Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Әулие бұлағының басында

Бабалар жолы – Даналық жолы. Ол шетімен, бұл шетіне ұшса құс қанаты талатын осындай ұлан байтақ даланы мұраға қалдырып,даласын даналыққа тұндырған бабалар аманатына адал бола білу басты парыз. Даламыз тұнған -тарих. Сөйлете білсең барлық сырын жайып,тастағысы келетіндей бұлақтары сыбдырлап,жаңа ғана бүршік ата бастаған ағаштары, бұлақ жағалай өскен құрақтары самал желмен тербелсе, тау-тастары кешегі күні баурайына келіп,шыңына шығып сан арман,жырларын айтқан дала даналарын күтіп күрсінетіндей. Ия, табиғат – анада данасын мұңайып іздегенімен , бабалар жолымен жүрген ұрпақтарды қабағын ашып, қуана қарсы алды.

Киноэкспедиция мүшелері ұзақ жолды, асқар белдерді өтіп Шортанбай жырау атымен аталатын жергілікті жұрт қасиетті атайтын Шортанбай бұлағына келдік. Біз өздігімізден таба алмас едік жер иесі, Байбұла шаруашылығының иесі Бейбіт мырза жол бастап, өзі әкелмесе. Бейбітте сол өңірдің тарихын терең білетін азамат екен. Эспедиция құрамындағы азматтарға сол өлкенің тарихынан сыр шертті. «Тарихта аты қалған бабалар есімі халық жадынан еш өшпейді»-деп әңгімесін айтты.» Кешегі қызыл империя қанша атын өшірем дегенмен Щортанбай жыраудың есімі уақытпен жаңғырып, ұрпақтан ұрпаққа мұрасы,аты беріліп келеді. Бала күндерімде Әкем бұлақты Әулие бұлақ атаса Тәуелсіздік алғанда бұлақ «Шортанбай жырау бұлағы «деп аталатынын айтып, жылда тазалап,көзін ашып отыруды айтқан еді»-дейді. Біржарым ғасыр өтседе бұлақ тартылмаған, жан – жағын қаулаған құрақта қурамаған. Бұлақ сыбдыры,баба сәлеміндей әсер етті. Алла ұлық, мейірімді ғой. Баба бұлағынан суды мейірлене ішкен мен Алладан кешірім сұрап,ауызымды ашып жібердім. Бір сәт ойға беріліп кеткен Кәмел ағамда менің қатарыма қалай қосылғанын сезбейде қалды. Ақсу-Аюлыдан шыққан Шортанбай ел аралап шыққанда міндетті түрде Қотыр тауының етегіндегі осы бұлақтың басына үй тігіп қарсы алған жұрттың көңілін қимай апталап жатып, жырын айтқан екен. Ел ағалары керемет аңыздарды айтты.

Ақшоқы ауылының әкімі Раушан ханым бас таған ел-азаматтары бұлақ басына дастархан жайып, экспедиция мүшелеріне құрмет жасады. Бұлда кешегі баба жолы. Бұлақтың суын қанша ішсеңде, шөлің қанбайды. Ал,бүгінде рухани шөлдеген халыққа Шортанбай мұралары ерекше қажет. Шортанбай бұлағынан кейін сол өлкедегі қола дәуірінің тарихи ескерткіші Қаражартас қорымына және Абылай ханның мыңбасы болған даңқты қолбасшы Сеңкібай баба мазарына соғып, құран бағыштадық. Экспедиция мүшелері аздаған қиындықпен бес сағат жүріп Қарағандыға жеттік. Алда екі күн еншімізде. бүгін түсірілім Қарағандыда жалғасады. Шет ауданында сапар сәтімен өтті. Ақсақалдықтан Абыздыққа жеткен баба мұрасын зерттеуші, сақтаушы,қорғаушы, жазушы Кәмел ағамызды қимай, тойда кездесейік деген оймен қоштастық. Ал, Шортанбай жырау тойы қашан өтетіні әлі белгісіз, көп іс-шаралардың астарында қалып қоймай жетім қыздың тойындай болып қалмаса екен деген де ойда келіп қалғаны шындық. Бастысы ӘЛИМҰХАМЕД -ШОРТАНБАЙ БАБА аруағы қолдасын. Той өтер,тойдан қалар тағылым көп болсын деп тілеймін. Кешегі күннен, бүгін олжа көп болсын.

Бекзат АЛТЫНБЕК

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button