Басқы бет / Бір суреттің сыры / Хисамиден Ысқақов

Хисамиден Ысқақов

Ұстаз туралы сөз қозғау, оның өмірінің парақтарына үңілу, әділ бағасын бере білу үлкен жауапкершілік артады. Ал өмірінің жартысынан астамын ұстаздық еңбекке арнаған адам жайлы толғану тіпті де оңайға соқпаса керек.  Келешекке талпынған жауқазынды біліммен сусындату – ұстаздың ісі. Сондай ұстазрдың бірі, еңбек ардагері Хисамиден Ысқақұлы.

Ұстаз ағамыздың ұлағатты жолы талай азаматқа үлгі болды.

Үміткер ауылының құрметті ақсақалы, «Аға мұғалім», «Еңбек арадагері» Хисамиден Ысқақов  1929 жылы мамыр айының  5-жұлдызында дүниеге келген. 1936-1938 жылдары Үміткер, Жаңақала, 1939-1943 жылы Үлгі мектептерінде оқиды. 1943 жылы Қарағанды көмір тресіне қарасты №12 шахтада үйренуші слесарь, кейіннен слесарь жұмыстарын атқарады.

1945 жылы Қарағанды оқу бөлімінің жанынан ашылған 10 айлық мұғалімдер дайындау курсында оқып, 1946 жылы сол қаладағы  Молотов атындағы 2 жылдық мұғалімдер институтында білім алады.

1948 жылы  қазақ тілі мен әдбеиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алады.  Кейін, 1956 жылы Қарағанды педагогикалық институтында  мамандығын жетілдіреді.

1948жылдан бері жас ұрапаққа білім беру ісінен танбай,  ұстаз ағамыз оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

1955-1977 жылдары Пушкин, Үлгі, Бабаев селолық кеңестерінде депутат болып сайланып, қоғамдық өмірде де белсенділік танытты.

Өмірден өнеге түйген, парасатын пайым сай, үлкен жүректі Хисамиден  ағамыздың бір ауыз сөзі жанымызға жылу беретін. Ауылымыздың  ардақты ақсақалы, ақылшы қариясы еді.

Үміткер орта мектебінің ұжымы

Сондай-ақ, оқыңыз

Шортанбай Қанайұлының суреті

«Мына заман қай заман? Азулыға бар заман, Азусызға тар заман» деп жырлаған Шортанбай Қанайұлының жыр-толғаулары …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған