности казах, беспартийного, женатого (члены семьи:жена- Хадича, 1897 года рождения, сын-Курбан 1926 года рождения) указано, что до ареста он работал заместителем директора магазина «Таджикторга» Таджикской ССР, Бабаев К. 28 августа 1937 года за антисоветскую пропаганду и кражи государственного имущества, а также за имеющейся связи с неким Калунджановым – нарушителем государственной границы СССР был арестован и на основании постановления НКВД Таджикской ССР от 11 сентября 1937 года Бабаев Калымбет приговорен к смертной казни. Приговор был исполнен 15 сентября 1937 года.

На основании Указа Президиума Верховного Совета СССР от 16 января 1989 года «О дополнительных мерах по восстановлению справедливости в отношении жертв репрессий, имевших место в период 30-40-х и начале 50-годов» постановление тройки было отменено и уголовное дело в отношении его прекращено» Бабаев К. реабилитирован. Вместе с тем, в материалах архивного отдела №П-4263 место захоронения Бабаева К. не указано.

Министерство пользуется случаем, чтобы возобновить Посольству уверения в своем весьма высоком уважении. Приложение: на 2 листах. Душанбе, 23 ноября 2009 года.

Бұл біз сұрастырған жеке іс парағының тәжік тілінен орысша аудармасы болатын. Қуғын-сүргін құрбандары болған азаматтардың сүйегі қайда қалғаны белгісіз, ең болмаса, әкелері отырғызған ағаштың көлеңкесінде аттары қалсын деген оймен, есімдерін тасқа жазып, белгі қоюға шешім қабылдадық.

Бабай ишан мешітінің орына белгі қойып, ас беріп, бір міндетті атқарғаннан кейін жолымыз түсіп, Тәжікстан Республикасына барып келудің сәті түсті. Оған қуандым да, қорықтым да.

Қорқатын себебім, білмейтін, көрмеген жеріме қалай барамын деп ойладым. Жайыма қарап жүрмей, осы жүрісім дұрыс па деп те күмәнданамын. Үлкен апайым Айзаданың «мал-жанымды аллаға тапсырдым» деп жүре бер деген сөзі көңілге көп демеу болды. Сонымен жол мұраты жету ғана екен.Ондағы біздің елшіліктегі азаматтар хабарласты. Әуежайдан аяғымызды жерге түсірмей, тәжік ағайындар қарсы алды. Алдымен Душанбеде кідіріп, тиісті адамдармен кездесіп, жұмыстарымды жалғастырдым. Тәжікстанның астанасы Душанбе – осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын Сары Ассия, Шахмансур және Душанбе деген үш 42 қыстақтың орнына орналасыпты. Ол уақытта әр дүйсенбі сайын базар болады екен. Қаланың аптаның алғашқы күнімен аталуы содан қалыпты. 1929 жылдары Иосиф Сталиннің құрметіне «Сталинабад» аталып, 1961 жылы бұрынғы атауы қайтарылған. Душанбе – кеңестер заманының біркелкі жобасымен салынған шағын қала. Бір көшенің бойында орналасқан мәдени-әдеби, ғылым ошақтарының сәулеті де бір жерде, еліміздегі облыс орталықтарын көргендей әсер қалдырады. Мұнда көк тіреген зәулім үйлер, атшаптырым алаңдар, кең көшелер, ұзын даңғылдар жоқ. Биік шынар ағаштарының көлеңкесінде мүлгіген ғимараттардың кеңестік бояуы жаңғыра қоймаған екен. Тәжіктердің бас қаласының басты ерекшелігі де осы сияқты. Одақ ыдырағанда, еншісін алған елдердің бірі – Тәжікстан Республикасында 2000 жылғы санақ бойынша 80 пайыз тәжіктер, 15 пайыз өзбектер тұрыпты. Қырғыз-орыстар бір пайыздан да аспайды, одан бөлек оған жетер-жетпестей түркімен, татарлар бар. Тәжіктер өздерін оңтүстік, солтүстік болып, одан қалды гиссарлық, кулябтық, ходжендтік, памирлік, бұхарлық тәжік деп те шыққан жеріне қарай ажыратады. Тілдерінде де айтарлықтай ерекшеліктер бар. Мұндағы өзбектердің де өз атауы бар. Өзбек-сарттар, өзбек-қоңыраттар, лақайлар болып келеді. Соңғысы тілі мен сыртқы келбеті жағынан қазақтарға көп ұқсайды. Меніңше, барлық халықты бірегей ететін еркектерінің ала тақиясы, сұр шапаны мен әйелдерінің ұзын көйлегі сияқты. Жас-кәрісіне қарамай, әйелдердің дені ұлттық көйлегін, оның астынан жиегі өрнектеліп әдіптелген дамбал киеді. Бастарын шарт байлаған орамалдарының астында қайшы тимеген мойыл қара шаштарын бұрымдап өрместен, жайып қояды екен. Жаңа түскен келіншектерді тақиясынан тануға болады. Кейбірінің тақиясының үстін ақ желек көмкеріп тұр.

Қыздарының еуропаша киінуіне алдымен ата-аналары қарсы көрінеді. Егер жүріп-тұруға қолайлы болса, ұлттық киімін киіп жүргеннің несі айып?! Ересектер ала тақиясы мен шапанын киіп жүрсе, жастардың бұл дәстүрді сақтай бермейтінін байқадық.

 

Қорғантөбе

Қорғантөбені қазақтар қалапты.  

Алдын ала жоспарланғандай, екі-үш күн Душанбеде болып, қаланың оңтүстігінен 100 шақырымда жатқан Вахш жазығындағы Қорғантөбеге бет алдық. Дерек бойынша, жиырмасыншы ғасырдың басында бұл аймақта 20 мыңнан астам қазақ отбасы тұрыпты. Ал жиырмасыншы жылдардың соңында басталған қуғын-сүргін дауылынан ыққан, мал-жанымен бірге көшкен қазақты кім санапты?! Көптің мекені болғанын қазіргі қыстақтардың шетіндегі қазақ қорымдарынан білуге болады. Сол қорымдарда жергілікті халықтың үрдісінде жоқ «төртқұлақтар» мен мұндалайды. Бұл күнде қазақтан екі мыңдай ғана қалыпты. «Есің барда еліңді тап» дейтін қазақ, қысылтаяң кезең өтісімен алпысыншы жылдардан бастап тарихи отанына оралып, одан қалғаны 1992-1997 жылдары, Азамат соғысы кезінде елге бет бұрған екен. Осыдан бір ғасыр бұрын қилы заманда ауа көшкен қазақтардың ізімен жүріп өтіп, екі елдің ортасында үзіліп қалған қарым-қатынас жібін қайта сабақтауға тырыстық. Тарихтан белгілі, Кеңес өкіметі орнамай тұрғанда бұл өңір Бұхар әмірлерінің тұрағы болған. 1924 жылы Өзбек ССР-нің құрамында автономиялық республика, 1929 жылы жеке республика болып Одаққа өтеді. Тұрғылықты тәжіктер Памир тауында қалып, жаңа республикаға Самарқанд пен Бұхарадан тәжіктерді алып келіп қоныстандырады. Ал, қазақтардың көбі кездейсоқ аялдаған. Себебі, кеңес өкіметінің құрығынан қашқан қазақтардың дені Ауғанстан аспақ болады. Бұл жерге де кеңестің билігі жетіп, шекара жабылғанда қалың қазақ Қорғантөбеде тосылады. Елге баратын жол жоқ, бабаларымыз қамысты жерді құрғатып, малының күшін де, маңдайының терін де аямастан Қорғантөбені елдімекенге айналдырады.

Әбсаттар НұралиевӘбсаттар Нұралиев, профессор, «Тәжікстан-Қазақстан достық қоғамының» төрағасы. Бұл кісімен таныстығым Душанбеде басталды. Тәжік елінде қазақ журналистикасының негізін қалаған, профессор Әбсаттар Нұралиев 1968 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1975 жылы Алматыда «Фольклор саласындағы тәжікқазақ байланысы» атты кандидаттық диссертация қорғайды. Содан бері екі елдің әдеби-мәдени арқауын жалғап, екі халықты жақындастырып жүрген белгілі қоғам қайраткерімен Душанбеде кездесіп, сұхбаттасқан едік. «Жиырмасыншы ғасырдың басында тәжік жері қуғын-сүргіннен ыққан көп қазаққа да қорған болды ғой. 1909 жылғы дерек бойынша, 20 мың отбасы осы өңірде жасапты. Жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдары Қазақстанның Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан көптеген қазақтардың үдере көшкені белгілі. Алдымен Өзбекстанның Қаршы деген жерінде кідіріп, отырықшы елге сыйыспаған соң, Тәжікстан арқылы Ауғанстан аспақ болады. 1924 жылдары бұл жерге де кеңес өкіметі орнайды. Ауғанстанмен шекара жабылып, қалың қазақ мал-жанымен осы жерде қалады. Қызылдардың зорлығынан қашқан ишан-қожалар, үлкен ғұламалар осы жерге орналасады. Қазақстанда аты белгілі Ақ қожа ишанның немересі Махмұт ишанда осы нөпірмен баспаналап келіп, алпысыншы жылдары елге қайта көшкен. Байшуақов алғашқы леппен Башқұртстанға кетіп, 1947 жылы Тәжікстанға келген, үлкен ғұлама Гиссар мешітінде имам болған. Кейін Ақтөбеге қайта оралып, сонда қайтыс болады. Тарихқа көз салсақ, жергілікті тәжіктер таулы Памирды мекен еткен, ал жазықта Бұхарадан, Самарқанд тәжіктері, өзбектер қоныс тепкен.Екі қала да ежелден ислам ошағы. Тәжікстанда тәжік-қазақ деп бөлінбей, бір мұсылман баласы болып өмір сүрген. Сол жылдары елден босып келген көптеген қожалардың бейіті Тәжікстанның Қорғантөбе қаласының айналасында жатыр. Бұл да ерекше зерттеуді қажет етеді. Себебі, көшкен қазақтардың мал-жанынан бөлек, байлығы да, рухани қазынасы да жердің қойнауында қалған. Ол заманда солай болды. Оны қайта қазып алудың мүмкіндігі болмай, білетіндер дүниеден өтті. Егер Қазақстанның өткен ғасырдың алпысыншы жылдарға дейінгі тарихының бір мезеті осындай болса, алпысыншы жылдардан кейінгі тәжік елі экономикасында қазақ ағайындардың үлесінің алған орны болған. Бұл – жаңа тарихтың дерегі. Әрине, Тәжікстанның тұңғыш ішкі істер министрі Абдолла Жармұхамедовтың ұлты қазақ екені көп адам біле бермес. Әртүрлі салаларда еңбек еткен қазақтар да жетерлік. Олар канал қазған, түйелерімен жүк тасып, жол салып, қала тұрғызған. Жақында Яванда тұратын 102 жастағы тәжікпен сөйлестім. Сол кісінің айтуына қарағанда, қазақтар түйекеш болып жүріп, бұрынғы дәулеті артып, байыған екен. «Яваннан Қорғантөбеге азық-түлік тасып, қажетті заттарды жазыққа жеткізген. Қазақтың ең кедейінде екі түйесі болып еді. Қазір «Тәжіктранстың» мыңдаған түйесінен жалғыз інген Қожамқұл Нұрматовтың қорасында қалды. Ол Хатлон облысының Гарауити деген жерінде тұрады» деді.

Бабаның белгісін іздеу

    Екі-үш күн өткеннен кейін Душанбеде жатып қалғандай сезініп, Қорғантөбеге асықтым. Содан не керек, бейсенбі күні қас қарая, Душанбедегі жұмыстарымды реттеп болып, Қорғантөбеге аттанып кеттім. Содан Қорғантөбеге жақындап қалғанда жеңіл мәшиненің ашық терезесінен жағымды иіс кеулеп кетті. Таныс иіс. Осының алдында түс көргем. «Палау жасайын деп бір бөлмеге кіріп қалып едім, сонда бір сүйекті өтеарық ақсақал жатыр екен. Мен жақындай бере айналасындағы қара құрым халық жоғалып кетіп, жалғыз өзі қалды. Қария «Шолпанның (Шолпан Бабай ишанның кіші баласы Абдолладан қалған жалқыз қыздың қызы) шаруаларын шешіп жатыр едім ғой» деді. Содан менің қолымнан тас қып ұстап, «келдің бе?»,«жағдайың қалай?» деп сұрап, тас қылып ұстап алып, «үу-у» деп ыңылдап, теңселіп кетті. Бір тазалықты сезіндім, мұрныма өте жағымды бір иіс келді». Сол кезде оянып кеттім. Бір қызығы, сол иісті Қорғантөбеге жете бере тағы сездім. Көліктегі кісілер тәжік болғасын, жөнін сұрай алмай, үндемей отырдым.Мен мінген көліктің жүргізушісі сол жерде тұрып жатқан қазақ жігіті Марат Ыдырысовтың айтқан жеріне жеткізіп салды. (Оның бәрін Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы елшінің көмекшісі Айтжан Айдашев деген азамат ұйымдастырып, алдын ала ескертіп қойған екен. Жақсының жақсылығын айту керек шығар, Айтжанның бөтен жерде жүрген жайымды түсінген қамқорлығына риза болдым. Қызметі құдайдан қайтсын деп, елге келген соң батырларын жырын жақсы көретінін біліп, «Батырлар жыры» дискілер жинағын сыйға беріп жібердім).Түнелете Мараттың үйіне жеттім. Қонақ үйдің жайын айтып едім, өзінің үйінде қалуыма рұқсат етті. Гүлжаһан атты әйелі, Әзизбек деген ұлы бар екен. Гүлекеңнің сорпасын ішіп, демімізді алып, шаруамды айттым. Марат жұма сайын болатын мал базарына тура келдіңіз деді. Шай ішіп отырып, қалаға кіреберісте сезген иіс есіме түсіп, сұрап едім. «Облепиха өскен тоғай мен көлшік бар, сол жақтан жел ескен шығар» деп жауап берді. Мен үндемедім. Ертесіне базарға шығатын болып келістік. Одан кейінгі мақсатымыз бабамыз жатқан қорымды іздеу болатын. Мен айтқан жобамен Қорғантөбенің айналасындағы қорымды аралайтын болып келістік. Марат дереу телефон шалып, таныстарына жақын қорымдарды сұрастыра бастағанда, қуанғаннан «бабамыз тіріліп келгендей» болды. Өзім шетте жүріп, беймәлім нәрсені іздеп келгендей жағдайымда кезкелген жылы сөз, ықыластың орны бөлек екен. Ертесіне Марат Ориф деген тәжік досын шақыртып алып, соның көлігімен ертесіне мал базарына келдік. Екі жігітке ақшаны беріп қойып, асықпай сыртта күттім. Себебі, мал базарында жүрген әйелдерді көрмедік, олардың мұндай жерге бармайтынын Марат жұқалап жеткізген. Бірақ сонша жерден келгеннен кейін үйде қалай қарап жатамын, ергенім де сондықтан, әрі суретке түсірудің реті келді. Мал базарынан шығып, атаған қойымызды құдайы өткізетін жерге апарып, жолай Гарауити деген жерден келген Нұрматов Хожамқұл ақсақалды машинеге мінгізіп алып, басты жұмысымызға кірістік. Қаладан шыға берістегі бір жарым шақырымдай жерде шағын қорым бар екен. Мен «тұрса, темір кереуеттің басы болуы керек» деген соң, азаматтар қорымды аралап кетті. Марат қатарлы шырақшысы бар екен, көп нәрсе білмеді. Мұнда Мараттың туғандары жатыр екен, бет сипап, құран оқыдық. Шынын айтукерек, қорымның қақпасынан кіргеннен өзімді жаман сезіндім, жүрегім қысылып, тынысым тарылғандай болды. Не істерімді білмей, аяғым зілдей болып, мазам кетті. Қырғауылы бар екен, дәл алдымнан «пыр» етіп, ұшып кетті. Жанымда Ориф тұрған, «құран оқышы» деп өтіндім. Ал Марат пен ақсақал қорымның екінші жағына қарай кетіпті. Соданқорымның қоршауының сыртына шыққанда ғана жеңіл сезіндім.

Менің білетінім, қаладан үш шақырым жердегі қорым еді. Бірақ Нәман аға «баабның ұрпағы) қала өсіп кетсе, арасы жақындаған шығар деген соң, тағы алаңдадым. Марат пен ақсақал не болса да бар қорымды көрсетіп шығуды мақсат еткен болу керек, «ана жерде тағы бір қорым бар» деп сонда бет алдық. Бұл қаладан шығатын шығысқа қарай елді мекендерге алып баратын жолдың сол жағында, ауданға апаратын үлкен жолдың оң жағында орналасқан, мақталықтан өтіп баратын төбе екен. Сыртын ақ бетон қоршаумен қоршап тастаған. Айнала ағаш өскен таза жер екен. Алғашқы қорым батпақты көрінді. Қорымның ортасындағы төбеге темір мұнара орнатыпты. Оның не екенін сұрамадым. Түйе өркештенген төбесі бар екен. Соған көтеріліп, отырып, демалдым. Ақсақал мен Марат тағы да молаларды аралап кетті. Ондағысы – мен айтқан темір кереуетті табу еді. Темір кереуеттің жайын Айзада айтқан, ол ағамнан естіпті. Мен төбеге шықтым да рахаттанып демалдым. Біраздан соң, мұнда келгенім есіме түскендей, жолсеріктеріме: «Сіздер қайта беріңіздер, мен осында қалайын, біраздан кейін қайтып алып кетерсіздер» дедім. Оған көнбеді, өйткені қорымда әйелдің, одан қалды жалғыз жүруі елдің салтында жоқ екен. (Ондай салт бізде де жоқ, бірақ алыстан келгеніме байланыты, көп нәрсеге көз жұма қарағаным рас).

Нұрмат ақсақал, Ориф және Марат

Ақсақал мен Марат, Ориф қорымды айналып шығып, темір кереуетті көрмедік деп қайтып оралды. Ориф көп сөйлемейтін, бірақ бәрін аңғарып жүретін жігіт екен. Өзі қорымнан шығып бара жатып, «сіздің айтқандарыңызға осы жер келіп тұр» деді. Содан тағы жолға шықтық. Жолай кездескен, ақсақалдардан жақын маңда қандай қорым бар деп сұрады. Содан үшінші қорымға ол алты шақырым жерде екен, бардық. Бәрі бейтаныс, ешқашан болып көрмеген жер болғасын, тап басып, мынау деп мен айта алмадым. Жол бастаушылардың айтқандары болсын деп, іздеріне ердім. Бұл қорымда тәжіктердің қасиетті адамдары жерленетін болса керек, эшондар мен қожалар ол халықта да бар ғой. Қорымның шөбі шабылып, күтім жасалатыны көрініп тұр. Бірақ бұл жерде де жүрегім қысып бөтен жерде жүргендей сезіндім. Көп кідірмей бұл жерден де шықтық. Хожамқұл ақсақал қаладан он екі шақырымдай жерде тағы бір «Қазақ әулиесінің» қорымы барын айтты. Мен онша мән бермеген болатынмын. Өйткені, біздің ойымызға алған жер қаладан үш шақырымда болуы керек болатын. Ол жайында Нәмән ағамыздың айтқаны бар, одан қалды ол кісінің жазған хаты тағы бар. Сонымен хатты бірге оқыңыздар:

«Құрметті іні! Бұл хатты жазып отырған Нәмән Қалымбетұлы. Сізбен Асқар ауылында Ахаңның үйінде кездескенбіз. Бабай атамыздың қысқаша шежіресін және табылған фотосуреттерді жіберіп отырмын. Қосымша айтылған сөз: Бабай атамыздың суреті жоқ. Ол кездерде діндәр кісілер суретке түспеген. Дегенмен әжеміз Зөре, я Зере, анығын білмеймін, балаларының сұранымымен бір рет суретке түскен екен. Атамыз балаларымен 1929 жылы елден кетіп, Тәжікстанға қоныс аударған. Октябрь ауданы, «Сохтимони Вахш» колхозы, Қарача (дұрысы Калача) қыстағында жайғасқан. Бұл Қорғантөбе қаласынан 3 шақырым жерде. (Бұл адресті бұдан былайғы жерде қысқаша Тәжікстан деп жазамын). Ағамыз да, әжеміз де дүниеден қайтып сол жерде жерленген. Иман аға Тәжікстанда колхозда диірменші болып істеген. Ол жақтан көшіп, Ташкент облысы, Төменгі Шыршық ауданындағы Буденный колхозы, Қызыл Наммуна бөлімшесі, Қожа ауылына келіп, орналасқан. Өзі де, кемпірі Жұлдызай да дүниеден қайтып, сол ауылда жерленген. Ол жерде Сара деген қызы бар. Қалымбетті «халық жауы» компаниясы кезінде, 1936 жылы Тәжікстанда НКВД алып кеткен. Қанша іздестіргенмен де еш жерден жауап қайтпады. Оның тағдыры беймәлім.Әбдәлиді де 1936 жылы көкеммен бірге алып кеткен. Ол кісіден бір-ақ рет ха-

бар келген. Соғыстың соңғы жылдарында ма, немесе соғыстан кейінгі жылдарда ма, мен анығын білмеймін. «Мені түрмеден босатты. Улан-Удеден Иркутскіге (я Тайшетке) келдім. Аурумын.

Қаржым жоқ. Көшеде отырмын»деп жазыпты. Бірақ барып әкелуге, я болмаса қаржы жіберуге мүмкіндік болмаған. Сонымен хабар үзілген. Зайыбы Биша да қайтыс болған. Тұрсынкүл деген

қызы Жетісайда тұрады. Абдулла Тәжікстанның Нөрек деген райкомында прокурор болып істеген. Соғыстан оралмады. Хабар да болмаған. Ташкент облысында Балайым деген қызы бар. Бабайдың

қыздары туралы:Қалжан апай, Зайыбы – Ыдырыс шайқы екеуі де Тәжікстанда қайтыс болған. Ұл-қыздары да дүниеден өтті.

Немерелері Жамбыл, Шымкент облыстарында. Әсия апа, зайыбы – Уәйіс шайқы дүниеден өтті. Ұлдары Ахметбек, Мұхамедияр, Әбдіраман Асқар ауылында тұрады. Балжан Тәжікстаннан 1962

жылы Шымкентке қоныс аударған. Мұғалім болған. 1991 жылы дүниеден қайтқан. Баласы Серік Шымкентте. Оның әкесі Ысмат соғыста опат болған. Хадиша, зайыбы – Сәдуақас, қыздары да Ташкент облысында дүниеден өткен. Немерелері Ташкентте, Жетісайда. Үмбіш, зайыбы – Әбілхайыр. Шіркейліде өмір сүрген, дүниеден өткен. Ұл-қыздары сол жерде. Бабамыздың келіндері туралы бір-екі ауыз сөз. Шешеміз Хадиша – Садықтың қызы 10 бала туған. Бірақ бәрі де ержетпей-ақ қайтыс боп кеткен. Жеңешем екеуміз және Әбдәлидің зайыбы Биша Тұрсынкүл деген

қызымен төртеуміз, Қалымбет пен Әбдәли қамалып кеткен соң Иман ағамыздың қолында болдық. Жеңешемді де, Бишаны да туыстары қанша шақырса да және Бабайдың ұл-қыздары (қайнаға, қайындары, қайын сіңлілері) ризалықпен рұқсат берсе де, екеуі де төркіндеріне қайтпады. Күйеулерінің әруағын сыйлап өмірден өтті. Жеңешем 1984 жылы Шымкентте қайтыс болды.

Інім! Сізге мен білетін тағы қандай мағлұмат керек екенін білмегендіктен, осымен доғарамын. Іс-әрекетіңізге қайыр-береке тілеймін, сау болыңыз.Сәлеммен, Нәмән. 30 сентябрь 2002 жыл. 

Нәмән ағам Әбдраман көкем, Гүлзада, Рәш апаларымБұл хат Қуаныштың атасы Бұрхан берген қағаздардың арасынан шыққан, оны мен мешітке қатысты материалдар жинап жүргенде берген еді. Хатта ең бастысы, бабаның тұрған жері көрсетілген. Нәмән ағаның да айтуы бойынша, қаладан үш шақырым жерде, ауданға баратын үлкен жолдың оң жағында, ауыл арасындағы жолдың сол жағында деп түсіндірген еді. Бірақ ағаның айтқандарынан дәл тауып мынау деп айтуға күмәнім басым болды. Көзім жетпей тұрған соң бір шешімге тоқтай алмадым. Мараттың үйіне кешке қарай жеттік. Алдында Хожамқұл атамыз «қазақ әулиесіне» барайық деп айтқан еді. Мен құдайы таратып болғанан кейін барармыз деп ойласам да, ақсақалдың көңіліне қарап, ештеңе демедім. Ондағым ертесіне он бір жарымға махалланың ақсақалдарын шақырып, дайындық жасап та қойғанбыз. Бар ойым құдайы тамақта тұрған соң, ақсақалдың «ертерек барып келе қояйық» деген сөзіне мән бермедім. Оның бір себебі, астымыздағы жалғыз мәшине базар мен құдайы беретін үйдің ортасына қатынауға қажет. Бір шаруаны бітірмей жатып, екіншісін айтуға қысылдым. Ақыры, ақсақал «такси ұстап барайық» деген соң, Марат жағдайымызды түсініп, мәшиненің билігін бізге берді.

Батырабадтың баяны

Қорғантөбеден аса қашық емес жерде Батырабад деген елді мекеннің қорымында «Қазақ әулиенің» зираты бар. Мұнда Аққожа ишанның немересі Әлмұхаммед қажы Мамырайымшайхұлы жерленген. 29 жасында қажылыққа барған қасиетті әулеттің ұрпағы, отызыншы жылдары қожа-молдаларды қуған кезде елден асып кеткен екен. Аңыздың айтуынша, Қажы үрім-бұтағымен Ауғанстан асып бара жатып, намазын қаза етпей, бір төбеде кідіреді. Көшті оздырып жіберіп, Аср намазын оқып болып, көшті қуып жетеді. Артына қарап алаңдаған баласына «Мен өлгенде намаз оқыған төбеге қойыңдар» дейді. «Ауған асып бара жатып, ненің төбесі?» деп баласы мән бермейді. Шекараға жете бере, көш алдарынан тосып тұрған қызылдарға ұрынады. Қызылдар бұларды кәрі-жасына қарамай байлап-матап, бар малын тартып алып Қорғантөбеге алып келеді. Содан көп ұзамай Әлмұхаммед қажы дүниеден өтеді. Қариялар жиналып, баласынан «не өсиет етті?» деп сұрайды. Қым-қуытта қарттың сөзін ұмытқан баласы үндемейді. Сонда қариялар «әкеңнің аяғына жат, бір белгісін берер» дейді. Баласының көзі ілініп кеткен екен, бір төбенің басында екі ақбоз үй тігіліпті дейді. Біріне әкесі, біріне анасы кіріп барады екен. Ұйқысынан оянған баласы атты ерттеп мініп, ай жарығымен төбеге келіп орнын белгілеп, әкесін жерлейді.

Жергілікті халық «Қазақ әулие» деп атап, басына зиярат ететін жайға айналдырыпты. Халықтың ықыласы бекерге аумайды ғой.

Туған жерден топырақ бұйырмаған бабамыз деп біз де құран оқып, дұға бағыштадық. Осы төбеге қатысты жақында мынандай оқиға болыпты. Ауғанстан асып үлгерген бір қазақтың шөбересі, Қорғантөбеде тұратын молдамен кездесіп, сәлем айтып жіберіпті. Оның сөзіне қарағанда, әкелері қуғыншылардан қашып келе жатып, өздері әбден қалжырап, аттары да шаршап, осы төбеге тоқтайды. Ауыр жүкпен шекараға жете алмасын біліп, бар алтын-күмісін зорығып өлген аттың қарнына тығып, қорымға көміп қалдырады. Артық жүгі жоқ босқындар шекара асып үлгереді. Артынша екі ел арасындағы қатынас қиындап кетеді. Қазынаның нақты орнын білетін қарттар дүниеден өтеді. Құпия қазына көкейінен кетпеген соң, «қолынан келген адам сол қазынаны қазып алып, игілігіне жаратсын» деп рұқсат етсе керек. Көлденеңнен қосылғандардың жолы болмапты. Сөйтіп, алтынның буына желіккен жұртқа жергілікті үкімет ол жерді қазуға тыйым салыпты. Жалпы, Ауғанстан шекарасы Қорғантөбеден қол созым жерде. Аласапыран жылдары екі ортада қалған қазына туралы көп естідім. Қара жерден басқа сенетін амалы қалмаған соң, қу басын сауғалап, алтынын аманаттап жердің қойнына тапсырған болар. Туған жерден зорлықпен ауған қазақтың көз жасына малынған қазынаның шын иесі қара жер шығар…

Адамның адамға жасаған қамқорлығы жайында мына әңгіме әлі елдің аузында жүр. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында өмір сүрген, елдің қадірлі ағасы Махмұд ишанға да сол жылдары Қорғантөбеден дәм бұйырған екен.Асқан ілімді кісі екенін мойындап, пір тұтқан өзбек-тәжіктің арасында Ешмұратов деген өзбек Ишанды қамқорлап жүреді. Бірде Ешмұратов жүрген мақталыққа қызылдар келіп, Махмұдты тауып бер деп әурелейді. Ешмұратов алдымен үкіметтің мақтасын суарып алуға рұқсат сұрайды. Суарып жүріп білдірмей, аяғымен арықтың арнасын бұрып жібереді. Соны сылтауратып көмекшісін сабай бастайды. Оған айқайлап-ұрсысып жатқан болып, «ишанға жет, жылдам басқа жерге барып жасырынсын» деп айтып үлгереді. Қашып кеткен көмекшісін сөгіп, қызылдардың асықтырғанына қарамай, мақталықта жүріп алады. Біраз уақыт өтті дегенде қызылдарды ертіп, ауылына келеді. Әлгілер бас салып іздесе, ешкім жоқ. Қызылдардан ыққан Ешмұратов Ишанды тауға жасырады. Тек Сталин өлгенде ғана елмен ашық араласады. Іліміне сусындап, уағызына ұйыған өзбек-тәжік тамсанып, «Эшонымыз керемет адам, бір айыбы әйелі – қазақ» деген екен. Махмұд ишан 64-жылы қиын күндерде қамқор болған Ешмұратовқа алғысын айтып, еліне қайтады. Ишанның батасымен көгерген Ешмұратовтың үрім-бұтағы көбейіп, жақсылыққа кенеліпті. Махмұт ишанның ұрпақтары қазіргі күнде Жаңақорғанда тұрады.

Жалпы, тәжік халқы қазақ бауырларына ерекше құрметпен қараған. Оның бір себебі, отырықшы қарапайым шаруа халықтың арасына келген қазақтың ірі байлары мен көзі ашық, діни ілімді ишан-қожаларының беделі болса керек. Күні бүгінге дейін әулие деп, қасиетті жай деп, қарапайым халықтың зиярат ететін орындары қазақ атымен байланысты екен. «Қазақон мазар» деген қорым Вахш ауданында өте көп. Оның бер жағында, Даңғара ауданында Иманид Дилбар деген тәжік азаматының қараусыз қалған қазақтың ескі қорымын қоршап, ас бергені туралы естідік. Басы артық малы, тасып жатқан байлығы жоқ азаматтың әрекетіне риза болдық. 1992 жылдардағы азамат соғысының басты шайқастары осы өңірде өтіпті. Қала қай жақтың қолына өтсе де, аз қазақтың үйіне күзет қойып, аз ғана отбасын соғыс өртінен сақтапты. Өз бауырын оққа қиған тәжіктер бір қазақты ажалға бермегені таң қалдырады.

Ал, кеңес үкіметі жандайшаптарының мұндай биік адами қасиеттен жұрдай болғанын мына оқиға дәлелдейді. Қызылдар қырғыны өткен жер қасиетті орынға айналыпты. 1924 жылы қызылдар «басмашыларға көмектестіңдер» д ег ен  ж ел еу ме н, т ын ыш оты рған ауылд ыңа  ақсақалын атып  т ас та йд ы. Н амысқа булыққан  осы ауылд ың 25 м ер ге н   ж іг іт і қызылдармен атысады. Екі күнде қызылдардың жүзге тарта солдаттары қырылады. қызылдар қосымша күш алыдрып, бүкіл ауылды жермен жексен етіп тастайды.

Бұл оқиға Х ат ло н  о бл ыс ы Д аңғара ауданының Саңлақ деген таулы жерінде өтіпті. Сол арада айналасы 30-40 метрдей жер иесіз жатыр. Бұл маңнан жергілікті халық түн тұрмақ, күндіз қорқып өтеді екен. Сонда өскен жалғыз ағашты «Әулие дарақ» атапты. Ағаштың қураған бұтақтарын алуға да ешкімнің батылы жетпейді. Оны алған адамның басына жамандық үйіріліп, үйі отқа оранып, бақытсыздыққа ұшырайды. Ал білген жұрттан естігеніміз, мергендер – Түркіменстаннан келген адайлар екен.

Хожамқұл атаның әңгімесін тыңдап отырып, айтқан қорымына келдік. Ол да аруақты кісі ғой, басыма бір келсін деді ме екен?! Сол кісінің басына құран оқып, хикаясын тыңдап болып махаллаға жеткенімізде, сорпа да қайнап, палау да дайын болған екен. Біз келгенде ақсақалдар да жиналып болып, тамақ беруге кірістік. Бұл жердің үрдісімен палау және қойдың етінен сорпа асыпты. Құран оқылып, сол елдің салтымен тарататынымызды беріп, қарияларды риза қылып аттандырдық. Бәрі көңілден шыққандай. Тәжік жерінде, бізден дәметкен әруақтар болса, риза болған шығар. «Бір азаматтың атқаратын ісін атқардың!» деп Хожамқұл атамыз батасын берді. Астанадан ала келген шапанымды иығына жауып, ол кісіні шығарып салдым.

Қорым

Бабаларының сүйегін де іздеп келген халықтың болашағы бар

Көп уайымдадым ба, тағы да түс көрдім. Түсімде тегіс жер сияқты, көкшіл қызыл шөп өскен жер екен, мен бір төмпешіктің басында тұрмын. Бұл не болды деп ойладым? Қызылкөк шөпті тек екінші қорымнан көргем. Біріншісі қамыс пен қоғалы болса, соңғысының шөбін орып тастаған екен. Байқаймын, Душанбеге де аяғым тартып тұрған жоқ. Содан «Әулие бұлақ» деген жер барын

Нәмән ағам айтқан, «барсаң, жақсы жер, көріп қайт» деген ағаның айтқаны ғой деп, сонда жиналдық, Марат отбасымен бұрындары болған екен, Ориф те апарып келуге қуана келісті. Екі ортада Гүлжаһанды іздеп құдай айдап келе салған, қазақтың мылқау әйелінің көңілін қимай, ертіп алып, Әулие бұлаққа жол тарттық. Қорғантөбеден біраз шақырым жерде орналасқан жерге түс қайта жеттік. Тамақтанып алып, суына жуынып, асықпай араладық, шырақшысынан бата алып, құран оқыттық. Қорғантөбеге түннің бір уағында жеттік. Ертесіне ертемен тұрып алдым, ұйқым ашылып кетті. Мен «сонша жерден келдім, бірақ көрген қорымдардың біріне тоқтай алмай қалай қайтамын?» деп ойландым. Содан Астанада танысқан, редакцияда істеген Бану деген көріпкел келіншекке звондадым. Тоқтай алмай тұрғанымды айттым. Ол сөзге келместен, «екінші барғаның, үстінде биік темір тұрған қорым» деді. Құдай аузына салған шығар, мен де күмәнімді сейілтіп, Маратқа екінші қорымға барайық, сол жағынан Душанбеге қайтамын деп, әйелімен қоштасып, шығып кеттім. Қорымның басына барып, біраз отырып, білген дұғаларымды оқып, төбенің төменгі жағында күтіп тұрған жігіттермен базарға келдік. Душанбеге баратын такси сол жерден жүреді екен.

Базарды асығып аралап жүріп, үш көйлек пен ойыншық қызыл бесікті сатып алып, жолға шықтым. Сол жерде дәмханаға кідіріп, кәуап жедік. Содан не керек, мен келгелі жып-жылы болып тұрған күн бұзыла бастады. Марат таң-тамаша болып жүріп, «Сіздің ойлаған шаруаларыңыздың бәрі бірден бітеқалды, ешқандай кідіріс болған жоқ, соған әлі таңданып жүрмін» деп, басын шайқап қоштасып қалды.

Қорғантөбеде жүргенде фотоаппаратты Маратқа беріп қойғам, оның қорымдардағы молалардың суретін түсіріп жүргені байқап, үндемесем де, үйге келген соң, қорым суреттерін өшіріп тастағам. Ойым өлілердің тынышын бұзбайын дегенім, әрі бөтен ағайындардың бейітінің

бедері не керек деп те ойладым. Ертесіне Душанбеге келдім, менің сапарыма тілекші болып жүргендердің бірі, профессор Әбсаттар Нуралиев ақсақалға жолығып, Қорғантөбе суреттерін өткіздім, қорымдардың суреттерін неге өшіріп тастағанымды да айттым. Тек «әулие қазақтың» фото бедерін қалдырдым. Әбсаттар ағамыздың кітапқа жинап жатқан барлық суреттің керегін айтса да, мені түсінді. Содан фотоаппараттың суреттерін көшірмек болып, компьютерге түсіріп едім, көп суреттің арасында «бабамыз жатқан жер» деп топшылаған қорымның жалғыз суреті қалып қойыпты. Мен таң қалып, Нураливке айттым. Ол кісі «бабаңыздың рұқсаты болған ғой» деді. Міне, осылайша, Қорғантөбеде қас-қағымда өтіп кеткендей болған сәттердің фотобаяны да сақтаулы тұр. Келесі күні Тәжікстанның Ғылым академиясына жолым түсті. Сол жерде қожа-ишандардың тарихынан кандидаттық қорғаған бір кісімен кездесуім керек болатын. Әңгіме үстіне тағы бір жергілікті ғалым қосылып, өзін Қорғантөбелікпін деп таныстырды. Жайымды естігеннен кейін, «Сіз айтқан қорым – ең ескісі болып табылады. Қырқыншы жылдары-ақ сол жерге қойыла

бастаған болатын» деді. Біздің деректер бойынша, Бабамыз 1937 жылдары қайтыс болады. Бір ғасырлық тарих үшін екі-үш жыл деген немене? Тәжіктің Ғылым академиясының ғалымының айтқан ақпаратына қуанып қалдым. Көріпкел келіншектің айтқаны бар, Нәмән ағамның сөзі ол бар, демек,топырақ бұйырған бабамыздың мәңгілік мекенін дұрыс тауыппыз. Орифтің мына сөзі тағы есіме түседі. Екінші қорымға келгенде, менің шаршаңқы қалпым өзгеріп, тынысым кеңейіп, демалып қалғанымды аңғарған болу керек. «Бір жасап, демалып қалдыңыз ғой» деген. Мен шынында өзімнің ауылдағы мешітке барғандай күй кешіп, жеңілдік сезінгем. Кейде өзімнің жүрегімізді емес, ақылды қосып, дәлел іздейтініміз бар ғой, мүмкін, солай болған шығар.

Елшіліктегі Айтжан досымыз: «бұл жердегі қазақтардың тарихынан белгі болатын, бабаңыздың басына тас орнатыңыз деген өтініш айтты». Елшіліктің тапсырмасымен Нуралиев ақсақал бас болып Тәжікстанда болған қазақтар жайында кітап шыққалы жатыр екен. Барлық деректерді кітапқа өткізіп, тас орнатуға келгенде ойланып қалдым. Мен бір мал шалып, орнын таптым, тас қою үшін елдегі ұрпақтарымен ақылдасайын, орталай тағы мал шығарып, бұйырса, ол да болар деп, бұл шаруаны кейінге қалдырдым. Кім біледі, оның да сәті түсер. Әзірге, барлық материалдарды жинақтап кітап етіп басып, ағайындарға тарату ғана. Себеб,і бірнеше жыл бойына ізденіп жүріп, көп нәрселерді жинақтадым, бабамыздың тұрған жерінде болып, қайда жатқанын көріп, қайттым. Енді сол ұмытылып қалмас үшін кітап етіп басып, қалдыру ғана. Мүмкін, біреу түсініп, біреу түсінбес. Тірі адамның бір өзінің басынан артылып жатқан тіршілігі тұрғанда, атам заманда сүйегі қурап қалған бабасының моласын іздегені не дер?! Ауылдың шетінде мешіті тұрғанда, бір ғасыр өтсе де, аңызы қалған аруақты бабамыздың қайда жатқанын бір көрмей, басына барып бір құран оқытпағанымыз сын болар ма еді?! Құдайға шүкір, ұрпағы жоқ емес, бірақ сол қалған ұрпақтың басын біріктіретін бір белгі – мешіті мен осы естелік болса, оны жазу маған бұйырса, мен неге қиналамын.

Осындай ойлардан ойға кетіп, игілікті сапарымыздың жақсылығы барлық ұрпағына жұғысты болсын деп, Қорғантөбе жазбаларын аяқтаймын. Қазіргі кезде көп нәрсе өзгеріп жатқан заман ғой, бірақ Тәжікстанда содан бері елеулі өзгерістер болмапты. Қала ескі орнында, жаңа құрылыстар салынып, кеңейе қоймапты. Нәмән ағаның айтқанындай, Бабай ишан бәйбішесімен бірге Қорғантөбе қаласынан 3 шақырым жерде, ресми адресі, тәжікше: «Район «Вахш», джамуати «Тоджикобад», участок «Сохтмон», замин «Теппа» деп аталатын жерде жатыр. Бұл жер ауыз екі тілде Қалача деп те аталады. Себебі, қаланың маңы деген мағынаны білдірсе керек.

Қорғантөбеде тұратын Марат бауырымыз жайлы бірер сөз. Үлкен шаруамен осында келгеннен құрақ ұшып қарсы алып, жанымда жүріп, шауып базарға барып, жергілікті жердің дәстүрімен құдайымды өткізіп, әдейілеп келген міндетімді атқаруға себеп болды. Және осында тұратын жалғыз қазақ Мараттың отбасы болып шықты. Риясыз ықыласына ризалығымды білдіремін. Құдай айдап мені де осында алып келген алып келген шығар, осы сапардан кейін Мараттың да бір шаруасын бітіріп берудің сәті түсті.

Қорғантөбе қаласы шағын емес. Мараттың жақсылығы болар, бүкіл тәжік-өзбегі қатты сыйлайды екен. Шет жерде жүрсе де, өзінөзі тауып, айналасына сыйлата білген Мараттың парасаттылығы мен ақылдылығына ризамын. Және осындай азаматтың өзіміздің бауыр екеніне шын жүректен қуандым.

Ол осыдан он шақты жыл бұрын, Қазақстанға квотамен келіпті. Қостанай облысындағы бейімделу орталығында жүріп, азаматтыққа беріп қойған арызының соңын күтпей, қайтадан Қорғантөбеге кеткен екен. Өткенде әзілдеп: «мені күткен шығарсың?» дегенмін. Сол айтқанымыз келді. Он жылдан бері, уайымдап, елге келуге жүрегі дауламай, айыппұл салып қалар деп, қорқақтап жүріпті. Содан Қорғантөбеден кетерімде «бар жағдайды біліп беремін» деп уәде бергем. Мұнда келген соң, Ішкі істер министрлігі арқылы Қостанай миграциялық комитетіне шығып, сондағы Ассамблея хатшылығының меңгерушісіне жағдай айтып, орналастырып, Мараттың бар  шаруасын бітіріп, қолына азаматтығын растайтын куәлігін алып беріп, қайтар жолында Астананы бір күн бойына аралатып, кешкісін поезға билетін сатып алып, Алматыға қарай салып жібердім. Екі айдың ішінде он жылдық мәселесі шешілгеніне мен қуандым, ол алғысын айтып жатыр. Үйінде жатып, соның жүгіріп жүріп еткен қызметінің өтеуіндей болды. Кім біледі, өздігінен барған күнде де, шаруасы шешілер ме, шешілмес пе еді?! Әрі ойлап қоямын, егер ол Қорғантөбедегі жалғыз қазақ болса, (елшілікпен байланысып тұрған) менің ел аралап жол көруіме де себеп болды ғой. Ол қызметіне көп рахмет. Меніңше, кездейсоқ ештеңе болмайтын сияқты. Хожамқұл Нұрматов ақсақалмен Қорғантөбеде кездескенімді айттым. Осы сапардан оралған соң, Түркістанның түбіндегі Төркөлде тұратын Сүлейменнің үйінде болғанымда, Сүлекеңнің бір бауыры Қорғантөбеде болып, осы ақсақалдың жақсылығын көргенін айтты. Әңгімелесе келе, ақсқаладың «Ілім қожаның баласының соңынан елу жыл қуады, ілімді қараның баласы елу жыл қуады» деген сөзін еске алдық. Тәжік жеріндегі аз-кем кездесуде Хожамқұл ақсақалдың шәкірттерге білім беретін ұстаздығы жайында білмеппін. Мүмкін, әліде сәті түссе, бұл олқылықтың орны толар.

Душанбеде жүргенімде қызықты кездесулер болғанын айттым. Соның бірі – Астанадан келген, Ер Қосайдың ұрпағымен жолығып, әңгімесін тыңдадым. Исатай Сағындықов әңгімешіл кісі екен, осыдан бірнеше жыл бұрын, Қарақалпақ жерінде жатқан Ер Қосайдың бейітін тауып, құран оқытып келгенін айтты. Сөзден сөз шығып, сол сапарда қазақ азаматының ісіне риза болған, өзбек шалының «Бабаларының сүйегін де іздеп келген халықтың болашағы бар» деген сөзін еске алды. Шынымен де, екінің бірі мұндай сапарға тәуекел етпес, бірақ бабаларының басын ескерусіз қалдырмаған, өткен тарихы мен келер болашағына да бей-жай бола алмайды деп топшыладым. Менің талпынысым да әруақты бабаларымыздың жүріп өткен іздеріне үңіліп, өз заманымның биігінен зерделеу ғана.

Бар байлығын Қорғантөбенің әр төбесінде қалдырып, өткен ғасырдың басына дейін жеткен өмір салтын да осы жерде көміп, Тәжіктердің Қорғантөбесінде аяқталған ұзақ жолмен, қасиетті бабалардың рухы риза болсын деп жүріп өттік. Бабалармыз үшін бұл азапты сапар болса, тарихтың жоғалып қалған беттерін тауып алғандай мен үшін олжалы сапар болды. Тағдыры еліміздің тарихымен ұштасып өткен бабаларымызға құрмет, тарихқа тағзым емес пе?!

Айгүл МҰХАМЕДИЯРҚЫЗЫ

Сондай-ақ, оқыңыз

Шұғай халфе Кенебайұлы

Құранымыз–коммунистік устав, ұранамыз–коммунизм болған кешегі бір парықсыздау заманда қай жақсының қадіріне жете алдық. Басқасын былай …

Бір пікір

  1. Не деген қайсарлық, берілгендік, уәдеге тұрақтылық. Дінге берілген адам осылай болатын шығар.
    Ата-бабасынан мұра боп келе жатқан ілім, пенделік тазалық пен адалдық үшін жанын қинаған қайран бабалар. Ел егемендік алмаса ендігісі естен шығып кетер ме еді білсін?! Қалай болғанда да Алла өзі жаратқан дінін өзі қорғап қалады. Ол үшін дін тұтынушыны сақтап қалса жетіп жатыр екен ғой.
    Халық ел үшін қызмет еткен азаматтарын еш уақытта ұмытқан емес. Алла елімізге тыныштық берсін. Ел үшін қызмет еткендерге денсаулық,халыққа ынтымақ берсін.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған