Ғақлиат

Араб әліпбиін үйренушілерге көмекші құрал

Араб әліпбиін үйренушілерге көмекші құрал

Аллаһқа шүкіршілік, тәуелсіздік алғаннан бергі аз уақыттың ішінде елімізде бірнеше діни оқу орындары ашылып, олардан дін ілімін меңгерген білімді діндарлар дайындалып, халықтың ұстаздарға деген  сұранысы біршама қанағаттандырылды. Арнайы оқу орындарымен қоса Аллаға құлшылығын сауатты саналы түрде іске асыруға талпынған пенделерге  мешіттердің жанынан ашылған сауат ашу курстары ұйымдастырылып, дәріс береді. Бұл курстарда білім алушылардың басым көпшілігі жұмыс істейтін азаматтар болғандықтан бұлардың сабаққа қатысуы жүйелі түрде емес, сауат ашушылардың бос уақытына байланысты. Жұмысының ретіне қарай олар сабаққа арасына күндер салып қатысады. Бүгінгі алған дәрісі мен бірнеше күн өткеннен соң үйренетін жаңа тақырыпты байланыстырып, меңгеріп кету үйренушілерге оңайға соқпайды. Осы санаттағы білім алатындар үшін, қалыптасқан оқу жүйесіне аздаған өзгеріс енгізу қажеттілігі туындайтын сияқты.  Араб әріптерін оқыта бастаған кезден бастап, сол әріптің дыбысталу жүйесінің ерекшеліктерін қоса оқыту қажет, яғни оқушы әріпті толық танып, сөз құрастырған кезде әріптің саналы дыбысталуын меңгеруі тиіс. Қалыптасқан оқу жүйесі бойынша ұстаз әріптердің өзінен алдыңғы және кейінгі әріптердің әсерінен  таңбалануынан  басқаша  дыбысталуын сөз құраған сәтте былай айтылады деп  ауызша  айтумен үйретеді. Неге олай дыбысталуының себебі түсіндірілмейді, түсіндірілгеннің өзінде ауызша айтумен ғана. Оқу оқытылған жерде оқулықсыз болмайды. Қазіргі діни мектептерде пайдаланылып жүрген, әсіресе төменгі сатыда, яғни дәрісті алғашқы бастағандар пайдаланылатын  оқулық тәжуидте қарастырылған ережелермен толықтыруды қажет ететін секілді.  Себеп – арап әліпбиін үйренушіге,  оқулықта әріптің жалаң дыбысталуы ғана үйретіліп, сөз құрап оқуға жаттықтырып, бірнеше қысқа сүрелер жаттатыру қарастырылған. Ал әріптің дыбысталуының өзінен кейінгі әріптің әсерінен,  елеулі  өзгеріске ұшарайтындығы, әрбір әріптің дұрыс өз дәрежесінде дыбысталуы үшін, әріптерге дыбыс шығаратын ағзаларда арнайы орын белгіленгендігі  туралы толық мәнді түсіндірілмейді.Жиырма сегіз әріпті танып, сөз құрап оқитындай дәрежеге жеткеннен соң, бірнеше қысқа сүрелерді әріптің дыбысталу ерекшеліктерін толық білмей, саналы түрде емес жаттағаннан  кейін ғана тәжуид ғылымы оқытылады. Араб сөзін дұрыс дыбыстау үшін адамның ауыз қуысында әр әріпті міндетті түрде шығаратын өз орны бар. Егер сіз әріптітің дыбысталуын сол белгіленген жерден шығармасаңыз, сөздің айтылыуы, тіпті мағынасының да өзгеріп кетуі мүмкін. Яғни, осындай қателікке жол берілсе  Аллаһтың кәләмі қате оқылады. Әуел бастан әрбір әріпті өз орнынан дұрыс шығаруға машықтанбаған, араб ұлтынан басқа халықтың өкіліне, әріптің дұрыс дыбысталуы үшін әріппен қоса оның махраждары (дыбыс шығатын орны) үйретілмегендіктен, әрбір әріптің жазылуына қарамай, өзінен кейінгі әріптің әсерінен  дыбысталуы басқаша дыбысталатыны қоса оқытылмаған соң кейіннен тәжуид ғылымын меңгеруге кіріскенде (әріптің дұрыс дыбысталуы, әріптердің біріне бірінің әсерінен өзгеше дыбысталуын  оқыту) әріпті өз орнынан шығаруда, сөзді дұрыс айтуда сауат ашу курстарында оқып үйренушілер үшін  қиындық туғызады. Араб әліпбиін жаңа бастап үйренушілерге осындай қосымша қиындық туғызбас үшін,  әріптің таңбалануы мен дыбысталуын үйреткен сәтте тәжуидттегі әріптің дыбысталу орындарын, кейінгі әріптің алдыңгы әріптің дыбысталуына тигізетін әсерін бірге оқыту қажеттілігі туындайтын сияқты. Олай деуге бірден бір себеп – сауат ашу курсында дәріс алатындардың әртүрлі себептермен жүйелі түрде сабаққа қатыса алмауынан, бүгін үйренгені жадында ескіріп, тәжуид қағидаларын меңгерген сәт аралығы ұзап кетуінің әсері, ал жүйелі дәріс алушылар үшін бұл проблема болмауы мүмкін, өйткені олар әріпті тану мен тәжуитті қысқа мерзімде меңгереді.

Тағы бір еске алатын жағдай, араб сөзін дыбыстағанда әрбір әріпті зор іждахатпен атау арқылы Аллаһтың кәләмін оқыған немесе айтқан кезде өзіңе  үлкен жауапкершілік жүктейсің. Бұл адамды жинақылыққа және  Аллаһтың кәләміне зор мән беріп оқуға міндеттейді.

Араб әліпбиі жиырма сегіз дауыссыз әріп және ләмәліп пен һамзеден тұрады. Бұған қоса әріптер дыбысталуына қарай негізінен жуан, жіңішке, қалқалалы тағы басқаша болып бөлініп,  төрт түрлі дыбысталады. Араб тілді оқушылардан басқалардың құран тілін дұрыс дыбыстауы үшін әріптерге қосымша белгі-харакат (белгі)  қосылған. Харакаттың қажеттілігі – көпшілік қауым араб сөзінің айтылуын білмегендіктен, әріптің, мысал үшін Б әрпінің оқып отырған сөзімізде Ба, Би немесе Бу деп оқылуын анықтайтын белгі. Араб тілді, араб тілінің грамматикасын жетік меңгергендер харакатты   пайдаланбайды. Харакат-тілді және оқу емлесін білмейтіндер үшін жазылған әріпке қосалқы. Харакат-әріптің үстіне қойылған сызықша َ– –Фатх  А-ны, у – ُ- – дамма-у ды,ْ- – сукун  әріптің жеке оқылуын, әріптің астына қойылған сызықша ِ– кәсрә -и ді білдірсе,  әріптің үстіне қойылған қосарланған екі сызықша ً-анды, қосарланған-у- ٌ унды, астына қойылған  ٍ-екі сызықша-ин-ді білдіреді. Бұларды бір сөзбен Тәнуин дейді. Ал барлық әріптің харекесіне әріптің соңына харакатсыз (белгісіз) А, У, И әріптерін қосып  жазу арқылы барлық әріп дауысты дыбысқа айналдырады. Яғни, әріптің харакасын созып дыбыстауды білдіреді. Бұлар мәд  әріптері деп аталады.  Харакат өзі үстіне қойылған әріпке тәуелді, жуан әріптердің харекесі жуан, жіңішкелерінікі жіңішке дыбысталады.  Кейбір әріптер сукунді болып жеке дыбысталғанда тербелтіп дыбыстайды, бұларды қалқала әріптер дейді. Енді бірнеше әріптер таңбалануына қарамай өзінен кейінгі кейбір әріптерге жолықса мүлдем басқаша дыбысталады. Бұндай әріптер тобы: Изһар-анық, Идғам-кірістіріп, Иқлаб-ауыстырып, Ихфа-танаумен жасыру, яғни тілді кезіккен әріптің шығатын жеріне орналастырып дыбыстауды білдіреді. Араб әліпбиі басқа әліпбилерде кездеспейтін, әр әріптің ауыз қуысы мен басқа дыбыс шығару ағзаларында өз орнының белгіленуімен  ерекшеленеді. Сол үшін де әрбір оқушыға араб әліпбиін оқытқанда әріптің ерекшелігі ескеріліп, қандай жағдайда қалай оқылатындығы қосып оқытылса, оқушыға бүкіл әріпті танып, сөз құрап оқығаннан кейін үйреткеннен гөрі түсінікті де қонымды болатындай. Қолданыстағы оқулықтар  араб тілді оқушылар мен ол тілді меңгергендер  үшін дұрыс әдістеме шығар, ал басқа тілде сөйлеп, басқа әріппен оқып жаттыққан, жүйелі түрде дәріс алмайтын оқушылар үшін әріптің ерекшеліктерін қоса оқытпау жеткіліксіздеу сияқты, яғни а-ны айтып б-ны қалдырып кеттің дегендей. Арап грамматикасында сөйлем біткенін білдіретін ноқат, ой біткеннен кейін қойылатын үтір сияқты белгілер атымен жоқ. Осыған орай оқушының сөз арасында тоқтауында да ерекшеліктер бар.   Араб тілі аят біткенде, не сөйлем аяқталғанда,болмаса бір-бірінен ажыратпай әуендетіп оқылуымен ерекшеленеді. Тоқтап тыныс алуды Уақф дейді. Уақф негізінен үш түрлі. Сукунді Һә, Әлиф, Сукун. Бұлардан басқа аят аяқталмаған жағдайда мына белгілердің م-тоқтау ләзім, ج- тоқтауғада тоқтамауға да боласада, осылардың біріне жолыққанда тоқтауға болады. Егер деміңіз жетпейтіндей болса, онда тоқтайтын сөздің харакатын оқымай сөздің ақырғы әрібін сукундап оқып тоқтап, демалып, сол сөзді қайтадан ّ харакатын қосып оқып, әрі қарай жалғастырасыз. Араб тілінде бір әріптің  қосарланып екі рет дыбысталуы жиі кездеседі. Бұны ّшәддә дейді.  Егер шәддәделінген әріп қалқалалы әріп болса, онда алдыңғы әріп  қалқаланбай дыбысталып, кейінгісі толық оқылады.

Араб әріптері:

Жіңішке дыбысталатын әріптер – Истифәлә -20: ا – А,  ب – Бә,  ت – Тә, ث – Сә, ج – Жим, ح-Хә, – Дәл, ذ – Зәл, ز – Зәйн, س – Син, ش -Шин, ع-Айн, ف- Фә, ك – Кәф, ل – Ләм (бір жерде Аллаһу дегенде жуан айтылады), م – Мим, ن – Нун, ه – Һә, و – Уау , ي – Иә.

Жуан дыбысталатын әріптер – Истиғлә – 7  خ – Хо, ص – Сад, ض – Дад, ط – Та, ظ – За, غ – Ғайн, ق – Қаф.

 ر – Ра – Харакасы (белгісі) негізінде ر – Ра фатхалы не даммалы болса жуан, егер кәсіралы болса жіңішке дыбысталады. Басқа жағдайларда да жуан не жіңішке дыбысталатын кездері бор. Ол тәжуид кетабында кеңірек жазылған.

Осы 28 әріптің ішінде 5-уі қалқалалы, яғни бұл әріптер жеке дыбысталғанда тербелтіп, жуан әріптер даммаға, жіңішке әріптер кәсірәға жақын етіп дыбысталады. Ол әріптер:  .ق.- Қаф, ط – Та, ب – Бә,  ج – Жим, د – Дәл.  Мына әріптері өзінен кейінгі әріптермен жалғаспайды. Олар: ا – әлиф, د – дәл, ذ – зәл, ر – Ра,  ز – зә, و – уау,  ط – та,  ظ – за.

Әріптердің махраждары: (шығатын жерлері).

Әріптердің махраждары бес топқа бөлінеді:

  1.Тамақ және ауыз қуысы. Бұл жерде бір махраж,

  2.Тамақта (жұтқыншақ) –  үш махраж бар.

  1. Тілде– он махраж бар.
  2. Екі ерінде– екі махраж бар.

5.Танауда (кеңсірік) – бір махраж бар.

Осы бес топта он жеті махраж бар.

         1.Тамақ және ауыз қуысы: арқылы мәд әріптері мен Әлиф дыбысталады. Бұл махраждан дыбысталатын дыбыстар, ауыздың ешбір бөлігіне соқтықпай, ауыз қуысы арқылы еркін шығады.

ا дыбысталуы Ә, аталуы  Әлиф. Махражы – жұтқыншақ пен ауыз қуысынан шығып, жіңішке дыбысталады. Әлифтің  харакесі  дыбысталды.  Фатқа – Ә, дамма – У, кәсіра – И болып, Әлифтің харакасізі оқылмайды.  Егер әлиф харакатсыз жеке жазылып үстінде  ٱ уасл белгісі қойылса, – әрпі оқылмайды. Әлиф өзінен кейінгі әріппен жалғанбайтын әріпке кез келгенде жеке таңбаланады. Өзінен бұрынғы әріп, өзінен кейінгі әріппен жалғасатын жағдайда сол әріпке жалғанып жазылып мәд болады. Һамза белгісін кейде әлиф деп те атайды, себебі әлифке һамза қойылып, оның харекесі оқылады, тіпті һамзаға хараке қойылмағанның өзінде, һамзаның алдыңғы әріптің һамзаға жолыққандығын білдіріп, аз да болса екпіндетіп, дыбысты сәл үзіп әрі қарай жалғастырады.

2.Тамақ(Жұтқыншақ). Бұл жұтқыншақ пен кішкентай тілдің аралығы).

Бұл орыннан 6 әріп дыбысталатын 3 махраж бар:

 1.Тамақтыңсоңы: жұтқыншақтың(кеңірдектің) ауыздан ең ұзақ орналасқан жері: Одан 2 жіңішке әріп  шығады: ه – һә, أ Ғамзә.  ه -Һә-ні  дыбыстағанда кіндік қозғалғандай сезініп, дем шығарылады және де  ه – Һә мен أ -Ғамза дыбыстарын тамақпен ауыз қуыстарына соқтырмай дыбыстайды.

Тамақтың ортасы: жұтқыншақтың дәл өзі орналасқан жерінен 2 әріп  шығады олар жіңішке дыбысталатын ح – Хә мен  ع – Айн.

Тамақтың басы: Жұтқыншақтың ауызға ең жақын, кішкене тілге сәл жетпейтін жерінен 2 әріп шығады. олар жуан дыбысталатын  خ-Ха, غ – аайн  .

  1. Тіл.

Тілде 4 орында 10 махраж бар. Одан 18 әріп дыбысталады.

  1. Тілдің соңында2 махраж бар:

А. ك – Кәф жіңішке дыбысталады. Махражы тілдің  ортасынан сәл  әрілеу жерден шығады. 2. ق-Қаф-қалқалалы болып жуан дыбысталады.

Ә. Тілдің ортасы. Бұл орында 3 әріпке арналған бір махраж бар. Олар жіңішке: ج – джим, ش -шин ي – иә. Бұлар тілдің ортасын оның тұсындағы таңдайға жақындату арқылы дыбыстайды.

  1. ج – джим жеке дыбыстағанда қалқалалы болып тербеліп, кәсраға ұқсас джі болып дыбысы   шығарлады.
  2. ش – шин, жіңішке әріп.
  3. ي – иә. Бұл әріптің дыбысталуы мәд ي – и. ден өзгеше. Харакасызі оқылмайды.

Б. Тілдің жиегі (шеті). Бұл орында екі әріпке арналған екі махраж бар.

1 ض-Дад- жуан. Тілдің соңынан ұшына дейінгі жиектерін үстінгі тістердің қызыл иекпен жалғасқан жеріне тигізіп, таңдайға өте жақындатылып, ауыз толтырылып шығарады.

  1. ل-Ләм. Аллаһ сөзінен басқа сөздерде жіңішке дыбысталады. Тіл ұшы мен екі жағы жоғарғы күрек тістердің етіне тиіуі арқалы дыбысталады.

В. Тілдің ұшы. Бұл жерде он әріпке арналған бес махраж бар.

  1. ن – Нун- жіңішке, тілдің ұшының үстінгі күрек тістің қызыл етіне тиюі арқылы дыбысталады. (сукунді нунның сөз құрап басқа әріптермен кездескенде сол әріптердің әсерінен өзгеріп оқылуы кейін жазамыз).
  2. ر – Ра – жуанда, жіңішке де дыбысталатын жағдайы болады, ол жоғарыда жазылған. Махражы тілдің ұшы оның тұсындағы күрек тістің қызыл етіне нунның махражынан сәл таңдайға қарай, тілді сәл тербелтумен дыбысталады.
  3. د-Дәл мен ت-Тә жіңішке, ط-Та-жұан әріп. Махраждары, тілдің жалпақ ұшы мен үсті жоғарғы күрек тістің қызыл етіне тигізумен дыбысталады.
  4. ص-Сад, ز-Зә, س-Синәріптерінің махраждары бірдей. Тілдің ұшы, астынғы күрек тістің қызыл етіне тиіп, күрек тістердің бір біріне жақын тұруы мен дыбысталады. ص – Сад-жуан, ز -Зейн мен س – Син- жіңішке дыбысталады.

5 ظ-За,  ذ-Зәл, ث-Сә (сақау сә). Тілдің ұшы үстіңгі күрек тістің ұшынан сәл шығып, тіске тиіп ظ  –За жуан, ал ذ – Зәл мен ث – Сә жіңішке дыбысталады.

4 Екі еріннің арасы және үстіңнгі еріннің ішкі жағы мен астыңғы күрек тістің үшінің арасында төрт әріпке арналған екі махраж бар.

А. Екі еріннің арасы. Бұл махраждан үш әріп шығады:

م-мим жіңішке,  еріндердің ішккі жағы бір біріне жеңіл тиіуі арқалы жұмсақ шығады.

ب-Бә-қалқалалы, жіңішке. Махражы екі еріннің біріне бірі мимнан сәл қатаңдау тиіп дыбысталса, жеке оқығанда тербетіліп Бі ге ұқсап айтылады.

و-Уау.Махражы,Ерін алға созылып,дөңгеленіп дыбысты қысып шығарып, У мен В әріптерінің арасындғы дыбыс шығару арқалы дыбысталады.

Ә ف-Фә. Махражы астыңғы еріннің ішкі жағының  үстінгі күрек тістің ұшына тиуі арқалы  дыбысталады.

5.Танау. Бұл орында бір ғуннаның махражы. Әуендеп танаудан шығады. Негізі ғунналы нун мен мимнен ажырамайтын дыбыс.

 Сукунді ْن – нун мен тәнуиннің дыбысталу ерешелктер

Сукунді нунن мен таниуннің (ан, ун, ин ақырғы әрібі сукунді нун) өзінен кейінгі әріптердің әсерінен өзгеше дыбысталу ерекшеліктері:

Изхар-Анық оқу .

Егер сукунді نْ -нун мен тәнуиннен кейін изхар әріптерінің біреуі келсе онда сукунді нун мен тәнуин анық оқылады. Изхар әріптері алтау. Олар  ه – Һе, ء  -Ғамза, ح -Хә,  ع -Аин,  خ -Хо, غ -Ғайн .

Мысалы:  Жазылуы: Жаннатин  оқылуы Жаннан

Идғам- енгізіп оқу.

Тәжиуд ілімінде сукунді бір әріптің харакатты екінші бір әріпке қосылып шәдделі бір әрәп болып оқылуын «идғам» дейді. Сукунді ن-нуннан немесе тәниуннен (ан,  ун, ин) кейін идғам әріптерінің біреуі келсе сукунді нун мен тәниун сол әріпке енгізіліп шәдделі оқылады. Идғам әріптері алтау. Олар өз ішінде  ғунналы және ғуннасыз идғам деп бөлінеді Ғунналы идғам әріптері төртеу. Олар و -уау, م – мим, ن – нун, ى – иә. Ғунна, ыңылдап екі әліп деңгейінде созылып шығатын дыбысты айтамыз. Идғам екі сөз арасында болады, яғни алдынғы сөздің соңғы әрпі сукунді нун немесе тәнуин болып, кейінгі сөздің бірінші әрпі идғам әрпі болуы керек. Ғуннасыз идғам әріптері екеу. Олар ر-Ра, мен ل-Ләм. Егер сукунді нуннан және тәнуинен кейін осы екі әріптің ( ра мен ләмнің) бірі келсе сукунді нун идғам әрпіне енгізіліп шәдделі болып созылмай оқылады.

Құран Кәрімде төрт сөз бар. Бұл сөздерде сукунді нун  уау мен иә әрпіне жолыққан. Бұл сөздер ғунналы идғам ережесіне сәйкес келіп тұрғанымен оларды изхар (анық) етіп оқу уәжіп болады. Бұл сөздер: буниән – ي ا ي ن ب, әлдуниа  – ا ي ن د ل ا,  Сынуан – ن ا و ن ص,  қынуан-ن ا و ن ق

Жіңішке дыбысталатын әріптер-Истифәлә-20:  ا-А,  ب – Бә,  ت -Тә,  ث-Сә,  ج – Жим,  ح-Хә,  د-Дәл,  ذ-Зәл,  ز-Зәйн, س-Син,  ش-Шин,  ع-Айн,  ف-Фә,  ك – Кәф,  ل-Ләм (Алла дегенде жуан),   م-Мим, ن-Нун,  ه-Һә,  و-Уау ,  ي-Иә.

Жуан дыбысталатын әріптер-Истиғлә-7:  خ-Хо,  ص-Сад, ض-Дад,  ط-Та,  ظ-За,  غ-Ғайн,  ق-Қаф. رРа-жуанда, жіңішке де дыбысталады.

 

Иқлаб- ауыстыру мағынасын білдіреді. Иқлаб әрпі біреу ол ب –Бә әрпі. Егер сукунді нун мен тәнуиннен кейін ب – Бә әрпі келсе, сукунді нун мен тәнуин م – мимге ауысып ғуннамен оқылады.

Ихфа- ғуннамен жасыру мағынасын білдіреді. Ихфа әріптері  жоғарыда көрсетілгендерден қалған онбес әріп. Олар: ت, ث, ج, د, ذ, ز, س, ش, ص, ض, ط, ظ, ف, ق, ك. сукунді нун мен тәнуинен кейін осы әріптердің біреуі келсе, сукунді нун мен тәнуин ғуннамен жасырылып  танау арқалы Ң ұқсап дыбысталады.

        Мутажанисаин сағир (ұқсас әріптер)

Егер төмендегі әріптердің алдыңғысы сукунді, кейінгісі харакалы болса, кейінгі харакалі әріп шәдділеніп оқылып, алдыңғы сукунді әріп оқылмайды.

Сукунді         Харакалі әріп                      оқылмай            Харакалі

әріп

  1. ٺ-тә,          د-дәлге кездескенде,         ٺ-тә       د-дәл шәдделеніп оқылады;
  2. د-дәл, ٺ -тәға кездескенде,         د-дәл          ٺ-тә шәдделеніп оқылады;
  3. ٺ -тә         ط-таға кездескенде,         ٺ-тә            ط-та шәдделеніп оқылады;

4.ط -Та   ٺ-Тәға кездескенде,   ٺ-тә оқылып    ط-Та    жуандығы сезіліп қалқаласыз оқылады;

  1. ز– зәл        ظ-Заға кездескенде,        ز – зәл           ظ-За  шәдделеніп оқалады;
  2. ﺙ – Сә ز–Зәл кездескенде,         ﺙ – Сә         ز-Зәл  шәдделеніп оқылады; 7.  ب– Бә       م-мим кездескенде,          ب – Бә          م-мим шәдделеніп оқылады;

Үшінші, тоғызыншы мысалдардағы ط – Та мен ق –Қаф,  әрпінің қуаттылығына байланысты  оқығанған кезде ط -Та менق – Қаф -әріптерінің жуантығы сезіліп,кем идғам болады.  

 Мәд әрпінің жасырын түрі.

1.Мәд Әлиф жасырын келсе әріптің үстіне тік сызықша қойылады.

2.Егер дамма не кәсірә харакатты ه-һә есімдігі екі харакалы әріптің ар асында болса, ه-һә-нің харакасы екі харака мұғдарында созылып оқылады. Мысалы: жазылуы иннәһу һууа, оқылуы иннәһуу һуһууа

Егер дамма не кәсірә харакатты ه-һә есімдігінен кейін ء  -Ғамза келсе 2,4,не 6 харекеге деін созылып оқылады. Мысалы: жазылуы ләһу ءахұн, оқылуы   ләһуууу ءахұн

Һәмзаның оқылуы.

Һамзенің харакасы:  Фатха немесе алдынғы әрпінің харекасы фатха,  дамма,  кәсра болса, харакасына сәйкес тірек ретінде ا-әлиф, و-уау, не ۍ – и    жазылады, һамзаның тіректері оқылмай тек харакасы ғана оқылады.

Һамза харакатсыз болса тірек алдынғы әріптің харекесіне сәйкес болады.

Һамза харакасіз әріптен кейін болса, тірексіз жазылады.

Һамза мәд әріптерімен мәд тәбиғи болады.

Һамзаның харакасы َ- фатха, ُ- дамма, َ- кәсра, тәниундер( ан, ٌ-ун, ٍ-ин) болса, таңбалануына қарай жоғарғы харакаларға сәйкес оқылады. Һамзаның  ْ- сукундісіде оқылады. Егер һамза харакатсыз болса һамзаға кездескенде дем шығаруды сәл кідірткеннен кейін келесі әріп дыбысталып оқу әрі қарай жалғасады.

 

Шәмсия әріптері: – 14.

ن – нун, ل – ләм,  ظ – за, ط – та, ض – дад, ص – сад, ش – шин, س – син, ز – зәйн, ر – ра, ذ – зәл, د – дәл, ث – сә, ت – тә. Осы әріптердің алдында әл – ١ل  артикулінен кейін шәмсия әріптерінің бірі келсе, онда  ل١ – артикулінің ләмі оқылмай, ләмнән кейінгі жоғарыдағы 14 әріптің келгені ّ – щәдділеніп оқылады. Бұны  идғам шамсия дейді.

Қамария әріптері: –  14.

ى – иә, ه – һә, و – уау, م – мим, ك – кәф, ق -қаф, ف – фә, غ – ғайн, ع.- айн, ح – хә, خ – ха, ج – жим, ب – бә, ا- әлиф.  لا – Әл артикулінен кейін жоғарыдағы қамария әріптерінің бірі келсе  ١ل-  әл артикулінің ل – ләмі сукунді болып оқылады. Бұны «изһар қамария» дейді.

Мәдді.

  Араб әріптерінің бәрі дауыссыз. Харакегі (белгіге) ْ  сукунді ا –А, ي -И, و –У  әріптерін қосып жазумен  барлығы дауысты дыбысқа айналып, екі харакат  мөлшерінде созылып дауысты оқылады. Егер мәдді  әріпінен кейін «мәд себептері»: ء һамза не ْ –сукун келсе созып дыбыстау төрт, бес, алты харака  мөлшерінде созылып оқлады. Оған төменде тоқталамыз.

Мәддтің түрлері  – жетеу:

  Тәбиғи мәдді– мәдді әрпінен кейін «мәдді себебтері» ْ-сукун не ء- һамза келмесе екі харакат (белгі) мөлшерінде созылып оқылады.

  2  Бәдәл мәдді – егер «мәдді себебі» ء-  һамза мәдді  әрпінің алдында келсе, екі харакат мөлшерінде созылып оқылалады.

Мунфасил мәдді-мәдді әрпі сөз соңында келіп, « мәдді себебі»ء – һамза келесі сөздің басында келсе онда төрт харакат  мөлшерінде созып оқылады.

  4 Ариз – харекелі әріпті тоқтау үшін  ْ- сукундау.

Егер мәдді әрпінен кейінгі әріп тоқтау үшін сукундалса төрт не алты харакат   мөлшерінде созылып оқылады.

«Лин» мәддісі де «ариз» мәддісіне жатады. Линнің әріптері و -уау мен ي- иә.Бұлардың алдынғы әріптері фатхалы болып және өзінен кейінгі әріп тоқтау үшін сукунделсе төрт,алты харакат мөлшерінде созылады.

  6 Муттасил мәдді-егер «мәдді себебі»  ء- һамза мәдді әрпінен кейін бір сөздің ішінде келсе төрт  харакат  мөлшерінде созып оқу уәжіп.

7Лазым мәдді. Егер мәдді әрпінен кейінгі әріп-шәдделі (шәдделі әріптің алғашқысы тұрақты сукунді) немесе әріп тұрақты сукуніді ْ-  (мәдді себебі)  әріп болса онда төрт, алты харакат мөлшерінде созылып оқылады. Бұл ең қуатты мәдді болып табылады.

Муқаттаға әріптері

Құранда 29 сүре әріптермен басталады. Осы әріптер мұқаттаға әріптер деп аталады. Бұлардың 8 әріпі алты харакатқа созылып оқылады. Олар: س-син, ص-сад, ع-айн, ق-қаф, ك-кәф, ل-ләм م-мим, ن-нун. Бұлардың   ортасындағы әріптері мәд әріптері. Мәд әріп себеби мәд сукунға жолыққандықтан.5-әріп, ح-хә, ر-ра, ت-тә, ه-һе, ي-иә. Бұл әріптер себеби мәдке жолықпағандықтан мәд тәбиғи-екі хараке созылады. Бір әріп созылмайды. Ол ا-әлиф.

Тәмарбутә – ة.

Кей жағдайда ﺕ-тә сөз соңынд –ةтә түрінде жазылады.Егер сөз келесі сөзбен жалғанып оқылса, харакесімен (қос нүкте) қосылып ة – тә болып оқылады. Егер сөз келесі сөзбен жалғаспай тоқтайтын болс ة – тәнің харакасы, (қос нүкте)  оқылмай, әріп ه –һ болып өзгеріп оқылады.

Егер тоқтау қажет болса, сөздің соңғы әрпі харакалы болса, харакат оқылмай әріп сукунді ретінде оқылады.

-сөздің ақырғы әрпі و-уау және ي-иә әріптері болып олар харакалы болса, و – уаудың алдынғы әрпі و-у (даммалы) және ي-иәнің алдынғы әрпі ي-и (кәсірәлі) болса, و-уау мен ي-иә әріптерінің харакалары оқылмай و-уау, ي-иә әріптері мәд (мәд тәбиғи) ретінде  екі харакат мөлшерінде созылып оқылады.

– сөздің соңғы әрпі  тәнуинді: дамма ٌ – ун, кәсірә ٍ – ин болса тәнуин оқылмай, әріп сукунді ретінде оқылады.

– сөздің соңғы әрпі фатхалы тәнуин ً – ан болса, тәнуиннің ن – нуны оқылмай әліпке – ә-ға ауысып, ә – мәд тәбиғи сыяқты созылып оқылады.

Сөз соңы  мәдді әрпімен аяқталса мәдді әрпін оқып тоқтаймыз. Бұның  ه – Һәге қатысы жоқ.

Кейбір сөзді біріктіріп оқу-Уасл Һамза.

Уасл һамза – сөздің басында һамзасыз, харакатсіз келетін ا – әлиф.  Сөз соңында жазылған уәсіл һамза мен сөз басында жазылған уасл һамза жолықса оқылмайды. Құранда кейбір аяттар уасл һамзамен басталады. Осының харакасын табу үшін сол сөздің уасл һамзасынан бастап үшінші әрпінің харакесіне назар аудару керек. Егер үшінші әріптің харакасы фатха немесе кәсрә болса уасл һамза кәсіра ي – и мен, ал даммалы болса و – уау болып оқылады. Егер  уасл һамза لا – әл артикулде болса, онда уасл һамза َ  – фатха-Ә мен оқылады. Құранда кейде изхар ережесі уасл һамзасымен кездеседі. Тәнуиннен кейін һәмза емес уасл һамзасы (үстінде һамзасы жоқ әлиф) келетін жерлер бар. Осы жағдайда таниунді әріптің тәнуинінің нунын бөліп әріпті (фатха, кәсіра, дамма мен ғана оқып). Тәнуинен бөлінген сукунді нунды кәсірәлі қылып уәсл һамзаның харекесін ни болып оқылады.

 

Ауданбай қажы Ахметжанұлы

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button