Басқы бет / Ғибадат (бет 3)

Ғибадат

Әділет пен батырлығын ақындықпен қайраған

«Арғы атам Мәделі мен Майлықожа Ғылым мен өнері асқан сайлы қожа» деп ақын Кенжеқожа Құлмырзаев (1898-1945)  жырлағандай ақындығымен де батырлығымен де ел есінде жүрген тұлғаларымыздың бірі – Мәделіқожа Жүсіпқожаұлының мерейлі жылына арналған тағы бір думанды  жиын өтті. Алқалы жиынның тойбастары ретінде орындалған Мәделіқожа батырдың әйгілі «Мырзаби деген бек шықты» өлеңі, …

Толығырақ оқу »

«Асыл туған жақсының, Құн жетпейтін пұлы бар»

Смайыл әздердің тегі Қанайұлы Шортанбай қожа. Елге танымал ақын Шортанбай Қанайұлы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан өңірінде 1818 жылы туған. Шортанбай әрі жазып, әрі аяқ астынан суырып салып айтатын сауатты ақын болған. Ақынның шығармалары ел ішінде 1870 жылдарға дейін ауыздан ауызға таралып келсе, кейін келе баспа арқылы да жыр сүйер оқырмандарға танылды. …

Толығырақ оқу »

Баб басындағы ой

Қызылорда облысы Жаңақорған кентінен он бес шақырымдай жерде ислам құндылықтарының бірі Әбдіжәлел бабтың кесенесі бар. Қай кездері болмасын, дәстүрлі салт-санамызға берік жандар бұл жерді қасиеттеп,  зиярат етіп отырған екен. Ел аузында жүрген аңыз-әпсаналар соның айғағы. Ал, ел тәуелсіздігін алып, атеистік санадан ажырай бастағанда Хорасан ата  кесенесі жергілікті атқарушы органдардың назарына …

Толығырақ оқу »

Рухани туризм неге дамымай тұр?

Бірде Шығыс Қазақстан облысында тұратын құрбым хабарласты. Әңгіме барысында, «Осы бізде Түркияға жиі барғанымен Түркістанды көрмеген қазақтар жеткілікті. Ішкі туризм тұралап тұрғанда, діни туризм туралы айтып қайтейін» деді таусылып. Өзі жақында Түркістанға барып келіпті, Арыстанбабтың басын барып түнеп, Отырар қаласының орнын аралапты…  Алған әсері ұшан-теңіз… Рухани туризмнің дегеніміз аты айтып …

Толығырақ оқу »

Айғаным ардақталып, Шоқан мадақталды

Қазақ хандығының 550-жылдығы және Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына орай хан Абылайдың тұңғыш ұлы Уәлидің кіші ханымы,  Шоқанға білімнің нәрін сепкен  әжесі Айғаным Сарғалдаққожа қызының басына кесене тұрғызылды. Кесененің ашылу салтанатына Ресейден және еліміздің көрші облыстарынан елге белгілі азаматтар қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы Сырымбет ауылындағы Айғаным қонысы жанындағы қорымда тұрғызылған Айғанымның …

Толығырақ оқу »

Тобылда табысқан туысқандар

Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының  басында басталған қуғын-сүргін салқыны қазақ даласын шайқалтып жібергені белгілі. Алаш көсемдерінің ізінен соң, қазақ қоғамында белгілі орны болған, қалың қарасы арасында ислам жолын насихаттап,  имандылығының қалқаны болған қожа-молдаларды тап ретінде жоюға күш салды. Ондағы мақсаты халықты рухани тірегінен айыру еді. Оған да қол жеткізді. Қазақ даласының …

Толығырақ оқу »

Керекудегі қауышу

Бұрындары Павлодар облысы, Екібастұздан аса қашық емес Ақкөл-Жайылма деген елді мекен жайында, сол жердегі Исабек ишан туралы көп білмесем де интернетте жарияланған мақалалармен таныс едім. Алайда қасиетті бабалардың мекені болған жерге табаным тиіп, осы өңірдегі ақкөңіл ағаларыммен тез арада қауышамын деп ойламаппын. Осыдан бір жыл бұрын Тобылда табысқан туысқандардың ортасында …

Толығырақ оқу »

Баб Ата басында болғанда

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жартытөбе елді мекенінің Баба ата ауылына тамыздың соңғы жұмасында жол түсті. Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын осы күндері Түркістан жеріне «ислам аша» келген Ысқақ бабтың аруағына арнап ас беріледі екен. Биылғы шараны Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Түгіскен ауылының аққорғандық қожалары өткізбекші. Шежіреші Сейіт-Омар Саттарұлы ағамыз …

Толығырақ оқу »

Жақсылардың жалғасы

Алғаш рет бабаларымыз туралы әкемнің айтқан әңгімелерінен естідім. «…Дүниеге жауырыны жабысып келген қос баланың арқа­сын қылышпен шауып бөліп, бірін-Қожжан, бірін-Қылыш деп атаған екен дейтін…» Әдемі аңыз жадымызда қалған соң ба қасиетті бабала­рымыздың атын қастерлеп өстік. Жас адамның жанына тыным бер­мейтін «мен кіммін, кімдердің жер бетіндегі ұрпағымын?» деген сұрақтардың жауабын да …

Толығырақ оқу »

Аққорған

Тарихыңа үңіл бала, үңіл қыз, Ертеңіміз – сендерсіңдер, бүгін біз. Көтеріңдер ауыр жүгін ертеңнің, Көтерейік бүгінгінің жүгін біз. Ойсыз қарап, жетер енді жатуың, Тарихыңның қопар енді қойнауын. Туған жердің топырағы астында, Тарих жатыр …Керек оны ойлауың. Базарбай Исаұлы Аққорған – орта ғасырлардағы қала. Қала аты Түркістан өңіріне байланысты саяси оқиғаларды …

Толығырақ оқу »