Білген Шайыр айтады

Харон патша және Әзім туралы хикаят

Б-исми Аллах ар-Рахмани ар-Рахим!

Бір құмарпаз бар екен Әзім деген,

Патшаменен отырып, әзілдеген.

Құмарынан ұтылса ақша таппай,

Патшадан әперемін қазір деген.

Неше жылдай жүреді құмар ойнап,

Тамашадан өткізді тойын тойлап.

Патша құмарпазбен жолдас болды дегенді естіп,

Ол шаһардан кетіп қалды түбін ойлап.

Барған жерде ойнады тағы құмар,

Әдет қылған нәрседен қайдан тынар.

Құмарға қатынын тігіп қойып,

Патшадан әкелем деп тағы шығар.

Су таба алмай бір тауға келді шөлдеп,

Жан жағына жүгірді құдық іздеп.

Қай жақтан су тауып аламын деп жүргенінде,

Көзі ашық бір құдықты көрді тездеп.

Су алмаққа құдыққа қауға салдым,

– Жете ме, – деп қараған едім,

Бір тақта бір қыз және бір шал отыр.

Жоғарыға қыз қарап мені көріп,

Қауғама екі гаухар әкеп салды.

Қауғамды жоғарыға алдым тартып,

Олжаны кім береді мұнан артық.

Гаухарымды апарып базар салдым,

Патшаға бармай кетейін деп, алсам сатып.

 

Базаршы ұстап алды ұрысың деп,

Қазынадан гаухарды ұрлап алдың,

Ұрыдан сен нағып құрысың деп.

Патшаға біз апарып тапсырайық,

Патша өзі бітірер бұл ісін деп.

Ұры әкелдік – деп, патшаға алды барып,

Харун-Рашид Әзімді қалды танып.

– Көптен бері бұл жерден кетіп қалып,

Бұл бәлеге ұшырадың, қайда барып?

– Бір шаһарға кетіп ем сізден бөтен,

Неше жылдай сол шаһарды қылдым отан,

Тағы да ол шаһарда құмар ойнап,

 

Қатын тігіп, бір жұмыс басыма болды түскен.

Сізге келе жатыр ем арызымды айтайын деп,

Ақша берсе, қатынымды алып қайтайын деп.

Бір құдыққа келдім де қауға салдым,

Жетті ме деп қарадым, байқайын деп.

Қарасам бір шал, бір қыз отыр тақта,

Бұл несі деп қарап, сынап тұрдым Хаққа.

Қауғама екі гаухар салып берді,

– Сол қызды табасың ба барсам еріп,

Артымда бір сөз болып қалар еді,

Ажал жетіп, дүниеден кетсем өліп.

 

Еріп барып Әзімге қызды тапты,

«Нағып отырған қызсың?» деп айқай салды.

– Мен перінің патшасының қызы едім,

Мынау, пенде жолықты адамзаттың,

Жасынан бері маған ғашық болған,

Ортадағы қазаны қайнап тұрған.

Астында оты бар тұрған жанып,

Өне бойы астына от жағылып.

Бұл қазан не, нәрсе не тұрған қайнап?

Ішіндегі май еді шомылатын,

Шомылған адам маған жолығатын.

Егер де бұл майға шомылмаса,

Қосыла алмай біздерге торығатын.

 

Майға шомылмай ешкімге қосылмайды,

Қайнағанмен майы мұның таусылмайды.

Өне бойы айтамын түсе бер деп,

Осы майдың қасиеті осындай-ды.

Шалға айтты – Түспейсің майға неге,

Майға түссең боласың қызға еге.

– Қарап отырған бетіне маған жетер,

Қайнап тұрған қазанға түскін деме.

– Біреу түсіп өлмесе, түсер ме едің?

– Ол өлмесе, әлбетте, түсер едім.

Майға түсіп өлместен аман қалсам,

Ойнап-күліп осымен өтер едім.

Тәуекел деп Харун патша майға түсті,

Құдай өзі оңлағай әрбір істі.

«Енді сіз маған лайық болдыңыз», деп,

Қыз келіп патшаның мойнын құшты.

– Алайын деп сенен үміт қылғамын жоқ,

Өзім түстім, түс деп мені тұрғаның жоқ.

Ғашығың өзі түсіп, өзі өлсін,

Мұнан басқа беретін, аларым жоқ.

Өлмеген соң қазанға түсті шал да,

Екі ғашықтың жұмысын бітірді Алла.

 

Екі ғашықтың жұмысын бітірген соң,

Еліне кеп жүре берді бұрынғы халда.

Екі ғашықты себеппен қосты Харун,

Тәуекел деп майға түсті, қойып жанын.

Әр уақытта ақылы бар жақсы адамдар,

Бұл дүниеде ол дүниенің ойлар қамын.

 

АТЫМТАЙ ЖОМАРТ ТУРАЛЫ ХИКАЯТ

 

Бір патша бар еді әбден сақи,

Сақилықтан қалған жоқ онда хақы.

Онан басқа сақи да толып жатыр,

Басқалардың сақилығы мүлдем тақыр.

Бір күндері патша ойлап бүкіл жұртын,

Қазынасын аштырды беріп кілтін.

Қажетін жылаған көпке бәрін беріп,

Бұрынғы жалғастырды әдеп-ғұрпын.

 

«Мендей сақи бар ма, – деп, – мақтанады, –

Өзім ілгері, өзгелер артқа қалды.

Әліңнің келгенінше сақи болсаң,

Артыңда сақи деген ат қалады.

Садуақас сақи болған жаннан кешіп,

Дерттіге мәселесін берген шешіп.

Ретін жеп, сол ауру шипа тапты,

Сол себептен сақи деген болды нәсіп.

 

Бір жігіт төрткүлден беріп жауап,

Аяғына патшаның қылды тауап.

– Үрімде Атымтай деген бір адам бар,

Сақилықтан сізден көп онда сауап.

Жаны ашитын інісі бар тілейтұғын,

Соны сұрап сақилығын білетұғын.

Желтабан дейтін астында бір аты бар,

Жақсы көріп үстіне мінетұғын.

 

Патшаның адамдары Атымтайды келді сұрап,

Түсе қалып барлығы, болды қонақ.

Соятұғын бұларға мал жоқ дейді,

Бүйірдегі Желтабан – жалғыз сол-ақ.

Желтабан меймандарға сойылады,

Алдына ас әкеліп қойылады.

Қазы, қарта алдына үйіп қойып,

Асын жеп меймандары тойынады.

Асты жеп меймандары жата берді,

Жатқан сайын меймандық аса берді.

 

– Біз енді елімізге қайтамыз деп, –

Қайыр қош, – деп меймандар бата берді.

– Неше күн жолды жүріп, түнеп келдің,

Не нәрсені біздерден тілеп келдің?

Айтқаныңды берейін қалт қылмастан,

Қуанышқа толсыншы жүректерің.

– Атымтай, сізден Желтабан тілегіміз,

Онан басқа, жүдә, жоқ керегіміз.

Желтабанды ойнақтатып алып қайтсақ,

Қуанып кетер еді жүрегіміз.

Атымтай отырып қалды төмен қарап,

Желтабанды бұлар келген мыңға балап.

Бере ме деп сол атын қапаланып,

Қиналды қойғанына қиын талап.

– Қапаланғаным емес еді, қимағаным,

Сол ат еді сізге сойып, сыйлағаным,

Сіздерге сол ат еді сойып бергенім,

Далаға кетіп қалып басқа малым.

 

Патшаның адамдары қайтып барды,

Желтабан сойылғанын айтып барды.

Ол менен сақилығы асқан екен деп,

Өз көңілі өзінен қайтып қалды.

Атымтай сақилығы жұртқа мәлім,

Әр кісі сақимын дер, білмей халін.

Патшаның сұраған атын мейманға сойып қойған,

Әне сол, сақилықтан алса тәлім.

 

ӘУЛИЕ ТУРАЛЫ ХИКАЯТ

Б-исми Аллах ар-Рахмани ар-Рахим!

 

Уақытындағы бір Ишан

Абдрахман хан еді,

Қызметін Алла көп қылған,

Кереметтей ер еді.

Ғауыс онда жас еді,

Әулиелік кереметін біледі,

Шаһардан Ғауысты қу дейді

Тамақ текке бермеді,

Ертіп алып баршаны,

Қолына ұстар ту дейді.

 

Неше күн жүрді айта алмай,

Айтуға қорқып бата алмай.

Ақыры бір күн «шық» дейді,

Перінің сөзін қайтармай.

Істекені мініп ап,

Жанына тауық байлады.

Шығар деген сөзінен

Ханның пірі таймады.

Тауығын байлап жанына

Шаһарға бөтен айдады.

 

Бір диқанға кез болды,

Көтеріп қырман қаптаған,

– Атыма бір жем бер, – деді,

Бір диуана келіп ақтаған.

Диқан айтты –  Артынан берем жем, – деді

Жоқ еді артына сақтаған.

Түнде көтерді қырманын

Дуана айтты – Атыма бір жем, бер, – деді,

Айтқаныма сен, – дейді.

Сахар тұрып, тахарат қып,

Оқы намаз узуды,

Артынан қыл қырман созуды,

Жан-жағыңа қарама,

Қыблаға бер жүзіңді.

Қырманын түнде созды енді

Таусылмастан қырманы

Созудан үміт озды енді.

Шаршап, жоғары қараса,

Диуана бидай құйып тұр,

Жарылқады құдай өзі енді.

 

Дуананы іздейді

Жолына қызым нәзір, – деп,

Кереметін көрдім қәзір, – деп,

«Қызымды соған беремін,

Ойламаңдар әзіл», – деп.

Қолына берді үш пұлды,

Диқанға қиын іс қылды.

Өзім жейтін, есегім жейтін, тауығым жейтін,

Оған қосқын, дейді, бір пұлды.

Базарға қарай шабады,

Маңдайдан тері ағады.

Біріне болса, біріне жоқ,

Үшеуіне қайдан табады.

– Үш пұлға қауын алыңыз,

Дуанға алып барыңыз.

Жүзін өзі жейсің қауынның,

Қабығын бересің есекке,

Шопағын бересің тауыққа,

– Мұны саған кім айтты?

– Беретін сізге қыз айтты.

– Ақылды екен қызыңыз.

Некелеп қызды алыпты,

Соңына ертіп халықты.

Ғауысты қуып шаһардан,

Абдрахман хан

Өз шаһарында қалыпты.

Хауас ал-Әзім ыза боп

Абдрахман ханға

Оғын атты керемет.

Оғын пері қайтарып,

Болды қанша саламат.

Тағынан патша құлады,

Оғы өтіп бүйірден,

Тағасы болып жарақат.

Сөзімді айтқан тыңдаңдар,

Әулиені қапа қылмаңдар.

 

ИБРАҺИМ ПАЙҒАМБАР ТУРАЛЫ ХИКАЯТ

Б-исми Аллах ар-Рахмани ар-Рахим!

 

Ибраһим Пайғамбар

Үш күн ораза тұтты үзбестен,

Үш күнге дейін ашпады,

Үйіне мейман келмейтін,

Үш күніне мақтанып,

Бар ма дейді адам меніменен теңескен.

Мақтанған ол жұмысы бір Аллаға білінді,

Үш күнге мақтанып ашпа оған тіліңді.

Пәлен тауда захид бар,

Барғасын өзің білесің мініңді.

Захидға барып жолыққай,

Мейман болып қоныпты.

Үш күнде бір ашады,

Өзінің аузы тұрақты.

«Сізден де бар ма, – дейді, – артық тұтатын, –

Қызметінен Алла ұтатын.

«Пәлен тауда бар», дейді, –

Соны іздеп Ибраһим кез болды.

Жиырма күнде бір ашады ол,

Захидтығы қарам еді,

Ақылдан Ибраһим Халил жаңылды,

Бүгін сізге қонайын,

Бір күн мейман болайын,

Артық екен барлығы,

Маған болды ұдайы.

 

Бұлардан артық іздесе,

Таба алар ма екен іздерін,

Рахметі көп Алланың,

Алладан үміт үзбейін.

Захид тағы табылды,

Қасына отырды айтып хабарды.

Киік алдына кеп өзінен өзі сойылды,

Берейін бөліп алдына екеуінің құлыңды,

Аузын ашып, асын жеп,

Екеуі де тойынды.

 

«Тұрып енді кет»,  – дейді,

«Жолдасыңа жет», – дейді.

Тіріліп кет қайтадан,

«Тойдық әбден етіңізді», –  жеп дейді.

Киік кетті тіріліп,

Кереметі Захидтың қалды сонда білініп.

Ибраһим Халил пайғамбар

Маған дұға қыл, – дейді,

Екі білегін түрініп.

Қабыл емес дұғам деп

Захид дұға қылады,

Бір дұға маған жаса деп,

Ибраһим Халил қинады.

Захидқа тұрып жалынып,

Өтірік емес, шындады.

Отырушы едік қалада,

Бір күн шықтық далаға.

Жайылған көп мал көрдім,

Ибраһим Халил «Алланың» дейді ол,

Неше жыл өтті арада,

Жолықсам, деп, Ибраһим Халил, Аллаға.

Болмады қабыл тілегім,

Жетпіс жылдан бері

Қабыл болмай тілегім,

Күмәнді болды жүрегім».

 

«Қабыл болды дұғаңыз,

Ибраһим Халил Алламен, – дейді,

Өтірік емес, сен», дейді.

Себебінен қосылдық,

Көрісейік, кел, – дейді.

Сол уақта ол Захид сәждеге қойды,

Бас иіп, мойнына қойып қолдарын,

Сәждада жатып жан берді.

Жерден үзбей бастарын,

Қызмет қылып ол захи

Жасағанға қарап көз тұтты,

Захидтар қойды асқанын.

Ғаламат көріп, Ибраһим қайтты еліне.

 

 

ТАҒЫ ДА АТЫМАЙ ТУРАЛЫ ХИКАЯТ

 

Наупіл деген бір патша

Жинап келді әскерін,

Атымтай елін алмаққа,

Хабарсыз Атымтай отыр еді ол тақта.

Түнде басты шаһарды,

Оятпастан ешкімді,

Ұрыссам әскер өлер деп,

Атымтай қашты сол шақта.

Қашып барып Атымтай

Бір үңгірге тығылды.

Неше күн жатты үңгірде,

Қылмастан, жүдә, қимылды.

 

Атымтай қашып кеткен соң,

Қалған әскер баршасы аяғына жығылды.

Патшамызды тағына

Тапқанға пәлен ділдә берем деп,

Шаптырды адамдарды жан-жағына.

Тапсақ пәлен ділдә алам деп,

Іздеді бәрі жабыла.

Бір жарлы шал бар еді

Арқалап отын сататын,

Үйінде тамағы жоқ еді,

Балалары ішіп, тататын.

Түнімен шулап балалары,

Болмады таңы ататын.

Отынымды ешкім алмады

Атымтайды тапсам ділдә алам деп,

Шаһарда адам қалмады.

– Қайтейін, балам, жылама,

Отыным бүгін жанбады,

Атымтай сөзін есітті,

Үйіне кірді, ашып есігін.

– Мені апарып ділдәні ал,

Ділдә саған нәсіп-ті.

Мен, Атымтай жатыр едім үңгірде,

Аламын деп ділдәні іздейді бәрі бүгінде.

 

Атымтайды таптым деп

Ділдәні ал сен, дейді,

Сол уақта шал айтты:

Ділдәға сені сатпаймын,

Ділдәға сені сатқанша,

Диуана болып ақтайын.

Жанын қиған мен үшін,

Сендей сақи таппаймын.

Атымтай айтып қорқытты:

– Патшаға барып айтамын,

Осы деп мені жасырған.

Бермеймін деп патшаға,

Таудан тауға асырған.

Адамың мен деп қашырған.

Атымтайдың мойнына жіп байлады,

Патшаға қарай айдады.

«Бай қып өлсем шалды», деп

Уағдасынан Атымтай таймады.

Екі адам келіп тартып алды қолынан,

Болды деп ісім оңынан.

Атымтайға еріп шал да келді соңынан,

Мен таптым деп ұрысты,

Бір біріне көніспей тұрысты.

Сол уақта патша айтты:

– Қайсысының тапқанын,

Өзі білер бұл кісі.

– Екеуі де тапқан жоқ,

Мені тапқан шал, – деді.

Өтірік, жүдә, айтпаймын,

Сөзіме менің нан, – деді.

Алдыңа мені әкелді,

Міне тұрмын, осындай хал, – деді.

Сол уақта патша айтты:

– Өлімге нағып қидың жаныңды,

Айтшы маған халіңді?

– Бай қылып сені өлсем, деп, –

Алып бар, –  деп өзі жалынды.

Тағын берді өзіне,

Ырза болды айтқан сөзіне.

Мүлкін өзіне тапсырды,

Еліне қайтты тезіне.

 

БІР ПАТША ТУРАЛЫ ХИКАЯТ

 

Келе жатыр еді патша

Әскермен шаһар аралап,

Уәзір, сардар қасында,

Әбден алған саралап.

Бір диуанаға жолықты

Отырған ағаш паналап,

«Тоқта – деді, – диуана,

Айтатын сөзім бар,

Мың ділдә берсең айтамын, уәзірің бар,

Санап беріп мың ділдә айтқан сөзімді ал.

Мың болды берген ділдәңіз,

Сөзімді айтқан тыңдаңыз.

Әр істің түбін ойланбай,

Жұмысты, жүдә, қылмаңыз».

Жазып алып «мақұл», деп,

Жолына патша жүреді.

 

Түбін ойламай іс қылды деп,

Уәзір, сардар күледі.

Күлгенін уәзір, сардардың

Ішінен патша біледі.

Келіп түсті ордаға

«Әр іс қылғын түбін ойла» деп.

Дуал үстінде ордада

Жазусыз жер қалмады.

Толтырды жазып орданы,

Күлгенімен ісі жоқ,

Көңіліне осы ұнады.

Бір патша бар еді,

Дұшпан еді жасынан,

Хан алатын қаншығы

Орын берді қасынан.

 

Заһарменен суартып,

Мүсәтір беріп қолына.

«Заһары жайылып өледі

Қан алсаң егер басынан

Он мың діллдә беремін қолыңа,

Тұрамын қарап жолыңа.

Шен, мансап, орын беремін,

Ынсап қыл менің соныма».

«Мақұл» деп уағда қылысты,

Патшаға қарап жылысты.

Қол алысты патшамен,

«Бітіремін – деп – бұл істі».

«Қан ал», деп патша шақырды,

Құдай өзі біледі,

Тентек пенен мақұлды.

 

Әр істі өзі қылады,

Пенде байғұс ғафіл-ді.

Қолына алды мүсәтірді

Бітірмекке істерін.

Ажалы болмай патшаның,

Көзіне қара жазу түскенін.

Мүсәтірмен қанын алмады,

Отыр еді қолға алып,

Қан алмай біраз кідірді,

Олай-бұлай толғанып,

Басқа мүсәтірді қолға алып,

Бұрынғы алған мүсәтірді тастағанын көреді.

Алып неге тастадың,

Қазынада жоқ

Мың мүсәтір бұл басқаның.

 

Шыныңды егер айтпасаң,

Кесіледі бастарың.

Мүсәтірді сол беріп еді,

Пәлен патша дұшпаның.

Енді сізге айтайын,

Оның қылған істерін,

Соныменен қан алдың,

Он мың ділдә берем деп еді,

Сол еді ол мүсәтірім,

Оны нағып тастадың.

Олжаға аяқ баспадың,

Талай тұрдың ойланып,

Не жұмысты бастадың

Жан жағыма қарасам,

Жазуды көрдім жазылған.

Іс қыл депті түбін ойланып,

Соған тұрдым ойланып.

Қан алсам патша өледі,

Сен бір бәле қылдың деп,

Мені де өлтірер соңынан.

Осы сөзден тәлім ап,

Тұр едім мүсәтір қолға алып.

Әскерін патша жинады,

Тамақ беріп сыйлады,

Мына сөзден тәлім ап,

Өлтіруге мені қимады.

 

Бергенде ділдә күлдіңдер,

Іс қылам деп түбін ойламай

Мына сөзден тәлім алмаса,

Өлтірер еді ақыр түбін ойламай.

Осындай қашып сөздерден,

Мың ділдә алмай бола ма?

 

 

 

 

ИБРАҺИМ ПАТША ТУРАЛЫ ХИКАЯТ

 

Басрадан Бибі Рабиа Мекке кетті,

Тауаккалат Әли «Аллаһ», – деп жеке кетті.

Әр қадамда екі ракат намаз оқып,

Неше жылдай мехнат көріп, Мекке жетті.

Панатдан Ибраһим Адхам патша шықты,

Патшалығын тәрк қылып, болды дінге мықты.

Әр қадамға екі ракат намаз оқып,

Бибі Рабианың қылғанын ол да қыпты.

Түнде кетіп қалыпты ешкім білмей,

Патшалықты тәрк қылды көзге ілмей.

Шаһарынан шықты жаяу, атқа мінбей,

Арғымақпен бұрын жүрген, жаяу жүрді.

Ерте тұрып қараса тағында жоқ,

Отыратын патшалық бағында жоқ.

Ешкім іздеп, ойланып таба алмады,

Айналада, ауылдың маңында жоқ.

Малының бәрін берді баққандарға,

Таптырмады айнала шапқандарға.

Мал-мүлкі, патшалығын тастап кетті,

Құданың рахметі хақтан барды.

Тәжін беріп, қолына алды шарық,

Жолға түсіп мүсәпір, болды ғаріп.

Күнәсіна ілгергі өткен тәубе қылып,

Қызметінде жүре берді ашып-арып.

Аяққа шарық киіп, жолға түсті,

Құдіретімен жаратар әрбір істі.

Баста патша болғанмен, кедей болды,

Әр не қылса Алланың әмірі күшті.

Арып-ашып, мүсәпір боп мехнат тартты,

Хошуақтығын тастады, ойлап артты.

Қатын-бала, мал-жан бәрін тастап,

Жылап жүріп, ақыры жолын тапты.

Мекке барса орнында жоқ, қалған кетіп,

Мехнат қып, келіп еді зорға жетіп.

Бибі Рабиаға зийаратқа кетті деген,

Бір Алла білдіреді оған илһам айтып.

Ибраһим Бибі Рабианы кетті іздеп,

Кідірместен ол жерден жетті тездеп.

Хал-жайын сұрасып бір-бірінен,

Екеуі бір құдықтың басына кеп.

Ибраһим мен Бибі Рабиа

Құдықтың тұрды басына,

– Не себептен Мекке келдім, қасыма.

– Шөлдеген итке су бердім,

Сол ит тілек тіледі,

Толтырып көзін жасына.

Мекке тұрды айналып,

Кетпей тұрды байланып.

Басымнан менің кетпе деп,

Тұратын бұрын жайқалып,

Меккені ілтипат қылмадым.

 

Бетімді оған бұрмадым,

Үйге қайттым кідірмей.

Қуанып оған тұрмадым,

Құрмет, парыз білмедім,

Меккені көзге ілмедім.

Жамбастап кеттім Меккеге,

Аяғыммен жүрмедім.

Оқыдым намаз тұрдым да,

Аллаға көңіл бұрдым да.

Жәннат кеттім жанбастап,

Бұрынғыдай құрбым да,

Жеті жылда жеттім жанбастап,

Барған жоқ ешкім мені бастап.

 

Меһнатты жолда көп көрдім,

Отырған мұнда ел тастап.

Меккенің келдім қасына,

Қияметтің күнінде

Бола ма деп пайда басыма.

Қабыл қыл деп жыладым,

Толтырып көзді жасыма.

Барған соң жолым тиылған,

Көп әулие көрдім жиылған.

Ойнап-күліп олар жүр,

Ризығын жеп бұйырған.

Әр қайсысы тілек тілейді,

Бер деп ризық аспаннан.

Бергеніне қарай бай бәрі,

Алдына түсті дастархан.

Біреуіне бес, біреуіне он түсіп,

Бәрінің ісі өтті бастардан

Ең артында Ибраһим патша сол

Ризық бер, деп Аллаға тілеп, қолын жаяды,

Тура жүз дастархан түсті алдына.

Күллі жиылған әлеумет

Ашып жеп, бәрі тояды.

Бұған мұнша көп бердің деп,

Күллі әулие күндейді.

Не себептен көп бергенін

Ешқайсысы білмейді.

Патша болып жүргенде

Беретін мұндай дастархан,

«Болмайсың, сендер, тең» дейді.

Сақидың қара артығын,

Меккенің өзге халқының

Қияметке барғанда

Басыңа болар салқының.

Құлымбет қожа ишан – Қожахмет қожа баласы

Құлымбет қожа ұрпақтары  

 

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған