Басқы бет / Жарық нұрдың сәулесі

Жарық нұрдың сәулесі

Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с.-нің Хадишамен некелесуі

Мұхаммед ғ.с. 18 жасқа жеткенде атасымен бірге туған қандасы Ғатке Әбутәлибке: «Ей, қандасым! Біздің Мұхаммед азамат болды. Қыз алып, үйленер уақыты жетті. Сен қалай ойлайсың?» – деді. Сонда Әбутәлиб көз жасын ағызып: «Ей, қыз қандасым! Мен күндіз-түні қайғыдамын. Бір қыз алып беруге күшім жетпес. Нашар жерден қыз алуын тағы тілемеймін. …

Толығырақ оқу »

Оспанқожа әулие

Өтейұлы Оспанқожа 1862 жылы Торғай уезінің Қызбел ауылының Шобан бөлімшесінде дүниеге келген. Бала кезінен бастап бабаларының салып кеткен дін жолындағы істерін жалғастырып, осы уездің ислам дінін таратушыларының бірі болған. Халықты жинап, алдағы болатын табиғат дүлейлері мен қуаңшылық, молшылық кезеңдерін кітап көтеру арқылы жеткізіп отырған, көріпкел әулие адам. Ол діни сауаттылықты …

Толығырақ оқу »

Піруәли ұлы Асан қожа

Піруәли ұлы Асан қожа 17 – 18 ғасырда өмір сүрген, Қазақстанның Ақтөбе облысындағы кіші жүздің жеті руына жататын табын руының пірі болған. Шамамен  18  ғасырдың ортасында Асан қожа қайтыс болады, ол балаларына –  жуындырып оң жаққа қойыңдар – дейді, сол кезде ақ түйе жетектеген ақ киімді, ақ сәлде киген бір …

Толығырақ оқу »

Соңғы Абыз

Ұзын аққан Сарысуды, Өзің жайлап, жағала. Жүйрік пенен жорғаңды Өзің мініп бағала, – деп қазақтың жері менен байлығын тек қазақ иеленсе деген ойда зар қағып, «қазақ даласының тасы қазақ баласының жейдесіне түйме болып қадалсын» (Әлихан Бөкейхан) дегенді ол баста армандап кеткен әдебиеттегі зар заман ақындарының басында тұрған жырау Шортанбай Қанайұлы …

Толығырақ оқу »

Ғазиз қажы Әмірхановтың өмірі мен қоғамдық қызметі

Ғазиз қажы Әмірханов  киелі Торғай жерінде жас ұрпаққа біліммен тәрбие беруде және Ислам дінін ел өміріне қайта енгізуде, әдебиетпен өнерді, мәдениетті дамытуда, мұражайлармен мешіт- медресе жұмыстарын жаңа заман талабына сай жүргізуде ересен еңбек сіңірді.   Ғазиз Әмірханов 23 ақпан 1927 жылы қазіргі Қызбел ауылының Теке өзенінің бойында мешіт қоныс орнында,  …

Толығырақ оқу »

Ғазиз ағай Әмірханов

     «Тез қасында қисық ағаш жатпайды» деген халық мәтелі естеріңізде шығар. Бұл жерде тез деп отырғаным киіз үйдің есігі мен керегесі жасалатын тал-дарақты түзететін көне аспап. Табиғатта оқтаудай түзу ағаш сирек кездеседі, Адамзат дүниесі де солай. «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде». Телі-тентек, қисық-қыңыр ел ішінде жетіп артылады. Үй  …

Толығырақ оқу »

Шұғай халфе Кенебайұлы

Құранымыз–коммунистік устав, ұранамыз–коммунизм болған кешегі бір парықсыздау заманда қай жақсының қадіріне жете алдық. Басқасын былай қойғанда, тірісінде әулие атанған Мәшһүр-Жүсіптің зиратын ортасына түсірген имансыз қоғам ел ардақтысы болған талайлардың аттарын ұмыттырды. Олардың қайсыбірін енді іздеп жатырмыз, қайсыбірінің аты-жөндері біржолы ұмытылған. Сондай адамдардың бірі де бірегейі – Шұғай халфе Кенебайұлы.    …

Толығырақ оқу »

Сарманқожа Жүнісқожаұлы (1850-1924)

Сарманқожаның күрескені 1893 жылдың күзі. Жәрмеңкеге тігілген үйлердің саны аса көп. Қаланың қырат жерінде орналасқан жәрмеңкенің оңтүстік бетінде Қошқар ата, теріскейіндегі Қаратау жағында қыр бұлақты мөлдір суын жағалап тігілген үйлерде палау басылып, ет асылып, шайлар қайнап жатыр. Жәрмеңкеге алып келген уақ мал бір бөлек, қара мал бір бөлек, жылқы бір …

Толығырақ оқу »

Қисса Мұхаммед саллұллаһү-ғалайһи уәссәләм

Ғаббас разиолла Ғанұһма айтады: «Хақсүбіхана уа тағала жұмақты, тамұқты, Жер мен көкті, ғарыш уә күрсині уә һәм басқаларын жаратқан заманда Алла тағала өз нұрынан біраз нұр алды. Сол нұрға Хақтағала: «Сен хабибім, яғни досым Мұхаммед бол», – деді. Содан кейін ол нұр Адам ғ.с.-ның жаратылғанына дейін 500 жыл бойы ғарышта …

Толығырақ оқу »

«Рашахат айн әл-Хаят – Тіршілік көзінің сыр тамшылары»

Қожа Ахмет Иасауи  Қожа Жүсіп Хамаданидің үшінші халпесі еді. Туған жері – Иасы. Ол Түркістандағы танымал қала. Қожа хазіреті есімінің соңындағы лақабы осы қалаға байланысты алынған. Ол кісінің  қабірі сонда. Түркістан халқы оны қожа ата Иасауи деп атайды. «Ата» сөзі ноғай тілінде «әке» мағынасын бергенімен, оны түркілер шейхтардың ұлыларына қолданады. …

Толығырақ оқу »