Басқы бет / Ғибадат / Әулие үңгір

Әулие үңгір

Баянауылдағы Қоңыр әулие ғажайып үңгірі еліміздің жалпыұлттық қасиетті орындары ретінде ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері қатарына енгізілді. Қоңыр әулие үңгірі Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі аумағындағы Жамбақы жотасынан солтүстік-батысына қарай Жасыбай көлінен үш шақырымдай жерде орналасқан. Үңгірдің ұзындығы – 30 метр, ені 1,8-2,5 метрдей, биіктігі 5-7 метр келген ені тар қуыс.

Аңыз бойынша Қоңыр әулие үңгірінің пайда болуы былайша түсіндіріледі: әлемді топан су басып, Нұқ пайғамбар кемесіне күллі хайуанды жұбымен тиеген кезде біразына орын болмай қалады. Олардың қатарында Құлан, Қыран, Қоңыр әулиелер орын болмаған соң ағаштан сал жасап, Нұқтың кемесіне тіркеледі. Ағынмен келе жатқан кезде үш әулиенің салы үш жаққа кеткен екен дейді. Топан су қайтып, тау-тастар көріне бастаған кезде әулиелердің салы үш тауға бөгеліп қалыпты: Қызыл тауда – Құлан әулие, Ақбет тауда Қыран әулие қалыпты. Қоңыр әулиенің салы ең соңғы болып осы үңгірге тірелген көрінеді дейді.
Таудың құпия қалтарысының қалай, қашан пайда болғанын тауып айту қиын ғой. Бірақ табиғаттың тамаша жаратылысын мекен еткендер туралы аз-кем мәліметтерге қанықтық. Сол деректерге сүйенсек, өткен ғасырларда бұл үңгір Әулие тас деп аталған сияқты. Исламтанушы Төрәлі Қыдыр үңгірдің сопылық белгісі деп «узлат» деген араб сөзімен байланыстырады. Ерте замандардан қасиетті әулиелер үңгірлер жасап, Аллаға құлшылық еткен. Сопылық – күні бүгінге дейін ең бір құпия әрі аз зерттелген дін ағымдарының бірі. Егер ғалымдарға сенсек, ол VIII ғасырда, шамамен исламның өзі пайда болғаннан кейін жүз жылдан кейін пайда болған дейді. Сопылар тек таңдаулыларға мәлім аса құпия ілімнің иелері деп айтылады.

Біздердің Баянауылға барған сапарымызда көп жылдары мемлекеттік қорықтың директоры болған, бүгінде туристік-ақпараттық орталықтың жетекшісі Жұмагелді Дүйсекеевке жолықтық. Дала академигі атанған Жұмагелді Хасенұлы ел аузында жүрген тағы бір аңызды айтып берген еді.
«Осы Баянды өлкеге ислам дінін тарату үшін араб елінен 40 діндар келіпті. Олар күндіз ел аралап, түнде осы үңгірді паналапты. Жергілікті халық тың-тыңдап, діндарлардың сөзін тыңдайды екен. Сөйтіп жүріп, діндарлардың бөтен ойы жоқ, халықты ізгілікке бастаған ниетіне көзі жетіп, ислам дінін қабылдапты-мыс».
Бұл үңгір Әулиенің мекені болғанын басқа да дереккөздер дәлелдейді. Осыдан екі жыл бұрын әлемдік аты бар арабист және исламтанушы, РҒА Ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейінің (Кунсткамера) директоры орынбасарымен аз-кем сұхбаттасудың сәті түсті. Ефим Рез­ван Ресей-Қазақстан тарихи-этнографиялық экспедиция­сының нәтижесінде «Түркістан» еңбегі жарық көріп, қуанып тұрған сәті еді. Осындай әсерде бізге де бір кітабын сыйға берді. Онда былай деп жазады. «…УАЗик неторопливо и уверенно пробирался сквозь скопления гранитных валунов. Скалы причудливых форм, исхлестанные ветром сосны, все это часто напоминало родной Карельский перешеек. Мы ехали к святой пещере, одному из древнейших сакральных мест на территории Казахстана…

Я прочитал надпись удивлением, так как во всех известных мне источниках эта пещера называлась Аулие-Тас. Еще в 1903 г. газета «Киргизский край» писала, что Аулие-Тас представляет из себя длинную, сажен в десять, пещеру, у западной стены которой лежит большой, с углублением в середине камень. В нем постоянно скапливается стекающая со стен и потолка пещеры холодная вода, отличающаяся, по мнению киргизов, очень целебными свойствами. Посещающие пещеру киргизы пьют эту воду, обмывают ею больные части своего тела и употребляют для установленных у магометан омовений. В пещере, по преданию киргизов, жил когда-то святой человек. Народа съезжается к Аулие-Тас временами очень много; особенно много бывает женщин, так как святая вода пещеры уничтожает, по мнению тех киргизов, бесплодие женщин». Ефим Резван. Самуил Дудин – фотограф, художник, этнограф (материалы экспедиций в Казахстан 1899 г. и 2010 г. 18-19 стр).
Әулие тас киелі үңгірі туралы белгілі өлкетанушы Н.Коншин ХІХ ғасырдың соңында «Керекуден Қарқаралыға дейін» аталатын жолжазбасында тамсана жазады. «Бұл жерге көбіне әйелдер, кедей қырғыздар келеді. Татарлар мұнда сыйынбайды, егер келе қалса, орыстар сияқты тек тамашалауға келеді. «От некоторых я слышал рассказ о святом, который жил в пещере – на высоком потолке и теперь витает, будто бы его душа, а по словам других, там есть даже опочивальня святого… Пещера находится выше, чем на середине горы и кажется издали какой-то черной дырой. Вход в пещеру значительно выше роста человека, имеет треугольную форму. Пещера носит ясные следы частого посещения ее казахами» деп әсерін қалдырыпты.
Айта кетсек, Семейдің Шыңғыс­тауында да осындай үңгір бар. Ол да киелі үңгір. Дертіне дауа тілеп баратындардың аяғы ол жерде де толастамайды. Оның да атына қатысты Нұқ пайғамбардың заманынан аңыз жеткен.
Егер сараптап қарасақ, шығыс­тағы Қоңыр әулие үңгірінен гөрі, әулиемен тығыз байланысты – Баянауылдағы үңгір.
Демек, қазақтың киелі қос Қоңыр әулие мекенінің бірін Әулие тас деп қайта атаса, қасиеті артпаса, кемімес еді.

Айгүл УАЙСОВА

Астана ақшамы газетінен алынды

Сондай-ақ, оқыңыз

Әзірет Сұлтан кесенесі : зиярат тәртібі

Әулиенің күмбезінің оңтүстік есігінен қазан тұрған күмбезге кірген соң, құбыла жағы шетінде Жолбарыс ханға (Сағд әулиеге) зиярат …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған