Мөңке Темір хан Тоған ибн Ботур хан ибн Жошы хан ибн Шыңғыс хан патшалығы баяны
Мырза Ұлықбек. Төрт Ұлыс тарихы. Ташкент "Шолпан " баспасы 1994 жыл
Дәлелді тарих кітаптардың жазуынша Сара йшық деп аталған Сарай шахтарында Сайн хан патшалығының уақыты таусылған соң оның орнына Мөңке Темір отырды. Ол патшалығы дәуірінде Кали хан деп лақаб алған еді. Кали хан әділетті, ақылды және қайырымды патша еді. Ол өз салтанаты дәуіріне хандық оның барлығына шүкір етуші, залымдар арыз айтар еді.
Бесінші хан – Ясу Мөңке ибн Тоған еді
Хабарлар мен тарих кітаптарының жазуынша Мөңке Темір ибн Тоған салтанатының уақыты өткен соң Ясу Мөңке хан оны кейбіреулер Тоқоки деп атады, туысқанының орнына салтанат тағына отырды және хандық өкімдерінің жырына және әкімдік істерінің амалымен айналасты. Оның да өмірі дәурені соңына жеткен соң әкімдік істерінің амалымен айналысты. Оның да өмірі дәурені соңына жеткен соң алтыншы хан Тоқтай ибн Қалық хан болды.
Әңгімешілер айтып жазады, Ясу Мөңке ибн Тоған салтанатының істері соңына жеткен соң Қалық хан яғни Мөңке Темір хан ұлы Тоқтай хан ағасының орнына шықты және Дешті Қыпшақ мемлекеттерінде тұрақ тауып (шах) патшалық дауылпазын қақты хандық заңдарына, өкімдік жолдарына өз үлесін қосты. Ізет аяғын Салтанат тағынан көтергенде Өзбек ибн тухрал ибн Қалық ибн тоған жетінші хан болды.
Өзбек хан
Даналық абзалдарының және білім иелерінің көңілдерінен орын алсын, №тоқтай хан дәулеті соңына жеткенде Хазреті Сұлтан Мұхаммад Өзбек хан ибн Тұғрал ибн Қалық хан, ибн Тоған, ибн Бату хан, ибн Жошы хан, ибн Шыңғыс хан таққа отырды. Өзбек ұлысын соның атымен атады. Хан субханака о тағала оны хандық әшекейімен безеп, өкімдарлық атауына лайық жақындастырған еді. Түркілердің өте жылына тура келген 712 хижра жылында салтанат тағына той алды. Айтуынша хандық тағына отырған соң сегіз жыл Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ауа райы жағып, аңның молдығы себебінен өзінің ел ұлысы мен бірге бұл жерде күн кешірді. Таққа отырғанына сегіз жыл өткен соң Машайықтар және мұсылмандар шайхы әулиелердің құты, хазіреті Зеңгі ата (Алла оның қабірін нұрлы етсін) ның нұсқауымен құрметті Сейтзада, Алланың әмірімен жолдан адасқандарды жолға салушы, мүридтердің пірі және мүршиді, тәліптердің қолдаушысы хазреті Сайид ата (Алланың сырын құрметті етсін) яғни, Зеңгі атаның Халфасы арқылы (екеуіне де Алланың рахметі жаусын) түркілердің дакүк жылына тура келген 720 жылы Исламды қабыл ету мәртебесіне лайық болды. Бұл қысқа баянның толық мәні «Мақомати Хазреті Сайшид ата алайхир рахма во риза» кітабында жазылып айтылған.
Сұлтан Мұхаммад Өзбек хан өзінің ел ұлысы мен Алланың ризалық мәртебесіне жеткен соң, Хазреті Сашид Атаның Ғайыб ишараты және Алланың рахымы себебімен олардың барлығын Маваруннахор жеріне алып келді. Хазреті Сашид Атаға (оған Алланың рахметі мен разылығы болсын). Құлақ асудан мойын бұрғандар бұл бақыттан құры қалды. Ол тақта қалды және қалмақ деген атқа лайық болды, оның мағынасы»қалған» деген сөз. Хазретті Саишид ата олардан (Алланың рахметі және разысы болсын) және Сұлтан Мухаммед Өзбек ханмен бірге келген кісілерден: «Бұл келген кім?» деп сұрар еді. Олардың басшысы жән патшалары Өзбек хан болғаны үшін оларды Өзбек деп атар еді. Сол себептен сол замманан бастап келген кісілер Өзбек деп атала бастады. Қалып кеткен кісілер болса Қалмақ болды.
Түркістан елінің жеріне жеткенде, дәуір өткен соң бұл жерлерде жасаған түркі кісілер әсілінде олармен жақын болған себебінен өзбек ұлысына қосылып кетті. өзбек хан және (оған Алланың рахметі және разылығы болсын) Сайид ата (оған Алланың рахметі және разылығы болсын) қолдауымен келген елдің нышанасы (белгісі) олар Сайид атаның (оған Алланың рахметі және разылығы болсын) мүридтері еді. Кейбір кісілердің мүрид болмауының себебі, олар ілгері келіп қалған болмаса кейін келген еді.
Сұлтан Мұхаммад Өзбек ханның Исламнан әуелгі патшалық уақты сегіз жыл, Исламды қабылдағаннан кейінгісі отыз жыл. Опаты түркілердің барыс жылына лайық 750 хитра жылында жүз берді, (оған Алланың рахметін және жаннатан нәсіп етсін).
Сегізінші – Жәнібек ибн Өзбек хан
Хазреті Сұлтан Мұхаммед Өзбек хан дәулетінің қызығына таусылған соң «Каит» әмірін өз құлағымен есіткен соң, орнына лайық ұлы Жәнібек әмірлік етуге отырды. өз ел ұлысын бас аяғын тыйым тәртіпке келтіріп болған соң көп әскер жыйып Дербент арқылы Тәбризге жол тұтты. Ол кезде Шыңғыс хан нәсілінен Иран тағында бірде патша жоқ еді. Тәбріз тағында сүлдүз қаумының хандары нәсілінен Ашраф ибн Теміртас ибн Шопан Сүлдүз отырған еді.
Жәнібек хан Тәбрізге жетіп келген соң Мәлік Ашраф Өзбек ұлысына қарсылық көрсетуге күші болмағандықтан Нахшыбан қарай жүріп кетті. Жәнібек хан Ашрафты Әзірбайжанға дейін іздеп барып қолға алды және зұлымдығына лайық Ашраф Сүлдүзді өлімге кесті. Тәрбіз халқын зұлымдықтан босатты. Есепсіз әскері болуына қарамай ол ешқашан тәбріміз халқын залал еткен жоқ. Мәлік Ашраф бар өмірінде тыйған қазынасын өзін бағындырған жанға өткізді.
«Көрдіңт бе Ашрафа хар (есек) не істеді, ол өзіне зұлым қылды да жұма намазында Жәнібек хан қожа Алишах» мейітіне барды. Жәнібек Әзірбайжан мемлекетін азат етіп, әділдік пен қайтылымдылықты Алла үшін өз халқына аямады, мемлекет қызметкерінде солай тәрбие етті. Маулана Сағдуддин Тафтозоний 756 жылы «Талихис Мухтасары» кітабын оның ұлық атына анады.
Айтуларынша Жәнібек Құдайдан өте қатты қорқатын, әділетті сүйетін. Ол Тәбрізгде салтанат істерін орнына қойып, Ұлы Бердібек Сұлтанды Тәрбіз тағына отырғызды. Өзі Дешті Қыпшаққа қарай жол тартты. Дешті Қыпшақтың Астанасы болған Сарай тағын өз қадамы мен гүлдендірді. Біраз замандар өткен соң жоғарғы мәртебе үшін тақпен тәжден кетіп оны басқа кісілерге қалдырды.
Тоғызыншы хан – Бердібек хан ибн Жәнібек хан
Жәнібек салтанат тағынан кетіп, ақырет бағына жол алған шағында, Бердібек хан Тәбріз салтанатының бақыт-қуаныш сәулетін тамашалаумен отырған. Атасының опат болғанын есітіп Тебріз тағын тастап Дешті Қыпшаққа қарай асықты. Хан тағына отырып мына дүниеден өткенше хандық істерін өтеді.
Онынышы хан — Келдібек
Бердібек бұл пәниден бақи бостанына қарай сапар еткен соң, Келдібек хан оның орнына отырды. Салтанат мүлкіне озінің әділдігімен оң берді. Аллаға лайық болған барша халықты, адамдар ішетін ажал елінің шәрбетінен жұтпа-ғанша лайықты сыйлықтармен шат етіп тұрды.
Он бірінші — Наурыз хан
Тарих ғалым адамдарының жазуынша Келдібек ибн Жөнібек өлеммен қош айтысқан соң Наурыз хан өзін Жәнібек әулетінен дәлелдеп аяғын Дешті Қыпшақ тағына қойды және бақиға аттағанынша отырды.
Он екінші — Шеркес хан
Наурыз хан дәулетінің нұры көктем өтіп өмір күзіне ауғанда Шеркес хан Салтанатының күні жарқырап нұр шашып шығып Дешті Қыпшақ салтанат тағына қадам қойды және Хандыққа лайық, Үкімдарлық бағына оң берді. Ұлы Әмірлер өзара маслихат етіп оны Жәнібек перзентінің қатарына қосты. Оның бақыт мөрі дәуір дастарханынан көтерілген.
Он үшінші хан — Қызыр хан
Тарих қаумы ғалымдарының пікірінше Шеркес хан дәулетінің дәптері ақырына дейін толып, салатанаттың соңғы бетіне мөр басылған соң, Хандық пәрменінің басына Қызыр ханның аты жазылды. Қызыр хан патшалық бағынан орын алып, Үкімдарлық зандылықтарына әділдік жолдады. Мәңгі емес, сарай есігін адамдарға әділдік және қайыр мен ашып тұрды.
Он төртінші — Марду ибн Қызыр хан
Қызыр хан дәулетінің соңы көрініп патшалық тағынан ақырет сапарына қадам қойғанда орнына перзенті Марду ибн Қызыр хан хандық тағына зейнет беріп отырды. Қолынан келгенін істеп болған соң аяғын Салтанат тағынан тартты.
Он бесінші — Базаршы хан
Тұрақсыз өмір Марду ибн Қызыр хан салтанатыңда жайғастырған соң Базаршы хан хандық әлемінің базарында дүкен ашты және дәулетінің базары қызған кезде әділдік пен қайырымдылықтың саудасы қызды. Өмір базарының соңында барлық малы-матасы таусылды.
Он алтыншы хан — Тоқай хан ибн Шахи
Базаршы хан дәулетінің дүкенін ажал базарының амалдарлары тауып қойған соң, салтанат тағына оның орнына Тоқай хан ибн Шахи отырды, мемлекетті ынсап және әділетпен безендірді. Өмір тағынан аяғын көтергенше патшалық істерінде бір сәт қамтамасыз өткізбеді.
Он жетінші хан — Тоқай ханның жиені Тұғлық Темір
Дәлелді тарих кітаптарында жазылуынша, Тоқай хан ибн Шахи дәулеті таусылған соң жиені Тұғлық Темірхан ағасының орнына отырып, хандық тағына сән беруші және үкімдарлық дәрежесін зейнеттеуші болды.
Тарих ғалымдарының пікірінше, Тұғлық Темір өз дәулетінің барысында Маворонахрды егелеу үшін екі рет жүріс істеді. Салтанаттың мерзімі соңына жеткен соң ажал жасауылдары оның өмір мүлкін оңай ғана алып кетті.
Он сегізінші хан — Тұғлық Темір ханның досы Мұрат қожа
Түркі хандарының хабарын әңгіме етушілердің пікіріне қарағанда, Тұғлық Темір ханның өмірі асты-үстін болған соң, Дешті Қыпшақта салтанат пердесі Тұғлық Темір ханның досы Мұрат қожаның табылды. Салтанат істерінің ең қажет жайлары әділдік пен қайырымдылық үкімдеріне қатты амал қылды және Алла халқының ісіне кірісті. Оның дәулеті де ақырына жеткенде, жоқтық шаһарынан мәңгілік мемлекетіне өз тағын орнатты.
Он тоғызыншы — Құтты қожа ибн Шохи
Барлық ғалымдар бір пікірде, Мұрат қожаның заманы ақырына жеткенде, Құтты қожа ибн Шохи оның орнына салтанат тағына отырды. Ол әділдік, қайырымдылық пен жақсы ат қалдыру үшін қанша әрекет етсе де, үкімдарлық мансабын басқаға қалдырды.
Жиырмасыншы — Орыс хан патшалығыньщ баяны
Сенімді тарих кітаптарының жазуынша Құтты қожа хан хандық сенімді үкімдарлық мансабынан қозғалған соң, Дешті Қыпшақ мемлекетінің хандық тағынан Орыс хан жай алды. Өз дәуірін әділ, ынсап, шаттықпен өткізді. Соңында басқалар ішкенді ол да ішті.
Жиырма бірінші хан — Тоқтабай ибн Орыс хан еді
Түркі хандары хабарларын айтушылардың айтуынша, Орыс хан салтанаты таусылу шекарасына барып, хандығының басы тоқтаған сәтте Орыс ханның ұлы Тоқтабай хан хандық тағына отырды және өзінің алдыңғы хандардың әдеп-құлықтарына лайық әрекет етті. Көркем құлық есепсіз мейірімімен Алла беңделерінің үлкенінің де, кішісінің де басын мейірім қолымен сыйпады. Ақыры ол да ажал жасауылы қолынан мүраусыздық шербетін ішті.
Жиырма екінші хан — Темір Тілек ибн Орыс хан еді
Тарихшы қауымның барлығының пікірінше, Тоқтабай хан ибн Орыс хан салтанатының уақыты ада болған соң, орыс ханның ұлы Темір Тілек хан хандық тағына әр беруші және үкімдарлық мансабына әділдік бағыттаушы болды. Өз дәулетінің уақытында, сол дәуірде де жасаған халайықты көп разы етті. Бірақ ажал жасауылы оны да өлім кесесі мен мас қылды.
жалғасы бар: