Ғалымның хаты

Аллаһу көтерілісі

 Сайфунов Бауыржан Насырдинұлы, PhD, аға оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

 Түйіндеме

Аллаһу көтерілісі – 1928-1930 жылдар аралығында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы) Созақ өңірінде Совет2Өкіметінің Қазақ халқына мақсатты түрде әдейі жүргізген саяси- экономикалық қысымына қарсылық ретінде кіші жүздің Тама руының қазақтары бастаған, Қызылдар режиміне қарсыболған халық көтерілісі. Көтеріліске шыққан топтың «Аллаһу, Аллаһу» деп ұрандатып Советөкіметіне қарсы бас көтеруі себепті, сол кездегі қарапайым халық тарапынан3 «Аллаһулар» деп аталды. Халық арасында «Аллаһу көтерілісі» деген атпен тарих беттерінен орын алды. Шындықта бұл көтеріліс Совет өкіметінің  Коммунистік  партиясы  комитетінің  мұрағаттық  құжаттарында «Сарысу-Созақ көтерілісі» деп таңбаланады.4 Мақалада Аллаһу көтерілісінің шығу себептері мен салдарларына тарихи салыстырмалы талдау жасалады.

Кілт сөздер: Көтеріліс, Аллаһу, Сарысу-Созақ, Совет  өкіметі,Сырдария округі.

 АССР-ның басқа облыстарынан суармалы әрі егіншілікпен айналысатын жер көлемі жағынан өзінің үлкен үлесімен ерекшеленді. Сондай-ақ мақта шаруашылығымен айналысатын жалғыз өңір Сырдария округі болатын. Совет өкіметі орнағанға дейін де бұл аймақта халық арасында жер мен суды пайдалану мәселесінде әрқилы қақтығыстар болып тұратын. Бұл кезеңдегі Сырдария округі халқының көпшілігін құрайтын ұлттардың негізіне үңілсек, өңір халқы – қазақ, өзбек, орыс, украин және басқа да көп ұлттардан құралды. Негізінде аймақтағы халықтың 80 пайызын қазақтар мен өзбектер құрады. Алайда аймақтың территориясы өте үлкен болғанына қарамастан өңірде ұлтараздық шиеленіске жол берілмейтін. Өйткені, Сыр бойындағы атырапқа, жалпы Қазақстан жерінде бұрынғы байлардың, діни тұлғалар мен ру-тайпалық байланыстары мықты көсемдердің жергілікті халыққа ықпалы өте күшті болды. Антисоветтік қарсылықтың бастамашылары бірінші кезекте сөзсіз осындай тұлғалар болды.

Зерттеу әдіснамасы

Бұл жұмыста қарастырылғантақырып бойынша Аллаһу көтерілісінің

шығу себептері мен салдарларына тарихи салыстырмалы талдау жасалады.

Аллаһу көтерілісінің алғышарттары

 Тарихшы Талас Омарбеков Қазақ жеріндегі қарулы көтерілістің ұйымдастырылуы әуелгі ретте белгілі бір қазақ руына тән болғандығын баса айтады. Сондықтан ол «Сарысу-Созақ көтерілісін бастаған Сарысу мен оған іргелес жатқан Созақ өңірінің ауылдарында тұратын Кіші жүздің Тама руының қазақтары» деп жазады. Омарбеков, Сұлтанбек Шолақұлының Тама руынан шыққандығын айта келе, Аллаһу көтерілісінің ру көсемдері тарапынан мақұлданғанын көрсетеді.8 Бұл деректі Қазақ АССР әскери комиссариаты саяси хатшылығының меңгерушісі Л.И. Идельсонның баяндамасы растайды.9

Л.Идельсон10 баяндамасында көтеріліске дайындық 2 айға созылды деп көрсетеді. Оның көрсетуінше ел арасында Қызыл өкіметтің жеке шаруашылықтарды таратқаны, колхоздың барлық мүліктерін мемлекет меншігіне алғандығы жайлы, ораза ұстағандарға ірі көлемде айыппұл салу белгіленгенді деген қауесеттер жаппай көтерілістің басталуына алып келгендігін айтады. Сондай-ақ, антисоветтік көтерілісшілер Шымкент, Ташкент және Түркістан қалаларын басып алды деген қауесеттер қарсылықтың күшейуіне алып келді дейді. Сонымен қатар, Созақ көтерілісіне сыртқы күштердің тікелей араласу фактілерінің болғандығын да тілге тиек етеді.  Л.Идельсон  баяндауынша,  көтерілісті  ұйымдастырушылардың  бірі

«Асадулла Ибрагим» азамат соғысынан кейін Ираннан Закавказье, одан Самарқанд арқылы Қазақстанға өтіп, соңында Созаққа қоныстанған ағылшын барлаушысы.

Совет өкіметіне деген наразылығы 1928 жылдың күзінде Сарысу өңіріне танымал, ел ішінде абыройлы болған бір топ адамның дүние-мүлкі тәркіленгенде пайда бола бастаған-тын. 1928-29 жылдары ОГПУ11 Дінмұхамед Әділовты, Ағабек Байдуллаевты, Асқар Әбубәкірді, Жолдасбай мен Әбуәлі Әділовтерді, Нұрлан Кәрібаевты, Әкпар Ибраевты, Мұхамеди Арғынбаевты және басқаларды (барлығы 16 адам) тұтқынға алды. Оларға «Совет өкіметінің өкілін өлтірді», «Совет өкіметінің әрекетіне қарсылық көрсетті» деген айыптар тағылды. Оларды алдымен Қызылорда және Алматы түрмелерінде,    кейіннен    Москвадағы    Бутырка    түрмесінде    «үштіктің» шешімімен соттады. Байсейіт Әділовті болса, ату жазасына кесті.12

ВКП ОК13 1930 жылғы 5 қаңтардағы «Ұжымдастырудың қарқыны және колхоз құрылысына мемлекеттік көмек көрсету шаралары  туралы» декретінен14 және ВКП ОК Саяси Бюросының құпия қаулысынан кейін Бүкілодақтық большевиктер коммунистік партиясының 1930 жылғы 30 қаңтардағы «Толық ұжымдастыру аймақтарындағы кулак шаруашылықтарын жою шаралары туралы» жергілікті комитеттер жоғарыдан берілген нұсқауларды орындауға құлшына кірісті. Сонымен, ВЛКСМ15 Созақ аудандық комитетінің пленумында16 ауданды 25 ақпаннан бастап «толық ұжымдастыру облысы» деп жариялау, халықтың 85 пайызын колхоздарға тарту және жыл соңына дейін 100% колхоз жұмыстарына тарту туралы шешім қабылдады. Байшылықты жою үшін орындауы мүмкін емес болатын 1-1,5 га жерге 250 пұт17 мақта дайындау жоспарланды. Жоспарды орындамағанның мал-мүлкін тәркілеуге шешім қабылданды.18 Ірі байлардың мүлкін тәркілеуден іле-шала орта шаруалардың дүние-мүлкі мен малын тәркілеуге ұласты. Әрбір отбасы салықтың ауыртпалығын басынан өткерді. Бұл жағдайлар тұтас халықтың жағдайын нашарлатып, тұрмыстық тұрғыдан халық әбден титыққа тірелді.

Совет өкіметіне қарсы көтерілістердің туындауына қатысты сол кездегі Совет өкіметінде жоғары қызметте болған зиялы лауазымды тұлғалар һәм қазақ интеллегенциясы деген пікірлер де айтылады. Мысалы: зерттеуші, кинорежиссер Еркін Рақышев деректі фильмдерін түсіру барысында Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағаттарындағы Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Шахзада Шонанованың қылмыстық істеріне байланысты тергеу істерінің құжаттарын зерделейді. Рақышев өз зерттеулеріне сүйене отырып, 1929-1931 жылдар аралығындағы Совет өкіметіне қарсы Қазақстанда болған көтерілістердің басында шындықта қазақ интеллигенциясының ұлтшыл ұйымы ұйымдастырған деген нұсқаны алға тартады. Рақышевтің пікірінше, Ырғыздағы көтеріліске Ұ.Құлымбетов, Қарақұм көтерілісіне Т.Жүргенов, Созақ көтерілісіне С.Сейфуллин жауапты болған.19

Оқиғалардың өрбуі

Аллаһу көтерілісі Қарт Қаратаудың теріскей бетінде орналасқан Созақ ауылында 1930 жылдың 7 ақпаны күні таң атқанда басталады. Шу-Қоңғыр аймағынан келген Тама руының 300-400 кісілік атты жасағы жергілікті халықты жинай бастайды. Көтерілісшілердің қолдарында «Аллаһу (Ол Алла, Бір Алла, Бар Алла)» деген жазуы бар ақ жалаулар, қолдарына байлаған мата мен киген бас киімдерінде «Аллаһу» деген сөздер жазылған болатын. Кеңес өкіметіне қарсы күрес «хандық үшін күрес», «қасиетті дініміз үшін күрес», «Аллаһу, Аллаһу» деген ұрандармен өкімет ғимараттарын басып  ала бастады, жергілікті мілитсә толық қарусыздандырылды. Басып алу кезінде аудан басшылығының қызметкерлері мен шолақ белсенділері өлтірілді. Аудандық комсомол20 комитетінің жауапты хатшысы Жүнісбеков, РИКА төрағасы Кеңглібаев (Көплыбаев), халық судьясы – Темірбаев, Чилябыев (Челибеев А.)21 және т.б. 20-ға жуық адам қамауға алынды. Азық-түлік дайындау орталығы және басқа да билік мекемелері талан-таражға түсті.22

Созақ ауылында, сондай-ақ ауданға қарасты 10-шы, 11-ші, 13-ші ауылдардың ересек еркек кіндікті азаматтары толығымен көтерілісшілер қатарына қосылып кетті. Көтеріліске коммунистер мен комсомолдардың да қатысқанын атап өткен жөн. Мысалы, Созақ партиялық ұйымының өлтірілген басшыларынан басқа 40-қа жуық коммунист және соншама комсомол мүшелері көтерілісшілер сапына қосылды.23 Сонымен қатар тұтқындалған коммунистердің біразын байлар кепілге алды. Идельсонның баяндамасында, сондай қанды қырғын кезінде Коммунистік партияға шын берілген, партия идеяларынан бас тартпағандығы үшін көтерілісшілер қолынан өлтірілген бір коммунист пен бір комсомолдың табылғанын тамсана жазады.

Аллаһу көтерілісін бұрынғы болыстың баласы Сұлтанбек Шолақұлы басқарды. Совет билігіне наразы халық өз араларында Сұлтанбекті ақ кигізге отырғызып хан көтерді. Сондай-ақ ханның уәзірлері болып Әли Асадулла24 және Мырза-Ахмет Баскиев25 сайланды. Көтерілісшілер өте  нашар қаруланған еді. Олардың қолында аздаған атыс қарулары әртүрлі үлгідегі винтовкалар мен аңшы мылтықтары ғана болатын. Ең негізгі қарулары пышақ, шот, балта, айыр және орақ болды. Созақты басып алған көтерілісшілер    көршілес    аудандар    –    Түркістан,    Шаян,                    ан аудандарына  өз  ықпалын  таратуға  тырысты.  Көп  ұзамай  Шолаққорған ауылын (Созақтан оңтүстік-шығысқа қарай 75 км) басып алып, Созақтың бүкіл аумағы, Суындық асуы мен Тассарай шатқалын бақылауға алды.

1930 жылдың 8 ақпаны күні Созақты көтерілісшілердің басып алғаны, жергілікті басшылардың өлтірілгені және көтерілісшілер тобының аудан орталығы Кент-Аралға қарай жылжығаны туралы мәліметті алғаннан кейін Сарысу аудандық партия комитеті мен аудандық атқару комитеті ауданның активтерін көшіру туралы шешім қабылдайды. Екі күннен бері қараусыз қалған аудан орталығында кооперативтік және мемлекеттік мекемелерді тонау, өртеу орын алған еді. №5 ауылда тұратын бұрынғы қызыләскер, комсомол Жұманов деген жігіт жұмысшылардан, кедей шаруалардан 300-ден астам адам жасақтап аймақ орталығын сақтап қалуға барын салды.

1930 жылы 14 ақпанда Түркістанға Ташкенттен – Орта Азиялық лениндік училищенің эскадрильясы (140 қылышты әскер)26 және Малышев басқаратын тау батареясы, ал Алматыдан – Қазақ ұлттық жеке атты әскер дивизионы және тб.с.с. тұрақты әскери бөлімдер келіп орныға бастады. Құрама әскердің командирі болып Малышев тағайындалды.

16 ақпанда Малышевтің құрама әскері Созақ ауылына жетті. Кейбір деректерде Малышевтің құрама әскері мен бірге ОГПУ-дің Журавлев пен Логачев отрядтары ауылды зеңбірек пен пулеметтен атқылаған соң, Созаққа бірге басып кіреді. Ұзаққа созылған шайқас нәтижесінде көтерілісшілер тобы талқандалды. 400-ден астам көтерілісшіні қаза болды. 200-ге жуық адам тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің шағын топтары ғана Шу өзенінің төменгі ағысындағы қамысты тоғайларға тығылып үлгерді. Көтерілісшілерден 70-ке жуық мылтық, 50 балта, айыр, қылыш және басқа да қару-жарақ алынды. Созақ үшін шайқаста Сұлтанбек хан мен оның көмекшілері қаза тапты. Көтерілісті бастаушылардың тірі қалған жетекшілері негізінен Созақ ауылы алынғаннан кейін бірден өлтірілді немесе атылды. Малышев құрама әскері тарапынан екі әскердің жараланғанынан басқа ешқандай шығын болған жоқ.

Көтерілістен кейінгі жағдайлар

Орта Азиялық лениндікучилищенің эскадрильясыТашкентке қайта оралды. Ал Қазақ ұлттық жеке атты әскер дивизионы мен эскадрильялардың бір бөлігі көтерілісшілердің қалғандарын анықтап, жоюда Совет өкіметіне көмектесу үшін 1930 жылдың 9-10 наурызына дейін қалдырылды.

1930    жылдың    20    наурызы    мен    30    наурызы    аралығындағы «Контрреволюциялық кулак-ақ гвардияшылар мен бандиттік элементтерді жою туралы» СОУ ОГПУ-нің № 9 жедел есебіне сәйкес 1930 жылғы 1 сәуірде 164 адам тұтқындалған.27

1931  жылы  Аллаһу  көтерілісіне  белсенді  қатысушылар  толығымен жойылды, бірақ көтеріліске қатысушыларды қудалау 1938 жылға дейін жалғасты.

Созақ пен басқа ауылдарды алу кезінде көтерілісшілер қолынан қаза тапқан Қызыл әскер жасақтарының жалпы шығыны – 33 кісі болды. Олардың 13-і әскер құрамынан болса, 20-сы партия қызметкері болатын.

Көтерілістің ызғары басылар басылмас, елдегі қаймана  қазақтың басына тағы да бір нәубет – ашаршылық төнді. Арадан біршама уақыт өткеннен кейін Кентарал тұрғындары ауылды тастап кете бастағандықтан, аудан орталығы Саудакентке көшірілді.

Аллаһу көтерілісінің басылғаны ресми жарияланғаннан кейін ОГПУ «үштігінің» шешімімен «көтеріліске қатысы бар» деген айып тағылып, жүздеген жазықсыз адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып, итжеккенге айдалып, жер аударылды.

Көтерілісті басу кезінде Қызыл әскерлер тарапынан өлтірілген көтерілісшілердің нақты саны белгісіз. Тіпті бейбіт тұрғындар арасынан Қызыл әскерлер қолынан жазықсыз шейіт кеткендердің санын есептеу мүмкін   емес.   Зерттеуші   Қ.Алдажұманов   Аллаһу   көтерілісіне   қатысты

«Қазақстанға жер аударылған халықтар: тарихы мен тағдыры» атты зерттеуінде: «Қарусыз шаруалар, озбырлық пен шектен шыққан әскери жасақтардың жиі құрбаны болды. Созақ өңірінде көтерілісті басу кезінде 194 адам қаза тапты, алайда олардың көтерілісшілерге ешқандай қатысы жоқ еді. Мұндай мысалдар өте көп»28- дегенді жазды.

1930 жылдың наурызында Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин Сталинге жазған құпия хатында Сырдария округіне қарасты Сарысу, Созақ өңірлеріндегі наразылықтың өршіп ірі қарулы көтеріліске ұласып барады деп хабарлады.29  Ресей Федерациясының ФСБ Мұрағатында қатысушылар санын – 2000 адам, Ырғыз көтерілісіне – 2500 адам, Жұмағазы басқарған Қызылорда көтерілісіне – 4500 адам» деп көрсеткен.31

Қорытынды

«Аллаһу көтерілісі» асылында «әділдік, теңдік һәм еркіндік» аңсаған халықтың Қызыл империя режиміне қарсы ұлт-азаттық көтерілісі. Қозғалысты Тама руы бастағанымен бүкіл халық әділетсіз басқаруға қарсы аяққа  тұрды.  Себебі,  Совет  өкіметі азшылық  халықтардың  дініне  тыйым

салып намысын бір таптады, атадан қалған жерін тағы тартып алды, мал-мүлкін   әртүрлі   айламен,   салықпен   тағы   тартып   алды.   Рухани   һәм материалдық тұрғыдан тарыққан халық террорлық режимге қарсы тұрды.

«Аллаһу көтерілісі» жайлы қысқаша зерттеумен шектелдік. Алайда бұл тақырыптың әлі де ашылмаған құпиялары жеткерлік. Бізден кейінгі зерттеушілер әлі де болса, тарих беттерінен көміліп жатқан көп ақиқаттың беттерін ашып ұрпақ кәдесіне жаратады деп сенейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button