Басқы бет / Қайдасың, бауырым? / Сырдан жеткен жаңалық

Сырдан жеткен жаңалық

Құрметті қауым!

Өткен жылдың жазында Керекулік Амангелді Қайырбекұлынан арқаға шақыру келіп тамыз айынның басында Екібастұз өңірінде Исабек ишан әулетімен Керекуде Жанқожа (Әбдіәмет халпе) ұрпақтарымен қауышудың сәті түсті. Павлодар қаласындағы басқосудың кезінде Бекболат есімді інім келіп «аға қожамын, Баянауылданмын.  Шұғай қалпе ұрпағымыз ол атадан жоғары ештеңе білмеймін» деген еді. «Тағы айтарым атамыздың екі інісі бір қыстан кейін қайтып кетіпті. Қожа ұрпақтарына қайдан қосыламыз?» деген өтінішін айтты. Мен «М.Ж.Көпейдің шығармаларына зер салыңдар» деп білгенімді айттым. Содан бері Бекболатпен хабарымыз үзілген жоқ.   Өз тарапымыздан іздеу салып,шежірелерді ақтарып, ізденісті ңақырын күттік.

   Көп ұзамай, қазан айында Астаналық Ауданбай атаның арқадағы қожалар жайлы шежіресі Сарыағаштық С.О.Саттарұлынан келді. Сол шежіреде Шұғайыптың түп атасын Сейітомар аға ашып берді. Салыстырып қарағанда Диуана қожа әулетінің шежіредегі тізбемен сәйкес келді.

Хабар жетісімен Бекболаттың ағасы Темірболаттың қызы Бақытжан қарындасымыз іздеп келіп «Мәді (Маһди) – Диуана қожа» қоғамдық корында болып, Сүлеймен ата әулетінің үлкендерімен кездесіп әулеттің толық шежіресімен танысты. Орталықтығ жұмысына қанығып, соңғы жылдары жарық көрген кітап-журналдарды алып, еліне қайтты.

    Әзірет Әліден бастап бүгінгі күні өмір сүріп жатқан ұрпақтарының бір сырнай (вертикальный) шежіресі қолына тиді.

     Шұғайыптың әкесі Шардарбек екендігі екі шежіреде бірдей болды. Шұғайыптан жоғары аталарымыз белгісіз  деген сұрақтың  жауабын осылайша таптық.

     Тарихтың сүрлеуінде ашылмай жатқан айтуға негізі жетпей жатқан қожа әулетінің тарихы тереңде жатыр.

        Ел егемендігін алғалы әрбір ұлтың, ұлыстың, оның ішінде әрбір рудың ата-тегін түгелдеп шежіре тарихын жинақтап бойын тіктеуіне мүмкіндік туды. Ата-тегін іздеген барлық ағайындарға Қызылордалық бауырларыңыздан сәлем. Алла амандықта, жақсы күндерде кездесуді бұйыртсын.

Жұмабай ОМАРҰЛЫ

                                        Диуана қожа әулеті

  1. Әзіреті Әлі
  2. Имам Мұхаммед-Ханафия
  3. Әбдул Фаттах, Абдул Маннан
  4. Абдул Жаппар
  5. Абдул Қаһар
  6. Абдул Рахман
  7. Абдулжалел баб  (ұлдары: Ибраһим Софы, Хүсейін Софы
  8. Ибраһим Софы
  9. Микайл Софы
  10. Исрафил Софы
  11. Исмайл Софы
  12. Айна софы
  13. Мұхаммед софы
  14. Бадір Ата
  15. Сүйіндік Ата
  16. Көбіндік Ата
  17. Ибраһим Ата
  18. Исмайл Ата
  19. Ысқақ қожа
  20. Абдул Қасым қожа
  21. Сайд Ахмет қожа
  22. Сайфиддин қожа
  23. Шамсуддин қожа
  24. Пірзада қожа
  25. Жалаладдин қожа
  26. Мұхаммед қожа
  27. Оспан қожа (Усман)
  28. Исмайл қожа
  29. Фақыр қожа
  30. Ислам қожа
  31. Забид қожа
  32. Жанаб Маһди (лақап аты  – Диуана) – балалары: Қожжан қожа, Қылыш қожа, Пірзада қожа.

Мәді (Маһди) – Диуана қожа ұрпақтары

Қажы Мәдіқожа- Қожжан қожа (қожа Жаһан), Қылыш қожа, [Ғабдырахман қожа], Пірзада қожа, Бақмұхаммед қожа (Бақпанбет).

Қожжан қожа (қожа Жаһан) – Қожакәлен, Заман қожа, Сүлеймен, Қылует, Нияз, Болат қожа, Қажымұхаммед (Әжіқожа), Бақмұхаммед (Бабақожа), Сайдмұхаммед (Ер Сейітпенбет).

Сүлеймен – Асқар, Арыстан, Үббі, Махмут (Мамыт).

Үббі (Құбы) – Айтқожа, Алтай, Меңді, Мәселей.

Алтай – Есенқожа, Ермек, Иман, Жұман, Құлман.

Жұман – Аймен, Таймен, Шардарбек.

Шардарбек – Айып, Шұғайып, Зейнолла, [Қалимолла], [Қалиолла].

Айып – Әбдірахман, Рабиға. Әбдірахман – Мірсайд, Абухсаид, Хамитжан.

Шұғайып – Арыстанбек, Сұлтанбек, Шолпан. Арыстанбек – Бопай, Айтмағанбет, Тиышбала, [Рахымбек], [Әміртай], Әбдіғалы, Сәйіпкен. Айтмағанбет – Ахат, Бақыт, Болат, Жанат. Ахат – Марат, Әсет. Бақыт – Дулат – Думан, Дәурен, Әмірәлі. Болат – Рахат. Жанат – Асхат, Шапағат. Әбдіғалы – Қанат, Сәуле, Ырымшаш, Зәуреш, Қайрат, Айнагүл. Қанат – Олжас – Ислам. Қайрат – Азамат, Әділет, Ниет. Сәйіпкен – Теміртай, Темірболат, Бекболат. Теміртай – Бақытжан, Ербол, Шынар, Ерлан, Нұрлан, Гүлсім. Ербол – Дәурен, Сардар, Қайсар. Ерлан – Данель, Дәлдә, Томирис. Нұрлан – Дәулет, Нұрай. Темірболат – Гүлнар, [Ердос], Гүлім, Еркін, Мирас. Еркін – Інсәр, Ясни. Бекболат – Гүлмира, Жандос, Дидар. Жандос – Нұрмұхаммед. Дидар – Анель. Сұлтанбек – Рахымжан – Бұхарбай – Қуаныш – Бексұлтан.

Зейнолла – Алтынхан, Рамазан, Аманкелді, Аманжол.

(Зейнолла ұрпақтары қазіргі таңда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында тұрады.Осы әулеттің ұрпағы көп басым көпшілігі Ақмола облысында ғұмыр кешуде. Үббі (Құбы) қожаның бір баласы Мәселейдің төртінші ұрпағы Сара біраз жылдар Жаңаарқада аупаркомның хатшысы, тағы басқа лауазымды қызметтер атқарған. Осы әулеттен Шардарбек Меккеге екі рет барып қажы атанған суырып салма ақын, ескіше көп оқыған ел қадірлеген адам боған.)

Реквизиты ОФ «Мадихожа»

KZ08319K010000390784

БИН:980 340 019 678

БИК:ABKZ KZ XXX

Код: 18

Кызылординский филиал

АО «БТА Банк»

Madi_kozha_88@mail.ru

Атқарушы директор  Жанибеков Ж.О.

раб. тел.: 23-18-25

8-705-825-91-17, 8-775-598-27-27

 

Ескету: 2015 жылы шығытын қожалар шежіресіне, 2016 жылы шығатын Мәді (Маһди) – Диуана қожа шежіресіне енгізілді.

Сондай-ақ, оқыңыз

Арыстардың ізі қалса…

2009 жылы жарық көрген «Сталинизм и репрессии в казахстане 1920-1940-х годов» деген еңбегінде ҚР ҰҒА …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған